Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Azamatty.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
12.12.2019
Размер:
60.63 Кб
Скачать

  1. Қандай қоғамдық қатынастар Азаматтық құқықтың нысанасы (пәні) болып табылады? Қатысушылардың теңдігіне, шарт еркіндігіне негізделген мүліктік қатынастар, мүліктік емес жеке қатынастар

  2. «Заңды тұлға» түсінігі қандай нормативтік құқықтық актіде берілген? ҚР Азаматтық кодексінде

  3. ҚР-сы Азаматтық кодексі (жалпы бөлім) қабылданған уақыт: 1994 жылғы 27 желтоқсан

  4. ҚР Азамттық кодексінің (жалпы бөлім) заңды күшіне енген уақыт: 1995ж 1 наурыз

  5. Төмендегі нормативтік құққытық актілердің қайсысының заңдық күші басым? ҚР-сы Конститутциясы

  6. Жалпы ереже бойынша азаматтық заң актілерінің кері күші бар ма? Кері күші болмайды және ол күшінен енгізілгенне кейін пайда болған қатынастарға ғана қолданылады

  7. Азаматтық кодекске сәйкес азаматтық заңдардың ұқсастығына қарай қолданылуы- ұқсас қатынастарды реттейтін азаматтық заң қалыптарын қолдану

  8. ҚР азаматтық кодексінің ( жалпы бөлімі) құрылымына қанша бөлім, тарау және бап кіреді? 3 бөлім, 24 тарау, 405 бап

  9. Азаматтық құқықтағы міндеттеме мен шарттың арақатынасы қандай? Міндеттеме- құққытық қатынас, ал шарт-келісім

  10. АҚ қатынастардың мазмұнын не құрайды? Азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылардың субъективтік құқықтары мен субъективтік міндеттері

  11. АҚ қатынастың пайда болуы, өзгеруі және тоқтатылуының негізі қайсысы заңды фактілер

  12. Заңды (заңи) фактілердің түрлері: құқық тудыратын, өзгертетін, тоқтататын

  13. А Қ субьектілерінің толық құрамы қайсысы? Жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, мемлекет, әкімшілік-аумақтық бөлініс.

  14. А.Қ. қағидаларына жатпайды: міндеттеуші.

  15. А.Қ. ғана тән қағидат(принцип)-шарт еркіндігі

  16. А.Қ. функцияларына жатпайды:

  17. А.Қ. қатынастың элементтері: субъектілері, объектілері, мазмұны.

  18. А.Қ. реттеу әдісі- қатысушылардың керекті мінез-құлқын қалыптастыра алатын құралдар мен әдістер жүйесі.

  19. А.Қ. субъектісіне қайсысы жатпайды: халқаралық ұйым.

  20. А.Қ. объектілері: материалдық және материалдық емес игіліктер мен құқықтар.

  21. А.Қ. қорғауды қай орган жүзеге асырады? Сот

  22. Төменде аталғандардың қайсысы құқық қорғау тәсілдеріне жатады? Кінәлілік презумциясы

  23. А.Қ. қатынастың ерекшеліктері: объектісі мен әдістеріне байланысты

  24. Өзін-өзі қорғау дегеніміз? Заң құжаттарында арнайы көзделген реттерде азаматтық құқықтарды қорғау құқығы бұзылған тұлғаның тікелей іс жүзіндегі немесе заңды әрекеттермен жүзеге асырылуы

  25. Жылжымайтын мүлікті кепілге беру: мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап пайда болады

  26. Коносамент-теңіз тасымалдауында оны ұстаушының онда көрсетілген жүкке билік ету және тасымалдау аяқталған соң жүкті алу құқын куәландыратын тауарға билік ету

құжаты.

  1. Акция-өз ұстаушысының акционерлік қоғам таза табысының бір бөлігін дивиденттер түрінде алуына, акционерлік қоғамның істерін басқаруға қатысуға және ол

таратылғаннан кейін қалған мүліктің бір бөлігіне құқығын куәландыратын бағалы қағаз

  1. Облигация- оны иеленушінің атаулы құнын немесе өзге де мүліктік эквивалентін шығарған тұлғадан оны шығару шартында белгіленген мерзімде алу құқын

куәландыратын бағалы қағаз.

