Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Laba_4.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
69.98 Кб
Скачать

4 Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау

Жалпы қауіпсіздік шаралары:

  • жер қазатын - тасымалдау және жол - құрылыс машиналарын басқаруға арнайы білімі бар және белгілі бір машинаны басқаруға куәлігі бар азаматтар рұқсат етіледі;

  • жер қазатын - тасымалдау және жол - құрылыс машиналарын басқару машинисті болып 18 - ден кем емес, белгілі бір медициналық байқауды өткен, жұмыстарды орындауға жарамды, тәжірибеден өткен, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі бойынша білімі бар, апат жағдайларда медициналық көмек көрсете алатын арнайы азаматтар бола алады;

  • жұмыскерлер мекеменің ішкі еңбек тәртіптері ережелерін білу керек және оны орындауы тиіс;

Жер қазатын - тасымалдау және жол - құрылыс машиналарын басқару машинисті білуі тиіс:

  1. машинаның барлық бөліктері мен құрылысын;

2) машинаның техникалық пайдалану ережесін және техникалық қызмет көрсетуді;

3) канат және жүкті көтеру құралдары және басқа да жабдықтарды сұрыптау ережелерін;

4) мекемеде тағайындалған сигналдарды алмасу ережелерін.

Машинист жұмыс кезінде арнайы жеке қорғау құралдарын пайдалануы тиіс (арнайы киім, аяқ киім, қолғап және т.б.), оны тағайындалған норма бойынша мекемемен беріледі.

Қозғалысқа қауіпті жерлерде арнайы жол белгілері қойылуы керек (жүргізушілер үшін), сонымен қатар, ескертетін жазулар (адамдар үшін).

Жер қазатын - тасымалдау және жол - құрылыс машиналарын жалпы қолданыстағы жолда жүргізуі кезінде машинист жол қозғалыс ережелерін білуі тиіс.

Жер қазатын – тасымалдау және жол - құрылыс машиналарын тоқтату жол жиегінің тек оң жағында ғана рұқсат етіледі.

Жұмыс басталар кезінде қауіпсіздік талаптары:

- ауысым басталмас бұрын машинист жол мастері немесе жұмыс атқарушысымен бірге аймақ рельефімен, грунт сипаттамасымен танысуы тиіс.

Жұмыс бастамас бұрын, машинист тексеруі тиіс:

- жүріс бөлігінің, қозғалтқыштың, рульдік басқарудың, дыбыстық сигналдың, ілініс муфтасының, жарықтандыру құралдарының дұрыс жұмыс істеуін, тіркемелі және аспалы жабдықтың технологиялық бекітілуін, қозғалтқыштағы және гидрожүйесінжде май деңгейін, бактағы отын мөлшерін және салқындату жүйесінде судың мөлшерін тексеру, буксирлі шынжыр және канаттың, қосымша жабдықтың, от сөндіргіштің, медициналық жабдықтардың бар болуын тексеруі тиіс.

Бактағы жанармай қоспасы деңгейін анықтау үшін арнайы өлшейтін сызғышы болу керек.

Қозғалтқышты қоспас бұрын машинист машинаны басқару мен аспалы технологиялық жабдығы рычагын тексеруі тиіс және оның нейтралды қалыпта тұрғанды,ы мен гидросистеманың өшіріліп тұрғанына көз жетуі тиіс.

Қозғалтқышты қысқы уақытта жылыту кезінде ыстық сумен, бумен, қозғалмалы генератор немесе жеке жылытқыштармен орындалуы тиіс. Қозғалтқышты жылытуда ашық жалынмен пайдалану рұқсат етілмейді.

Қозғалыс басталар алдында машинист машинаның қасында адамдардың жоқ екеніне көз жетуі тиіс. Болған жағдайда сигнал беріп, қозғалысты бастау керек.

Жұмыс кезінде қауіпсіздік талаптары:

- машинист жер қазатын - тасымалдау және жол - құрылыс машиналарын қатты емес, тез бұрылуынсыз, кенеттен тоқтатуынсыз жүргізуі тиіс. Машина жылдамдығы орындалатын операцияға сәйкес болуы керек;

- еңіс бойынша машинаны түсіруді тек бірінші берілісте орындау керек;

- қайырманы, шөмішті және басқа да аспалы технологиялық жабдықтарды грунттан тазалау кезінде машина қозғалтқышы өшіп тұруы керек. Ол үшін күрек немесе қырғыш қолдану керек. Жұмыс жабдықтарын (қайырма, шөміш және т.б.) тазалау кезінде ол жерге түсіріліп тұруы тиіс.

