Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Laba_4.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
69.98 Кб
Скачать

2 Кәсіпорын құрылымы

Кесте 2.1. ТОО "Карағанды жолдары" құрылымы

Тоо "Карағанды жолдары"

Басқару аппараты

Карағанды қ.

ДЭУ-2

п.Осакаровка

ДЭУ-1

п.Ботакара

РСУ

қ.Караганды

АБЗ

қ.Каркаралинск

АБЗ

п.Ботакара

ДЭП

қ.Каркаралинск

АБЗ

п.Осакаровка

ДЭП

п.Осакаровка

АБЗ

қ.Абай

АБЗ

қ. Абай

Ұсақтау-

сұрыптау

цехы

п.Ботакара

2.1 Серіктестіктің мақсаты мен қызмет ету түрлері

Серіктестіктің қызмет ету түрлерінің негізгі мақсаты табысты табу болып табылады. Осы максатқа жету үшін серіктестік келесі қызметтерді жүзеге асырады:

- барлық архитектуралық, құрылыстық қызметтерді атқарады;

- құрылыс, қайтадан құрастыру, автокөлік жолдарын жөндеу және керекті жағдайда ұстау;

- жол-құрылыс, ауыл шаруашылығының техникасына және автотранспортқа жөндеу жүргізу;

- халықтық тұтынатын тауарлардың өндірісін жүзеге асыру, кәсіпорындарға, ұйымдарға, азаматтарға қызмет көрсету және жұмыс жасау.

-жанғыш-майлаушы материал және қатты отынды сатып алу, сақтау және жүзеге асыру;

- құрылыстық және жол - құрылыс материалдарының, бұйымдардың және конструкциялардың өндірісі;

- құрылыс-монтажды жұмыстар;

- серіктестік заңмен тыйым салынбаған кез келген қызметті жүзеге асыра алады.

Серіктестік мемлекеттік тіркеуді өткен сәттен бастап, заңды тұлғаны иемденеді.

Серіктестіктің өзінің мөрі, дербес теңгерімі, банк есепшоты және кәсіпорынның атауымен бланктері бар.

Жыл сайын қызметақының көтерілуі, еңбек еткен жылдар үшін төленетін үстемелер, емдік жәрдемақының төленуі, уақытылы төленетін қызметақы кадрлардың тұрақтылығының негізі болып табылады.

Республикалық маңызы бар көлік жолдарын күту үшін көпфункционалды арнаулы техниканы іске қосқан: құрамдастырылған жол машиналары, автогрейдерлер, шнекороторлар, бульдозерлер, тегістегіштер, тиегіштер т.б. механизмдар.

Жыл сайын машиналар мен механизмдер жаңартылады және кәсіпорынның бюджетіне техника сатып алынады.

Автокөліктің жыл бойы тоқтаусыз қозғалысын қамтамасыз ету- «Қарағанды жолдары» ЖШС-тің негізгі мақсаты болып табылады. Жыл сайын жазғы уақытта кәсіпорын көлік қозғалысының қауіпсіздігін арттыру үшін келесі жұмыстарды жүргізеді: апан жөндеу, жол таңбаларын орнату және жол белгілерін келтіру.

Қысқы кезеңде жол үстін қардан тазалау және мұзтайғақ жерлерге арнаулы материалдар төселеді. Қар алып қалатын жол аумақтарында арнайы техникалар мен қалқандар бекітілген.

Төтенше жағдайларды азайту үшін жол полициясы мен ТЖ органдары- мен бірлескен іс-шаралар өткізіледі.

Кәсіпорын көлік жолын күту жұмыстарына орай жаңа технологияларды енгізеді.

Автомобиль жолы комитетімен бірлесе отырып МАК-ұнтақтың негізінде, суық битум-минералды қоспамен асфальтобетон жамылғыларың жөндеу жұмыстары бекітілген.

Дәстүрлі құм-тұз қоспасынан басқа, магний-натрий сұйық қоспа қолданылады. Бұл қоспа жол үсті мұзтайғақ жағдайда өте тиімді болып табылады.

Кәсіпорынның қазіргі техникалық базасы және өндіріске белсенді жаңа технологияны еңгізуі кәсіпорынның дамуын қамсыздандырады. Автомобиль жолдарын күту, ағым жұмыстары және республикалық маңызы бар жолдардың жасылдандыру жұмыстары халықаралық сапаға сәйкес жасалады.

«Қарағанды жолдары» ЖШС әрдайым түрлі көрмелерге қатысады және автомобиль жолдарын салу құрылысының саласында көптеген сыйлықтар мен алғыс хаттарға ие болған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]