  1. Ұсынушыға бағалы қағазбен куәландырылған құққыты басқа тұлғаға беру үшін: Бағалы қағазды сол тұлғаға тапсыру жеткілікті

  2. Атаулы бағалы қағазбен куәландырылған құқықтар тиесілі болатын тұлға: Онда аталған тұлға

  3. Бағалы қағазды берген тұлға және оның индоссияланған барлық тұлғалар оның заңды иесінің алдындағы жауапкершілігі: Ортақтасып жауап береді.

  4. Құқықтарды беру индоссамент жасау арқылы өтетін бағалы қағаз қалаай аталады: Ордерлік бағалы қағаз

  5. Қайсысы туынды бағалы қағаз болып табылады: Варрант

  6. Берілуге, пайдалануға рұқсат етілмейтін заттар қалай аталады: Айналымнан алынып тасталған

  7. Төмендегі терминдердің қайсысы акцияға қатысты қолданылады: артықшылықты.

  8. ҚР заңдарына сәйкес варрант деген-туынды бағалы қағаз

  9. Дара кәсіпкерліктің субъектісі болып қайсы табылады? Заңды тұлға құрмай кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлғалар

  10. Бірлескен кәсіпкерлік нысандарының бірі: ерлі зайыптылардың кәсіпкерлігі

  11. Жеке тұлға-ҚР азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар.

  12. А.Қ. қатынастың объектісіне жатпайды-виксель, суброгация

  13. А.Қ. қатынастың түрлеріне жатпайды-жария құқықтық қатынас

  14. Міндеттемеде субъектінің ауысуы-суброгация

  15. Заңды тұлға-оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беертін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым.

  16. А.Қ. жүзеге асыру-құқыққа ие тұлғаның құқық мазмұнын құрайтын мүмкіндіктерін жүзеге асыру.

  17. А.Қ. жүзеге асыру қағидалары: диспозитивтік, заңдылық, құқықты еш кедергісіз жүзеге асыру, адал және ақылға қонымды жүзеге асыру.

  18. Азаматттардың құқыққабілеттілік- азаматтық құқыққа ие болу және міндет атқару қабілеті

  19. Азаматтың құқық қабілеттілігі басталатын кезең- дүниеге келу

  20. Азаматтың құқық қабілеттілігі тоқтатылатын сәт-қайтыс болу

  21. Жалпы талаптар бойынша азаматтың есіміне кіретін ұғымдар-тегі, өз есімі, сондай-ақ, қаласа әкесінің аты.

  22. Азаматтың тұрғылықты жері ұғымы-азаматтың тұрақты немесе көбінесе тұратын мекен-жайы,

  23. 14жасқа толмаған азаматтардың тұрғылықты мекен-жайы ретінде танылатын жер- ата-аналарының, асырап алушыларының не қорғаншыларының тұрғылықты жері.

  24. Азаматтардың әрекет қабілеттілігі- азаматтың өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзі үшін азаматтық міндеттер жасап, оларды орындау қабілеттілігі.

  25. Жалпы ереже бойынша азаматтардың әрекет қабілеттілігі толық көлемде қай жастан п.б?- 18 жасқа толғаннан бастап

  26. 14 жасқа дейінгі азаматтар жасай алатын мәмілелер-ұсақ тұрмыстық

  27. Жасы он сегізге толмаған азаматтар қалай аталады?- кәмелетке толмағандар

  28. 14 жасқа дейінгі азаматтар өз қалауынша қандай мәмілелерді жасай алады-ата-анасының, асырап алушыларының немесе қорғаншыларының келісімімен

  29. Қандай мемлекеттік орган азаматты әрекет қабілеттілігі жоқ деп таниды-сот

  30. Қандай жағдайда азаматтың әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылуы мүмкін- егерде ол жүйке ауруы немесе ақыл-есінің кемдігі салдарынан өз әрекеттерінің мәнін түсіне алмаса және не істегенін білмесе

  31. Қандай жағдайда азаматтың әрекет қабілеттілігі шектелуі мүмкін-егерде ол спирт ішімдіктеріне немесе есірткі заттарға салыу салдарынан өзінің отбасы материалдық жағынан ауыр жағдайға ұшыратса

