Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
14 Курсты жм йым жне ор+++.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
323.58 Кб
Скачать

«Бекітемін»

Қазақ технология және бизнес университетінің президенті

________ С.Н.Байбеков

«_____» _____________ 2011ж.

САПА МЕНЕДЖМЕНТІНІҢ ЖҮЙЕСІ

ЖҰМЫС НҰСҚАУЫ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫ (ЖОБАНЫ)

ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ОРЫНДАУ

ЖН-ОБ-001/14-2011

Қызмет бабында пайдаланылатын басылым

Астана

АЛҒЫ СӨЗ

1

Оқу бөлімімін ӘЗІРЛЕНДІ ЖӘНЕ ЕНДІРІЛДІ

2

ӘЗІРЛЕГЕНДЕР:

ОБ бастығы

СМЖ жауаптысы

3

КЕЛІСІЛДІ:

Ғылыми жұмыстар және сыртқы экономикалык байланыстар жөніндегі проректор

4

Қазақ технология және бизнес университеті президентінің «_____» ______ 2011ж. №____ бұйрығымен БЕКІТІЛДІ ЖӘНЕ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ.

5

БІРІНШІ РЕТ ЕНГІЗІЛДІ

6

ТЕКСЕРІЛУ МЕРЗІМІ

2013ж.

7

ТЕКСЕРІЛУ ДҮРКІНДІЛІГІ

2 жыл

Осы құжатты Қазақ технология және бизнес университетінің рұқсатынсыз толық немесе жартылай қайталауға, көбейтуге және таратуға болмайды.

Мазмұны

1 Қолданылу саласы ....................................................................................... 2

2 Нормативтік сілтемелер .................................................................................3

2.1 Нормативтік құжаттар ....................................................................................3

3 Негізгі терминдер, қысқартулар, шартты белгілер......................................3

3.1 Негізгі терминдер ...........................................................................................3

3.2 Қысқартулар....................................................................................................4

3.3 Шартты белгілер ............................................................................................4

4 Жауапкершілік және өкілеттілік.....................................................................5

5 Жалпы ережелер............................................................................................5

5.1 Курстық жобалаудың мақсаттары мен міндеттері .....................................5

5.2 Курстық жобаның/ жұмыстың тақырыптары.................................................6

5.3 Курстық жобаның / жұмыстың мазмұны мен көлемі....................................6

5.4 Курстық жобаның /жұмысты безендіру..........................................................8

5.5 Курстық жобалауды ұйымдастыру...............................................................13

5.6 Курстық жобаны /жұмысты қорғау ...............................................................14

5.7 Курстық жобаны / жұмысты қорғау нәтижелерін рәсімдеу.......................16

6 Үрдіс сызбасы ................................................................................................17

Қосымшалар:

А қосымшасы Өзгерістер енгізу парағы..............................................................22

Ә қосымша Келісу парағы....................................................................................23

Б қосымша Танысу парағы...................................................................................24

Құжатты әзірлегендер:

1 қолданЫЛу саласы

Жұмыс нұсқауында Қазақ технология және бизнес университеті (ары қарай – университет) кафедраларында курстық жобалауды ұйымдастырудың негізгі кезеңдері белгіленіп, жан-жақты қарастырылады. Университетте оқытудың барлық түрлері (күндізгі, сырттай) бойынша жұмыс оқу жоспарларында курстық жұмыстарының орындалуы жоспарланған барлық мамандықтар бойынша курстық жобалауды ұйымдастыру осы ЖН сәйкес жүзеге асырылады.

2 Нормативтік сілтемелер

2.1 Нормативтік құжаттар

МС ИСО 9001-2000

Сапа менеджментінің жүйелері. Талаптар.

ҚР СТ1.12-2000

Нормативтік мәтіндік құжаттар. Жұмыстың құрылымына, баяндалуына, рәсімделуі мен мазмұнына қойылатын жалпы талаптар.

3 Негізгі терминдер, қысқартулар, шартты белгілер

3.1 Негізгі терминдер

Жұмыс нұсқауында төмендегідей терминдер мен анықтамалар қолданылады:

Курстық жоба

негізгі принциптерге сүйене отырып, жүргізілген есептеулер мен сипаттамалары бар, экономикалық қолдану технологиясы, эргономикалық, техникалық эстетика (инженерлік мамандықтар үшін), қауіпсіздік техникасы және т.б. талаптарды ескере отырып, сызбалар мен нобайлардың негізінде белгіленген мерзім ішінде орындалуы тиіс жұмыс көлемін дайындауға мүмкіндік беретін жобаланатын нысанға қатысты техникалық құжаттар кешені;

Курстық жұмыс

әр түрлі ақпараттар көзін пайдалану, ғылыми әдебиеттерді, бұдан бұрынғы зерттеу нәтижелерін дербес зерттеу жұмысында пайдалану, проблемалы мәселеге қатысты өзіндік көзқарасын тұжырымдау, тақырыпқа қатысты ғылыми терминологиясы мен анықтамаларын нақты қалыптастыру, зерттеу тақырыбын, әдістерін анықтау, материалдарды жүйелендіру, нәтижелерді жалпылау және қорытындылау, өзінің ойын логикалық тұрғыдан тұжырымдай білу (гуманитарлық мамандықтар үшін) шеберлігі арқылы нақты ғылыми тақырыпты өз бетінше дайындау.

Үздіксіз курстық жоба

Болашақта дипломдық жобаны орындауға бағытталған тақырыптың бір бөлімін орындау.

Мамандық аясындағы кешенді тақырыптар – бір зерттеу нысанының бірнеше элементтерін бір-бірімен өзара байланыстыра отырып, бірнеше білімгердің орындауы қарастырылады. Мұнда ортақ бір мәселені ашу үшін әр білімгерге тақырып бойынша нақты тапсырма беріледі. Мұндай кешенді жобаны/жұмысты орындау нәтижесінде қарастырылатын тақырып бойынша орындалған жұмыс комиссияға бір мезгілде ұсынылады, ал жобаны/жұмысты қорғау кезінде әр білімгер өзінің бөлімі бойынша жеке баяндама жасайды.

Курстық жобаға/ жұмысқа бір тақырып беру – бірнеше білімгердің қарастырылатын бір сұрақтың, мәселенің, зерттеу нысанының әр түрлі шешу жолдарына немесе принциптеріне негізделген бәсекелес идеялары туындаған жағдайда қарастырылады. Мұндай жұмыстар бір мезгілде бір комиссияның алдында қорғалуы қажет.