Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
14 Курсты жм йым жне ор+++.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
323.58 Кб
Скачать

5.2 Курстық жобаның/ жұмыстың тақырыптары

Курстық жобалаудың тақырыптары белгіленген пәннің бағдарламасына сәйкес болуы, білім беру саласының міндеттеріне сай келетін, сонымен қатар, білімгерлерді кәсіби даярлаудың және өндірістің, ғылым мен техниканың, мәдениеттің практикалық талаптарымен байланысы болуы тиіс.

Курстық жобаның/жұмыстың тақырыптары әзірленген тапсырмасымен бірге мамандар дайындайтын кафедраның мәжілісінде бекітіледі.

Курстық жұмыс тақырыптары әрбір білімгерге дербес бекітіледі. Тапсырмада жұмысты орындау мерзімі, берілген күні және кафедраның мәжіліс хаттамасының нөмірі көрсетіледі. Жалпы кәсіби пәндер бойынша курстық жобаның/жұмыстың тақырыптары кәсіби (арнайы) кафедрамен келісілуі тиіс.

Курстық жобалаудың тақырыптары отандық және шетелдік тәжірибені, ғылым мен техниканың, мәдениеттің жетістіктерін баяндайтын әдебиеттерді кең қолдана отырып, білімгерлердің өндірістік тәжірибе нәтижелерінің, кафедра мүшелерінің ғылыми жұмыстарының және білімгерлердің үйірмелік жұмыстарының негізделгенідігі орынды.

Курстық жобаның/жұмыстың тақырыбына қойылатын негізгі талаптардың біріне сабақтастық және перспективалық (болашаққа бағдарлануы) жатады. Тақырыптың сабақтастығы дегеніміз – оның БҒЗЖ немесе әрбір жеке білімгердің бұдан бұрынғы ғылыми жұмысының жалғасы (жалғастырушы курстық жұмыс), ал болашағы – келешекте тақырып материалдарын дипломдық жобаға/жұмысқа қолдана алу мүмкіндігі болып табылады. Курстық жобаның/жұмыстың тақырыбы өзектілігімен, практикалық маңыздылығымен және жаңалығымен ерекшеленуі тиіс.

Курстық жобалау тақырыбының мазмұны төмендегідей болуы мүмкін: мамандарды дайындау бағытына сәйкес мәселелер бойынша нақты ғылыми тақырып, әлеуметтік және мәдени жаңашылдығы бар мәселені қамтитын тақырыптар.

Курстық жобаға/жұмысқа бір тақырып беру бірнеше білімгердің қарастырылатын бір сұрақтың, мәселенің, зерттеу нысанының әр түрлі шешу жолдарына немесе принциптеріне негізделген бәсекелес идеялары туындаған жағдайда талқыланады. Мұндай жұмыстар бір мезгілде бір комиссияның алдында қорғалуы қажет.

Мамандық ішіндегі кешенді тақырыптарбір зерттеу нысанының бірнеше элементтерін бір-бірімен өзара байланыстыра отырып, бірнеше білімгердің орындауы қарастырылады. Мұнда ортақ бір мәселені ашу үшін әр білімгерге тақырып бойынша нақты тапсырма беріледі. Мұндай кешенді жобаны/жұмысты орындау нәтижесінде қарастырылатын тақырып бойынша орындалған жұмыс комиссияға бір мезгілде ұсынылады, ал жобаны/жұмысты қорғау кезінде әр білімгер өзінің бөлімі бойынша жеке баяндама жасайды.

5.3 Курстық жобаның/ жұмыстың мазмұны мен көлемі

5.3.1 Курстық жобаға/жұмысқа тапсырма

Тапсырма жобаның/жұмыстың қалыптасқан тақырыбынан, оның көлемі мен мазмұнынан, курстық жобаны/жұмысты орындауға арналған бастапқы мәліметтерден, оның есептеу-графикалық бөлімін орындауға арналған мәліметтерден, графикалық материалдың көлемі мен сипатын (курстық жоба үшін) анықтайтын сипаттамалардан тұрады.

Тапсырма арнайы үлгідегі бланкіде рәсімделеді және ол қарастырылатын негізгі мәселелердің тізімін белгілейтін материалдардан тұрады, онда олардың орындалу мерзімдері, дайын жұмысты кафедраға тапсыру мерзімі, кафедраның мәжіліс хаттамасының нөмірі көрсетіледі.

Тапсырма ғылыми және әдістемелік тұрғыдан мұқият қарастырылып, жобаны/жұмысты орындау белгіленген мерзімге және білімгердің дайындық деңгейіне сәйкес болуы тиіс.

Тапсырма білімгерге курстық жобалаудың басталуына немесе тәжірибеге (курстық жобаны орындауға арналған материалдарды тәжірибе барысында жинақтау қажет болғанда) кем дегенде бір апта қалғанда немесе курстық жұмыспен тығыз байланысты пәндерді өту барысында беріледі.

5.3.2 Курстық жобаның/ жұмыстың құрылымы

Курстық жоба/ жұмыс әр түрлі ақпараттар көзін пайдаланып, ғылыми әдебиеттерді талқылап, өзіне дейінгі зерттеу жұмыстарының нәтижелеріне сілтеме жасай отырып, өзінің дербес зерттеу жұмысында пайдалану, мәселені өз бетінше зерттеу, берілген ғылыми терминология мен анықтамаларды нақты қалыптастыру, зерттеу тақырыбын, әдістерін анықтау, материалдарды жүйелендіру, алынған нәтижелерді жалпылау және қорытындылау, өзінің ойын логикалық тұрғыда пайдаланып, берілген ғылыми тақырыпты өз бетінше зерттеп шығу болып табылады.

