- •Каз тарихы гылым жане оку пәни ретінде. Қаз тарихынын деректеи мен тарихнамасы.
- •Қ.Палеолит кезеңінің зерттелуі.Т.Д еңбек құралдарының және шаруашылықтың эволюциясы.
- •Ежелгі ру тайпалық құрылыстың ыдырауы.Қ. Территория-ғы т.Д. Қоғамдық қатынастың эволюциясы.
- •Қола дәуіріндегі Қазақстан: қоғамдық қатынастың, еңбек құралдарының, шаруашылықтың эволюциясы
- •Андронов мәдениетінің Қазақстандағы ошақтары: кезеңдері, сипаты, ерекшеліктері.
- •Кейінгі қола дәуірінің мәдениеті (Беғазы-Дәндібай). Отырықшы мал шаруашылығынан көшпелі мал шаруашылығына өту.
- •Сақтардың саяси тарихы. Евразия тарихындағы.
- •Сақтардың әлеу. Құрылымы, шар, тұрмысы.
- •Сақтардың материалдық және рухани мәдениеті.
- •Сақтар туралы жазбаша деректер.
- •Үйсіндер және қаңлылар мемлекеті.
- •Ғұндардың саяси тарихы
- •Ғұндардың әлеуметтік құрылымы, шар, тұрмысы.
- •Ғұндардың әскери ұйымы және соғыс өнері
- •Ғұн тайпаларының көшуі және бағыттары. Европадағы ғұндар.
- •Ғұндардың материалдық және рухани мәдениеті.
- •Ұлы Түрік қағанаты (552-603жж.).
- •Көне түркі жазуы және жазба ескерткіштері (Күлтегін, Тоныкөк, Білге қаған т.Б.).
- •Батыс Түрік қағанаты: саяси тарихы 603-704
- •Батыс Түрік қағанатының әкімшілік - қоғамдық жүйесі: «Он оқ бұдұн».
- •Түркеш қағанаты.
- •Қарлұқ: саяси тарихы, шаруашылығы, мәдениеті.
- •Оғыз және қимақ мемлекеттері.
- •Қарахан: саяси тарихы,шаруашылығы, мәдениеті.
- •Қарахан м-нің қоғамдық-саяси құр-ның ерек-рі.
- •Қыпшақ мемлекеті: құрылуы, саяси тарихы.
- •Қыпшақ территориясы,қоғамдық құрлы, шар-ғы.
- •Найман, Керей және Жалайыр ұлыстары.
- •Тәңіршілдік түріктердің дәстүрлі сенімі. Ислам дінінің Қазақстан территориясында таралуы
- •Моңғол империясының құрылуы және Шыңғысханның жаулаушылығы
- •Қазақстан территориясындағы Монғол ұлыстары: Ақ Орда, Көк Орда, Моғолстан, Ноғай Ордасы
- •Алтын Орда: территориясы, мемлекеттік және әкімшілік басқару жүйесі
- •Ақ Орда, Моғолстан территориясы, саяси тарихы, қоғамдық құрылысы, шаруашылығы.
- •Көшпелі өзбек мемлекеті: территориясы, саяси тарихы, қоғамдық құрылысы.
- •Қазақ хандығының қалыптасу кезеңдері. Алғашқы қазақ хандары: Керей және Жәнібек.
- •Қазақ хандығының территориясының кеңеюі және мемлекет ретінде орнығуы: Бұрындық, Қасым хандар.
- •45.Тәуке ханның тұсындағы қазақ хандығы.
- •Қазақ халқының қалыптасуы. Жүздер – қазақ халқының этнотерриториялық ұйымы.
- •«Жеті жарғы» - XVI – XVII ғғ. Қазақ қоғамының құқықтық негізі.
- •Төле, Қазыбек, Айтеке билердің ролі.
- •Қазақтардың XVI-XVIII ғғ. Материалдық және рухани мәдениеті (үй тұрмысы және халықтың салттары, астрологиялық таным түсінігі).
- •Ресейдің сыртқы саясатындағы Қазақстан. Қазақстан мен Ресейдің тарихи және экономикалық қатынастарының бастаулары.
- •Абылай хан: қызметі және тарихта алатын орны.
- •Кіші жүз және Орта жүз қазақтарының Ресей бодандығын қабылдауы.
- •Қазақ халқының Жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресі. Аңрақай шайқасы.
- •1783-1797 Жж. Сырым Датов бастаған Кіші жүздегі ұлт азаттық қозғалыс. Игельстром реформасы.
