Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
14 Курсты жм йым жне ор+++.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
323.58 Кб
Скачать

5.4 Курстық жобаны/ жұмысты рәсімдеу

5.4.1 Мәтіндік материалды рәсімдеу (түсінікхат)

Мәтін міндетті түрде академиялық мекеменің талаптарына сәйкес рәсімделуі тиіс. Жұмысты дұрыс рәсімдеу тек қажеттілік қана емес, ол дайындалған мәтінді түбегейлі өзгертуге мүмкіндік береді.

5.4.2 Дәйексөз қолдану

Дәйексөз қолдануда төмендегі ережелер сақталуы қажет:

Дәйексөз мәтіні авторлық жазылым ерекшеліктері сақталып, бастапқы дереккөзде берілген грамматикалық формасында тырнақшаға алу арқылы беріледі.

Дәйексөз толық болуы тиіс, дәйексөз келтірілген үзіндіні қысқартуға және мағынасын өзгертуге болмайды. Дәйексөз мысалға келтіруде сөзді, ұсынысты, абзацты көп нүкте арқылы қысқартып аяқтауға болады.

Әрбір дәйексөз оның дереккөзіне сілтеме жасау арқылы жазылады, оның библиографиялық сипаттамасы арнайы стандарт талаптарына сәйкес жазылуы тиіс.

Егер келтірілген дәйексөзде қандай да бір сөз ерекшеленіп жазылса, онда содан кейін жақшаның ішінде түсінік берілуі тиіс, мысалы: (курсивті мен қойдым – К.Б.), (сөздің асты арнайы сызылды – К.Б.)

Автордың аты-жөні дәйексөз мәтініне енгізілген түсініктемеден кейін де жазылуы мүмкін, мысалы: «Олар (оқытушылар А.К.,О.Р.) бір-бірінің жұмыстарына аз қызығушылық танытады».

5.4.3 Формулалар мен теңдеулер

Қажетті жағдайларда мәтінде формулалар мен теңдеулер беріледі. Символдардың мәнін анықтап және сандық коэффиценттерді формуланың төменгі жағына берілу ретімен орналастыру керек.

Әрбір символдың мәні жаңа жолда формулада берілген ретпен беріледі. Шифр қою реті бойынша бірінші жолында «мұндағы» деген сөз жазылып, одан кейін қос нүкте, т.б. белгілер қойылмайды.

Формулалар саны біреуден артық болған жағдайда, формулалардың барлығы реттік араб сандарымен нөмірленіп, дөңгелек жақшада жолдың оң жақ бұрышына жазылады.

Формула біреу ғана болған жағдайда нөмірленбейді.

5.4.4 Сандық көрсеткіштер

Бір мәнді сандар, егер олардың өлшем бірліктері берілмеген жағдайда сөзбен жазылуы тиіс. Мысалы: «жеті жыл» («7 жыл» – дұрыс емес), «тоғыз пунктте», («9 пунктте – дұрыс емес»), «төрт бетте», («4 бетте – дұрыс емес»).

Көп мәнді сандар, цифр түрінде жазылады («10 жыл», ал «он жыл»-дұрыс емес; «123 жыл», ал «жүз жиырма үш жыл» деп жазылса дұрыс емес), бірақ мұндай сандар абзацтың басында берілгенде сөзбен жазылады.

Өлшем бірліктері қысқартылған түрде берілгенде сандар цифрмен жазылады, Мысалы: 5м, 11т. “т”, “кг”, “л”, “м”, “см” типті қысқартулардан кейін нүкте қойылмайды.

Сандарды жазу кезінде араб цифрларымен белгіленген жағдайда септік жалғау арқылы берілмейді, егер зат есіммен аяқталатын болса, мысалы: “10-пунктте” (“10-шы пунктте” –дұрыс емес).

