
- •14. Нормативтi-құқықтық акт: түсiнiгi, түрлерi.
- •15. Құқықтық сана және мәдениет.
- •16. Мемлекет қызметiнiң түсiнiгi мен мазмұны.
- •17. Заң түсiнiгi, белгiлерi және түрлерi.
- •19. Мемлекет мәнi. Оны анықтайтын теорияларға сипаттама.
- •20. Заңға бағынышты акт.
- •21.Құқықты жүзеге асырудың түсінігі жəне нысандары.
- •22. Мемлекет функцияларының түрлері.
- •23. Сот прецедентi түсiнiгi.
- •25. Қазiргi кезеңдегi Қазақстан Республикасы мемлекетiнiң қызметi.
- •27. Құқықтық мінез-құлықтың түсінігі жəне белгілері.
- •29. Құқық нормалары түсiнiгi және белгiлерi.
- •30. Құқықбұзушылықтардың түсінігі, белгілері жəне түрлері.
- •31. Мемлекеттi басқару нысаны: түсiнiгi, түрлерi.
- •32. Құқық нормасының құрылымы: гипотеза, диспозиция, санкция.
- •34. Мемлекеттiк құрылым нысаны: түсiнiгi, түрлерi.
- •36. Құқық бұзушылық түрлерi.
- •37. Саяси режим: түсiнiгi, түрлерi.
- •38. Мемлекет актiлерiнде құқық нормаларының мазмұндалу тәсiлдерi.
- •39. Заңды жауапкершiлiк: түсiнiгi, түрлерi.
- •40. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк нысаны.
- •42. Құқықты жүйелендіру: түсінігі, түрлері.
- •44. Құқықшығармашылықтың түсінігі жəне түрлері.
- •45. Құқықтық мемлекет түсiнiгi, негiзгi қағидалары.
- •46. Саяси жүйедегi мемлекеттiң орны мен ролi.
- •47. Құқық шығармашылық сатылары.
- •48. Құқықтық мемлекет тарихи аспектiлерi.
- •49. Мемлекет механизмiнiң түсiнiгi.
- •51. Құқықтық мемлекет қазiргi кезеңдегi нысандары.
- •52. Мемлекет органдарының түсiнiгi және түрлерi.
- •53. Нормативтiк актiлердiң уақыт, кеңiстiк және адамдар арасындағы әрекетi.
- •54. Қазақстан Республикасындағы құқықтық мемлекет қалыптастыру теориясы мен жолдары.
- •55. Заң шығару органдарына сипаттама.
- •56. Құқықтық қатынас түсiнiгi, белгiлерi.
- •57. Заңдылық түсiнiгi, кепiлдiктерi.
- •59. Құқықтық қатынас түрлерi:
- •61. Қоғамның саяси жүйесiндегi қоғамды бiрлестiктер орны. Қр "Саяси партиялар туралы" заңға сипаттама.
- •67. Мемлекет және құқық теориясының жеке ғылымдық әдiстерi.
- •69. Құқықтық нигилизм түсiнiгi.
- •70. Мемлекет тектерi: формациялық және өркениеттiк көзқарас.
- •73. Құқық тектерi, оны анықтайтын факторлар.
- •78. Жеке тұлғаның құқықтық мәртебесi.
51. Құқықтық мемлекет қазiргi кезеңдегi нысандары.
Құқықтық мемлекет - жеке адам және қоғам мүддесін қорғайтын, заң үстемдігі мен құқық принциптеріне негізделген мемлекет. Құқықтық мемлекет-мемлекетте гуманизм, адамгершілік, теңдік,бостандық идеяларынығ құқықтық қағидаларға ұласып, құқық үстемдік еткен, бассыздық пен заңсыздықққа жол бермеу үшін биліктің барлық тармақтарын арнайы тетіктермен тежеу арқылы адам құқықтырының тиімді қорғалуы.
52. Мемлекет органдарының түсiнiгi және түрлерi.
Мемлекеттік орган – бұл мемлекеттік міндеттерді орындаушы жəне осы мақсатта сəйкес биліктік өкілеттіктерді иеленген ұйым немесе мекеме. Əрбір мемлекеттік органға мыналар тиесілі: а) оның оралымды басқаруындағы мемлекеттік, қазыналық мүліктер; ə) қаржы құралдары, банктегі есепшот, бюджеттен қаржыландыру көзі; б) өзіне тəн ұйымдастырушылық құрылымы, онымен байланысты қызметтік бағыныстылық жəне қызметтік тəртіп жүйесі; в) биліктік өкілеттіктердің қажетті көлемі, олардың негізінде лауазымдық тұлғалар мен алқалық органдар заңды міндетті əрекеттерді жүзеге асырады.
