Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Laba_4.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
69.98 Кб
Скачать
    1. Кәсіпорынның өндірістік және ұйымдастырушылық сипаты

Қарағанды облысының автокөлік жолдарында жасалатын жұмыстармен қатар ЖШС «Қарағанды жолдары» жол-құрылыс жұмыстарын Павлодар, Ақмола, Қостанай облыстарында да жасайды.

ЖШС «Қарағанды жолдары» бөлімінің арқасында барлық аудандарға, совхоздарға, барлық Қарағанды қаласының бөліктерін байланыстыратын жолдар салынды. Кейіннен барлық аудан орталықтарына асфальтобетонды, қарашайыр беттер жолдары салынды.

ЖШС «Қарағанды жолдары» жол көлік қозғалысының қауіпсіздігіне, жолдарды жақсарту, жол қызмет көрсету сервисін құруға, демалу құрылыс алаңдарын жасауға, автопавильондар, кемпингттер жасауға аса назар аударады.

ЖШС «Қарағанды жолдары» жол-құрылыс жұмыстарын жасау үшін 5 асфальтобетонды зауыттар, 4 ұсату қондырғылары, құрылғылар, машиналар мен механизмдерге ие.

ЖШС басқарушылары жасалатын жұмыс сапасына, барлық МЕСТ орындалуына, жасалатын асфальтобетонды қоспа мен щебеньның техникалық нормалар сақталуына аса назар аударады. Бұл мақсатқа жету үшін жақсы жабдықталған аттестацияланған жол лабараториясы бар. Мұнда жол-құрылыс материалдарына тексеру жүргізіледі. Барлық АБЗ-ларда жасалатын қоспаға лабараторлық бақылау жүргізіледі. Барлық сертификацияланатын өнімдер үлкен сұранысқа ие.

Өндірістік бағыттар анализденіп және компьютерлік тексеріске түседі. Өндіріс жұмыстар барысында барлық қоршаған ортаны және еңбекті қорғау үшін барлық жағдай жасалынады: жер бетінің, су қоймалары, атмосфералық қалдықтар және технологиялық әсер етулер болдырылмауы тиіс; жол техникасының уақытша тұруы және трасса маңындағы материалдарды қоймалау жүзеге асырылады.

ЖШС «Қарағанды жолдары» мамандары шетелдік техника және технологиялармен өте жақсы таныс. 2000 жылдан 2002 жылдар аралығында ЖШС «Қарағанды жолдары» бөлімі «Ақшатау -Қарағанды» учаскесінде «Алматы-Ақмола» 215 км созылған республикалық автожолды қайта қалпына келтіру жұмыстарын Ирандық фирма «IRDO» және Италияндық фирмамен «TODINI» бірлесіп жасады.

2003 жылы ЖШС «Қарағанды жолдары» СТ РҚ ИСО 9001-2001 сапасына сай сертификат алды.

ЖШС «Қарағанды жолдары» ұжымы квалификацияланған облыстағы жолдарда көптеген жылдар жұмыс жасаған жұмыскерлермен, инженерлік-техникалық персоналға ие. Бұл тек қана басқарушылардың жұмысты білуі емес, ал барлық жұмыскерлердің коммуникациялар мен өндірістік инфраструктамен жақсы таныс болуын қамтамасыз етті.

Республикалық мәні бар құрылыс обьектілерінің ішінде ең айта кететіндері:

- 1998 жылы Қарағанды қаласының орталығындағы Гудермесск көшесінен Советтік Конституция көшесі аралығындағы 0,9 км-ге созылған I категориялы автожолдарды капитальды салу;

- «Екатеринбург-Алматы» автожолын капиталды жөндеу жүзеге асырылды және де 1998 жыл мен 2000 жылдарда осы жолда «Обход Теміртау қаласы» учаскесінде жол бетіне реконструкция темірбетонды құбырлар құрылысымен жасалынды;

- 1997 жылдан 2000 жылдар аралығында Ақмола облысы « Астана қаласын бақылап өту» құрылысы жүргізілді, мұнда жер беті құрылысы, транспорттық шешілім, темірбетонды құбырлар, қара төселімнің құрылымы жүзеге асырылды;

- 1999 жылы Павлодар облысында «Қалқаман-Майқайын-Баянауыл» автожолында 10 км-лік қара төселім салынды;

- «Кызылорда-Павлодар» автожолында 180км-лік қара төселім ШПО құрылымдарымен жөнделінді, және Павлодар облысында 15 км-лік жол да осы әдіспен жөнделінді.

