Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
НЕГІЗГІ ШПОР.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
277.26 Кб
Скачать
  1. "Алаш" автономиясы және "Алаш Орда" үкіметі (1917-1919жж.).

1917 жылғы ақпанда Ресейде жеңіске жеткен буржуазиялық-демократиялық революция нәтижесінде ұлттың өзі-өзі билеу проблемасын шешу мәселесін қоюға, қазақ қауымының әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдетуге мүмкіндіктер туды. Бірден қазақ зиялылары Уақытша Үкіметімен тығыз байланыс жасап, сол арқылы түп мақсаттарын жүзеге асырмақшы болды.1917 жылғы 7 сәуірде кадет Н.Щепкин басқарған Уақытша Үкіметтің Түркістан комитеті құрылды. Оның құрамына басқалармен бірге Ә.Бөкейханов пен Мұхаметжан Тынышбаев енді. Көп кешікпей Ә.Бөкейханов Торғай облысындағы, ал халықшыл О.Шкапский мен М.Тынышбаев Жетісу облысындағы Уақытша Үкіметтің комиссарлары болып тағайындалды. Ал М.Шоқаев, А.Бірімжанов, А.Кенесарин сияқты қазақ зиялылары Түркістан мен Қазақстандағы Уақытша Үкіметтің органдарында жауапты қызметтерге ие болды. Қазақ комитеттерінің құрылуы қазақ қоғамындағы үлкен жаңалық болды. Аталған үкіметтің өлкедегі ұлттық тірегі болған. Түпкі мақсаты – ұлттық мақстат-мүддені қорғайтын, автономиялық мемлекеттік құрылымға жету жолында қазақ халқының ұлттық ұйымы ретінде қарастыру еді . Бұл комитет болашақ Алаш қозғалысының қайраткерлерінің, соның ішінде тікелей ұсыныс жасаған, ұлттық интелегенциясының көпшілік тыныған жетекшісі Ә.Бөкейханов және қазақ қоғамының белсенді азаматтарының бірлескен еңбектерінің нәтижесінде құрылған. Қазақ комитеттері 1917 жылдың наурыз айының екінші жартысынан бастап облыстық, уездік және болыстық деңгейде құрыла бастады. Қазақ комитеттері барлық дерлік аймақтарында құрылған. Құрылу процесін туралы хабарларды «Қазақ» газеті таратты. 1917 ж. 17 наурызда Орал қаласында облыстық комитет құрылды. Алғашқы төрағасы Ғ.Әлібеков болды. Ең басты іс-шара съездер ұйымдастыру. Ә.Бөкейхановтың тікелей бастамасымен 1917 жылғы көктемде шақырылған ауылдық, селолық, болыстық және уездік азаматтық комитеттер өкілдерінің съезі Торғай облысындағы аса маңызды оқиға болды. Съезд аяқталғаннан кейін ауылдық азаматтық комитеттерді құру ісіне жетекшілік жасау үшін облыстық басқарма құрған комиссия Ә.Бөкейхановпен келісе отырып Ахмет Қадырғалиевты белгіледі. Кеңес үкіметі(наурыз-сәуір 1918 ж. және 1919 ж.- наурыз 1920) сияқты ресейлік саяси күштермен байланыстарында Алаш автономиясы мен Алашорда үкіметін ресми мойындатуға алдыңғы кезектегі міндет етіп қойды.Осы кезде қазақ зиялылары басқа да партиялар мен ұйымдарға бірігіп жатты. 1917 ж. қараша айында Омбыда «Үш жүз» атты социалистік партия ашылды. Сонымен қатар жалпы жергілікті жерде мәдени ағарту жұмыстарымен (сауық кештерін қою, жазба газет шығару, т.с.) айналысқан ұйымдарды атап кетсек: Омбыда «Бірлік», Қызылжарда «Талап», Ақтөбеде «Жас тілек», Павлодарда «Ғылым», Орынборда «Еркін дала» тағы басқа. Қазақстан-Ресей қарым-қатынастары динамикалық түрде дамыды бірақ, империялистік құрсаудан босанған Ресейлік саяси күштердің 1918-1919 жылдардағы қызметі алғашқы кезеңде демократиялық сипатта өрбігенмен бірте-бірте әскери-саяси сипаттағы диктатураға қарай бет бұрып кетуі ұлттық аймақтардағы, соның ішінде қазақ өлкесіндегі саяси күштердің ұлттық-демократиялық бағытты дамуына жасаған қызметтерің баянды етуге кедергі болды.