Авариялық жағдайларда қауіпсіздік талаптары:

- аспап қозғалтқышта майдың жеткіліксіз қысымын көрсеткен кезінде немесе салқындатушы сұйықтықтың жоғары температурасы кезінде жер қазатын-көліктік машинаны немесе жол - құрылыс машинасын тоқтатып, қозғалтқышты өшіру керек. Одан кейін ақауларды жою шараларын қолдану керек;

- қозғалтқыш салқындағаннан кейін май деңгейін өлшеу керек, май құбыры жүйесін қарау керек және ақауларды жөндеу;

- қатты бұрамай радиатор қақпағын ашу керек, ыстық будың атқылмауын байқау (қолғап кию керек). Бетті құйылмалы мойыншадан ары ұстау керек және салқындатқыш сұйықтығын құю керек;

- өрт пайда болған жағдайда жалынды сөндіру үшін кабинада орналасқан өрт сөндіргішті қолдану керек;

- қатты жауын, қар, қою тұман, найзағай кезінде машина жұмысы тоқтатылуы керек.

Әр машинист дәрігерлік көмек көрсете білуі керек. Ол көмек міндетті түрде жасалуы тиіс және белгілі ретпен жасалуы тиіс: ең алдымен, жарақаттың энергия көзін жою керек (қозғалтқышты өшіру, механизмді тоқтату, жарақаттанған адамды үйіндіден, машинаастынан алып шығу және т.б.). Көмек көрсетуді ең негізгісінен бастау керек (қатты қан аққан кезде қатты орап тастау керек; күю кезінде құрғақ байлам орау керек, үсіген кезде жарақат жерді абайлап жұмсақ матамен ысу керек). Белгілі көмек көрсетілгеннен кейін жарақаттанған адам ауруханаға жеткізілуі керек.

Жұмыс біткеннен кейін қауіпсіздік шаралары. Жер қазатын - көлік машинасы немесе жол - құрылыс машинаның жұмыскері міндетті:

- машинаны белгілі орны бар жерге қою керек; жерге жұмыс жабдығын түсіру (шөміш, қайырма, тістер және т.б.); қозғалтқышты тоқтату, рычагты нейтралды қалыпқа қою, төмен температура кезінде радиатордан суды ағызып жіберу;

- машинаны кірден және қоқыстан тазарту және кабина есігін құлыпқа жабу;

- машинаны сырттан қарап өту, тіркемелі және аспалы жабдықтың технологиялық қарау өткізу. Ақаулар пайда болған жағдайда оны механикке (мастерге) ескертіп айту.

Қорытынды

Құрылыс өндірісін дамыту үшін, жұмыс еңбегін қысқарту үшін жол-құрылыс машиналарын пайдаланады. Құрылыс өндірісінің интенсивті дамуы мен жаңа тұрғын үйлерді, фабрикаларды, заводтарды, темір және автокөлік жолдарды, газ және мұнай құбырларды пайдалануға беру мерзімін қысқарту жер жұмыстарының кешенді механизациялауын тездетіп орындауды талап етеді. Бұл жұмыстардың басым бөлігін тракторлар, бульдозерлар, қопсытқыштар, скреперлар мен грейдерлар орындайды. Бұл машиналар пайдалы қазбаларды өндіру кезінде, құрылыс материалдарын өндіруде және ауыл шаруашылық өндіріс құрылысында негізгі жұмыстарды атқарады.

Іс тәжірибеден өту кезінде оқу уақытында алынған теориялық дағдылар практика тұрғысынан қымталды. Кәсіпорынмен, кәсіпорынды қалыптастыру құрылымы мен принциптерімен, еңбек қорғау мен техника қауіпсіздік ережелерімен танысу өткізілді. Іс тәжірбиеден өту кезінде студентке қойылған міндеттемелер толықтай іске асырылды. Сонымен қоса, кәсіпорынның жұмысы толықтай иемденіліп, бағдарламалар жүктелінді

Өндірістік - істәжірибеден өте отырып, кәсіби дәреже, біліктілік жинақталды. Оқу барысында алған білім одан әрі терең дамытылып, жалпы тәжірибелік дағдыны қалыптастырып, алғашқы кәсіби қызметіммен танысылды, өз біліктілік шындалып, қызмет тәжірибесі иемденді.

Жоғарыда айтылған кәсіпорынның міндеттері атқарылды. Кәсіпорынмен алға қойылған барлық тапсырмалар сәтті және дәл уақытында орындалды.

29

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]