- •Каз тарихы гылым жане оку пәни ретінде. Қаз тарихынын деректеи мен тарихнамасы.
- •Қ.Палеолит кезеңінің зерттелуі.Т.Д еңбек құралдарының және шаруашылықтың эволюциясы.
- •Ежелгі ру тайпалық құрылыстың ыдырауы.Қ. Территория-ғы т.Д. Қоғамдық қатынастың эволюциясы.
- •Қола дәуіріндегі Қазақстан: қоғамдық қатынастың, еңбек құралдарының, шаруашылықтың эволюциясы
- •Андронов мәдениетінің Қазақстандағы ошақтары: кезеңдері, сипаты, ерекшеліктері.
- •Кейінгі қола дәуірінің мәдениеті (Беғазы-Дәндібай). Отырықшы мал шаруашылығынан көшпелі мал шаруашылығына өту.
- •Сақтардың саяси тарихы. Евразия тарихындағы.
- •Сақтардың әлеу. Құрылымы, шар, тұрмысы.
- •Сақтардың материалдық және рухани мәдениеті.
- •Сақтар туралы жазбаша деректер.
- •Үйсіндер және қаңлылар мемлекеті.
- •Ғұндардың саяси тарихы
- •Ғұндардың әлеуметтік құрылымы, шар, тұрмысы.
- •Ғұндардың әскери ұйымы және соғыс өнері
- •Ғұн тайпаларының көшуі және бағыттары. Европадағы ғұндар.
- •Ғұндардың материалдық және рухани мәдениеті.
- •Ұлы Түрік қағанаты (552-603жж.).
- •Көне түркі жазуы және жазба ескерткіштері (Күлтегін, Тоныкөк, Білге қаған т.Б.).
- •Батыс Түрік қағанаты: саяси тарихы 603-704
- •Батыс Түрік қағанатының әкімшілік - қоғамдық жүйесі: «Он оқ бұдұн».
- •Түркеш қағанаты.
- •Қарлұқ: саяси тарихы, шаруашылығы, мәдениеті.
- •Оғыз және қимақ мемлекеттері.
- •Қарахан: саяси тарихы,шаруашылығы, мәдениеті.
- •Қарахан м-нің қоғамдық-саяси құр-ның ерек-рі.
- •Қыпшақ мемлекеті: құрылуы, саяси тарихы.
- •Қыпшақ территориясы,қоғамдық құрлы, шар-ғы.
- •Найман, Керей және Жалайыр ұлыстары.
- •Тәңіршілдік түріктердің дәстүрлі сенімі. Ислам дінінің Қазақстан территориясында таралуы
- •Моңғол империясының құрылуы және Шыңғысханның жаулаушылығы
- •Қазақстан территориясындағы Монғол ұлыстары: Ақ Орда, Көк Орда, Моғолстан, Ноғай Ордасы
- •Алтын Орда: территориясы, мемлекеттік және әкімшілік басқару жүйесі
- •Ақ Орда, Моғолстан территориясы, саяси тарихы, қоғамдық құрылысы, шаруашылығы.
- •Көшпелі өзбек мемлекеті: территориясы, саяси тарихы, қоғамдық құрылысы.
- •Қазақ хандығының қалыптасу кезеңдері. Алғашқы қазақ хандары: Керей және Жәнібек.
- •Қазақ хандығының территориясының кеңеюі және мемлекет ретінде орнығуы: Бұрындық, Қасым хандар.
- •45.Тәуке ханның тұсындағы қазақ хандығы.
- •Қазақ халқының қалыптасуы. Жүздер – қазақ халқының этнотерриториялық ұйымы.
- •«Жеті жарғы» - XVI – XVII ғғ. Қазақ қоғамының құқықтық негізі.
- •Төле, Қазыбек, Айтеке билердің ролі.
- •Қазақтардың XVI-XVIII ғғ. Материалдық және рухани мәдениеті (үй тұрмысы және халықтың салттары, астрологиялық таным түсінігі).
- •Ресейдің сыртқы саясатындағы Қазақстан. Қазақстан мен Ресейдің тарихи және экономикалық қатынастарының бастаулары.