Бір мәнді және көп мәнді тізбекті сандар сөзбен жазылады. Мысалы: “екінші”, “қырық бірінші”, “алты жүзінші”. Кейде дәстүрлік жазылымдарда рұқсат етілетін жағдайлар кездеседі. Мысалы, “1-ші Прибалтика соғысы”.

Күрделі сөздердің құрамына кіретін тізбекті сандар ғылыми мәтіндерде цифрмен жазылады. Мысалы, “20 пайыздық ерітінді”, “7 тонналық дөңбек тас” және т.с.с.

Рим цифрларымен тізбекті сандарды жазу кезінде жалғауы болмайды, мысалы, “XIX ғылыми конференция ( “XIX-шы ғылыми конференция”- дұрыс емес), “XVIII ғасыр” (“XVIII-шы ғасыр”- дұрыс емес).

5.4.5 Сөздер мен ұғымдарды қысқарту

Академиялық мәтіндерде сөздер мен кескіндерді қысқартудың жалпы қабылданған ережесі бар. Мұндай сөздерді қысқартудың негізгі төрт әдісі қолданылады:

  1. сөздің тек бірінші әрпі қалдырылады (ғасыр - “ғ.”, жыл - “ж.”);

  2. бастапқы екі әрпі қалдырылады (“ст.” - статья).

  3. жалғаусыз сөздің бір буыны қалдырылады (“абз.” - абзац, “ағыл.” - ағылшын);

  4. сөздің ортасындағы бірнеше әріптер алынып тасталады да, ортасына дефис қойылады (университет - “ун-т”).

Қысқарту кезінде дауысты дыбыспен, сонымен қатар жіңішкелік және жуандық белгілермен аяқталуы рұқсат етілмейді.

Академиялық мәтіндерде қысқартудың үш түрі бар:

а) әріптік аббревиатуралар;

б) күрделі қысқартылған сөздер;

в) сөздің бастапқы әріптері немесе бөліктері бойынша шартты графикалық қысқартулар.

Әріптік аббревиатуралар дегеніміз толық аталудың бастапқы әріптері арқылы жазылады (ЖОО, БҰҰ). Академиялық мәтіндерде жалпы қабылданған әріптік аббревиатуралардан басқа авторлық қысқартулар қолданылады. Қажет болған жағдайда, мұндай аббревиатурамен күрделі терминді белгілеуде терминнің толық аталуы көрсетіліп, жанына жақшаның ішінде аббревиатура беріледі, мысалы, “маниакальды-депрессиялық психоз (МДП)”. Мәтіннің жалғасында аббревиатура түрінде, қысқартылған күйде жазыла береді.

Жалпы қабылданған шартты графикалық қысқартулар сөздің бастапқы әріптерімен немесе сөз бөліктерінен тұруы мүмкін: “т.б.” (тағы басқалар), “т.с.с.” (тағы сол сияқтылар) “ғғ.” - ғасырлары, “жж.” – жылдар, “б.э.” (біздің эрамыздан), “обл.”(облыс), “аз.” (азамат), “доц.” (доцент), “акад.” (академик). Сілтемеде - “мыс.” (мысалы), “ст.ст.” (статьялар), “тт.” (томдар) деген қысқартулар қолданылады.

«Тағы басқалар», «сол сияқты» деген сөздерді сөйлемнің ортасында қысқартуға болмайды

5.4.6 Тараулар, тараушалар, бөлімдер және бөлімшелер

Жұмыстың құрылымы мәселені қарастыру логикасына сәйкес нақты және негізделген болуы тиіс.

Әрбір жаңа тарау жаңа беттен басталады. Бұл ереже жұмыстың басқа тарауларында да сақталады, яғни мазмұны, кіріспе, қорытынды, әдебиеттер тізімі, қосымшалар жаңа беттен жазылады.

