
- •Мазмұны
- •2 Нормативтік сілтемелер
- •2.1 Нормативтік құжаттар
- •3 Негізгі терминдер, қысқартулар, шартты белгілер
- •3.1 Негізгі терминдер
- •3.2 Қысқартулар
- •3.3 Шартты белгілер
- •4 Жауапкершілік және өкілеттілік
- •5 Жалпы ережелер
- •5.1 Курстық жобалаудың мақсаты мен міндеттері
- •5.2 Курстық жобаның/ жұмыстың тақырыптары
- •5.3 Курстық жобаның/ жұмыстың мазмұны мен көлемі
- •5.4 Курстық жобаны/ жұмысты рәсімдеу
- •5.5 Курстық жобалауды ұйымдастыру
- •5.6 Курстық жобаны/ жұмысты қорғау
- •5.7 Курстық жобаны/ жұмысты қорғау нәтижелерін рәсімдеу
- •Қазақ технология және бизнес университеті
- •Тапсырма
- •Қазақ технология және бизнес университеті
3.2 Қысқартулар
Жұмыс нұсқауында төмендегідей қысқартулар қолданылады:
ҚазТБУ |
Қазақ технология және бизнес университеті |
МЖМБС |
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты; |
БҒЗЖ |
білімгерлердің ғылыми-зерттеу жұмыстары; |
БОЗЖ |
білімгерлердің оқу-зерттеу жұмыстары; |
ЕГТ |
есептеу-графикалық тапсырмалары; |
БӨЖ |
білімгерлердің өзіндік жұмыстары; |
КҚБЖ |
конструкторлық құжаттардың бірыңғай жүйесі; |
ТҚБЖ |
техникалық құжаттардың бірыңғай жүйесі; |
МСТ |
Мемлекеттік стандарт; |
КЖ |
курстық жоба; |
КЖұм |
курстық жұмыс; |
БОӨЖ |
білімгерлердің оқытушылармен өзіндік жұмысы; |
ОӘК |
оқу-әдістемелік кеңес; |
ҒӘБ |
ғылыми-әдістемелік бюро; |
КОЖ |
кредиттік оқыту жүйесі; |
ПОӘК |
пәннің оқу-әдістемелік кешені |
СМБ |
сапа менеджментінің бөлімі |
ОИБ |
оқу -инновациялық бөлімі |
3.3 Шартты белгілер
Жұмыс нұсқауында қолданылатын шартты белгілер:
-
үрдістің басы -
үрдіс барысы
Иә
-
үрдіс барысы - қабылданған шешім
жоққ
- үрдістің соңы -талаптар
-
шығыс құжаты
-кіріс мәліметтері
4 Жауапкершілік және өкілеттілік
Жұмыс нұсқауын университет президенті бекітеді.
Жұмыс нұсқауында көрсетілген талаптардың жүзеге асырылуына президентің оқу- әдістемелік істер жөніндегі орынбасары, СМС бастығы, ОИБ бастығы және факультет декандары жауапты болып табылады.
Жұмыс нұсқауының талаптарын дайындауға және олардың СТИ 01-2006, СТИ 02-2006, СТИ 07-2006, СТИ 08-2006 сәйкес болуына СМС бастығы жауапты. Білімгердің орындаған жұмысының сапасына курстық жобаның/жұмыстың жетекшісі жауапты болып табылады.
5 Жалпы ережелер
5.1 Курстық жобалаудың мақсаты мен міндеттері
Курстық жобалау ЖОО-да мамандарды кәсіптік даярлаудың бір кезеңі болып табылады, оның мақсаты:
білімгерлердің дәріс алу кезінде алған білімдерін бекіту, тереңдету және қорытындылау, білімдерін нақты кәсіби мәселені кешендік шешу кезінде қолдана білуді үйрету;
білімгерлерге мамандар дайындаудың бағыттары бойынша берілген мәліметтердің ақпарат көздерін, анықтама әдебиеттерін, МСТ, бірыңғай нормалар мен бағаларды, кестелерді, номаграммаларды, типтік жобаларды, сәйкес ведомстволардың өндірістік іріленген және сметалық нормаларын, статистикалық мәліметтерді, ғылыми әдебиеттерді, жұмысты безендіру кезінде ақпараттық технологияларды және т.б. пайдалана білуді үйрету;
білімгерлерге өзіндік ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуге, сын тұрғысынан ойлауға, қоғамдық мәселелерге талдау жасауға, мәселелерді шешу жолдарын өз бетінше іздестіруге және пайдалана білуге қабілетті маманның, әлеуметтік жауапты азаматтың алғашқы дағдыларын қалыптастыру;
білімгерлерді жалпы кәсіби пәндер бойынша ең алғашқы курстық және есептеу-графикалық жұмыстарын орындау барысында бастағаннан таңдаған мамандығына бағыттау және бейімдеу;
білімгерді шығармашылық және сын тұрғысынан талдау жасауға, өз бетінше ойлау қабілетіне, ұжыммен бірге жұмыс жасауға, қазіргі заманғы компьютерлік техника мен ақпараттық компьютерлік технологияларды қолдана білу дағдыларына баулу.