- 2001 жылы республикалық мәні бар автожолдарда «Қарағанды-Аягөз» (35,5 км), Қызылорда-Павлодар» (27 км) және жергілікті мәні бар автожолдарда «Ақбел-Үміткер» (10 км), «Екатеринбург-Бүркітті» (10 км), «Осакаровка-Молодежное» (13 км), «Қарағанда-Павлодар-Дальнее» (32 км.) жолдарында орташа жөндеу жүргізілді;

- Сол сияқты «Кызылорда-Павлодар» (2 км) автожолдарында капиталды жөндеу жасау жұмыстары жасалды;

- 2000 жылы «Алматы-Астана» автожолында «Акшатау-Қарағанды» участогында, 788-1003 км жолда қайта қалпына келтіру жұмыстары жасалды;

- 2002 жылы «Осакаровка-Молодежное» – 7 км автожолында капиталды жөндеу жүргізілді;

- 2002 жылы Қарағанды облысында 56 км жолда ШПО құрылғысы жасалды;

- 2003 жылы жергілікті мәні бар 50 км жолда және республикалық мәні бар 25 км жолда ШПО құрылғысы орындалды;

- 2003 жылы «Осакаровка-Молодежное» – 8 км жолда капиталды жөндеу және сол жолда Есіл өзенінен өтетін көпір құрылысы жүзеге асты;

- Бірнеше жылдар аралығында ЖШС «Қарағанды жолдары» Қарағанды облысында автожолдарға ағымдағы жөндеу жүргізеді. ЖШС «Қарағанды жолдарына» қарасты автожолдар ұзындығы 2002 жылы 1947 км, 2003 жылы – 2059 км, 2004 жылы–1772 км, 2005 жылы -1771 км; 2006 жылы – 1977,2 км; 2007 жылы 1771,2 км;

- 2004 жылы "Алматы-Астана" автожолында " Қарағанды қ арқылы өтетін 15,6 км жол бөлігінің реконструкциясы аяқталды;

- 2004 жылы «Караганды-Шахтинск-Есенгельды» – 7 км автожолда капиталды жөндеу жасалды;

- Сондай ақ 2004 жылы жергілікті мәні бар 51 км жолда және республикалық мәні бар 34 км жолда ШПО құрылғысы орындалды;

- 2005 жылы «Кызылорда-Павлодар-Успенка-гр. РФ» автожолында 905+750 км теміржол арқылы жолқұбырдың капиталды жөндеуі жүзеге асты;

- 2005 жылы «Караганды-Шахтинск-Есенгельды-Щербаковское-Киевка» – 8 км автожолында капиталды жөндеу жүзеге асты;

- 2005 жылы жергілікті мәні бар 72 км жолда және республикалық мәні бар 40 км жолда ШПО құрылғысы орындалды;

- 2006 жылы «Кызылорда-Павлодар-Успенка-гр.РФ», 990+400 км автожолда көпірдің капиталды жөндеуі жүзеге асты;

- 2006 жылы «Омск-Павлодар-Майкапшагай» 15 км автожол реконструкцияланды;

- 2006 жылы жылы жергілікті мәні бар 24 км жолда және республикалық мәні бар 15 км жолда ШПО құрылғысы орындалды;

- 2007 жылы «Жезказган-Есиль-Петропавловск» 30 км автожолда капиталды жөндеу жасалды;

- 2007 жылы жылы жергілікті мәні бар 5 км жолда және республикалық мәні бар 27 км жолда ШПО құрылғысы орындалды.

Серіктестікте структуралық бөлімшелердің (филиалдардың) техникалық қайта жабдықталуына байланысты үлкен жұмыстар атқарылды. ЖШС-тің жөндеу базасы өзіндік жөндеу мен барлық техниканың, машиналардың және құрылғылардың қызмет көрсетілуін қамтамасыз етеді. ЖШС «Қарағанды жолдары» қазіргі заманға сай жол-құрылыстық механизмдерімен жабдықталған: ауыр класстық автогрейдерлер GR 216 , бульдозерлер SD 16, ТY 320В, экскаваторлар, погрузчиктер 2L 50G, моторлы аунақтар YL 16, BOMAG, асфальттөсеуіштер TITAN, BITELLI, фреза WIRTGEN.

ЖШС «Қарағанды жолдары» Қарағанды қаласының ең ірі және ең сенімді жол –құрылыс өндірісі болып табылады. Өзінің келісімшарттардағы міндеттерін орындау үшін материалды-техникалық базасымен жабдықталған және бұл база уақыт сұранысына сай өзгертіліп жақсартылып отырады. Жоғары квалификациялы мамандар жаңа технологиялар енгізуде және тез және сапалы түрде жаңа өндірістік процесстерді өндейді.

ЖШС «Қарағанды жолдары» - Қарағанды облысы мен қатар барлық Қазақстан аумағынағы автожолдардың құрылысы, жөндеуі және реконструкциясы бойынша жүргізілетін барлық конкурстар мен тендерлерге өте белсенді қатысады.

Берілген факторларға және коллективтің потенциалды мүмкіндіктерінің арқасында ЖШС «Қарағанды жолдарында» сенімді, бірқалыпты, қарқынды болашағы бар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]