Тараулар араб сандарымен, жалпы мәтін бойынша бірыңғай нөмірлеуді сақтай отырып белгіленеді және нүкте қойылмайды. Тараушалар әр тараудың аумағында нөмірленуі керек. Тараушаның нөмірі нүктемен бөлініп жазылған тарау нөмірі мен тарауша нөмірінен құралады. Тарауша нөмірінің соңында нүкте қойылмайды. Тараулар да, тараушалар сияқты, бір немесе бірнеше бөлімнен құралуы мүмкін. Тарауша нөмірлері нүкте қою арқылы бөлім және бөлімше нөмірлерінен тұрады.

Тараулар мен тараушалардың атауы болуы тиіс. Бөлімдер мен бөлімшелерге атау қойылмайды. Қойылған атаулар тараулар мен тараушалардың мазмұнын нақты және қысқаша сипаттап тұруы тиіс.

Тараулар мен тараушалардың, бөлімдердің атаулары абзацтан және бас әріптен басталып нүктесіз, астын сызбай жазылуы керек. Егер тараудың атауы екі сөйлемнен тұратын болса, бірінші сөйлемнен кейін нүкте қойылады. Тақырып пен мәтін арасы компьютерде терілсе 2-3 интервал, қолмен жазғанда 15 мм болуы тиіс. Бөлім тақырыбы мен бөлімше тақырыбы арасында 2 интервал сақталуы тиіс.

Жаңа жолдан басталатын сөйлемдер 1,25 мм абзац шегеріліп жазылады.

5.4.7 Беттерді нөмірлеу

Түсінікхаттың беттерін араб сандарымен, жалпы мәтін бойынша бірыңғай нөмірлеуді сақтай отырып белгілеу қажет. Беттің нөмірі парақтың төменгі жиегінің ортасына қойылады. Титул беті беттердің жалпы нөмірлеу санына қосылады, бірақ титул бетке нөмір қойылмайды.

Курстық жоба/ жұмыс басқа да жазбаша жұмыстар сияқты титул бетінен басталуы тиіс. Титул бетінде академиялық мекеменің аталуы, білімгер дәріс алатын факультеттің, жұмысқа тапсырма берген оқытушы кафедрасының, курстық жұмыс жазылатын пәннің атаулары, оқытушының аты-жөні, академиялық атақ-дәрежесі, білімгердің аты-жөні, топ нөмірі, академиялық мекеменің орналасқан қаласының аталуы, сонымен қатар жұмысты орындаған жылы көрсетіледі. Титул бетінің үлгісі 1а, 1б қосымшаларда ұсынылған.

5.4.8 Мазмұны

Титул беті рәсімделгенде мәтіннің мазмұны да берілуі тиіс. Академиялық мәтін кіріспеден, негізгі бөлімнен және қорытындыдан тұрады. Негізгі бөлім екі немесе үш бөлімге бөлінеді. Әр бөлім екі немесе үш бөлімшелерге бөлінеді.

Жұмыстың мазмұны мүмкіндігінше бір бетте орналасуы тиіс. Сондықтан оны теру кезінде 1,5 интервал арқылы орындаған жөн, ал негізгі мәтін екі интервал арқылы орындалады. Мәтін жұмыстың мазмұнына және құрылымына сәйкес болуы тиіс. Кіріспе, жеке тараулар және қорытынды жаңа беттен жазылады, ал бөлімшелер мен тараушалар жалғасып жазыла береді. Негізгі мәтіндегі бөлімшелердің атаулары жұмыс мазмұнындағы аталуына сәйкес болуы қажет, сонымен қатар жеке тараулардың атаулары жұмыс тақырыбымен бірдей болмауы тиіс.

5.4.9 Әдебиеттер мен дерек көздерге шолу жасау (гуманитарлық мамандықтар үшін)

Кейбір жұмыстарда, мысалы, тарих пәні бойынша мазмұнның жеке бөлімдеріне арнайы түсінік беруді қажет ететін әдебиеттерге шолу жасалады.