- •Абылай хан: қызметі және тарихта алатын орны.
- •Кіші жүз және Орта жүз қазақтарының Ресей бодандығын қабылдауы.
- •Қазақ халқының Жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресі. Аңрақай шайқасы.
- •1783-1797 Жж. Сырым Датов бастаған Кіші жүздегі ұлт азаттық қозғалыс. Игельстром реформасы.
- •Бөкей Ордасының құрылуы. Жәңгір ханның мемлекеттік - қоғамдық қызметі.
- •Орта Жүздегі хандық биліктің жойылуы: "1822 жылғы Сібір қазақтары туралы жарғы".
- •Кіші жүздегі хандық биліктің жойылуы: 1824 ж. "Орынбор Қазақтары туралы Жарғы" және 1844 жылғы Орынбор қазақтарын басқару туралы "Ереже".
- •1836-1838 Жж. Исатай Тайманов және Махамбет Өтемісов бастаған Кіші жүздегі қазақтардың ұлт-азаттық көтерілісі.
- •Кенесары Қасымұлы бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісі.
- •Қазақ халқының XIX ғ. 50 жылдарындағы ұлт азаттық көтерілістері. Ж. Нұрмұхамедов, е. Көтібаров.
- •Ұлы жүзді жаулап алу. Қазақстанның Ресейге қосылу процесінің аяқталуы.
- •Хiх ғ. Аяғы мен хх ғ. Басындағы патша өкіметінің Қазақстанға орыс шаруаларын жаппай қоныс аудару саясаты: мақсаты, негізгі кезеңдері
- •Хiх ғ.Қазақстан өнеркәсібінің пайда болуы және дамуы.
- •Қазақстанда ресейлік қамалдардың салынуы: мақсаты, мәні, маңызы.
- •Патша өкіметінің аграрлық реформасы (хiх ғ.). Столыппиннің аграрлық реформасы
- •Xiх ғ. Ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісуға қоныс аударуы.
- •Xiх ғ. Бірінші жартысы хх ғ. Бас. Ағарту ісі.
- •Xiх ғ. Екінші жартысы мен хх ғ. Басындағы Қазақ халқының музыкалық мәдениеті (Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Ықылас, Біржан, Ақан Сері т.Б.).
- •Ш. Уалиханов - ғылым, ағартушы және оның ғылыми мұралары.
- •Абай Құнанбаев - ұлы ақын және ағартушы және оны отандық әрі дүниежүзілік мәдениеттегі алатын орны.
- •Ы. Алтынсарин - педагаг, ағартушы және балалар әдебиетінің негізін салушы.
- •ХХғ. Басындағы қазақ интеллигенциясы: қалыптасуы, саяси-қоғамдық қызметі (м. Қаратаев, а. Байтұрсынов, а. Бөкейханов, ж. Ақпаев т.Б.)
- •Хх ғасырдың басындағы қазақ мерзімді басылымдар (дала улаяты, Айкап, Абай, Қазақ және т.Б.)
- •Ресейдегі Ақпан төңкерісі және оның Қазақстанның өмірін демократияландырудағы маңызы.
- •1917 Ж. Қазан төңкерісі. Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы, ерекшелігі.
- •"Алаш" автономиясы және "Алаш Орда" үкіметі (1917-1919жж.).
- •Қазақ акср-ның құрылуы. Қазақ кеңестік мемлекеттілігінің бастамасы (1919-1925жж.).
- •"Соғыс коммунизм" саясаты және оның Қазақстандағы ерекшелігі (1918-1920жж.).
- •Қазақстан Жаңа экономикалық саясат жылдарында. Жер-су реформасы (1921-1925жж.).
- •Орта Азия және Қазақстан Республикасын ұлттық-территориялық жағынан межелеу. Қазақ жерлерінің Қазақ акср құрамына бірігуі (1920-1925жж.).
- •Голощекиннің Қазақстандағы "Кіші Октябрь" ісі.
- •Қазақстандағы индустрияландыру, ерекшеліктері мен қиыншылықтары.
- •Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру: байлардың мүлкін кәмпескелеу, құлақтарды жою, қазақтарды күшпен отырықшыландыру.