- •Бөкей Ордасының құрылуы. Жәңгір ханның мемлекеттік - қоғамдық қызметі.
- •Орта Жүздегі хандық биліктің жойылуы: "1822 жылғы Сібір қазақтары туралы жарғы".
- •Кіші жүздегі хандық биліктің жойылуы: 1824 ж. "Орынбор Қазақтары туралы Жарғы" және 1844 жылғы Орынбор қазақтарын басқару туралы "Ереже".
- •1836-1838 Жж. Исатай Тайманов және Махамбет Өтемісов бастаған Кіші жүздегі қазақтардың ұлт-азаттық көтерілісі.
- •Кенесары Қасымұлы бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісі.
- •Қазақ халқының XIX ғ. 50 жылдарындағы ұлт азаттық көтерілістері. Ж. Нұрмұхамедов, е. Көтібаров.
- •Ұлы жүзді жаулап алу. Қазақстанның Ресейге қосылу процесінің аяқталуы.
- •Хiх ғ. Аяғы мен хх ғ. Басындағы патша өкіметінің Қазақстанға орыс шаруаларын жаппай қоныс аудару саясаты: мақсаты, негізгі кезеңдері
- •Хiх ғ.Қазақстан өнеркәсібінің пайда болуы және дамуы.
- •Қазақстанда ресейлік қамалдардың салынуы: мақсаты, мәні, маңызы.
- •Патша өкіметінің аграрлық реформасы (хiх ғ.). Столыппиннің аграрлық реформасы
- •Xiх ғ. Ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісуға қоныс аударуы.
- •Xiх ғ. Бірінші жартысы хх ғ. Бас. Ағарту ісі.
- •Xiх ғ. Екінші жартысы мен хх ғ. Басындағы Қазақ халқының музыкалық мәдениеті (Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Ықылас, Біржан, Ақан Сері т.Б.).
- •Ш. Уалиханов - ғылым, ағартушы және оның ғылыми мұралары.
- •Абай Құнанбаев - ұлы ақын және ағартушы және оны отандық әрі дүниежүзілік мәдениеттегі алатын орны.
- •Ы. Алтынсарин - педагаг, ағартушы және балалар әдебиетінің негізін салушы.
- •ХХғ. Басындағы қазақ интеллигенциясы: қалыптасуы, саяси-қоғамдық қызметі (м. Қаратаев, а. Байтұрсынов, а. Бөкейханов, ж. Ақпаев т.Б.)
- •Хх ғасырдың басындағы қазақ мерзімді басылымдар (дала улаяты, Айкап, Абай, Қазақ және т.Б.)
- •Ресейдегі Ақпан төңкерісі және оның Қазақстанның өмірін демократияландырудағы маңызы.
- •1917 Ж. Қазан төңкерісі. Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы, ерекшелігі.
- •"Алаш" автономиясы және "Алаш Орда" үкіметі (1917-1919жж.).
- •Қазақ акср-ның құрылуы. Қазақ кеңестік мемлекеттілігінің бастамасы (1919-1925жж.).
- •"Соғыс коммунизм" саясаты және оның Қазақстандағы ерекшелігі (1918-1920жж.).
- •Қазақстан Жаңа экономикалық саясат жылдарында. Жер-су реформасы (1921-1925жж.).
- •Орта Азия және Қазақстан Республикасын ұлттық-территориялық жағынан межелеу. Қазақ жерлерінің Қазақ акср құрамына бірігуі (1920-1925жж.).
- •Голощекиннің Қазақстандағы "Кіші Октябрь" ісі.
- •Қазақстандағы индустрияландыру, ерекшеліктері мен қиыншылықтары.
- •Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру: байлардың мүлкін кәмпескелеу, құлақтарды жою, қазақтарды күшпен отырықшыландыру.
- •Ұжымдастыруға қарсы бағытталған шаруалар көтерілістері.
- •Ұлт зиялыларына қарсы жасалған қуғын сүргін саясаты.
- •Крлаг, алжир Қазақстандағы Сталиндік террордың белгісі.
- •Ұлы Отан соғысының басталуы. Экономиканы соғысқа бейімдеу.
- •Қазақстан - майдан арсеналы.
- •Қазақстандықтар - Ұлы Отан соғысының майдандарында.
- •Соғыс жылдарындағы ұлтаралық қатынас. Жекелеген халықтарды Қазақстанға депортациялау.
- •Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда. Мәдени шығармашылық өзгерістер.
- •Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру: пайдасы мен зияны.
- •Жеке басқа табынушылықтың зардаптарын жоюдың алғашқы нәтижелері және хх ғ. Соңғы 50 жылдарында қоғамды демократияландыру.