  32. Азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану үшін қанша мерзім қажет-1 жыл

  33. Егер азамат туралы деректер болмаса, сот оны қанша мерзімнен кейін өлді деп жариялайды-3 жыл

  34. Егер азаматты өлім қатері төнген немесе жазатайым оқиғадан қаза тапты деп жорамалдауға негіз болатын болса, қанша мерзімнен кейін сот оны өлді деп жариялайды- 6 ай

  35. Соғыс қимылдарына байланысты жоғалып кеткен әскери қызметші соғыс қимылдары аяқталғаннан кейін қанша мерзімнен кейін өлді деп жариялануы мүмкін-2 жыл

  36. 14 жасқа дейінгі кәмелетке жасы жетпегендер үшін қайсысы тағайындалады-қорғаншы

  37. Ә.Қ. шектелгенде кім тағайындалады- қамқоршы

  38. Әрекет қабілетсіз адамға тағайындалады-қорғаншы

  39. 14-18 ж ата-анасыз балаларға- қамқоршы

  40. Құқық қабілеттігі- ешнәрсеге тәуелсіз барлық жағдайларда беріледі

  41. Құқық қабілеттігі шектелуі мүмкін негіз қайсысы -заңнамаға сәйкес

  42. Жеке кәсіпкерлік-жеке кәсіпкер өзіне тиесілі барлық мүлік жиынтығымен, сонымен қоса мүліктік құқықтар негізінде өз қызметін жүзеге асыратын міндетті жұмыс

  43. Кәсіпкерлік деген- азаматтар мен заңды тұлғалардың, тауарларға сұранымды қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған, өз мүліктік жауапкершілігі мен тәуекеліне негізделген, өз атынан жүзеге асырылатын ынталы қызметі

  44. Қауымдастық деген-заңды тұлғалардың ерікті бірлестігі

  45. Жай серіктестік деген не- шарт, ол бойынша екі немесе одан да көп тұлғалар заңды тұлға құрмай ақ таза пайда табу мақсатында немесе заңға қайшы келмейтін өзгеде мақсаттарға жету үшін өздерінің салымдарын біріктіріп, және бірлесіп әрекет жасау туралы келісім.

  46. Консорциум- бірлескен шаруашылық қызмет туралы заңды тұлғалар арасаындағы шарт, олардың тең құқықты уақытша одақ

  47. Қатысушылары заңды тұлғаның мүлкіне меншік құқығын немесе өзге де заттық құқығын сақтап қалатын ұйымдар: мемлекеттік кәсіпорындар

  48. Лицензия- белгілі бір кәсіппен айналасу үшін, тауарды, қызметті, жұмысты жүзеге асыру құқығын беретін мемлекеттік органның рұқсаты.

  49. Акционерлік қоғамының акционерлерінің саны- шектелмеген

  50. Заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерегнде қайта құрылған заңды тұлғаға құқықтар мен міндеттер қандай құжаттар бойынша өтеді- өткізу актісі

  51. Өткізу актісі мен бөлу баланысының мазмұнында мына мәліметтер болуы тиіс: қайта құрылған заңды тұлғаның барлық несие берушілерімен борышқорлары алдындағы міндеттемелерімен тараптар арасында дау тудырған барлық міндеттерге құқық сабақтастығы туралы ережелер

  52. Мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың міндеттетмелері бойынша жауапкершілігі: Өзінің қарамағындағы барлық ақшамен

  53. Коммерциялық заңды тұлғалардың ұйымдастыру-құқықтық нысандары: мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив

  54. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлға қандай нысандарда құрылуы мүмкін? Мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғам, тұтыну кооперативі.

  55. Заңды тұлға дараландыру құралдары:бір заңды тұлғаның өзге ұқсас заңды тұлғалардан айыруға мүмкіндік беретін әдістер жиынтығы.

