
- •1 Кәсіпорынның қысқаша тарихы
- •Кәсіпорынның өндірістік және ұйымдастырушылық сипаты
- •2 Кәсіпорын құрылымы
- •Тоо "Карағанды жолдары"
- •Басқару аппараты
- •2.1 Серіктестіктің мақсаты мен қызмет ету түрлері
- •Асфальттөсеуіштің тағайындалуы мен қолданылу аймағы, құрылғысы және жұмысы, асфальтті төсеуді орындау технологиясы.
- •Асфальттөсеуіштің тағайындалуы мен қолданылу аймағы
- •3.2 Асфальттөсеуіштің құрылғысы және жұмысы
- •3.3 Асфальтті төсеуді орындау
- •4 Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау
3.2 Асфальттөсеуіштің құрылғысы және жұмысы
Асфальттөсеуіштер асфальт-бетон қоспасын көлік құралдарынан қабылдау үшін, жол бойынан алдын ала нығыздау мақсатында жан-жаққа таратылу үшін арналған. Қоспаны берілген қалыңдық бойынша бірдей тарату және де міндетті түрде еңдік және бойлық профильдерімен жол жамылғысын қаптау керек. Жұмыс органы тығыздау және тегістеу механизмдер тобын айқындайды. Барлық агрегаттар мен механизмдер жоғары және төменгі рамада жинаулы тұр (сурет 3.3).
Төменгі рамаға 13 шынжыр табанды арбалар 11 шарнирлі бекітілген.
Жоғары рамада 5 орналасқан: қозғалтқыш 23, беріліс қорабы 21, гидромуфталар 22, басқару жүйесі 4, гидрожүйе 10, басқару пульті 6, бұру пульті 3, электрожабдықтар 7, орындық 2 және тент 8.
Төменгі рамада орналасқан: бункер 12, қоректер 24, шнектер 19 және жұмыс жетегінің аралық біліктері.
Барлық агрегаттар мен механизмдер дыбыс шығармайтын қақпақтармен 9, қаптама мен төсемдермен 20 жабылған.
Жұмыс органы лонжер арқылы төменгі рамамен 4 шарнирлі байланысқан және тегістеу плитасынан 15, брустан 17 жетегімен 18, қоспаның төсеуіш қабатының қалыңдық реттегішінен 1, профиль реттегішінен 16 және плита қыздыру механизмінен 14 тұрады.
Сурет 3.3 – Шынжыр табанды асфальттөсеуіш
Асфальттөсеуіш келесі жағдайда жұмыс атқарады (сурет 3.4). Асфальт-бетонды қоспа автосамосвал кузовынан 1, төсеуіш роликтерінің 2 арқасында қабылдағыш бункерға 3 енгізіледі.Бункердан қоспа реттеуіш тесік 5 арқылы бункердың түбінде жол жамылғысына қырғыш қоректермен 4 беріледі.Бункердан келетін қоспа жапқыштың 11 орналасуымен реттеліп отырады, әр түрлі биіктікте орнатылған реттеуіш винттар 10 арқылы.
Сурет 3.4 – Асфальттөсеуіштің технологиялық схемасы
Жол жамылғысында қоспа винтты конвейерлардың 6 барлық еңімен таратылады, брустар 7 мен тегістеу плита 8 арқылы нығыздалып тегістеледі.
Қоспаның төсеуіш қабатының қалыңдығын барлық еңі бойынша реттеп отырады.Төсеуіш қабатының еңін өзгерту үшін басқа да жағдайлар қарастырылған.Асфальттөсеуіштер автоматикалық реттеу жүйелерімен жабдықталған [2].
3.3 Асфальтті төсеуді орындау
Асфальттауды орындау кезіндегі, асфальтті төсеу технологиясының бірнеше кезеңі болады. Асфальтті төсеу технологиясы қысқаша берілгенде келесідей: афальттауға арналған орынды алдымен тазартады, кейін қиыршық таспен қапталады. Асфальт фиксациясы, битум қабаты мен құрғақ қиыршық тас қойылатын эмульсиямен қамтамасыз етіледі. Осыдан кейін жолдың беті арнайы асфальт төсейтін техникамен тегістеледі. Жолдарды асфальттау кезінде пайдаланылатын материалдарға байланысты, асфальт төсеудің технологиялық үрдісі әр түрлі болуы мүмкін. Суық асфальтті төсеу технологиясы және ыстық асфальтті төсеу технологиясы болады. ыстық асфальтті төсеу технологиясының ішіне, жоғарғы температура кезінде асфальтті қоспаны жұмсақтау кіреді, кейін жұмсақталған қоспа жол бетіне бірдей болып төселеді де, жол тегістейтін катокпен тегістетіледі. Асфальт айтарлықтай тез суық қалыпқа келеді, сондықтан жол жұмыстары өте көп уақытты алмайды. Егер суық асфальт қолданылатын болса, онда жол жұмстары біршама ерекшеленеді. Суық асфальт шұңқырлы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қолданылады және суық асфальттің беріктік қасиеті оны қысқан кезде пайда болады. Суық асфальтті төсеу технологиясы, жол жұмыстарын кез келген ауа райында жүргізуге мүмкіндік береді. Асфальт жөнделіп жатқан жол бөлігіне төселеді және нығыздалады. Жұмыс аяқталған, жол қозғалысы бірден қайта іске қосылады. Асфальтті төсеу қатаң түрде барлық нормаларға сәйкес және МЕСТ және Құрылыс Нормативтері және Ережелері (ҚНжЕ) шарттарына сай болуы тиіс. Асфальтті төсеу жұмыстары нормаларға сай жүргізілуі үшін, алдымен асфальтті төсеу сызбасы дайындалады. Қолданылатын тәсілдерге, асфальтті төсеу технологиясына байланысты, асфальтті төсеу сызбасы да әр түрлі болуы мүмкін.
