
- •1 Кәсіпорынның қысқаша тарихы
- •Кәсіпорынның өндірістік және ұйымдастырушылық сипаты
- •2 Кәсіпорын құрылымы
- •Тоо "Карағанды жолдары"
- •Басқару аппараты
- •2.1 Серіктестіктің мақсаты мен қызмет ету түрлері
- •Асфальттөсеуіштің тағайындалуы мен қолданылу аймағы, құрылғысы және жұмысы, асфальтті төсеуді орындау технологиясы.
- •Асфальттөсеуіштің тағайындалуы мен қолданылу аймағы
- •3.2 Асфальттөсеуіштің құрылғысы және жұмысы
- •3.3 Асфальтті төсеуді орындау
- •4 Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау
Асфальттөсеуіштің тағайындалуы мен қолданылу аймағы, құрылғысы және жұмысы, асфальтті төсеуді орындау технологиясы.
Асфальттөсеуіштің тағайындалуы мен қолданылу аймағы
Асфальттөсеуіштер (сурет 3.1) магистральды және қалалық автокөлік жолдарын, тротуарларды, алаңшалар мен аэродромдардың құрылысы мен жөндеуінде битумминералды және асфальт-бетонды қоспалардан жамылғы жасауда қолданылады.
Сурет 3.1 – Өздігінен жүретін асфальттөсеуіш
Қазіргі кезде стердің 3 типі пайдаланылады: тіркемелі, жартылай тіркемелі және өздігінен жүретін.
Тіркемелі асфальттөсеуіштер автосамосвал базасында жұмыс жасау үшін шығарылады және циклды қозғалыс машиналары болып табылады.
Төмендегі кестеде (кесте-3.1) тіркемелі асфальттөсеуіштердің техникалық мінездемесі көрсетілген.
Кесте-3.1. Тіркемелі асфальттөсеуіштердің техникалық мінездемесі
Негізгі параметрлері |
Негізгі параметрлердің түсіндірмесі қондырғы фирмалары (елдер) |
||||
|
Laidinger (Германия) |
Richier (Франция) |
Good Roads (США) |
Layton H-500 (США) |
Gatesleben (Германия) |
Жүріс бөлігі |
Дөңгелекті |
Аралас |
Дөңгелекті |
Шынжыр табанды |
Аралас |
Өнімділігі, т/сағ |
60 |
50 |
- |
- |
40 |
|
|
|
|
|
|
Кесте 3.1 жалғасы |
|||||
Сыйымдылығы, м3 |
- |
- |
- |
1.5 |
1,4 |
Төселетін қабаттың еңі, м |
2,5...3,75 |
3,5 дейін |
3,5дейін |
2,4...3,6 |
1,8; 2,0; 2,5 |
Төселетін қабаттың қалыңдығы, см |
- |
- |
- |
25 |
- |
Массасы, т |
1.0 |
1.16 |
- |
1.1 |
0.8 |
Габариттік өлшемдері,мм Ұзындығы Еңі Биіктігі |
2400 1500 1250 |
- - - |
- - - |
1800 2400 1200 |
2000 2630 1230 |
Асфальттөсеуішті жұмысқа дайындау үшін жамылғы қабатының және ассфальт-бетон қалыңдығын қажетті еңімен қоюластырып, цепьті құрылғы арқылы автосамосвалмен байланыстыру қажет.Автосамосвал кузовты көтеріп, төсегіш бункерына қоспаны орналастырады, содан кейін төсегіш процесінде асфальттөсегіш автосамосвал арқылы орнын ауыстырады.Бункерды босатқаннан кейін автосамосвал тоқтайды және асфальттөсегіш келесі көлікке қосылады.Бұл машиналардың артықшылығы конструкциясының қарапайымдылығында, ал кемшілігі – самосвалдарды ауыстыру кезінде уақыт жоғалтуынан жоғары емес өнімділігі.
Жартылай тіркемелі асфальттөсеуіштер трактор мен автогрейдерлардың жұмыс қондырғысы ретінде шығарылады.
Төмендегі кестеде (кесте-3.2) жартылай тіркемелі асфальттөсеуіштердің техникалық мінездемесі көрсетілген.