  56. З.Т. құққық қабілеттік пен әрекет қабілеттікті тіркейді-әділет министірлігі

  57. З.Т. органдары- жалпы жинплыс, басқарма, директорлар кеңесі

  58. З.Т. белгілері: ұйымдастық бірлігі, оқшау мүлкінің болуы, дербес мүліктік жауапкершілік, азаматтық құқықтар мен міндеттерге өз атынан дербес ие болу сотта талапкер мен жауапкер болу

  59. Заңды тұлғаның орналасқан жері ретінде танылатын мекен-жай:тұрақты жұмыс істейтін (атқарушы) органы орналасқан жер

  60. Жалпы ереже бойынша заңды тұлғаның құжаттары: жарғы, немесе жарғы және құрылтай шарты

  61. Филиал- заңды тұлғаның тұрған жерінен тыс орналасқан және оның міндеттерінің бәрін немесе бір бөлігін,соның ішінде өкілдік міндетін жүзеге асыру

  62. Өкіл- заңды тұлғаның тұрған жерінен тыс орналасқан және оның мүдделерін қорғау мен өкілдігін жүзеге асыру, оның атынан мәмілелер мен құқықтық әрекеттер жасайды.

  63. Қайсысы заңды тұлғаны қайта құру нысаны- өзгерту

  64. Заңды тұлғаның жарғылық мақсаттарына қайшы келетін қызмет үнемі жүзеге асырылған жағдайда ол: лицензиядан айырылуы тиіс

  65. Еншілес ұйым-жарғылық капиталының басым бөлігін басқа заңды тұлға қалыптастырған не олардың арасында жасалған шартқа сәйкес негізгі ұйым

  66. Тәуелді акционерлік қоғам- егер акционерлік қоғамның дауыс беруші акцияларының 20 проценттен астамы, басқа заңды тұлғанікі болса.

  67. Акционерлік қоғам- өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражат табу мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлға

  68. АҚ жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері-50 000 АЕК кем болмау

  69. Өндірістік кооператив-азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін мүшелік негізде олардың өз еңбегімен қатысуына және өндірістік кооператив мүшелерінің мүліктік жарналарын біріктіруіне негізделген ерікті бірлестік

  70. Өндірістік кооператив мүшелері бола алатындар: тек азаматтар

  71. Өндірістік кооператив субъектісі-16 жасқа толған жеке тұлға

  72. Мемлекеттік кәсіпорындардың түрлері-шаруашылық жүргізу құқығына және оралымды басқару құқығына негізделген

  73. Шаруашылық жүргізі құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын жарғылық капиталы- 10мың еселенген мөлшерінен кем болмау

  74. Шаруашылық серіктестік-жарғылық капиталы құрылтайшылардың үлесіне бөлінген коммерциялық ұйым

  75. Шаруашылық серіктестік түрлері- толық, сенім, жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестік

  76. Толық серіктестік- толық серіктестіктің мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда қатысушылары серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен ортақ жауапкершілікте болатын серіктестік

  77. Толық серіктестіктің жарғылық капиталы- 25000 мың кем емес

  78. Толық серіктестік қатысушыларының серіктестіктің міндеттемелері бойынша жауапкершілігі-ортақ, өздеріне тиесілі барлық мүлкімен

  79. Толық серіктестіктің қатысушылары ретінде бола алатындар: екіден кем емес жеке тұлға

  80. Толық серіктестіктің қатысушысы ретінде бола алатындар: тек жеке тұлғалар

  81. Қатысушылары тек азаматтар болып табылатын ұйым-толық серіктестік

  82. Шаруашылық серіктестіктің жарғылық капиталына үлес ретінде салынатындар: ақша, бағалы қағаздар, заттар, мүліктік құқық, санаткерлік қызмет нәтижесі құқығын қоса алғанда, өзге де мүлік.