- •Ұжымдастыруға қарсы бағытталған шаруалар көтерілістері.
- •Ұлт зиялыларына қарсы жасалған қуғын сүргін саясаты.
- •Крлаг, алжир Қазақстандағы Сталиндік террордың белгісі.
- •Ұлы Отан соғысының басталуы. Экономиканы соғысқа бейімдеу.
- •Қазақстан - майдан арсеналы.
- •Қазақстандықтар - Ұлы Отан соғысының майдандарында.
- •Соғыс жылдарындағы ұлтаралық қатынас. Жекелеген халықтарды Қазақстанға депортациялау.
- •Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда. Мәдени шығармашылық өзгерістер.
- •Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру: пайдасы мен зияны.
- •Жеке басқа табынушылықтың зардаптарын жоюдың алғашқы нәтижелері және хх ғ. Соңғы 50 жылдарында қоғамды демократияландыру.
- •Арал теңізінің трагедиясы: тарихы және қазіргі жағдайы.
- •Қонаев д.А. - мемлекеттік және қоғамдық - саяси қайраткер.
- •Қазақстан қайта құру кезеңінде: алғашқы қадамдар, қиыншылықтар.
- •1986Ж. Алматыдағы желтоқсан оқиғасы. Қазіргі көзқарас.
- •Ксро-ның ыдырауы. Тмд-ның құрылуы.
- •Қазақстанның Егемен, Тәуелсіз мемлекет ретіндегі қалыптасуы мен дамуы.
- •Республикадағы экономикалық реформалар: нарыққа көшудің қиыншылықтары.
- •Қазақстандағы көппартиялықтың қалыптасуы. Саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар
- •Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәзімдері.
- •Қазақстан - халықаралық қатынаста тәуелсіз субъект.
- •Қазақстандағы ұлтаралық қатынас. Қазақстан халықтарының Ассамблеясы.
- •1995Ж. Қазақстан Республикасының Конституциясы: сипаты, нысаны.
- •Хх ғ. Қазақстан Астанасын көшірудің тарихы мен болашағы.
- •Қазақстан Республикасының Ұлттық теңгесінің жасалу тарихы
- •Саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстардың қазіргі қоғамның дамуындағы ролі.
- •Қазіргі қоғамның даму барысындағы мемлекетіміздің жастар туралы саясаты.
- •Қазақстан Республикасы көпұлтты және көп діни ағымды мемлекет ретінде. Алматыда өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер форумы.
- •Қазақстан Республикасының жаңа саяси жүйесін қайта құрудағы Елбасының қосқан үлесі.
- •Нарықтық экономикаға көшу және экономикалық реформаны ұйымдастырудағы н.Ә.Назарбаевтың рөлі. Қазақстанның 2030 жылға арналған даму стратегиясы.
- •Қазақстан Республикасының Президенті н.Ә.Назарбаевтың Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатын қалыптастырудағы еңбегі.
- •Президенттің Қазақстан халқына үндеуі – «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндігі» (29.02.10ж.).
- •Ұлттық бірлік туралы Доктрина.
- •Н.Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті – ұлт көшбасшысы.
- •Қазақстан Республикасы Президентінің 28.01.2001 жылғы «болашақты бірге құрайық !» Қазақстан халқына үндеуі
Ұлттық бірлік туралы Доктрина.
Астанада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өтетін Қазақстан халқы Ассамблеясының 15-ші сессиясында Ұлттық бірлік доктринасын жалпыхалықтық талқылауға шығарды. доктрина орта мерзімді кезеңдегі мемлекеттік ұлттық саясаттың негізі .оның негізгі ережелері біздің еліміздің 2020 жылға дейінгі даму стратегиясының жоспарына, енген болатын.