Әдебиеттерге шолу жасау бастапқы дереккөздерге немесе жекелеген әдебиетке шолу болуы мүмкін. Мұның бастапқысына зерттеу объектілерін жатқызуға болады. Бұған еңбектері зерттелетін автор, тарихи құжаттар, заңнамалық және басқа нормативтік актілер және т.с.с. мәтіндер жатады. Қосымша дерек көздерге жұмысты орындау барысында қолданылатын, бірақ негізгі зерттеу объектісі болмайтын еңбектер жатады. Қосымша еңбектерге белгілі бір мәселе бойынша жүргізілген немесе сонымен байланысы бар зерттеулер де жатады.

Тарихи зерттеу еңбектеріне шолу жасау тарихнамалық зерттеу деп аталады. Тарихнамалық зерттеулерге жалпы зерттеу жұмыстарын жүргізуге қойылатын жоғары талаптар қойылады.

Бұл талаптар төмендегідей:

  • тарихнама толық болуы тиіс, яғни зерттеу тақырыбымен қандай да байланысы бар тарихи дерек толық қамтылуы тиіс;

  • тарихнаманың хронологиялық тәртіпке сәйкес критерийлері, авторы, жазылған тілі, ғылыми деңгейі, ғылыми мектепке жатуы және т.с.с жүйелі түрде берілуі тиіс;

  • зерттелетін мәселеге қатысты белгілі ғалымдардың пікірлері мен көзқарастары қысқаша талданып, салыстырылуы тиіс.

Осыған ұқсас талаптар дерек көздерге шолу жасауға да қойылады. Оның айырмашылығы онда дереккөздердің классификациясы, сонымен қатар, оларды іздеп табу, таңдау және пайдалану әдістерінің сипаттамасы толық беріледі.

5.4.10 Әдебиеттер мен дереккөздер тізімі

Әдебиеттер тізімінің дұрыс берілуіне маңызды назар аударылады. Кейбір жұмыстарда бұл тізім бірнеше бөлімдерден тұрады.

Әрбір әдебиет талапқа сай сипатталуы тиіс. Бұл сипаттамаға төмендегілер кіреді: автордың толық аты-жөні; кітаптың толық атауы; қисық сызықтан кейін – аудармашы туралы мәліметтер (аударма болса) немесе редактор туралы (кітап авторлар тобымен жазылса), том саны (жеке баспадан шыққан бөлімдері болса); сызықшадан соң – баспадан шығарылған қаланың атауы; қос нүктеден соң – баспаның аталуы; үтірден соң - шығарылған жылы. Мысалы:

Ши-цзин. Книга песен и гимнов / Пер. А. Штукина. - М.: Художественная литература, 1987.

Әдебиеттер тізімін құрудың бес түрлі әдісі бар:

  • әліпби ретімен

  • хронологиялық

  • тақырыптық

  • басылым түріне байланысты

  • мазмұнының сипатына байланысты.

Әліпби ретімен берілген тізімде барлық әдебиеттер кириллица және латынның бірінші әрпі бойынша орналасады (басқа әліпби түрлері транскрипт бойынша екеуін алмастырады). Хронологиялық тізімде – баспаға шығарылған жылы бойынша; Тақырыптық тізімде – тақырып атаулары немесе тараулар бойынша. Басылым түріне байланысты тізімдерде – бірінші ресми құжаттар, содан соң мұражай материалдары, содан соң баспаға шығарылған дереккөздер бойынша (алғашында монографиялық, содан соң мерзімдік басылымдар). Мазмұнының сипатына байланысты тізімде – алғаш жалпы (классикалық) жұмыстар, содан соң жеке жұмыстар орналасады.

Тарихи әдебиеттер мен дереккөздердің тізімі әр тарау үшін міндетті тақырыптары бар төмендегідей құрылымда түзіледі:

Бірінші баспадан шығарылған және шықпаған дереккөздер болып бөлінеді; баспадан шығарылған дереккөздерге заңнамалық және нормативтік құжаттар жатады. Бұл құжаттар мағынасы бойынша, ал оның ішінде бөлінген құжаттар тобы – хронологиялық тәртіп бойынша жүйелендіріледі.

