Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
M_1178_T_otvety_1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
300.03 Кб
Скачать

32. Құқық нормасының құрылымы: гипотеза, диспозиция, санкция.

Диспозицияқатынастың мазмұны мен субъектілердің құқығы мен міндеттерін көрсетеді. Диспозиция норманың діңгегі, құқықтық тәртіптің үлгісі-моделі. Мысалы, ҚР, АЗК, 482 б. Екі немесе көп жақты мәмілелер мен шарттардағы тұлғалардың міндеттері мен құқықтары айқын көрсетілуі. Диспозицияның үш түрі болады:

  • жалпылама түрі – нормада субъектілердің құқығы мен міндеттері анық-айқын көрсетілмейді; мысалы жұмыссыздық туралы заңда республикалық, облыстық, аудандық органдардың міндеттері жалпылама көрсетілген;

  • толық-айқын түрі – диспозицияның мазмұны нормада анық көрсетіледі. Мысалы, қылмыстық кодекстің баптарына диспозицияның мазмұны толық көрсетіледі;

  • сілтеу түрі – диспозицияның мазмұны туралы басқа нормаға сілтеу жасалады. Мысалы, азаматтық кодекстің бірнеше баптарына сілтеме қолданылады.

Гипотезадиспозиция қашан басталады, аяқталады, нормативтік актіқалай орындалуы керек, осы жағдайларды көрсетеді. Мысалы, бұзақылық үшін жауапқа тартылатын адам қоғамдық тәртіпті бұзуы керек (ҚР, ҚК – 7б.). Гипотезаның үш түрі болады:

  • егерде норманың іс-әрекеті бір жағдайдың болуы немесе болмауымен байланысты болса мұндай гипотезаны жалпылама деп атайды;

  • егерде норманың жұмысы бірнеше жағдайдың болуы немесе болмауымен байланысты болса ондай гипотезаны – күрделі гипотеза деп атайды;

  • егерде норманың іс-әрекеті бірнеше жағдайдың біреуін таңдау арқылы басталса – мұндай гипотезаны альтернативтік гипотеза деп атайды.

Санкция – диспозиция мен гипотеза дұрыс орындалмаса оның жағымсыз салдары және жауапкершіліктің басталуы мен қолдануы. Санкцияның үш түрі бар:

  • абсолютті-айқын санкция: жұмыстан шығару, қызметін төмендету, айып төлеу т.б.;

  • салыстырмалы айқын санкция: минимум мен максимумның арасындағы жауапкершілік (қылмыстық кодекстің баптары);

  • альтернативтік санкция. Санкцияның көрсетілген түрлерінің қайсысын қолдану тиісті мекеменің еркінде-құзырында.

Осы үш элементтер толық болса ғана нормативтік акті өз міндетін, өз рөлін дұрыс, уақытында, жақсы орындай алады. Егерде нормада бір екі элементтері жоқ болса, сілтеме арқылы оларды тауып алу керек.

33. Құқық бұзушылық құрамы. Құқықбұзушылықтың заңды құрамы – бұл құқықбұзушылықтың заңды жауапкершілікке тарту үшін қажетті жəне жеткілікті белгілерінің жүйесі. Заңды құрамға мыналар жатады:1. Құқықбұзушылықтың субъектісі – бұл осы əрекетті немесе əрекетсіздікті жасаған құқықəрекетқабілетті жеке тұлға немесе əлеуметтік ұйым.2. Құқықбұзушылықтың объектісі – бұл осы құқықбұзушылықтың неге бағытталғанын көрсетеді. Объектінің түрлік жəне тектік түрлерін бөліп қарастырады. Тектік объект ретінде қоғамдық қатынастар орын алса, түрлік объектіге өмір, денсаулық, абырой, мүлік жəне т.б. жатады.3. Құқықбұзушылықтың субъективтік жағы – бұл тұлғаның өз əрекетіне жəне оның салдарына деген субъективтік қатынасын сипаттайтын белгілердің жиынтығы. Бұл жерде басты категория болып кінə табылады. Кінə дегеніміз - тұлғаның өзі жасаған құқыққа қайшы əрекетіне психологиялық қатынасы. Кінəнің екі түрі болады: қасақаналық жəне абайсыздық. Қасақаналық тікелей жəне жанама болып бөлінеді. Тікелей қасақаналықта тұлға өз əрекеттерінің қоғамға қауіпті сипатын сезінеді, зиянды салдардың туу мүмкіндігін түсінеді жəне осы салдардың тууын қалайды. Жанама қасақаналықта тұлға өз əрекеттерінің қоғамға қауіпті сипатын сезінеді, зиянды салдардың туу мүмкіндігін түсінеді жəне осы салдардың тууын қаламаса да, олардың туындауына саналы түрде жол береді.Абайсыздықтың да екі нысаны болады: менмендік жəне немқұрайдылық. Менмендікте тұлға өз əрекеттерінің қоғамға қауіпті салдарын түсінеді, алайда жеткілікті негізсіз олардың алдын алуға тырысады. Немқұрайдылықта тұлға өз əрекеттерінің қоғамға қауіпті салдарын болжай алмайды, алайда дұрыс зейін қойғанда оларды байқауы мүмкін əрі тиіс еді.

4. Құқықбұзушылықтың объективтік жағы – бұл осы құқық бұзушылықты сипаттайтын сыртқы белгілердің жиынтығы, оларға мыналар жатады: а) əрекет немесе əрекетсіздік; ə) құқыққа қайшылық; б) зиянды нəтиже; в) əрекет (əрекетсіздік) пен зиянды салдың арасындағы себепті байланыс.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]