Асфальтті төсеудің әр тәсілі мен әдісіне арналған жеке нұсқауы болады. көбінесе асфальт төсеу жұмысында, талаптарға сай болу үшін, барлық материалдар 1750С температурада араластырылады. Мұндай температура кезінде асфальт балқытылған күйде болады.
Асфальтті қоспа алдын ала дайындалған негізге төселеді. Дәстүрлі түрде негіз ретінде қиыршық тас, бетон қолданылады. Асфальт бірнеше қабат болып төселеді. Төмеңгі қабаттарды ірі қиыршық тас, жоғарғы қабаттарда ұсақ қиыршық тас пайдаланылады. Асфальтті жабынның сапасын көтеру мақсатында, барлық пропорциялары сақталған зауыттық қоспаларды пайдалану ұсынылады.
Жолдың үстіне төселген асфальтті бетонның үстінен арнайы техникамен жүріп өту керек. Құйылған асфальтті бетондар төселу орнында араластырылып, жұқа қабатты түзеді, сондай ақ ол өте тез кебеді және сапалы қабат болады.
Асфальттау кезінде барлық дерлік шаралар дұрыс орындалған болса, онда ол асфальт ұзақ жылдар бойы қызмет жасайды. Асфальттау жұмысы құрғақ ауа райында, тазартылған жол беттерінде жүргізіледі. Алдын ала дайындалған қоспа қиыршық тас негізіне төселеді. Сондай ақ асфальтті бетонның үстіне де төсеуге болады. асфальттау кезінде жоғарғы температуралы қоспалар пайдаланылады. Жолға асфальтті төсеу жүргізілетін технологиялардың өзіндік ережелері болады. асфальтті төсеудің негізгі тәсілдерінің ішіне суық және ыстық қоспамен асфальттау кіреді. Бұл тәсілдер қолданылатын қоспаның температурасымен ерекшеленеді. Асфальтті төсеудің жаңа тәсілдері, жол үстіне асфальтті төсеуді тіпті жаңбырлы ауа райында, сондай ақ қысқы мезгілде де жүргізуге мүмкіндік береді. Су қоспа температурасын төмендетеді, сондықтан дымқыл ауа райында асфальттің қалың қабаттарын төсеу ұсынылмайды, ал егер қажет болып жатса суық асфальтті қоспаны қолдануға болады. екі тәсілдің де өзінің артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Шұңқырлы жөндеуді санамағанда, барлық асфальт төсеу жұмыстарында суық асфальтті қоспа пайданаланылатын болса, арнайы қондырғы мен техниканы пайдалану қажет болады. Асфальтті төсеу қондырғысы түсінігіне барабанды араластырғыштар, асфальтті сақтау бункерлері және тағы басқаларын кіргізуге болады. Асфальттау сапасы, асфальтті төсеуге арналған техника мен машиналар түріне де байланысты болады.
Асфальтті төсеуге арналған барлық техника мен арнайы машиналар, жол жұмыстарының барлық кезеңдерінде пайдаланылады, ең бастапқы кезеңнен соңғысына дейін. Асфальтті қоспаны дайындау үшін термос – миксер (кохер), битумды қазандар, асфальттің барабанды араластырғыштары қолданылады. Дайындау кезеңдерінде жол фрезалары қажет болады, олар ескі қабатты кесу арқылы алып тастайды және жаңа қабатты төсеуге арналған негізді дайындайды.
Ыстық асфальтті төсеу үшін, асфальтті төсейтін каток және асфальт төсегіштер қолданылады. Асфальт төсегіштер көмегімен қоспа біртекті орналасады, ал катоктың көмегімен асфальттің соңғы тегістелуі және нығыздалуы жүзеге асады. Асфальтті төсеудің барлық кезеңдерінде пайдаланылатын қондырғылар және арнайы техникалар, асфальтті қабатты сапалы әрі сенімді етуге мүмкіндік береді.