Ол Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында Президенттің доктринаны қабылдау туралы бастамасы дер кезінде қолға алынған өзекті дүние екенін атап кө Қазақстандағы Ассамблеясының ХIҮ сессиясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық бірлік доктринасының жобасын дайындауды тапсырған болатын. Осы дайын болған жобаны көпшілікке талқылауға ұсынылып отыр.Жобада қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы этносаралық қатынастарын нығайту мәселесі қозғалып отыр. Бұл дегеніміз Қазақстандық қоғамның барлық әлеуметтік- саяси және рухани –адамгершілік қызметінің негізі болатын құжат болып отыр.Ел бірлігін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар этносаралық іс-қимыл институттарын нығайтуға, тіл саясатына, білім беру мен тәрбие, рухани-мәдени, ақпараттық, құқық және құқық қорғау салаларын қозғап отыр. Тұтастық пен тұрақтылықтың құтты шаңырағы- Ассамблея екенін білеміз. Осы еліміздің беріктігі осы көпұлтты халықтың бірлігінде жатыр. Қазіргі таңдағы қол жеткізген табыстарымыз осы бірліктің арқасында ,яғни Ассамблеялардың арқасында іске асуда. «Бірлік доктринасы» бұл құжат болып қабылдануы мені өте қуантты. Өйткені бұл көпұлтты Қазақстанның бүгінгі күнге дейінгі өміріне қорытынды , ал келешектегі өмірінің даму стратегиясы болып табылады. Елдегі тұрақтылық, бірлік пен келісімді одан әрі нығайту , ұлт саясатына жатқызамын. Ұлттық бірлік доктринасы үш сұрақты басты тақырып қылып алып отыр.Бұл ұлттық бірлік мәселесі. Демек біздің елімізде тұрақты топтасқан этностық, діни және әлеуметтік –мәдени топтарының қоғамдастығының болу мен оның іс-қимылдары қазіргі заманға сай әлемде ұлттық бірлікті -ортақ мемлекетті бірлесіп құру әрекеттерін айқындайды.Оның ішінде азаматтық және мемлекет тілін білу шарттары қолға алынған.Ұлттық бірлікті нығайту маңыздылығы елдің ішкі және сыртқы қауіпсіздігін қамтамасыз ету деген сөз. Бастысы Қазақстанның ХХI ғасырда қазақтар мемлекетқұрушы ұлт ретінде жаңа белеске шығуы көзделген. Қазақстан халқының бірлігі мен беріктігі , алға нық сеніммен баратынына көз жеткіземіз.Қазақстан мемлекетін құрушы көпұлтты ұлттар қауымдастықтарының ортақ тарихын құруы көзделген. «Мың өліп –мың тірілген» қазақтың көрген көп азаптарынан қажетті сабақ ала білуі маңызды болып отыр. Түрлі этностардың бұрын орын алған азаптары мен ащы тағдыры болашақта қайталанбас үшін оларды еске алу күндері де аталып өтілуде. Ендігі тарих беттерінде ұлттық бірлігі жарасқан қазақстан халқы деген жалында сөздерге толы болуын менде қалаймын. Елбасының ұстанып отырған көзқарасы да осы.
Соның ішінде басым бағыт ол болашаққа арналған ең алдымен білім мен тәрбие беру жүйесі арқылы қазақстандық жас ұрпақын төзімділік пен келісім құндылықтарына тәрбиелеуде мектеп басты роль атқарады. Осы бағыттарда мектеп алдына қойған бірқатар шаралары да қабылданған екен. Соның ішінде өскелең ұрпақтың дін мәселелеріндегі мағлұматы мен білімінің деңгейін көтеру мақсатында енгізіліп отырған «Дінтану негіздері» оқу курсын қолдаймын.
Бұл жоба дамып келе жатқан бірлігі мен білімділігі артқан Қазақстан халқы үшін дер кезіндегі ұсынылған жоба ретінде менде өз қолдауымды көрсетемін.
ҚР – ОБСЕ-ге төраға мемлекет. Жаңа халықаралық белсенділік.
