Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
НЕГІЗГІ ШПОР.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
277.26 Кб
Скачать
  1. Хiх ғ. Аяғы мен хх ғ. Басындағы патша өкіметінің Қазақстанға орыс шаруаларын жаппай қоныс аудару саясаты: мақсаты, негізгі кезеңдері

Патша үкіметінің орыс шаруаларын Қазақ жеріне қоныс аудартудағы көздеген мақсаттары:Ішкі губерниялардағы революциялық толқуларды әлсірету.Жер тапшылығын шешу.Ұлттық аймақтарда әлеуметтік тipeк жасау. XIX ғ. 60 жылдарының ортасынан Ресейдің орталық аудандарынан шаруаларды Қазақ өлкесіне қоныс аударту басталды.XIX ғасырдың 70-80 жылдарынан жаппай қоныстандыру жүзеге асырылды. \1868ж Жетісу губернаторы Колпаковский басшылығымен “Жетісуда шаруаларды қоныстандыру туралы “уақытша ереже қабылданды. Қоныс аударушылар:1)15ж-ға алық төлеуден, әскери міндеттен босатылды. 2)Жан басына 30десятина жер берілді. 1883ж Жетісуда Шығыс Түркістаннан қоныс аударған ұйғырлар,дүнгендерді орналастыру жөнінде жңа ереже бекітілді.1)Жан басына 10 десятина жер беру 2)Қоныстанушыларды салық пен міндеткерліктерден 3 ж босату. 1889ж 13 шілде”Село тұрғындарының қазыналық жерлерге өз еркімен қоныс аударуды, бұрынғы қоныс аударғандар жағдайын қарастыру жөнінде ереже”қабылданды.:1)Қоныс аударатын ааймақтар-Тобыл, Том губерниясы, Жетісу,Ақмола,Семей обл.2)Жан басына 15 дес жер беру. 2)Қоныстанушылардан арнайы рұқсат алуды талап ету. Бұл ереже күші 1891-92жж Торғай мен Орал обл-на таралды.Қогыс аудару басты аймағы Жетісу,Шымкент,Ташкент, Әулиеата уез-де37қоныс құрылды. 1886ж 2 маусым-«Түркістан өлкесін басқару және жер, салық өзгерістерін енгізу туралыереже»бекітілді.1)Түркістанда Ресейлік үлгімен жааңа соттар құрылды.2)Төменгі сот халықтық сот. 1891ж 25науры «Ақмола,Семей,Жетісу,ОралТорғай обл басқару туралы ереже» бекітілді.1)Түркістан өлкесінде 3обл(Ақмола.Семей,Жетсу)орт Ташкент.

  1. Хiх ғ.Қазақстан өнеркәсібінің пайда болуы және дамуы.

ХІХғ ортасы-Қазақ жеруне капиталистік қатынастардың тарала бастауының көріністері:1) Отырықшы мал шаруашылығы мен егіншіліктің дамуы. 2) Жеке меншік жерді иеленудің кең таралуы. 3)Жылқы санының азайып, ірі қара малдың көбеюі. ХІХ ғ. 60ж-ресейлік кісіпкерлер қаражаттарын қазба байлықтарын мол қазақ аймақтарында өндіріс орындарын салуға жұмасады. ХІХғ 70-80ж-кедейленген қазақтар тау-кен орындарына, кәсіпорындарға тартыла бастады. Өлкедегі жалпы экономикалық ахуал:

Тау-кен өндірісі: 1)Түсті металдар және тас көмір өндіретін тұңғыш кен орындары Шығыс,Орталық Қазақстанда ашылды. 2)ХІХғ соңы-ХХғ басындағы 300-400 жұмысшылары бар ірі өнеркәсіп орындары-Спасск мыс қорыту зауыты (1857ж), Успен кеніші,Қарағанды көмір алабы,Екібастұз,Риддер кәсіпшілігі. 3) 1898ж-Семей облысының Павлодар уезінде Воскресенск Кен-өнеркәсіп қоғамы құрылды. Кен кәсіпшілігінің орталығы-Қарқаралы уезі. 4) Химия өнеркәсібінің бастамасы-Шымкент сантонин зауыты (1822ж) 5) Қазақстанның кен орындарында балалар еңбегі ХІХғ.90ж кеңінен пайдаланды. 16жасқа дейінгі жұмысшы балалар үлесі -14%