- •Арал теңізінің трагедиясы: тарихы және қазіргі жағдайы.
- •Қонаев д.А. - мемлекеттік және қоғамдық - саяси қайраткер.
- •Қазақстан қайта құру кезеңінде: алғашқы қадамдар, қиыншылықтар.
- •1986Ж. Алматыдағы желтоқсан оқиғасы. Қазіргі көзқарас.
- •Ксро-ның ыдырауы. Тмд-ның құрылуы.
- •Қазақстанның Егемен, Тәуелсіз мемлекет ретіндегі қалыптасуы мен дамуы.
- •Республикадағы экономикалық реформалар: нарыққа көшудің қиыншылықтары.
- •Қазақстандағы көппартиялықтың қалыптасуы. Саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар
- •Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәзімдері.
- •Қазақстан - халықаралық қатынаста тәуелсіз субъект.
- •Қазақстандағы ұлтаралық қатынас. Қазақстан халықтарының Ассамблеясы.
- •1995Ж. Қазақстан Республикасының Конституциясы: сипаты, нысаны.
- •Хх ғ. Қазақстан Астанасын көшірудің тарихы мен болашағы.
- •Қазақстан Республикасының Ұлттық теңгесінің жасалу тарихы
- •Саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстардың қазіргі қоғамның дамуындағы ролі.
- •Қазіргі қоғамның даму барысындағы мемлекетіміздің жастар туралы саясаты.
- •Қазақстан Республикасы көпұлтты және көп діни ағымды мемлекет ретінде. Алматыда өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер форумы.
- •Қазақстан Республикасының жаңа саяси жүйесін қайта құрудағы Елбасының қосқан үлесі.
- •Нарықтық экономикаға көшу және экономикалық реформаны ұйымдастырудағы н.Ә.Назарбаевтың рөлі. Қазақстанның 2030 жылға арналған даму стратегиясы.
- •Қазақстан Республикасының Президенті н.Ә.Назарбаевтың Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатын қалыптастырудағы еңбегі.
- •Президенттің Қазақстан халқына үндеуі – «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндігі» (29.02.10ж.).
- •Ұлттық бірлік туралы Доктрина.
- •Н.Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті – ұлт көшбасшысы.
- •Қазақстан Республикасы Президентінің 28.01.2001 жылғы «болашақты бірге құрайық !» Қазақстан халқына үндеуі
Абылай хан: қызметі және тарихта алатын орны.
Абылай – Жәңгір ханның бесінші ұрпағы 1742 жылы 20 тамызда Ор қаласында Ресей, жоңғар және қарақалпақ, қазақтардың Кіші, Орта және Ұлы жүздің өкілдері қатысқан келіссөз жүргізілді. Онда Ресей өкілі қазақ пен жоңғар арасындағы қақтығысқа байланысты уәж айтпақшы болды. Бірақ жоңғарлар оны тыңдаған жоқ. Олар орыс қамал-бекіністеріне, қазақ қоныстарына жақын жерде 20 мың әскер ұстап, қазақты мазалауын қоймады. Ендігі жерде қазақтар өз күшіне ғана сенуіне тура келді. Осы идеяны орнықтыруға Абылай хан зор күш жұмсады. 1711 жылы дүниеге келген Абылай Уәлиұлының бастапқы есімі Әбілмансұр болды. Ол жастай жетім қалды. 1731 жылы жоңғарлармен шайқаста көзге түсті. Жоңғарияның ханы Қалдан Серен 1745 жылы өліп, оның мұрагерлері таққа таласты. Осы кезде оған Цинь империясы тиісе бастайды. Абылай осы сәтті пайдаланды. Ол сыр бойындағы қалаларды азат етуге кірісті. Ол бұл жорықта қазақ әскерлерін үш топқа бөлді. Оның бірінші тобын Қанжығалы Бөгенбай мен Үмбетей жырау басқарды. Бөгенбай басқарған 10 мың әскер Түркістанның солтүстік жағына, Созақ бекінісіне барып тиісуге тиіс еді.