Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
14 Курсты жм йым жне ор+++.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
323.58 Кб
Скачать

5.5 Курстық жобалауды ұйымдастыру

5.5.1 Курстық жобаның/ жұмыстың тақырыбын бекіту

Курстық жұмыстың тақырыптарын курстық жобалауға жауапты кафедра оқытушылары дайындайды, тақырыптар кафедра меңгерушісімен келісіліп, кафедраның мәжілісінде талқыланып, бекітіледі. Курстық жобаның/ жұмыстың тақырыбы білімгерлерге тапсырма беруден кем дегенде бір ай бұрын берілуі тиіс. Білімгерлерге тақырыпты бөлу және курстық жобаның жетекшісін тағайындау кафедра меңгерушісінің ұсынысымен рәсімделіп, оның қолымен расталады.

5.5.2 Курстық жобалауға жетекшілік ету

Курстық жобалауға әдістемелік тәжірибесі бар, өндірістік және ғылыми біліктілігі жоғары, сәйкес кафедраның білікті оқытушысы жетекшілік етеді. Курстық жобалауға жетекшілік ету жұмысқа тапсырма беруден басталады. Жұмысқа берілетін тапсырмада жетекшінің қолы қойылады, берілген күні қойылады және кафедрадағы арнайы журналға тіркеліп, білімгердің қолына беріледі. Жобалаудың басында шолу лекцияларын өткізу ұсынылады, онда оқытушы пән бойынша жобалаудың мақсатын, жұмысқа, графикалық материалдарға, түсінік хатқа қойылатын талаптарды, сонымен қатар, жұмыстың мазмұны, рәсімделуі, берілген тапсырманың мәні, көлемі, берілген тапсырманың оқу пәндерінің сәйкес бөлімдермен байланыстырылуы туралы түсіндіріп, негізгі және қосымша әдебиеттерді ұсынуы қажет.

5.5.3 Кеңес беруді ұйымдастыру

Курстық жобаның/ жұмыстың жетекшісі білімгердің барлық бекітілген мерзімі аралығында топқа немесе жеке білімгерге кеңес беру арқылы көмек көрсетуі тиіс.

Топқа кеңес беру СОӨЖ қойылған сабақ кестесіне сәйкес оқу сағаттарында жүргізіледі (КОЖ үшін).

Жеке кеңес беру жетекші мен білімгер арасындағы келісім бойынша қойылған кестеге сәйкес екеуіне де ыңғайлы сағатқа, аптасына екі реттен аспайтын тәртіпте қойылады. Кеңес беру сағаттары кафедра меңгерушісімен тіркеуге алынып, кафедраның қабырғалық бұрышында ілінеді.

5.5.4 Курстық жобалаудың орындалу барысын бақылау

Курстық жобалаудың орындалу барысын КЖ жүргізетін оқытушы бақылайды, ол үшін ведомостқа баға қойылады. Жобалаудың орындалу барысы кафедраның мәжілісінде талқыланып, ағымдық және аралық бақылау нәтижелерін қарастыру кезінде хаттама түрінде рәсімделеді.

5.5.5 Жұмысты орындау орны мен тәртібі

Курстық жобалау жоғары оқу орнының қабырғасында институттағы, кафедрадағы дипломдық жобалау жұмыстарына арналған арнайы аудиторияларда немесе ғылыми-зерттеу зертханаларында орындалуы қажет.

Жұмыс орнында курстық жұмысты орындаушы білімгер оқу-әдістемелік құралдармен, анықтамалық материалдармен, химреактивтермен, нормативтік-техникалық әдебиеттермен, құрал-жабдықтармен, ЭЕМ және т.б. жұмысты орындауға қажетті ақпараттық материалдармен қамтамасыз етілуі тиіс.

Курстық жобалауға берілген уақытты ұтымды пайдалану үшін сабақ кестесіне курстық жобалау күндерін қоюды қарастыру қажет.

5.6 Курстық жобаны/ жұмысты қорғау

5.6.1 Курстық жобаны/ жұмысты қорғауға дайындау

Курстық жобаның/ жұмыстың жеке тарауларын орындау кезінде білімгерлердің дайындығы орындалған жұмыстың сәйкес материалдары бойынша жетекшінің немесе кеңесшінің қолымен расталады.

