- •14. Нормативтi-құқықтық акт: түсiнiгi, түрлерi.
- •15. Құқықтық сана және мәдениет.
- •16. Мемлекет қызметiнiң түсiнiгi мен мазмұны.
- •17. Заң түсiнiгi, белгiлерi және түрлерi.
- •19. Мемлекет мәнi. Оны анықтайтын теорияларға сипаттама.
- •20. Заңға бағынышты акт.
- •21.Құқықты жүзеге асырудың түсінігі жəне нысандары.
- •22. Мемлекет функцияларының түрлері.
- •23. Сот прецедентi түсiнiгi.
- •25. Қазiргi кезеңдегi Қазақстан Республикасы мемлекетiнiң қызметi.
- •27. Құқықтық мінез-құлықтың түсінігі жəне белгілері.
- •29. Құқық нормалары түсiнiгi және белгiлерi.
- •30. Құқықбұзушылықтардың түсінігі, белгілері жəне түрлері.
- •31. Мемлекеттi басқару нысаны: түсiнiгi, түрлерi.
- •32. Құқық нормасының құрылымы: гипотеза, диспозиция, санкция.
- •34. Мемлекеттiк құрылым нысаны: түсiнiгi, түрлерi.
- •36. Құқық бұзушылық түрлерi.
- •37. Саяси режим: түсiнiгi, түрлерi.
- •38. Мемлекет актiлерiнде құқық нормаларының мазмұндалу тәсiлдерi.
- •39. Заңды жауапкершiлiк: түсiнiгi, түрлерi.
- •40. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк нысаны.
- •42. Құқықты жүйелендіру: түсінігі, түрлері.
- •44. Құқықшығармашылықтың түсінігі жəне түрлері.
- •45. Құқықтық мемлекет түсiнiгi, негiзгi қағидалары.
- •46. Саяси жүйедегi мемлекеттiң орны мен ролi.
- •47. Құқық шығармашылық сатылары.
- •48. Құқықтық мемлекет тарихи аспектiлерi.
- •49. Мемлекет механизмiнiң түсiнiгi.
- •51. Құқықтық мемлекет қазiргi кезеңдегi нысандары.
- •52. Мемлекет органдарының түсiнiгi және түрлерi.
- •53. Нормативтiк актiлердiң уақыт, кеңiстiк және адамдар арасындағы әрекетi.
- •54. Қазақстан Республикасындағы құқықтық мемлекет қалыптастыру теориясы мен жолдары.
- •55. Заң шығару органдарына сипаттама.
- •56. Құқықтық қатынас түсiнiгi, белгiлерi.
- •57. Заңдылық түсiнiгi, кепiлдiктерi.
- •59. Құқықтық қатынас түрлерi:
- •61. Қоғамның саяси жүйесiндегi қоғамды бiрлестiктер орны. Қр "Саяси партиялар туралы" заңға сипаттама.
- •67. Мемлекет және құқық теориясының жеке ғылымдық әдiстерi.
- •69. Құқықтық нигилизм түсiнiгi.
- •70. Мемлекет тектерi: формациялық және өркениеттiк көзқарас.
- •73. Құқық тектерi, оны анықтайтын факторлар.
- •78. Жеке тұлғаның құқықтық мәртебесi.
16. Мемлекет қызметiнiң түсiнiгi мен мазмұны.
Мемлекет – бұл арнайы басқару және мәжбүрлеу аппарты бар, қоғамның өкілі бола тұра, оны басқаратын және оның дамуын қамтамасыз ететін, бұқаралық биліктің саяси-аумақтық, егеменді ұйымы.
Мелекеттің мәнін түсіну мемлекет және құқық теориясынң негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.Мемлекеттің мәні – бұл оны мазмұнын, мақсаттарын, қызмет етуін анықтайтын басты қасиеті.Мемлекеттің мәнін бұл түсініктің кең және тар мағынасында анықтауға болады.
Кең мағынада мемлекеттің әлеуметтік мәнін биліктік-саяси ұйымдасқан қоғам, құқықтық заңдарға бағынған көптеген адамдар бірлестігі ретінде анықтауға болады.
Тар мағынада мемлекеттің әлеуметік табиғатын қоғамнан бөлектенген, жекелеген класстар мен әлеуметтік топтардың да, қоғамның да мүддесін білдіруші әрі қорғаушы басқару аппараты, бұқаралық биліктің әртүрлі мекемелерінің жүйесі ретінде анықтайды.
Жоғарыда атлғандардың негізінде, мемлекеттің мәнін қарастыруда екі аспекіні ескерудің маңызы зор:
Формальды – кез-келген мемлекеттің саяси биліктің ұйымы екендігі;
Мазмұнды – осы ұйымның кімнің мүдделеріне қызмет ететіндігі.
Сонымен, мемлекеттің мәні саяси билік апппаратының көмегімен қоғамның тұтастығын және қалыпты қызмет етуін қамтамасыз етуден көрінеді.
17. Заң түсiнiгi, белгiлерi және түрлерi.