Екінші қолды Жәнібек батыр басқарды. Оған Тәтіқара жырау қосылды. Олар Сырдың төменгі ағасына қарай кетті. Үшінші негізгі қолды Абылайдың өзі басқарды. Жорыққа қатысушылар Шиелі, Жаңақорған бойымен Түркістанның күнбатыс жағына қарай жылжыды. Бұл топта Қабанбай, Баян, Сырымбет, Малайсары, Жанұзақ болды. Жоңғар әскерін басқарған Қалдан Сереннің ортаншы ұлы Цевен Доржи де өз әскерін үшке бөлді. Ол өзінің басты күшін Абылайға қарай бағыттады. Оның қару-мылтығы, түйе үстіне орнатқан 15 зеңбірегі бар еді. Қазақ жасақтары сойыл, шоқпар, садақпен қаруланды. Цевен Доржи өзінің ауыр қолымен Абылай әскерлерінен бұрын келіп, Жаңақорғанға бекініп алды. Абылай Жаңақорған бекінісін алуды Қабанбайға тапсырды. Сырымбетті оң жақ қанатқа, Баянды әскердің сол жақ қанатына қойды. Олардың сыртынан үш мың қолы бар Малайсары, Оразымбет батырлардың әскерін топтастырды. Бұл соғыс екі айға созылды. Қазақ әскерлері Жаңақорғанды, Шымкентті жаудан тазартты. Түркістанға дейін жетті. Бөгенбай басқарған әскерлер Созақ пен Сайрамды босатты. Батыр Баян Талас өзеніне дейін барды. Жәнібек батырдың әскерлері қарақалпақ жерін босатып, қалмақтарды Сырдың жоғарғы сапасына шегіндірді. Амалы таусылған Цевен Доржи Абылайдан бітім сұрауға мәжбүр болды. Келісім бойынша Созақ, Сайрам, Манкент, Шымкент қалалары Әбілмәмбеттің қарамағына өтті. Түркістан туралы мәселе кейінірек шешілетін болды. Абылай бұл жолғы жеңістерін жоңғар хандығының күйреуінің бастамасы деп есептеді. 1745 жылғы соғыс осымен бітті.Қазақ жерін қалмақтардан толық тазарту мақсатымен Абылай бастапан қазақ жасақтары 1750 жылы жауды жоңғар қақпасы маңында оңдырмай соққы берді.1755 жылы жоңғарлар бірнеше ұсақ иеліктерге бөлініп кетті. Осыдан кейін 1758 жылы Жоңғар мемлекеті құлады. 1758 ж. Цинь қытайлары Шығыс Түркістандағы қазіргі Синь-Цзянь жерін басып алды. Цинь империясының батыс шекарасы қазақ жерімен шектесті. Қытайлар дүркін-дүркін шабуыл жасап қазақтарға тыным бермеді. Абылай келісімге келу туралы Пекинге адамдар жіберді. Сөйтіп, Қытаймен сауда, экономикалық қатынас орнату жолдарын іздестірді. Өмірінің соңғы 15 жылында Орта Азия хандықтарына қарсы тынымсыз күрес жүргізді. 1765-67 ж. Абылай қолының қоқан билеушісі Еркенбекпен соғысының нәтижесінде Түркістан, Сайрам, Шымкент қалалары қайтадан қазақтар иелігіне өтті. Ташкент алым төлеп тұратын болды. Екі жүз жылға созылған қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресінің соңғы жаңғырығы алаш жұртының санасында « шаңды жорық » деген атпен белгілі. Бұл 1771ж. Еділ қалмақтарының жоңғарға қазақ жері арқылы үдере көшуі еді. Қалыптасқан дәстүр бойынша Орта жүздің ханы болып не Әбілмәмбеттің інілерінің бірі, не үлкен ұлы Әбілпайіз сайлануға тиіс еді. Алайда басты сұлтандардың, старшындардың, Әбілпейіздің өз қалауымен үш жүздің басшы өкілдері Түркістанда Абылайды хан көтерді. Абылай іс жүзінде жалғыз Орта жүздің ғана емес, бүкіл Қазақ ордасының ұлы ханы болды. Абылай Ресей мен Қытай империяларының арасында орналасқан Қазақ елінің геосаяси жағдайына икемделген саясат жүргізді.Ол Ресеймен де қарым-қатынас орнатты. Бір жылдан кейін 1772 жылы вице-канцлер М.Л. Воронцовтың жарлығымен Абылайға арналып Есіл өзеніне таяу жерде Жаңғызтөбеге ағаш үй салынды. Абылай 1780 жылы мамыр айында Ташкентте 69 жасында қайтыс болды. Орнына Уәли сайланды. Абылайдың артында 12 әйелінен 30 ұл, 40 қызы қалды. Қазақ халқының жадына Абылай қажырлы мемлекет қайраткері, батыл қолбасшы, дарынды дипломат ретінде сақталып келді. Оның есімі тәуелсіздік символында жауынгерлік ұранға айналды
