Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
НЕГІЗГІ ШПОР.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
277.26 Кб
Скачать
  1. Оғыз және қимақ мемлекеттері.

Оғыз- Оғыздар көптеген рулардан құралған тайпаларға бөлінді. Махмуд Қашғаридің(11ғ): «Алғашында онда 24 тайпа болған және Бұзықтар мен Ұшықтарға бөлінген. Бұзықтар көптеген артықшылықтарға ие болған».9ғ-ң басы мен 11ғ-ң басының аралығында Оғыз тайпалары Сырдан Еділге дейінгі аймақты алып жатты. Оғыздардың өз мемл-ті болғандығы жайлы ең алғашқы мағлұмат әл-Якубидің(9ғ) жазбасында берілген. Оғыз тайпасы жайлы атақты мәлімет қалдырған ибн әл-Факих(10ғ). 10ғ-да астанасы – Янгикент. Шығыс Еуропа мен Орталық Азияға апаратын маңызды сауда жолының түйіскен жерінде орналасты. Оғыз мемл-ң басшысы жабғу деп аталды. 965ж Киев Русімен бірігіп Хазар қағанатын талқдады. 985ж Еділ бұлғарларына соққы берді. 10-11ғғ шекарасында мөлшерден тыс алым-салық оғыз тайпаларының көтерілісіне алып келді. Бұл кезде 10ғ-ң 2-жартысында елді Әли хан басқарды. Бұл жағдайда Жент маңындағы селжұқтар көсемі көтеріліс жасап Жентті басып алды. Бірақ көп ұзамай олар Жент аймағынан қуылды. Әли ханның мұрагері жабғу Шахмәлік тұсында оғыз мемл-ті күшейіп 1041ж Хорезмді жаулап алды. 2 жылдан соң Шахмәлік селжұқтардың қолынан қаза тапты. Қоғамдық құрылысы. Жабғу патшалығында «сюбашы» аталатын оғыз әскерінің басшысы маңызды рөл атқарды. Жабғудың орынбасарлары күл еркін деп аталды. Мүлік теңсіздігінің негізі жеке меншік мал болып есептелді. Оғыздар пұтқа табынды, шамандарға сыйынды. Кейінірек ислам діні ене бастады.Оғыздар ірі екі өркештітүйе өсірді. Қимақ- Қимақтар тарихының алғашқы кезеңі қытай деректеріндегі яньмо тайпасыиен тығыз байланысты. Яньмо н-е қимақтар 8ғ басында монғолияның солт.бат-да өмір сүрген. 656ж бұл тайпа көзге түсе бастады. 11ғ парсы тарихшысы Гардези еңбегінде қимақтар татарлардан тарайды делінген. 840ж Ұйғыр қағанаты құлағаннан кейін оның тайпаларының біразы қимақ бірлестігіне қосылды.Қимақ тайпасының басшысы жабғу атағын иемденді. 9ғ. 2-жарт. Қимақ одағының құрамына 12 тайпа енді. Қимақ қағанатындағы ең ірі әрі қуаттысы қыпшақтар болды. 8ғ-11ғ-басына дейін олар Алтайдан Ерт іске дейінгі, бат. Оңт. Орал таулары Еділ өзеніне дейінгі кең байтақ аумақты алып жатты, 11ғ.басында қимақ мемл.-ң шекарасы тұрақтана бастады. Оларға Булгариядан, Орта Азиядан ж-е қырғыздардан сауда керуендері келіп тұрды. ҰЖЖ-нан Ертістегі қимақ қағанының ордасы Имақияға керуен жолының бір тармағы п.б. Қимақ қағанаты құрылып күшейген кезде құдыретті қимақ билеушісі түркілерде ең жоғарғы атақ – қаған деген атақ иемдендіШаруашылығы. Араб географы ибн-Хаукальдың айтуынша Түрккістанда әсем елтірі беретін қой өсіретін. Қарлұқтар мен қимақтарда да түйе болды, бірақ оғыздардан аз өсірді.Әбу Дулафтың(10ғ) жазбасына қарағанда қарлұқтар мен қимақтар тамаққа бұршақ, тас бұршақ ж-е арпа пайдаланған.

  1. Қарахан: саяси тарихы,шаруашылығы, мәдениеті.

942-1210 жж. Қарахан әулетінің негізін салушы-Сатұқ Боғра хан (Білге Құл Қадыр ханның немересі 915-955жж.). Жетісу аймағы мен Шығыс Түркістанның бір бөлігінде құрылды. Орталығы Баласағұн қаласы. Ислам дінін қабылдаған Сатұқ Боғра-хан саманилерден қолдау тауып, туысы Оғұлшақты жеңіп шығып билікке келеді. Қарахандар тұсында Қазақстанның оңтүстік- Шығыс және Оңтүстік аудандары халқының негізгі кәсібі экстенсивті көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы болды.Мал шаруашылығында жылқыьөсіру жетекші орын алды. Қарахан мемлекетінің құрамына енген тайпалар отар-отар қой ұстады, сондай-ақ түйе, ешкі мен ірі қара өсірді. Сиыр малын негізінен жартылай отырықшы мал өсірушілер ұстаған. Аң аулау жартылай отырықшы және жартылай көшпелі халық топтары үшін тіршілік ету көздерінің бірі болды.11-12 ғасырларда түрік тайпаларының біразы егіншілікпен айналысуға көшіп, қала мәдениетімен араласа бастады.Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығының отырықшы егіншілікпен байланысы ұлғайды. Отырықшылануды негізінен халықтың ьір бөлігінің малынан айырылуы, көшпелі шонжарлардың мал табандарын өз қолдарына шоғырландыруы туғызды.Отырықшыланғандар тары және басқа дәнді дақылдар өсірді.Бұрынғы көшпелі отырықшы бола отырып, мал шаруашылығынан қол үзбеді;Алайда халықтың негізгі бұқарасы көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен одан әрі шұғылданғандықтан, тіпті отырықшы- егінщілік аймақта да егіншіліктің деңгейі біршама төмен болды.