Заң – бұл заң шығарушы билік органы немесе референдум арқылы ерекше тәртіпте қабылданған, халықтың еркін білдіретін жоғары заң күшіне ие және маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін нормативтік акт.
Заңның белгілері:1.Заң – бұл құқықтық жүйеге заң нормаларын енгізуге, оларды жоюға немесе өзгертуге байланысты құқықшығармашылық әрекеттер бекітілген заң актісі.2.Заң – бұл мемлекеттік биліктің қатаң анықталған жоғары органдарының актісі.3.Заң жоғары заң күшіне ие.Бұл мынаны білдіреді:a)Қалған барлық құқықтық актілер заңдарға негізделуі және оларға қарама-қайшы болмауы тиіс.Кез-келген басқа акт заңға қайшы келген жағдайда басымдылық соңғысына беріледі;b)Заңды кез-келген басқа орган бекіте алмайды c)Оны қабылдаған органнан басқа ешкім заңды өзгерте немесе оның күшін жоя алмайды.
4. Заң – бұл құқықтық жүйеде бұрын болмаған және қоғамдық өмідің маңызды мәселелеріне байланысты міндетті нормалардан құралған нормативтік акт.
Заңның түрлері:1.Конституция – бұл басқарудың және мемлекеттік құрылымның нысанын, сот әділдігі жүйесін анықтайтын, конституциялық құрылымды, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бекітетін негізгі саяси-құқықтық акт;2.Конституциялық заңдар – Конституциямен көзделген және онымен байланысты мәселелерге қатысты қабылданады;
3.Жай заңдар – бұл қоғамдық өмірдің экономикалық, саяси, әлеуметтік, рухани жақтарына арналған ағымдағы заңнама актілері.
18. Құқық жүйе және құқықтық жүйе.
Құқық жүйесінің түсінігі. Құқық жүйесі – бұл құқықтың өзінің құрылымы, оның салаларға, институттарға бөлінуі. Құқық-тың жүйелік құрылымы оның белгілі бір байланыстағы көптеген элементтерден құралған біртұтас құрылым екендігін білдіреді.
Құқық жүйесінің негізгі сипаттары:
1) оның алғашқы элементі болып құқық нормалары табылады, олар, өз кезегінде, біріге отырып, ірі құрылымдарды – институт-тарды, салаларды құрайды;
2) оның элементтері бір-біріне қайшы келмейді, іштей үйлес-кен, тығыз байланыстылыққа ие; бұл құқық жүйесінің тұтастығын қамтамасыз етеді;
3) ол əлеуметтік-экономикалық, саяси, ұлттық, діни, мəдени, тарихи факторлармен тығыз байланысты;
4) ол объективтік сипатқа ие, себебі, объективтік сипаттағы қатынастарға тəуелді жəне адамдардың субъективтік қалауы бойынша қалыптасуы мүмкін емес. Құқықтық жүйе – бұл құқықтың құқықтық идеологиямен жəне сот тəжірибесімен біртұтастықта қарастырылуы. Осы үш элемент: заңдар мен басқа да мемлекетпен танылған қайнар көздерден көрініс тапқан жалпыға міндетті нормалар жүйесі ретіндегі құқық, құқықтық сананың белсенді жағы – құқықтық идеология жəне сот тəжірибесі құқықтық жүйені құрайды. «Құқықтық жүйе» түсінігінің белгілі бір мемлекеттегі құқыққа сипаттама берудегі маңызы зор. Бұл жағдайда ұлттық құқықтық жүйе жөнінде сөз болып отыр. Құқықтық жүйенің құқықпен қатар қай элементінің – не сот тəжірибесінің, не құқықтық идеология-ның – ерекше рөлге ие болуына сол мемлекеттегі барлық құқық-тық құбылыстар тəуелді болып келеді. Осы белгі бойынша құқық-тық жүйенің келесі жанұяларын (құқықтың қайнар көздерінің ортақтығы негізінде бөлінген құқықтық жүйелердің жиынтығы) бөліп қарастырады: 1. Континенталдық Еуропаның нормативтік-заңнамалық жүйе-лер отбасы – бұл романдық-германдық құқық. Бұл құқықтық жүйелерде бірінші орынға заң қойылған (Италия, Франция, Гер-мания, Португалия жəне т.б.). 2. Нормативтік-соттық, ағылшын-саксондық құқықтық жүйе-лер жанұясы – бұл Ұлыбританияның, АҚШ-тың, Канаданың, Австралияның жəне т.б. елдердің прецеденттік құқығы. Бұл құ-қықтық жүйелерде басты орынды сот тəжірибесі, заңды прецедент иеленген. 3. Діни-дəстүрлі, идеологиялық құқықтық жүйелер жанұясы – бұл мұсылман құқығы (Иран, Ирак, Пəкістан, Судан жəне т.б.) жəне кеңестік құқық. Бұл құқықтық жүйелерде ерекше рөлді дін мен партиялық идеология иеленеді.