Жиырма жылға да тола қоймаған тәуелсiздiк тарихында Қазақстан талай-талай тамаша табыстарға қол жеткiздi. Солардың арасындағы ең шоқтықтысы – ТМД мемлекеттерi арасынан, Азия елдерiнiң арасынан, мұсылман әлемi арасынан, түркi тiлдес мемлекеттер арасынан бiрiншi болып Еуропадағы қауiпсiздiк және ынтымақтастық ұйымының төрағалығына сайланғандығы. Президент Н.Ә.Назарбаевтың мәлiмдемесiнде айтылғанындай, биылғы 3 тамызда ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттер Сыртқы iстер министрлерiнiң кеңесi 2010 жылдың 1-2 желтоқсанында Астанада осы аса iрi халықаралық ұйымның Саммитiн өткiзу жөнiнде түпкiлiктi шешiм қабылдады. – Ұйым саммиттерiнiң қай-қайсысы да маңызды. Әрине, ядролық қарудан өз еркiмен бас тартқан әлемдегi тұңғыш мемлекет ретiнде Қазақстанға ядролық қаруға ие үш елдiң – АҚШ-тың, Ресейдiң, Ұлыбританияның тарапынан қауiпсiздiк кепiлдiгi берiлген Будапешт саммитiнiң бiз үшiн орны ерекше. Сол Саммиттен соң көп ұзамай мұндай кепiлдiктi Қытай мен Франция да берген. 1992 жылы Финляндия астанасында өткен саммитте Елбасымыз Хельсинки Қорытынды актiсiне қол қою арқылы Қазақстанның осы атақты құжатта көрсетiлген құндылықтарды қуаттайтынын бiлдiрдi. Әйгiлi Париж Хартиясын (“Жаңа Еуропа декларациясы”) қабылдаған саммиттiң де маңызы бөлекше. Бiз биылғы төрағалық тұсында бұл Хартияның 20 жылдығына да тиiсiнше көңiл бөлiп отырмыз. 1996 жылғы Лиссабон саммитiнiң алғашқы мәжiлiсi бiздiң Президентiмiз Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткенiмен де есте қалды. Ал ендiгi жерде бiз үшiн ең маңызды саммит Қазақстан елордасындағы осы Астана Саммитi болатыны өзiнен өзi түсiнiктi. Елбасымыз Қазақстан Республи¬касының ЕҚЫҰ-ның төрағалық қызметiне кiрiсуiне орай қаңтарда жолдаған Үндеуiнде: “Нақ бүгiн ЕҚЫҰ-ға мүше елдердiң көшбасшышары саяси ерiк-жiгер танытып, өз халықтарының алдында тұрған күрделi де түйiндi мәселелерге жауап беретiн уақыт келдi. Саммит ЕҚЫҰ-ның осы заманғы қауiп-қатерлердiң алдын алуға бейiмделуiне қуатты қарқын берiп қана қоймай, сонымен қатар бiздiң халықтарымыздың осы Ұйымға деген сенiмi мен құрметiн де арттыра түседi”, деп мәлiмдеген. Сондықтан да төрағалықтың алғашқы күндерiнен бастап бiздiң басшылыққа алған басымдығымыз Президенттiң осы стратегиялық халықаралық бастамасын жүзеге асыру болды, ол бастама бүгiнде еуратлантикалық және еуразиялық кеңiстiктегi шын мәнiнде тектоникалық өзгерiстер туындатқан объективтi қажеттiлiк. – Мұндай Ұйым төрағалығына дайындық жұмыстары жылдар бойы жүргiзiлетiнiн жақсы бiлемiз. Жұртшылыққа Астананың төрағалыққа жетер жолдағы белестерiн, бұл мақсатқа бiздiң не үшiн ұмтылғанымызды әңгiмелеп беруiңiздi сұраймыз. – Қазақстан ЕҚЫҰ төрағалығына ұмтылатынын сонау 2003 жылғы 18 ақпанда жария еткен. Сонда, Ұйым Тұрақты кеңесiнiң Венадағы мәжiлiсiнде елiмiздiң осы жөнiндегi өтiнiмi алғаш рет хабарланған. Содан бергi уақытта бүкiл елiмiздiң, оның iшiнде ең алдымен дипломатиялық қызметтiң күш-жiгерi осы мақсатқа қол жеткiзуге жұмсалды. Ал ендi бiздiң