Баспадан шықпаған дереккөздерге мұрағаттық құжаттар жатады, мұнда негізгі қордың нөмірі мен атауы, жазба және іс нөмірі көрсетілген атаулары әліпби реті бойынша беріледі. Қолмен жазылған құжаттар бөлімі мен кітапханалары жинаққа және қорларға өткізіледі. Әдебиеттерге жасалған сілтемелер мәтінде тік жақшаларға алынған санмен көрсетіледі. Ол әдебиеттер тізіміндегі реттік нөмірмен сәйкес болуы тиіс.

5.4.11 Сілтемелер: үзінді және ескертпелер

Жоғары оқу орындарындағы академиялық жұмыстарда дәйексөздерді (цитата) мысалға келтіру кең қолданылады. Дәйексөзді мысалға келтіруде оның алынған дереккөздеріне сілтеме жасалып, рәсімделуі қажет. Дәйексөзді рәсімдеудің екі түрлі әдісі бар: сілтемелер және ескертпелер.

Дәйексөз келтірілген үзіндінің соңында оның жұмыстағы реттік нөмірін білдіретін сан тік жақшаға алынып беріледі.

Ескертпе түріндегі сілтемелер курстық жобаларда қолданыла бермейді. Олар көбінесе диссертациялық жұмыстарда және педагогикалық диплом жұмыстарын орындауда қажет болады. Олар келесі тәртіп бойынша рәсімделеді: мәтіндегі барлық үзінділер басынан аяғына дейін түгелімен нөмірленгенде немесе нөмірлеу тараулар бойынша бөлінгенде, бұл нөмірлеу тарау соңында қайталанады және әр нөмірдің астында сәйкес сілтеме жазылады.

Берілген екі әдіске мәтінге автордың берген түсініктерін де жатқызуға болады.

5.4.12 Қосымшалар

Кейде курстық жобада/ жұмыста қосымшалар беріледі және мәтінде оларға сілтеме жасалады. Қосымшаға әр түрлі кестелер, графикалық сызбалар және т.с.с. жатады. Қосымшалар қолданылған әдебиеттер тізімінен кейін жазылады. Әр қосымша жаңа беттен жазылады.

5.4.13 Графикалық жұмыстарды рәсімдеу

Курстық жобаның/ жұмыстың графикалық бөлігі стандартты көлемді сызу қағаздарында орындалады.

Әр беттің шеткі жиектері болады және негізгі жазба жұмыстары КҚБЖ стандартының талаптарына сәйкес болуы тиіс.

Барлық сызба жұмыстары тиісті стандарттарға сәйкес орындалады. Олар нақты, түсінікті және жинақы болуы тиіс. Жобаланатын жұмыс нысанының жалпы көрінісі және жеке түйіндерін сызу қажетті проекцияларда орындалады.

5.4.14 Академиялық жұмысқа рецензия және пікір беру

Академиялық жұмысқа берілген рецензияның және пікірдің (қажет болғанда) көлемі екі беттен аспауы тиіс. Онда жұмыста қойылған негізгі мәселелер, оның жалпы бағыты мен құрылымы, жұмыстың жетістіктері, оның талапқа сай баяндалуы, материалдың ауқымдылығы мен тиянақтылығы, жұмыстың перспективалылығы және т.с.с. жазылады.

Ескерту: Академиялық жұмыстың мәтіндік материалдарын рәсімдеуге қойылатын талаптар – жұмыс тиісті МСТ-қа сай болуы тиіс және бұл білімгерлердің барлық өзіндік жұмыстарына: дипломдық жобаға/ жұмысқа, курстық жобаға/ жұмысқа, бақылау жұмыстарына, өндірістік тәжірибе бойынша есепке, рефератқа, баяндамаға, мақалаға, аннотацияға (түйінге) қатысты болып табылады.