Кесте-3.2 Жартылай тіркемелі асфальттөсеуіштердің техникалық мінездемесі
|
Волгодонский ОЭЗ (Россия) |
Брянский жол машина заводы (Россия) |
Ulrih (США) |
|
Моделі |
СД-406 |
СД-408 |
ДС-175 |
- |
Базалы тягач |
Т-150К |
ДТ-75 |
Т-150 КА |
Бульдозер, автогрейдер |
Жүріс бөлігі |
Дөңгелекті |
Шынжыр табанды |
Дөңгелекті |
Дөңгелекті |
Өнімділігі, т/сағ |
100 |
100 |
100 |
- |
Бункердің сыйымдылығы,т |
8 (түпсіз бункер) |
6 |
8 (түпсіз бункер) |
2 |
Кесте 1.2 жалғасы |
||||
Төсеуіш еңі, м |
3,5 и 3,75 |
3,5 и 3,75 |
3,0; 3,5; 4,0; 4,5 |
2,4...4,8 |
Төсеуіш қабатының қалыңдығы, см |
3...8 |
дейін 12 |
дейін 25 |
дейін 50 |
Жылдамдығы: Жұмыстық, м/мин Транспорттық, км/сағ |
-
- |
5,5...16,5
4,8 |
1,87...3,34
дейін 25 |
-
- |
Массасы, т |
5,5 |
12,0 |
12,5 |
- |
Габаритті өлшемдері, мм: Ұзындығы Еңі Биіктігі |
9750 3620 3165 |
7400 3650 3000 |
- - - |
- - - |
Бұл машиналар тіркемелі машиналардан өнімділігі жоғары, себебі тягачты ауыстыруға уақыт кетпейді.
Өзі жүретін асфальттөсеуіштер үзіліссіз қозғалыстағы машиналар болып табылады, асфальт-бетон жамылғысын керек сапада төсеуін қамтамасыз етеді.Осыған байланысты осы машиналарға деген сұраныс жоғары, осы модельді кең қолданылуы да осыған сәйкес.
Асфалттөсеушілерде келесі жүріс жабдықтары орнатылуы мүмкін.
Шынжыр табанды асфальттөсеушылер жолдың түзу еместігін аз сезінеді, негізіне аз ғана қысым түсіруі жаңа салынған асфальтпен жүруге қолайлы. Оның артықшылығы жоғары маневрімен және үлкен тарту күшімен ерекшеленеді. Кемшілігіне конструкциясына көп металлдың пайдалануына байланысты бағасының жоғары болуы, жылдам тозуы, тасымалдау жылдамдығының төмен болуы және де шұғыл бұрылыстар кезінде жол жамылғысына зиян келтіру мүмкіндігі.
Дөңгелекті асфальттөсеушілер шынжыр табандылардай кең қолданысқа ие болды. Оның артықшылығына жоғары тасымалдау жылдамдығы (20 км/сағ дейін) және тағы басқа шынжыр табанды кемшіліктеріне байланыты. Рульдік басқарудың жоғары дәлдігі Аккерман қағидасына сүйенуі, оған жоғары маневрлікті және доңғалақтарының (сурет 3.2) жоғары бұрылу бұрышын қамтамасыз етеді.
Сурет 3.2 – Асфальттөсеуіштің доңғалақтарын басқару құрылысы
1 – рама; 2,3 – иінағаш; 4 – тетік; 5 – доңғалақ;
6 – доңғалақтарды бұру гидроциндрі
Аралас асфальттөсеуіштер жұмыс жүрісіне шынжыр табанды, ал жүріс кезінде дөңгелекті қолданады. Бұл түрге «Barber-Greene» фирмасының 879В модельі (АҚШ); «Niigata» фирмасының NF35B модельі, «Sakai Works Со.» фирамасының 205 және 304 модельдері (Жапония) жатады. Ол шығарылмалы дөңгелектері арқылы 20 км/сағ қозғала алады, ал жұмыс кезінде шынжыр табанмен қозғалып, оның барлық артықшылықтарын өзіне алады.