Курстық жобаның/жұмыстың түсінік хат түріндегі мәтіндік материалы білімгердің теориялық білімінің деңгейін, оларды іс жүзінде қолдана білуін көрсететін негізгі құжат болып табылады.

5.3.3 Курстық жобаның/жұмыстың мәтіндік материалының құрылымы мен көлемі

Курстық жоба түсінік хатының жалпы көлемі кем дегенде 25 бет, курстық жұмыстың түсінік хаты А4 көлемді 20 бет болуы тиіс (қолмен жазғанда 1 бетте – 27 қатар, компьютерде кегль – 14, шрифт – Times New Roman немесе KZ Times New Roman, бір интервал, түсінік хаттың жиектерінің өлшемі төмендегідей болуы тиіс: сол жақ – 35мм, оң жақ – 10мм, жоғарғы – 20мм, төменгі – 20мм.

Түсінік хат міндетті түрде төмендегі элементтерді қамтуы тиіс:

  • титул беті;

  • жобаны/жұмысты орындау тапсырмасы;

  • мазмұны;

  • кіріспе;

  • негізгі бөлім;

  • қорытынды;

  • пайдаланылған әдебиеттер тізімі;

  • қосымшалар (қажет болған жағдайда).

Кіріспеде мынадай мәселелер қамтылуы тиіс:

  • тақырыптың негіздемесі, оның өзектілігі, ғылыми және практикалық маңыздылығы;

  • зерттеудің міндеттерін, жаңашылдық сипатын, негізгі мақсатын анықтау;

  • жұмыстың теориялық негіздері мен зерттеудің базалық әдістерін анықтау (есептеу, жобалау).

Кіріспенің көлемі жалпы жұмыс көлемінің оннан бірін алуы тиіс.

Негізгі бөлімнің мазмұны КЖ/КЖұм орындауға арналған әдістемелік нұсқауға сәйкес орындалуы тиіс. Курстық жобалауды орындайтын әр кафедра курстық жобалауды орындауға арналған әдістемелік нұсқау дайындауға міндетті және онымен барлық білімгер қамтамасыз етілуі тиіс. КЖ орындауға арналған әдістемелік нұсқау кафедра мәжілісінде және факультеттің ғылыми-әдістемелік кеңесінде талқыланып, бекітілуі тиіс. Әдістемелік нұсқауда курстық жобаны/жұмысты орындаудың нақты алгоритмі беріліп, КЖ міндеттері, бастапқы мәліметтер сипаты, жобаның/жұмыстың жеке бөлімдерінің, түсінік хаттың көлемі мен мазмұны; ұсынылатын әдебиеттердің және оқу- әдістемелік құралдардың тізімі; түсінік хатты және графикалық материалды рәсімдеу бойынша нұсқаулар; әр бөлімнің еңбек сыйымдылығы көрсетілген жобаны/жұмысты орындаудың күнтізбелік кестесі берілуі тиіс.

Курстық жобаны/жұмысты орындау кезінде Интернеттен алынған дайын материалдарды толық қолдануға тыйым салынады.

КЖ/КЖұм қорытындысында барлық орындалған жұмыстар, тақырып бойынша ғылыми жетістіктер жинақталады, сонымен қатар берілген сала бойынша болашақта қолданылатын зерттеулер бағыттары анықталады. КЖ қорытынды бөлімінде тапсырмаға сәйкес қойылған міндетке, зерттелген нысанға қысқаша сипаттама беріледі, оны басқа нұсқалармен салыстырып, оның әлеуметтік, инженерлік-техникалық, экономикалық, экологиялық және басқа көрсеткіштері жағынан артықшылықтары көрсетілуі тиіс.

5.3.4 Курстық жобаның/ жұмыстың графикалық бөлімінің мазмұны мен көлемі

Графикалық материалды дайындау қажеттілігі, оның мазмұны және көлемін курстық жобалаудың жетекшісі нақты пән бойынша кафедрада бекітілген курстық жобаға/ жұмысқа қойылатын жалпы талаптар негізінде белгілейді. Курстық жобаның/жұмыстың графикалық бөлімі жобаланатын зерттеу нысаны, оның жұмыс істеу принциптері туралы жалпы көрсеткіш ретінде болады және жалпылама негізде курстық жобаның/жұмыстың мақсатты бағытына байланысты белгіленген арнайы құжаттардан: сызбалар, кестелер, диаграммалар, иллюстрациялық плакаттар сипатындағы материалдар, жалпы көрініс сызбалары, жинақтау сызбалары, технологиялық-өндірістік тізбек, нысан элементтерінің жоспары мен қималарынан және т.б. тұрады. Кейбір жағдайда (шет тілі, әдебиет пәндері бойынша) графикалық бөлімнің болмауы мүмкін.

Графикалық бөлімнің көлемі: курстық жобада – стандартты А1 форматтағы бетте – 3 бет, курстық жұмыста 2 беттен аспауы тиіс.