бұл төрағалыққа өз кандидатурамызды не үшiн ұсынғанымызға келейiк. Алдымен бiз ұлттық мүдделерiмiз тұрғысынан Орталық Азиядағы, соның iшiнде Ауғанстандағы нағыз әрi ұзақ мерзiмдi қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге септесудi мақсат еттiк, мұның өзi Қазақстанның үдемелi дамуының аса маңызды факторы болып табылады. Сонымен қатар бiз Қазақстанның Батыс пен Шығыс арасындағы үнқатысуда өзiндiк бiр өркениеттiк көпiр ретiндегi орнын күшейте түсудi көздедiк. Мұның бәрi елiмiздiң табысты әлеуметтiк-экономикалық және демократиялық дамуымен, азаматтарымыздың арқаулық құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етумен, олардың әл-ауқатының артуымен тиянақталып отырылды. Бiз төрағалыққа кiрiскен кезге қарай ЕҚЫҰ-ның өзiн күшейтудiң, Венаның шығысы мен батысындағы елдер арасында сенiм деңгейiн көтерудiң зәру қажеттiлiгi пiсiп-жетiлдi. ЕҚЫҰ-ны реформалау, оның тиiмдiлiгiн арттыру жөнiнде сын пiкiрлер талай рет айтылған. Ұйымның тоқырауы немесе жойылып кетуi еуратлантикалық кеңiстiктегi өте қауiптi вакуумның пайда болуына әкелiп соғуы мүмкiн екенiн Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның төрағалық қызметiне кiрiсуiне орай жасаған Үндеуiнде де ескерткен едi. Қазақстан төрағалық тұғырында осы Ұйымның беделi мен әлеуетiн арттыруға, оны халықаралық қауiпсiздiк пен ынтымақтастықтың пәрмендi тетiгi ретiнде сақтап, нығай¬туға барынша септесуге ұмтылады. Ал тiптi бiр сөзбен түйiп айтар болсам, Астана Саммитi Хельсинки рухын жаңа тарихи жағдайда қайта өрлетудi мақсат тұтады дер едiм. – Қазақстан төрағалығы экватордан өтiп, сегiзiншi айға да аяқ басты. Осы кезеңнiң тәжiрибесi ненi көрсеттi? – ЕҚЫҰ төрағалығын Мемлекет басшысы стратегиялық ұлттық жоба деп атағанын бiлесiз. Бұл жобаның бiздiң елiмiз үшiн, оның болашағы үшiн дәуiрлiк маңызы бар. Бiз қазiрдiң өзiнде ЕҚЫҰ төрағалығы елдiң демократиялық дамуына қуатты қарқын қосқанын, қазақстандықтардың өмiр сапасын жақсартуға қозғау салғанын көрiп отырмыз. Ұйымға төрағалық ету Қазақстан халқының бiрлiгiн нығайтып, патриотизмiн арттыра түседi. Төрағалыққа дайындық барысында қолға алынған “Еуропаға жол” мемлекеттiк бағдарламасын жүзеге асыру тәуелсiз Қазақстанның дамуындағы сапалық жаңа белес болатындығы талас тудырмайды. Қазақстан төрағалығының түйiндi қағидаттарының бiрi Ұйымның үш “қоржынының” бiрдей етiп толтырылуы. Ол үш “қоржынның” бiрiншiсi – әскери-саяси өлшем. Бiз қауiпсiздiктiң кеңiстiгiн емес, қоғамдастығын қалыптастыруға әуел бастан күш салып келемiз. ЕҚЫҰ-ның екiншi өлшемi ретiнде ұзақ мерзiмдi бейбiтшiлiк, қауiпсiздiк пен тұрақтылыққа қол жеткiзу, болуы мүмкiн экономикалық және экологиялық қауiп-қатерлерге дер кезiнде және баламалы жауап беру Қазақстан төрағалығының ерекше назарында тұр. Ал үшiншi – гуманитарлық өлшем бойынша бiз адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге атсалысудамыз. ЕҚЫҰ-дағы төрағалығымыздың жетi айы өткен шақта бiз мүше елдердiң Қазақстанның осы қадiрлi халықаралық ұйымдағы саяси көшбасшылығына