Асфальтті қабаттау – бұл ең сенімді және кең таралған әдіс болып саналады. Асфальтті төсеу үрдісінің өзі қолмен, егер жұмыс көлемі үлкен болмаса, және арнайы техника көмегімен іске асады. Асфальтті төсеуге арналған ең көп таралған негізі ретінде қиыршық тасты негіз болып табылады.
Асфальтті бетонды қабаттардың тозуға және климаттық әсерлерге төтеп беруге қабілетті қасиеттерінің көрсеткіштері өте жоғары.
Асфальтті төсеу – бұл жол қабаттарын жөндеу үрдісінің соңғы кезеңі болып табылады. Жұмысты бастамас бұрын, ең алдымен топырақты тұрақтандыру жұмысы жүргізіледі. Асфальтті төсеу тәжірбие мен сауаттылықты қажет ететін күрделі технологиялық үрдіс. Жол жұмыстарын бастамас бұрын, басқаратын құжаттар қатарымен, жұмысты жүргізу нұсқауларымен, сондай ақ МЕСТ – мен танысу қажет. Төменде солардың кейбіреулері көсретілген:
МЕСТ 7473-85 – бетонды қоспаларды өндіру кезінде, қандай талаптарды немесе техникалық шарттарды ұстану керектігін сипаттайды;
МЕСТ 9128-97 – әр түрлі асфальтті бетонды аэродромды және жолға арналған қоспаларға қатысты нормативтерді сипатттайды;
МЕСТ 8013-89 – құрылыс ерітінділерін дайындауға қажетті нормативтер бар;
МЕСТ 30412-96 – аэродромды және автокөлікті жолдардың еңістері мен тегіс емес жерлерін өлшеуге қажетті тәсілдер мен заттардың сипаттамасы бар;
МЕСТ 30413-96 – автокөлікті жолдар үшін құралған және жол төемесімен автокөлік дөңгелектерінің жабысу коэффициентін анықтау тәсілі бар.
Жерге бетонды құйманы құймас бұрын, бірнеше ісшараны жасап өту керек:
Топырақ бетінен барлық өсімдік қабаты тазартылады, ал топырақ салмағы 1,5 – 2 т болатын катокпен нығыздалады. Топырақтың беті жетерліктей тегіс болуы тиіс, максималды қателік әр максималды қателік әр 3 м 2,5 см еңіске дейін.
Жердің бетін арнайы стерильді заттармен өңдеген дұрыс, ол қандай да бір өсімдіктердің өсуінің алдын алады.
Бетонның астына міндетті түрде әрқайсысының қалыңдығы 10 см болатын құм немесе қиыршық тастан тұратын сусіңгіш қабаттар төселеді. Құм мен қиыршық тастан жасалатын астықшалар сондай ақ мұқият нығыздалады. Бетонның жақсы отыруы үшін, оның барлық ауданы бойынша негізіне су құюға болады. Құмның нығыздануы 95 % болуына қол жеткізу керек.
Асфальтқа қажетті беріктікті құру үшін, бетон арматуралануы қажет. Құйманың астындағы каркас, ереже бойынша А – Ш классты арматурадан немесе жол жұмыстарына арналған арнайы тордан жасалынады. Бетонның өзі 8 см кем емес қалыңдықта құйылады. Сұйықтықтарға арналған беткейлік сусіңгіштікті қамтамасыз ету үшін, бетондық негізді ортадан шеттеріне жетпей 1 м – ге 2 – 3 мм құяды. Бетонды негіз құйылып біткен соң, міндетті түрде шалшықтың пайда болуына тестіленеді. Жолдың бетін сумен құйып өткендегі пайда болған шалшықтардың тереңдігі 1,5 см аспауы керек.
Осы талаптарға сай келметін негіздің үстіне салынған асфальттық жабын тегіс болмайды. Асфальттық жабынды эксплуатациялау барысында пайда болған шалшықтар жол төсемді тез құртады.
Барлық талаптарға сәйкес болатын бетонның үстіне, тәртіп бойынша асфальттық жабын төселеді. Ережеге сай бұл жұмыс жақсы ауа райылық талаптарда орындалуы керек. Негізінде, асфальт пен бетонның әр түрлі жылу физикалық қасиеттері болғандықтан, болашақта жолдың үстінде жарылулар пайда болмас үшін, ең жоғарғы қабаттың температурасы 175 градусқа дейін жету тиіс.
Сондай ақ асфальттық жабын бетонды негіздің үстіне төселген соң бірден катокпен тегістелмейді. Оған да біраз уақыт өтуі қажет.
