Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
M_1178_T_otvety_1.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
300.03 Кб
Скачать

34. Мемлекеттiк құрылым нысаны: түсiнiгi, түрлерi.

Мемлекеттік құрылым нысаны – бұл мемлекеттің аумақтық құрылымы, оның құрамдас бөліктерінің жəне осы бөліктердің əрбірінің мемлекетпен қарым-қатынасының сипаты. Барлық мемлекеттер өздерінің мемлекеттік құрылымы бойынша жай жəне күрделі болып екіге бөлінеді.

Жай немесе біртұтас мемлекет – бұл өз ішінде бөлінбейтін тұтас мемлекет, оның өз ішінде дербес мемлекеттік құрылымдар болмайды, бұл мемлекетте жоғары органдардың біртұтас жүйесі, заңнаманың ортақ жүйесі, ортақ сот жүйесі, ортақ азаматтығы мен салықтардың бір каналды жүйесі болады.

Күрделі мемлекет – бұл белгілі бір дəрежедегі дербестікке ие жекелеген мемлекеттік құрылымдардан құралған мемлекет. Күрделі мемлекеттерге империялар, федерациялар, конфедерациялар, достастықтар мен одақтастықтар жатады.

Империялар - күштеу арқылы құрылатын күрделі мемлекеттер, бұларда құрамдас бөліктердің жоғары билікке бағыныстылық деңгейі əртүрлі болған. Империялардың басты ерекшелігі – олардың құрамдас бөліктерінің ешқашан ортақ мемлекеттік-құқықтық мəртебесі болмаған.

Конфедерация - империяға қарағанда ерікті негізде құрылады. Бұл нақты бір тарихи кезең шегінде белгілі бір мақсаттарға жету үшін құрылған мемлекеттердің уақытша одағы. Конфедерацияны құраған егеменді мемлекеттер халықаралық-құқықтық қатынастар субъектісі болып қала береді, оларда өз азаматтығы, билік, басқару жəне сот əділдігі органдарының жүйесі болады.

Федерация – бұл күрделі, одақтас мемлекет, оның бөліктері мемлекеттік құрылымдар болып табылады жəне жəне белгілі бір дəрежеде мемлекеттік егемендікке ие болады; федерацияда жоғары федералдық органдар мен федералдық заңнамамен қатар федерация субъектілерінің жоғарғы органдары мен заңнамасы да болады; федерацияда салықтың екіканалды жүйесі пайдаланылады, оның белгілерінің бірі болып қосазаматтық табылады. Федерациялар аумақтық немесе ұлттық-мемлекеттік қағида бойынша құрылуы мүмкін.

Достастық – бұл ортақ белгілермен, біртектіліктің белгілі бір деңгейімен сипатталатын мемлекеттердің ұйымдастырушылық бірлестігі. Оларды біріктіретін белгілер экономикаға, құқыққа, тілге, мəдениетке, дінге қатысты болуы мүмкін. Достастықтың мүшелері – бұл толығымен тəуелсіз, егеменді мемлекеттер, халықаралық қатынастардың субъектілері.

Одақтастық – бұл қоғамды мемлекеттік ұйымдастырудағы ауыспалы нысан. Одақтастықтың негізінде көп жағдайда мемлекетаралық шарт болады. Ол одақтастыққа кіретін мемлекеттердің интеграциялық байланыстарын күшейте түседі жəне оларды конфедеративтік бірлестікке қарай итермелейді.

35. Құқық нормасы мен нормативтi құқықтық акт бабы арақатынасыҚұқық нормасы мен нормативтік акт бабы бір ұғымдар емес, көп жағдайларда олар сəйкес келмеуі де мүмкін. Құқық нормасы – бұл гипотезадан, диспозициядан жəне санкциядан құралған жүріс-тұрыс ережесі, ал заңшығармашылық актісінің бабы–бұл құқық нормасының жүзеге асырылу құралы, мемлекеттің ерік білдіру нысаны. Құқық нормасы нормативтік акті бабының мазмұны болып табылса, бап құқықтық норманың нысаны болып табылады. Олардың арасындағы байланыс əртүрлі сипатқа ие. Жүріс-тұрыс ережесін бекіте отырып, заңнама құқық нормасының логикалық құрылымының үш элементін де нормативтік актінің бір бабына енгізуі мүмкін,бір бапқа бірнеше құқық нормасын енгізуі мүмкін, кейбір жағдайда құқық нормасы элементтерін əр түрлі нормативтік актілердің бірнеше баптарында немесе бір нормативтік актінің бірнеше баптарында көрсетуі мүмкін Көрсету тəсілдері бойынша құқық нормасы мен нормативтік акт бабының арақатынасының үш түрі болады:

а) тікелей тəсіл – құқық нормасы нормативтік акт бабының өзінде тікелей көрсетіледі;

ə) сілтемелі тəсіл – нормативтік акт бабы норманы толығымен ашпастан, осы актінің басқа бабына сілтеме жасайды;

б) бланкеттік тəсіл – нормативтік акт бабы нақты бір бапқа емес, белгілі бір нормативтік акті түріне сілтеме жасайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]