оңды бағалар берiлiп жатқанын разылықпен айта аламыз. Әрiптестерiмiз бiздiң халықаралық ұйымдардың күш-жiгерiн кеңестен кейiнгi кеңiстiктегi қақтығыстық жағдаяттарды реттеуге сәтiмен жұмылдырып отырғанымызды айрықша атап көрсетуде. – Кеңестен кейiнгi кеңiстiктегi қақтығыстық жағдаяттарды реттеу дегенде көршiлес Қырғызстанда қалыптасқан ахуал айтылып тұр ма? – Ол ғана емес. Бiз төраға ел ретiнде бұрынғы КСРО аумағындағы ұзақ уақыт шешiмiн таппаған қақтығыстарды реттеуге де көп күш-жiгер жұмсадық. Приднестровье, Таулы Қарабақ, Грузия-Осетия, Грузия-Абхазия қақтығыстары оңайлықпен, төрағалықтың бiр жылында шешiле салатын түйiндер емес. Бiрақ, үнқатысуға, текетiресiп тұрған жақтардың арасында мәмiлеге келу жолдарын iздеуге барша қажыр-қайратты жұмсау, қақтығыстарды тарқатуға оңды алғышарттар жасауға болады және солай ету қажет. Бiз осыған ұмтылудамыз. Көршiлерiмiзге келсек, бәрiнен бұрын Нұрсұлтан Назарбаевтың, АҚШ және Ресей президенттерi Барак Обама мен Дмитрий Медведевтiң бiрлесе отырып, Қырғыз¬стандағы дағдарыстық жағдайды жақсартуға жұмсаған күш-жiгерi осы елдiң азамат соғысының от-жалынына орануына жол бермедi. Дүрбелеңге толы сол күндер мен түндерде бiздiң Елбасымыздың осы өңiрдегi де, одан сырт жерлердегi де биiк беделi, асқан абыройы айшықты көрiндi. Күндер мен түндер дегендi әдейi айтып отырмын. Қырғызстандағы жағдай оқыс шиеленiскен тұста Президентiмiз Вашингтондағы ядролық саммитте жүрген едi. Сонда күндiз саммитте талқылауға қатысып, сөз сөйлеп, сұхбат берiп, өзге елдер басшыларымен кездесiп жүрiп, түнде (бұл кезде бiзде күндiз ғой) осы Қырғызстан мәселесi бойынша қайта-қайта Астанамен, Бiшкекпен сөйлесiп, тапсырмалар берiп жатты. Дағдарысты сәтте АҚШ пен Ресей басшылары шиеленiскен түйiндi тарқату, елдегi азамат соғысының алдын алу жөнiндегi аса ауыр жұмысты атқаруды дәл Нұрсұлтан Назарбаевтан өтiндi. Бауырлас ел ретiнде де, ЕҚЫҰ төрағасы ретiнде де бiздiң Қырғызстанға көмек беруде атқарар iсiмiз әлi де көп. Қазақстан ұйым тізгінін қолға алған мезетте жаңа ғасырда бір де бір рет ұйымдастырылмаған ЕҚЫҰ-ының саммитін өткізіп, қазіргі заманауи қауіп-қатерлерді анықтау, алда не істеу, қайда бағыт алу қажеттігін айқындап алу керектігін көтерген еді. Содан бері қыруар іс тындырылды. Нәтижесі мінеки – жалпы аумағы жарты әлемді қамтитын осыншама елдің басшылары Астанаға ат басын тіреді, тұтас дүниенің назары Астанаға ауды. Қонақтардың ішінде БҰҰ-ының Бас хатшысы Пан Ги Мун, Еуропа Кеңесінің президенті Херман Ван Ромпей, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының төрағасы Петрос Эфтимиу, ЕҚЫҰ-ының Бас хатшысы Марк Перрен де Бришамбо, Ресей президенті Дмитрий Медведев, АҚШ Мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон, Германия канцлері Ангела Меркель, Италияның премьер-министрі Сильвио Берлускони және басқа көптеген танымал тұлғалар бар. Осындай ауқымды шараларға тән хаттама рәсімі бойынша қол алысып, амандасу рәсімі жасалғаннан кейін саммитке қатысушылар естелік суретке түсті.