Мемлекеттік органдардың түрлері:
1. Мемлекеттік қызметті жүзеге асыру нысанына қарай мем-лекет органдары өкілдік, атқарушылық, сот, прокурорлық жəне басқа да бақылаушы-қадағалаушы органдар болып бөлінеді.
2. Биліктің тармақтарға бөліну қағидасы бойынша – заң шыға-рушы, атқарушы жəне сот органдары.
3. Қызметінің құқықтық нысандары бойынша – құқықшығару-шы, құқыққолданушы жəне құқыққорғаушы органдар.
4. Бағыныстылық деңгейіне байланысты – республикалық жəне жергілікті органдар.
5. Өкілеттіктерінің мерзіміне байланысты – тұрақты (қызмет ету мерзімі шектеусіз түрде құрылады) жəне уақытша (қысқа мерзімді мақсаттарға жету үшін құрылады).
6. Құзіретінің сипатына қарай – жалпы (мысалы, Үкімет) жəне арнайы (мысалы, министрлік) құзіретті органдар.
53. Нормативтiк актiлердiң уақыт, кеңiстiк және адамдар арасындағы әрекетi.
Нормативтік заңды актілер – бұл құзіретті мемлекеттік орган қабылдайтын, құқық нормаларынан құралған жəне белгілі бір қоғамдық қаты-настарды реттеуге бағытталған ресми құжаттар.нормативтік акті-лерді нормашығарушылық құзіретке ие органдар қатаң анық-талған тəртіп бойынша қабылдайды. Заңды күшіне қарай барлық заң актілері екі топқа бөлінеді: заңдар мен заң актілері.
Заң – бұл заң шығарушы билік органы немесе референдум арқылы ерекше тəртіпте қабылданған, халықтың еркін білдіретін, жоғары заң күшіне ие жəне маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін нормативтік акт.
Заңға сəйкес актілер – бұл заң нормаларынан құралған, заң-дардың негізінде жəне оларды орындау мақсатында қабылданған актілер. Оларға мыналар жатады:
1) Президенттің құзіреті шегінде қабылданған жарлықтар мен өкімдер;
2) Парламенттің құзіреті шегінде қаабылданған қаулылар мен өкімдер;
3) мемлекеттік аумақтық жəне жергілікті органдардың (өкілдік органдар мен əкімшілік органдар) актілері – мемлекеттік билік пен басқарудың аумақтық органдары немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдары қабылдайды жəне осы аумақта өмір сүріп жатқан барлық тұлғаларға таралады;
4) ведомстволық актілер – белгілі бір органның құзіреті шегін-
де қабылданады жəне осы ұжымның мүшелеріне ғана таралады.
Нормативтік құқықтық кесімдердің уақыт, кеңістікте және тұлғалар бойынша қолданылуы ҚР «Нормативтік құқықтық актілер туралы» заңымен реттелінеді және оның 7-тарауы осы мәселеге арналған. Аталмыш заңның 36-бабы бойынша заңдар, Президенттің жарлықтары, Үкіметтің қаулыларында күшіне ену уақыты, мерзімі көрсетілсе, олар жариялағаннан кейін 10 күн өткен соң өзінің күшіне енеді. ҚР Парламентінің және оның палаталарының қаулыларында күшіне ену мерзімдері көрсетілмесе, ресми жариялағаннан күннен бастап күшіне енеді. ҚР Конституциялық Кеңесінің қаулылары қабылдағаннан күннен бастап күшіне енеді.
Басқа да мемлекеттік органдар мен Жоғарғы Соттың, жергілікті органдардың қабылдаған нормативтік құқықтық кесімдері өзінің мәтінінде күшіне ену мерзімі көрсетілмесе, ресми түрде жариялағаннан кейін 10 күн өткен соң өзінің күшіне енеді.
Нормативтік құқықтық кесімдердің кеңістік жағынан қолданылуы жоғарыда көрсетілген заңның 41-бабы арқылы іс жүзіне асады. Атап айтқанда заң нормасы бойынша норматвтік құқықтық кесімдерде кеңістік шеңбері көрсетілмесе, ҚР барлық аумағында қолданылады және күші бар.
Нормативтік құқықтық кесімдердің тұлғалар бойынша қолданылуы заңның 42-бабында нақтылы бекітілген.ҚР нормативтік құқықтық кесімдердің күші ҚР азаматтары мен заңды тұлғаларына, оның аумағында шетелдіктер мен азаматтықтары жоқ адамдарға қолданылады. Бұған заң кесімдеріне және ҚР бекіткен халықаралық шарттарда көзделген жағдайлар қосылмайды. (Мысалы, дипломатиялық иммунитетке субъектілер).
Кейбір нормативтік құқықтық кесімдер тек ҚР азаматтарының кейбір бөлігін, топтарын ғана қамтуы мүмкін, мысалы, мүгедектер,зейнеткерлер, әскери қызметкерлер, студенттер және т.б. азаматтар.