  83. Шаруашылық серіктестіктің жоғарғы органы-оның қатысушыларының жалпы жиналысы

  84. Ш.С. органдары- жалпы жиналыс, атқарушы, бақылау және тексеру комиссиясы

  85. Сенім серіктестігі-серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзінің бүкіл мүлкімен қосымша жауап беретін бір не одан да көп қатысушылармен қатар, серіктестіктің мүлкіне өздері салған салымдардың жиынтығымен шектелетін коммерциялық ұйым

  86. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік-бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлеске бөлінген серіктестік

  87. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталының заңнамамен бекітілген төменгі мөлшері: 100 АЕКболмау

  88. Ж.ш.с. құра алады-жеке және заңды тұлға

  89. Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік-қатысушылары серіктестік міндеттемелері бойынша өздерінің жарғылық капиталы жауап беретін, ал бұл сомалар жеткіліксіз болған жағдайда өздеріне тиесілі мүлікпен оған өздері еселенген мөлшерде енгізген салымдар арқылы жауап беретін серіктестік

  90. Қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктің қатысушылары серіктестіктің міндеттемелері бойынша қалай жауап береді? Өз салымдарының көлемі шегінде еселенген мөлшерде қосымша жауап береді

  91. Мекеме- басқарушылық, әлеуметтік-мәдени немесе өзге де коммерциялық емес сипаттағы функцияларды жүзеге асыру үшін өзінің құрылтайшысы құрған және қаржыландыратын ұйым

  92. Мекеме түрлері: жеке меншік және мемлекеттік

  93. Мемлекеттік мекеме- басқарушылық, әлеуметтік-мәдени немесе коммерциялық емес сипаттағы өзге де функцияларды жүзеге асыру үшін мемлекет құрған және қаржыландырудың қосымша көздері ҚР заңдарында белгіленбесе, тек қана бюджет немесе ҚР Ұлттық Банкінің бюджеті есебінен қамтылатын коммерциялық емес ұйым.

  94. Жеке меншік мекеме-- басқарушылық, әлеуметтік-мәдени немесе коммерциялық емес сипаттағы өзге де қызметтерді жүзеге асыру үшін жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалар құрған, мемлекеттік құрылымның бөлігі болып табылмайтын ұйым

  95. Қоғамдық бірлестік- егер заңдармен өзгеше көзделмесе, саяси партиялар,кәсіптік одақтар және азаматтардың заңдарға қайшы келмейтін,өздерінің ортақ мақсаттарға жету үшін ерікті негізде құрған

  96. Қор- азаматтар және заңды тұлғалар ерікті мүліктік жарналар негізінде құрған, әлеуметтік, қайырымдылық, мәдени, білім беру және өзге де қоғамға пайдалы мақсаттарды көздейтін, мүшелігі болмайтын коммерциялық емес ұйым

  97. Тұтыну кооперативі-қатысушылардың материалдық және өзге де қажеттерін қанағаттандыру үшін өз мүшелерінің мүліктік жарналарын арқылы жүзеге асырылатын азаматтардың ерікті бірлестігі

  98. Діни бірлестік- рухани қажеттерін қанағаттандыру үшін өз мүдделерін ортақтығы негізінде, заң құжаттарында белгіленген тәртіп бойынша біріккен азаматтардың ерікті түрдегі бірлестігі.

  99. Банкроттық-борышкердің соттың шешімімен танылған оны таратуға негіз болып табылатын дәрменсіздігі

  100. Банкрот деп танығанда қарыздарды қайтару: 1. Адам өмірі мен денсаулығына келген зиянды өтеу; 2. Алимент пен еңбекақы өндіру; 3 Кепілмен қамтамасыз етілген қарыз; 4. Мемлекет пен бюджет алдындағы қарыздар; 5. Басқада несие берушілер;

  101. Оңалту- төлемге қабілетсіз борышкер оның таратылуын болғызбау мақсатында төлемге қабілеттілігін қалпына келтіруге бағытталған, заңнамаға қайшы келмейтін кез келген шаралар

  102. Сауықтыру- төлем қабілеті жоқ борышкердің таратылуына жол бермеу мақсатымен оның мүлкінің меншік иесі мен өзге де несие берушілермен тарапынан борышкердің төлем қабілетін қалпына келтіріп, қаржы мен өзге де ресурстарын жұмылдыруға бағытталған шаралар

  103. Типтік жарғы негізінде шағын кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын ұйымды заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу мерзімі- 3 жұмыс күн ішінде

  104. Коммерциялық емес ұйымдарды заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу мерзімі – 10 жұмыс күнне аспайтын мерзімде