Асфальттық жабын қандай да болсын әдіспен төселсе де, міндетті түрде барлық талаптар, нормативтер және ережелер қатаң түрде сақталуы тиіс. Оның маңыздылығы жаңадан жасалған жол жабынының сапасы мен өміршеңдігіне зор әсерін тигізеді. Асфальт жабыны дұрыс төселген жағдайда, асфальт ұзақ жылдар қызмет атқарады және тегіс жолдарда апаттардың болуы да өте аз болады.
Жол қабатының мезгілді және сапалы жөнделуі оның эксплуатациялық қасиеттерін анықтайды. Жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін әр түрлі технологиялар мен қондырғылар қолданылады. Мұның өзінде жол қабатының сапасы мен сақталынылуы керекті регламенттердің орныдалуында ғана сақталады.
Жөндеу жұмыстарын орындау үшін технологиялық жабдықтардың кең номенклатурасы қолданылады. Олар өз елеміздің тауарлары немесе шет елдің тауарлары болуы мүмкін [3].
Жолдың үстіңгі қабатын ауыстырып жөндеу
Егер жолдың үстіңгі қабатында көптеген дефектілер, оның қатты тозуы, анық пайда болған іздер мен басқа да дефектілер пайда болып, олар шұңқырлы жөндеуге келмесе, онда жолдың эксплутациялық қасиеттерін қалпына келтіру оның үстіңгі қабатын ауыстырумен жаңартады (сурет 3.5). Кең тараған технология бойынша жөндеу жолдың үстіңгі қабатын алып тастаумен және 50-60мм- ге ою, сосын пада болған ойықты ыстық асфальтбетонды қоймамен тотырып тығыздау арқылы жүзеге аырылады. Жөндеу жұмыстарын жүргізгенде тасты материалды қолдану өте өнімді болып табылады:
аз жүктемесі бар трассаларда - 8...10 мм (ЩМА-10);
көп жүктемелі трассаларда - 15 мм (ЩМА-15).
Сурет 3.5 – Жолдың үстіңгі қабатын ауыстырып жөндеу
Ағындық итеру әдісімен жөндеу
Ағындық итеру әдісімен жөндеу технологиясы жол қабатын жоғарыөнімді жөндеп, үлкен жыраларды (қалыңдығы 50мм-ден көп) минималды шығындармен жөндеу болып табылады (сурет 3.6). Мұндай тәсілді қолдану қалалық және әкімшілік шаруашылықта және республикалық маңызы бар жолдарды жөндеу кезінде аса пайдалы.
Жөндеу сұйықтығы ретінде гомогенді тас материал-эмульсия қолданылады. Мұндай тәсілмен жөнделген жерлердің төзімділігі 2 - жылға деінгі уақыт аралығы.
Сурет 3.6 – Ағындық итеру әдісімен жөндеу
Бұл технология келесі операциялардан тұрады:
Тазалау. Бұл операцияның негізгі міндеті – шаңнан, құмнан, бөтен заттардан тазалау.Компрессордан берілетін жоғарыжылдамдықты ауа ағынымен жүргізіледі.
Грунттау. Негізігі міндеті беткі қабат материалы мен герметизациялайтын материалдың адгезиясын көбейту.
Толтыру (сурет 3.7). Негізгі міндеті – жол қабатының тұтастығын қалпына келтіру. Герметизациялайтын материал ретінде гомогенді тасты материал – эмульсия қолданылады. Қоспаны жасау үшін 5-6 мм болатын жуылған фракциялы тас алынады. Эмульсияны таңдау Қолданылатын тасты материалдың қасиеттері мен сипаттарына байланысты болады. Эмульсия арнайы эмульсиялық қондырғыларда жайындалады.
Сурет 3.7 - Ойықты қоспамен толтыру
Салқын асфальтты қолданып жолды жөндеу
Салқын асфальтты (сурет 3.8) қолданып жолды жөндеу технологиясы жолдың бұзылған жерін тез арада және кішігірім болған жағдайда қолданылады.
Сурет 3.8 – Салқын асфальт
Бұл технологияның ерекшелігі болып минималды еңбекқажеттілігі мен орындау жеңілігі болып табылады. Жөндеу жұмыстары жылдың барлық уақыттарында және сулы жол қабаттарында да жүргізіле береді. Жөндеу материалы ретінде алдын ала дайындалған салқын асфальт қоспасы алынады. Дайын қоспаның сақталыну мерзімі 1 жылға дейін.
Бұл технология келесі кезеңдерден тұрады:
беткі қабатты бөтен заттар мен бөлшектерден тазалау;
жөнделетін көлемді дайын салқын асфальт қоспасымен толтырамыз;
толтырылған қоспаны тығыздау, тығыздау жұмыстарын массасы 65-100 кг-дық виброплиталармен орындайды [4].