Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
M_1178_T_otvety_1.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
300.03 Кб
Скачать

25. Қазiргi кезеңдегi Қазақстан Республикасы мемлекетiнiң қызметi.

26. Әдет-ғұрып құқығы-құқық нысаны ретінде.

Бұл құқықтың негізгі қоғам тарихында мемлекеттің қалыптасу кезеңінде өмірге келген құқық нысаны.Әдет – ғұрып нормалары адамдардың қарым- қатынасында көп жылдар пайдаланып, өмірде жан- жақты тексеру, тәжірбие арқылы қалыптасты. Мысалы: Ману заңы, орыс правдасы, «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», т.б.

Әдет- ғұрып нормалары арқылы кәзіргі кезеңде де дамушы елдерде біраз қарым- қатынастар реттеліп, басқарылып жатады.

Әдет - ғұрып нормаларды қолдану жөнінде басым түрде бір пікір жоқ. Біраз мемлекеттер қарсы пікірде. Әлем көлеміндегі елдердің көпшілігі бұл нормаларды пайдаланып келеді. Оның ешқандай зияндығы жоқ деуге болады. Әдет – ғұрып нормаларын қолдануға мемлекеттік органның нұсқауы немесе рұқсат болса ол нормалар құқықтық әдет-ғұрыпқа айналады.

Әдет - ғұрыптың бірнеше түрі бар: әдет, әдептілік т.б. Әдет-адамның қажеттілігіне айналып қалыптасып кеткен тұрақты әрекет. Ешбір адам өмірге жақсы немесе жаман әдетпен келмейді. Әдет өмір жемісі, тәрбие нәтижесі. Әдет жағымды, жағымсыз болып екіге бөлінеді. Әдеттілік- моралдық нормаларды жақсы орындау. Әдептілік өте қажетті қасиет, сезім мөлшерінің негізгі белгісі.Әдеттілік ата-ананы құрметтеу, үлкенді сыйлау, шыншыл, әділетті болу сияқты жалпы халықтық нормаларды да дұрыс атқара білеуді керек етеді. Әдет-ғұрып нормалары ресми заңдармен қатар қолданылады және бұл нормаларды бұзушылар жауапқа тартылады.

27. Құқықтық мінез-құлықтың түсінігі жəне белгілері.

Құқықтық мінез-құлық – бұл субъектілердің құқық нормаларына жəне əлеуметтік маңызды мақсаттарға сай келетін жүріс-тұрысы.

Құқықтық мінез-құлық келесі белгілермен сипатталады:

- заңмен орнықтырылған шекте болады (формальды аспект);

- əлеуметтік пайдалы, қоғамдық мақсаттар мен мүдделерге қайшы келмейді; бұлар оның объективтік жағын құрайды (мазмұнды аспект);

- саналы сипатқа ие; бұл оның субъективтік жағын құрайды. Құқықтық мінез-құлықтың түрлері. Құқықтық мінез-құлық мына негіздер бойынша түрлерге бөлінеді: 1) əлеуметтік маңыздылығы дəрежесіне қарай: қажетті (мы-салы, əскери борышты өтеу); қалаулы (мысалы, ғылыми жəне көркем шғармашылық); рұқсат етілген (мысалы, діни рəсімдерді орындау). 2) себептеріне, яғни, субъективтік жағына, байланысты: əлеу-меттік белсенді; конформисттік; əдетті; маргиналды. Əлеуметтік белсенді жүріс-тұрыс – бұл құқықтық сана мен құқықтық мəдениеттің, жауапкершілік пен еріктіліктің жоғары деңгейімен сипатталатын жүріс-тұрыстың жоғарғы нысаны. Бұл жерде субъект жазадан қорықанынан немесе марапаттауды күт-кенінен емес, құқықтық мінез-құлықтың қажеттігіне сенуінің негізінде əрекет етеді. Əлеуметтік белсенді жүріс-тұрыс мынадай элементтерден құралады: а) қызметтің мемлекеттік ұйымдастырылған түрлерін-дегі, құқықшығармашылық жəне құқықты жүзеге асыру салала-рындағы белсенділік; ə) ерікті ұйымдардың қызметіндегі белсенділік; б)қоғамдық жəне қоғамдық-мемлекеттік құрылымдарды құрудағы жəне олардың қызметіндегі белсенділік;в) тұлғаның құқық саласындағы дербес белсенділігі. Конформисттік жүріс-тұрыс – бұл құқықтық ережелерге олар-ды терең əрі жан-жақты түсінбестен, жоғары құқықтық белсен-діліксіз бағынумен сипатталатын əрекет. Басқаша айтқанда, адам басқалардың да осылай жүріп-тұрғанын көргендіктен құқықтық мінез-құлықты таңдайды. Əдетті жүріс-тұрыс – бұл құқық нормаларының орындалуы əдетке айналып кеткен жағдайда көрініс табатын жүріс-тұрыс. Əдет əрекеттердің бірнеше рет таныс жағдайда қайталануының нəтижесінде қалыптасады.Маргиналды жүріс-тұрыс – бұл мемлекеттің мəжбүрлеуінің, жазадан қорқудың нəтижесінде жүзеге асырылатын құқықтық мінез-құлық

.28. Мемлекет нысаны түсiнiгi, оны анықтайтын факторлар.

Мемлекет нысаны – бұл қоғамның басқару, мемлекеттік құрылым жəне саяси режим нысандарынан құралған құрылымдық ұйымдастырылуы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]