Аяқталған курстық жоба/ жұмысқа білімгер қолын қояды және жетекшісіне ұсынады, жетекші аяқталған жұмыстың берілген тапсырмаға сәйкестігін, толықтығын және ЕСКД, ЕСТД талаптарын сақтау арқылы дұрыс безендірілуін (техникалық мамандықтар үшін) соңғы рет тексеруден өткізеді.

Егер курстық жоба/ жұмыс тиісті талаптарға сай болса, жұмыс қорғауға жіберіледі, бұл туралы жетекші түсінік хаттың титул бетінде сәйкес белгі қояды.

Қорғаудың алдында жетекші білімгермен жұмыстың неғұрлым маңызды сұрақтары бойынша және баяндаманы дайындау туралы әңгіме өткізеді. Қорғауға рұқсат алған, бірақ жұмысты қорғамаған білімгер қайтадан дайындалуға жіберіледі.

Егер курстық жоба/ жұмыс оған қойылатын талаптарға сай болмаса, жұмыстың жетекшісі бұл туралы түсінікхаттың титул бетіне белгі қойып, жұмыс қайтадан толықтыруға жіберіледі.

Курстық жоба/жұмыс тиісті нұсқау бойынша орындалмаған жағдайда білімгер жұмысты қорғауға жіберілмейді және берілген тапсырмаға сәйкес курстық жұмысты қайтадан басынан орындауға жіберіледі. КЖ/КЖұм бойынша қарыздарын өтеу «Оқу үрдісін ұйымдастыру туралы ережеге» сәйкес анықталады.

5.6.2 Қорғау мерзімі

Курстық жобаны/жұмысты қорғау кафедрада бекітілген кестеге сәйкес орындалуы тиіс.

Кесте комиссияның жұмыс уақыты күніне көп дегенде 4 сағат, құрамы 10 адамға дейін болуын есепке ала отырып құрастырылуы тиіс.

Жеке білімгерлердің белгіленген мерзімінен бұрын қорғауына деканның, кафедра меңгерушісінің рұқсаты және жетекшінің келісімі болуы қажет.

Кредиттік оқыту жүйесінде білімгер курстық жобаны/ жұмысты екінші жинақ ведомосты толтырылғанға дейін қорғауы тиіс. Дәстүрлік жүйеде – емтихан сессиясы басталғанға дейін қорғалуы тиіс.

5.6.3 Комиссия құрамы

Курстық жобаны/ жұмысты қорғау комиссиясының құрамы кафедра мәжілісінің шешімімен профессор-оқытушы құрамынан тағайындалып, оны кафедра меңгерушісі бекітеді.

Комиссияның төрағасына берілген пән бойынша профессор, доцент, аға оқытушы тағайындалады. Комиссия төрағасы курстық жобаны/ жұмысты тек жетекшінің рұқсаты туралы белгі болған жағдайда ғана қабылдайды.

Комиссияның құрамындағы бір адам болмаған жағдайда кафедра меңгерушісінің өкімі бойынша сабақтан бос басқа оқытушы уақытша тағайындалады.

Күнделікті қорғау нәтижелері кафедрада сақталатын курстық жобаны/ жұмысты қорғау журналында тіркеуге алынып, рәсімделуі тиіс.

5.6.4 Қорғауды жүргізу тәртібі

Курстық жобаны/ жұмысты қорғау комиссияның толық құрамы жиналғанда ашық түрде жүргізіледі.

Қорғауға ұсынылған курстық жобаның/ жұмыстың түсінікхатын комиссия құрамы қарастырып, оның мазмұнының, көлемінің және безендірілуінің осы Ережеге және КЖ/КЖұм орындауға арналған әдістемелік нұсқауға және нормативтік құжаттарға сәйкестігін анықтайды.

Графикалық материалдар барлық тыңдаушылардың және ЕСКД талаптарына сәйкестігін анықтау үшін комиссия құрамының назарына ұсыну үшін қабырғаға ілінеді.

Қорғалатын курстық жобаның/ жұмыстың мазмұнын білімгер қысқаша баяндама түрінде айтып баяндайды.

Баяндамадан соң білімгерге курстық жобаның/ жұмыстың мазмұны бойынша және КЖ/КЖұм тақырыбы бойынша зерттеулер барысында алған білім деңгейін анықтау мақсатында қосымша сұрақтар қойылады.