Темір жолы: 1) 1893-1895жылдар-Сібір темір жолы (ұз.3138км) салынды. Оның 178 шақырымы Қазақ жерін басып өтті. 2)1893-1897ж-Рязань-Орал темір жолы салынды. Оның 194 шақырым қазақ өлкесінің батысы арқылы өтті. 3) 1899-1905ж-Орынбор-Ташкент темір жолы (ұз.1656км) салынды. Орынбор-Ташкент темір жолында 30мың жұмысшы болды. (1902-1904ж) . Патша үкіметінің темір жолдар салудағы көздеген мақсаты: 1) Жалпыресейлік жаңа шаруашылық қатынастар жүйесіне Қазақстанды тартуды тездету. 2) Өлкенің шикізатын кеңінен пайдалану. 3)Қазақстан мен Орта Азияны Ресей өнеркәсіп орталықтарымен байланыстыру. 4)Қазақ халқының ұлт-азаттық күресі күшейген жағдайда Ресейден қарулы күштерді тез жеткізу.

Ауыл шаруашылық өндірісі: 1)Балық аулау кәсіпшілігі-Каспий,Арал теңіздері, Балқаш көлі. 2)Тұз өндіру-батыс, солтүстік-шығыс аймақтағы тұзды көлдер. 1867ж-Басқұншақ кәсіпорнында-55мың пұтқа жуық тұз өндірілді. 1900ж-20млн.пұт тұз өндірілді. 3)1875,1900ж-Верныйда темекі кәсіпорындары ашылды. 4)Арал,Қарабас-тұз өндіру орны ашылды. 5)Мал шаруашылығы шикізатын өндеу жөніндегі алғашқы кәсіпорындардың негізгі ошақтары-Ақмола және Семей облыстары. Семей облысында 13былғары, 9 сабын қайнататын,1шарап ашытатын,1май қорытатын,2сыра ашытатын,23кірпіш зауыты болды. Торғай облысында 42былғары, тон, май қорыту,сабын қайнату зауыты,202диірмен,май шайқау зауыты болды.(1898ж)

  1. ХIХ-ХХ ғғ. басындағы Қазақстандағы жұмысшылардың жағдайы.

Өнеркәсіп орындарының салынуы жұмысшылар санының өсуіне және ұлттық құрамының өзгеруіне әсер етті.

Қазақ жұмысшыларының негізгі шоғырланған жері – тау-кен өнеркәсібі.

ХІХ ғ.соңында – 19 мың. 1902 ж – 30мың жұмысшы.

Кейбір өндіріс орындарында қазақтар жұмыс күшінің 60-70% құрап, ауыр еңбектерге тартылды.

Әлеуметтік теңсіздікке, жалақының төмендігіне, еңбек жағдайының ауырлығына шыдамаған қазақ, орыс жұмысшылары қарсылықтар білдіре бастады. Қарсылық түрлері: 1)Шағым, арыз жазу. 2)Өндіріс орындарын тастап кету. 3)Ереуілге шығу. 4)Жұмысшылар мен өндіріс иелері арасындағы қақтығыстар. Семей облысы кәсіпшіліктерінде жұмысшылар өндіріс орындарын қаша бастады: 1)1880 ж-2,7% 2)1890ж-4,7% 3)1896ж-6,4%

Қашқан жұмысшыларды ұстаған жағдайда 3 айға абақтыға жапқан.

Алғашқы ереуіл 1849ж қазанда Көкшетау кен орнында болды.

1888ж-Өскемен уезіндегі кен өндірісінде қазақ жұмысшылары ереуілге көтеріліп, жалақыны арттыруға мүмкіндік алды.

1893,1895,1899 жылдар Батыс Сібір теміржолында, 1899ж Омбы теміржолында ереуілдер болды.

1890ж ереуілде Алтайдағы Асташево кен орнының басқарушысы өлтірілді.

Жұмысшылар қарсылықтарының әлсіз жақтары:

1)Стихиялылығы 2)Өндіріс орындарының ұсақтығы 3)Жұмысшылар санының аздығы 4)Өзара бірлік пен түсінушіліктің жетіспеуі 5)Саяси талаптардың аздығы 6)Саяси ұйымдардың жоқтығы

Жұмысшы қарсылықтарының тарихи маңызы.

1)ХХғ басында революциялық оқиғаларға алғышарт қалыптастырды.

2)Өлке жұмыскерлерінің әлеуметтік күресі біртіндеп тәжірибе жинады.