Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
НЕГІЗГІ ШПОР.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
277.26 Кб
Скачать
  1. Көне түркі жазуы және жазба ескерткіштері (Күлтегін, Тоныкөк, Білге қаған т.Б.).

Мәдениеті Батыс түрік қағандығының халқы аздаған диалектілік айырмашылығына қарамастан,бірыңғай түркі тілінде сөйледі. Орхон жазуы кең таралып, мәдениеттің дамуына игі әсерін тигізді. Орхон жазуы бар тастар қазір көп жерден табылды. Оны тұңғыш рет оқыған атақты дат ғалымы Томсон болды. VI-VII ғ-дан қалған үш ескерткіш- Білге қағанның, оның інісі Күлтегіннің және Тоныкөктің құлпытастарына жазылған жазулар еді. Бұл еск-р әдеби жанры жағынан қазақ әдебиетіндегі батырлар жырына ұқсайды. Тон-к Білге қағанның қайын атасы және әйелі қолбасшы. Ол жас кезінде 13 жыл Жыңғоның астанасында тұрып,тәрбие алған. Осы еск-ті 716 жылы өз қолымен жазған. Тоныкөк қайтыс болғаннан кейін бұл ескер-ш оның моласына қойылған.Тарихшы Ма Шаңшудың айтуынша:’Осы Тоныкөк Алтайдағы Қара Ертісті мекен еткен Қарлұқ елінің сабек тайпасынан шыққан адам’. ХІІІ ғасырдың басында найман Таян ханның хатшысы болып,кейін Шыңғыс ханға тұтқынға түсіп, оларға ескі ұйғыр жазуын үйреткен Тататунға осы Тоныкөктің ұрпағы екен. Жоңғоның жазба деректері б/ша VII ғ-ң басында Батыс түрік қағандығында жазба әдебиет дамып, әдеби дәстүр қалыптасқан. 630 жылы Батыс түрік қағандығының астанасы Суябқа келген Шуан Заң өзінің естелігінде:»Түрік жазуы 25 дыбысқа негізделіп жасалған,ол жазба нұсқаларда солдан оңға қарай көлденеңінен оқылады.VII ғ-ң 30 жылд-н бастап Батыс түрік қағандығында өкімет билігіне таласқан ішкі талас-тартыс, қырқыстар үдей түсті. Наразылық білдірген тайпалар Таң патш-на көшіп кетіп отырды. Бұлардың арасында ұзаққа созылған қанды шайқас басталды. Батыс түрік қағандығы жеңіліс тапты,VIII ғ-ң басында Батыс т-к қағ-ғы құлады. 704жылы соңғы қағанын Құлан қаласында түркештер өлтірді. Б . Т қағ-ң орнына Түркеш қ-ғы құрылды.

  1. Батыс Түрік қағанаты: саяси тарихы 603-704

Түрік қағанатының бөлінуіне әкеліп 603 жылы Батыс және Шығыс Түрік қағанаты болып екіге бөлініп тынды.Батыс Түрік қағанатының Оңтүстік- шығысында Іле,Шу өзендерінен бастап, солтүстік батысында Еділ мен Ертіс, оңтүстік батысында Әмударияға дейінгі аралық. Астанасы-Суяб. Алғашқы кезде қағандықты басқарған Тардуш Алтайдағы теле тайпасына шабуыл жасап өзін Шығыс Түрік қағанатының қағаны деп те жариялаған, алайда телелер оған қарсы көтерілген. Батыс Түрік қағанатының саяси күшейген кезі Шегу (610-618ж.) мен Тон (618-630ж.) қағандарының билік құрған мезгілі болды. Батыстағы елдерді жаулап алуды ойластырып, Орта Азиядағы басқару жүйесін қайта құрып, салық жинауға жергілікті адамдарды бекітіп, оларға «селиф» деген атақ берген- Тон қаған.Тон қаған Византияның Иранға қарсы күресін қолдап көмек беру үшін 627ж әскер аттандырған. Қағанат ішінде 630ж билік үшін талас-тартыс басталды. 634ж нушеби тайпасының қолдауымен Елтеріс қаған билікті қолына алады. Жоғарғы билеуші және әскербасы-Қаған. Билік мұрагерлікпен беріліп отырды.Қағанаттағы ябғу,шад, елтебер сияқты атақтар қаған руынан шыққан ақсүйектерге беріліп отырған.