Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
НЕГІЗГІ ШПОР.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
277.26 Кб
Скачать
  1. Ғұн тайпаларының көшуі және бағыттары. Европадағы ғұндар.

Біздің заманымызға дейін 4-3 ғасырларда Қытайдың солтүстігі мен Орталық Азияда ғұндар деген тайпалар бірлестігі (сюнну, дунху) пайда болды. Нақты айтқанда, біздің заманымыздың дейін 209 жылы бой көтеріп, біздің заманымызда 216 жылы дейін дәурен сүрді. Шаңырағын көтерген әйгілі Мөде (Мотэ) батыр. Біздің заманымызға дейін 209 жылы Мөде әкесін өлтіріп, таққа ие болады. Осы заманнан бастап, ғұн мемлекеті күшейе бастады (атап айтсақ, біздің заманымызға дейін 188 жылы ғұндар өзіне қытай императоры Гао-Диды бағындырады, хань династиясы ғұндарға салық төлеп тұрғаны белгілі. Юечжи, ловфань, байянь, үйсүн тағы да басқа тайпалардың жерін тартып алады.) Ғұндар Байкалдан Тибетке, Шығыс Түркістаннан Хуанхэ өзеніне дейінгі жерде мемлекет құрды. Оның әскері 300-400 мың болды. Мөде кайтыс болғаннан кейін өзара қырқыс басталды. Хулагу кезінде, біздің заманымызға дейін 47 жылы ғұндар оңтүстік және солтүстік болып екіге бөлінді. Оңтүстік ғұндар Қытай бодандығын қабылдады, ал солтүстігіндегілер орталық азиялық тайпалармен одақтасып батысқа кетіп, өз тәуелсіздіктерін сақтады. Алайда, үнемі Қытайдың қысымына түскендіктен Тянь-Шаньды асып өтіп, қаңлыларға келді. Бұл ғұндардың Орта Азия мен Қазақстанға алғашқы қоныс аударуы болды. Екінші қоныс аудару біздің заманымыздың 1 ғасырында болды. 93 жылы Қытайлар ығыстырған солтүстік ғұндар тағы да батысқа қарай жылжыды. Олар Қазақстан территориясы арқылы батысқа бет алды. Бұл көшпенділердің Қазақстанға енуіне байланысты шығыс иранның қаңлы тайпаларының түріктенуі басталады. Біздің заманымыздың 1 мыңжылдығы басында Жетісу, оңтүстік қазақстан тайпаларының кескін-келбеті монғолдана бастады. Ғұндар жергілікті тайпаларды бағындырып, Сырдария бойымен Арал өңіріне, орталық және батыс Қазақстан аймақтарына барып енеді. Ғұндардың біздің заманымыздың 4 ғасырда Шығыс және Орталық Еуропа жеріне келуіне үш ғасыр уақыт керек болды. Ғұндар Рим империясына қауіп төндірді. 5 ғасырдың 30-жылдары ғұндардың басшысы Аттила Еуропа халқының үрейін ұшырды. 375-376 жылдары вестготтардың Қазақстан даласынан келген ғұндармен күресі ежелгі Рим империясының құлауына әкелді.

  1. Ғұндардың материалдық және рухани мәдениеті.

Шаруашылық-мәдени типінің негізі - көшпелі мал шаруашылығы. Мал өсіру, әсіресе жылқы өсіру басты роль атқарды. Сондай-ақ қой өсіру, аң аулау,егіншілік дамыды.

Ғұндар тәңірілік дінді ұстанып, түркі жазуын тұтынған. Сөйлев тілі де түркі тілі болған.

Ғұндардың қол өнер кәсібі күшті дамыған (металдан, сүйек пен мүйізден, тас пен саздан, ағаштан, керамикадан жасалды). Сауда дамығандығын жібек маталар, айналар, нефриттен істелген бұйымдар көрсетеді.

  1. Ұлы Түрік қағанаты (552-603жж.).

Түрік қағанаты (552 – 590) – Орталық Азиядағы түркі тайпалары құрған ортағасырлық мемлекет. Алғаш қытай жылнамаларындағы “Тукюә” (түрік немесе қажыр қайраттылар) деген атпен белгілі болды. Атау алғашында саяси мағынада қолданылып, кейіннен этн. мағына иеленді. Аңыз бойынша оған тайпа көсемдерінің бірі Ашина басшылық жасаған. Олар әуелі Алтай мен Жетісудың бір бөлігін мекендеді. . Қытайлар түріктерді ғұндардың ұрпағы деп есептейді. 552ж. Түрік қолбасшысы Бумын аварларға, жуандарға қарсы шығып, жеңеді де, қираған мемлекеттің орнына Түрік қағанатын құрады. Бұл этно саяси бірлестіктің негізін салушы Бумын қаған. Ол 553ж. дүние салды. Оның ізбасары Мұқан қаған кезінде түрік қағанаты Орта Азияда саяси үстемдікке жетті. 6ғ-да Қазақстан жері түрік қ-ң иелігінде болды. Түріктер Манчжуриядағы қидандарды, Енисейдегі қырғыздарды, Солт. Қытай мемл-н де жаулап алды. Түріктер Орта Азияға жылжыды. Каспий теңізінен Солт. Үндістанға және Шығ. Түркістанға дейінгі жерді алып жатқан эфталиттердің қарсылығына тап болды. 561-563жж Түріктер Иранмен эфталиттерге қарсы одақтасты. 564ж Иранның шахы Хұсырау Ануширван олардың әскери маңызды аймағы Тоқарыстанды тартып алды. Эфталиттердің негізгі күшін 587ж Бұхардың түбінде Түріктер талқандады. Орта Азияны жаулап алғаннан кейін Түріктер Жерорта теңізінің елдеріне баратын Ұлы Жібек жолын қол астында ұстады. Түріктер мен қол астындағы соғдылықтар Византиямен сауда байланысын жасауға ұмтылды. Бұған Иран кедергі болды. 568ж соғдылық көпес Моннах Түрік қағанатының елшілігін Константинопольға бастап барып, Византия имп-мен сауда келісімі жасалды және Иранға қарсы әскери келісімге қол қойылды. Парсылар бұл одақтың жасалуына қолдарынан келгенше кедергі жасап бақты. Иран түріктерге жылына 40мың алтын мөлшерінде алым-салық төлеп тұруға және сауда қатынасына бөгет жасамауға уәде берді. Содан кейін барып, түрік әскері Амударияның арғы жағына әкетілді. Естеми қаған мен оның ұлы Түріксанфа билеген кезде ішкі соғыстар мен әлеум. қарама-қайшылық қағанатты әлсіретті. 603ж Түрік қағанатынан Бат.Түрік қағанаты бөлініп шығып, Шығ.Түркістан жазирасынан Амударияға Еділ бойы мен Солт. Кавказ далаларына дейінгі аймақты иеленді.