Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Laba_4.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
69.98 Кб
Скачать

Кіріспе

Жол құрылыс машиналары – автомобиль жолдарын салуға, оны күтіп ұстауға және жөндеуге арналған машиналар. Олар cондай-ақ техникалық жолдар, гидротехкалық, азаматтық, өнеркәсіптік, аэродром, т.б. құрылыстарды салу үшін де пайдаланылады. Жол салудағы даярлық жұмыстарға ағаш жыққыш, бұта отағыш, топырақ қопсытқыш, тамыр жұлғыш, тас жинағыш, т.б. машиналар қолданылады. Топырақты қазу, тасымалдау, үю, т.б. жер жұмыстары скрепер, бульдозер, автогрейдер, т.б. жер қазғыш машиналар көмегімен жүргізіледі. Грунтты, жол негізін және жол жамылғысын тығыздауға жол тығыздағыштар, вибрациялық және пневматикалық таптағыштар, т.б. қолданылса, жол негізін төсеу және жол жамылғысын орналастыру үшін битум тасығыш, гудронаторлар, цемент тасығыш, топырақ араластырғыш, бетон қоспасын араластырғыш, қиыршықтастарды үлестіріп жайғыш, асфальт төсегіш, бетон төсегіш, т.б. машиналар пайдаланылады. Жолды жөндеу және оны пайдалану жұмыстары бетон бұзғыш, қар тазалағыш, жол жуғыш, т.б. машиналары арқылы атқарылады.[1]

1 Кәсіпорынның қысқаша тарихы

ЖШС «Қарағанды жолдары» өз тарихын 1934 жылдың қазанынан бастады және ол кезде шоссейлық-топырақты автокөлік транспортының жолдары деген атаумен ашылды. Кейін 1935 жылы НКВД айналмалы орындаушы комитет жүйесінен берілді.

Қарағанды облыстық орындаушы комитетінен №430 – шы қойылымы негізінде 20 маусым 1939 жылы Қарағанды қаласының Облыстық жол бөлімі болып өзгертілді. 1955 жылдан бастап бұл басқару бөлімі «Транспортты және шоссейлық жолдарды басқару» бөлімі болып атауы өзгертілді.

Тың жерлерінің көптеп игерілуінің арқасында негізгі жолдардың құрылысының өсуі ғана емес, сонымен қатар колхоздар мен совхоздарға кіреберіс жолдары да салына бастады.

1950-1960 жылдар жол-құрылыс жұмыстарының үлкен көлемімен , жол-құрылыс техникасының көптеп келуімен ерекшеленеді.

1959 жылы Транспортты және шоссейлық жолдарды басқару бөлімінің балансында 64 әртүрлі автомобиль маркаларының және 12 құрылыс - жол техникасының бірліктері тіркелуде болды.

1959 жылы Қарағанды облысында 1700 км топырақты-табиғи автокөлік жолдарының жүйесі болды. Жол аумағының ұлғаюы автокөлік жолдарының дамуы және өсуінің алға қарқынды дами бастауын көрсетеді.

5 жыл ішінде яғни 1961 жылдан 1965 жылдар аралығында облыста 120 км, 1966 жылдан 1970 жылдар аралығында 1021 км, 1970 жылдан 1975 жылдар аралығында 1089 км, 1975 жылдан 1980 жылдар арлығында 716 км жол салынды.

Транспортты және шоссейлық жолдарды басқару бөлімінің ең үлкен жетістігі ол 1976 жылы асфальтобетонды зауыттың пайдалануға берілуі және 1980 жылы мұнайқышқылды жергілікті тұтқырландырушы қондырғыны шығару болды.

1977 жылы Транспортты және шоссейлық жолдарды басқару бөлімі қатты бетті автожолдардың барлық совхоздарға тартылуы жайлы республикада бірінші болып мәлімдеді.

1993 жылы акционерлеудің нәтижесінде Транспортты және шоссейлық жолдарды басқару бөлімі ашық түрдегі АҚ «Қарағанды жолдары» болып өзгертілуі енгізілді.

Ашық акционерлік қоғам ретінде «Қарағанды жолдары» 1993 жылдан бастап жұмыс істеуде. Ашық Акционерлік қоғам ішіне «Қарағанды жолдары» тәріздес 3 бөлімшелер кіреді: ДЭУ-49 а. Осакаровка, ДЭУ-52 а. Ботакара, РСУ Қарағанды қаласы.

АҚ «Қарағанды жолдары» ең негізгі жұмыс жасау бағыты республикалық және жергілікті автокөлік жолдарына құрылыс, жөндеу, эксплуатация және автожолдарға қызмет көрсету болып табылады.

ЖШС «Қарағанды жолдары» жұмыс жасау жылдарында 4000 км аса автожолдар салды, 100-ден аса үлкен және кіші көпірлер мен жолқұбырларын жасады. ЖШС «Қарағанды жолдары» ауқымды өндірістік базасына ие, жан-жақты таратылған инфраструктураға ДЭУ, РСУ, ДЭП-оларға ие, бұл Қарағанды облысының автокөлік жолдарына максималды және сапалы құрылыс, жөндеу және қызмет көрсету болып табылады.

Басқарма төрағасы - Татищев Казбек Толеуович. КарПТИ-ды бітірген. 1989 жылдан бастап келесідей кәсіпорындарда басшы болып үзбей жұмыс жасаған: ульяновкалық райавтожол; "ДЭУ-52"; "ДЭУ-1"; ЖШС «Қарағанды жолдары».

Құрылыс жұмыстарының ішіндегі ең ірілеріне:

  • «Қорғалжын-Баршын-Шұбаркөл-Қызылжар» автожолының құрылысы.

  • Астана қаласының «Обход» автожолының құрылысы.

  • «Алматы-Астана» Республикалық маңызы бар автожолының реконструкциясы.

  • «Осакаровка-Молодежное» автожолының капиталды жөндеуі және Есіл өзені арқылы көпір құрылысы.

  • «Қарағанды қаласы арқылы Өтпе» Республикалық маңызы бар автожол.

  • «Қызылорда-Орда-Павлодар» автожолының капиталды жөндеуі және респуликалыө маңызы бар – «Караганда-Шахтинск-Есенгельды» автожолының капиталды жөндеуі.

  • «Омск-Павлодар-Майқапшагай» автожолының реконструкциясы, «Кызылорда-Павлодар-Успенка-гр. Р.Ф.» автожолының орташа жөндеуі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]