  105. Қатысушылары заңды тұлғаның мүлкіне меншік құқығын сақтаамйтын ұйымдар: қоғамдық бірлестіктер, діни ұйымдар

  106. Заңды тұлғаның таратылуы кезінде еңбек шарты бойынша жұмыс істеген тұлғалардың жұмыс ақысы төлеу бойынша және авторлық шарттардың сый ықыларын төлеу бойынша және авторлық шарттардың сый ақыларын төлеу бойынша талаптар қандай кезекте қанағаттандырылады?Екінші кезекте

  107. Ұйымның заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуін жүзеге асыратын-әділет органдар

  108. Жалпы ереже бойынша заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі пайда болатын кезең: заңды тұлға тіркелгенде

  109. Шаруашылық жүргізу құққығында мемлекеттік кәсіпорын өз борыштары үшін қандай мүлкімен жауап береді? Өзінің барлық мүлкімен

  110. Заңды тұлға таратылған кезде бюджетке міндетті төлемдер жөніндегі міндеттемелер қандай кезекте қанағаттандырылады? Төртінші кезең

  111. Заңды тұлғалардың қандай нысаны мүлікті шаруашылық жүргізу құқығы негізінде иеленеді? Мемлекеттік кәсіпорын

  112. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың саны:шектелмеген

  113. Заңды тұлғаны қосу барысында оның құқықтары мен міндеттері қандай құжатқа сәйкес жаңадан пайда болған заңды тұлғаға өтеді? Өткізу актісі

  114. Бір заңды тұлғаны екінші бір заңды тұлғаға біріктіру барысында соңғысына құқықтары мен міндеттері қандай құжаттарға сәйкес өтеді? Өткізу актісі

  115. Заңды тұлғаны бөлу кезінде оның құқықтары мен міндеттері жаңа пайда болған заңды тұлғаға қандай құжат негізінде өтеді? Бөлу балансы

  116. Бір заңды тұлғаның құрамынан бір немесе оданда көп заңды тұлға бөлініп шыққанда олардың әрқайсысына бөлінген заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттері қандай құжатқа сәйкес өтеді? Бөлу балансы

  117. Өткізу актісі мен бөлу балансының мазмұнында мына мәліметтер болуы тиіс: қайта құрылған заңды тұлғаның барлық несие берушілері мен борышқорлары алдындағы міндеттемелері мен тараптар арасында дау тудырған барлық міндеттерге құқық сабақтастығы туралы ережелер

  118. Заңды тұлға таратылған кезде кепілмен қамтамасыз етілген несие берушілердің талаптары жөніндегі міндеттемелер қандай кезекте қанағаттандырылады? Үшінші кезекте

  119. Мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың міндеттемелері бойынша жауапкершілігі: өзінің қарамағындағы барлық ақшамен

  120. Ақша-еліміздің бүкіл аумағында өз құны бойынша қабылдануға міндетті заңды төлем құралы

  121. Бағалы қағаз-мүліктік құқықты куәландыратын белгілі бір жазбалар мен басқа да белгілердің жиынтығы.

  122. Своп-сәйкес тараптар келісілген шарттармен базалық активтер немесе болашақтағы базалық активтер бойынша төлемдерді айырбастау жөнінде пәтуаласатын туынды қаржы құралы

  123. Форфард-сатып алушы (не сатушы) болашақта келісілген шарттарда базалық активті сатып алудың белгіленген мерзімі өткеннен кейін міндеттемені өзіне алатын туынды қаржы құралы

  124. Фьючерс- сатып алушы ұйымдастырылған нарықта белгіленген шарттарға сәйкес базалық активті сатып алудың белгіленген мерзімі өткеннен кейін міндеттеменеі өзіне алатын тек ұйымдастырылған нарықта айналымға түсетін туынды қаржы құралы

  125. Қаржы құралдары- операциялар нәтижесінде бір ұйымның қаржылық активімен бір мезгілде басқа ұйымда қаржылық міндеттеме не үлестік құрал туындайтын ақша, туынды құнды қағаздарды қоса алғанды, құнды қағаздар, туынды қаржы құралдары мен басқа да қаржы құралдары

  126. Опцион-бір тарап екінші тарапқа болашақта келісілген жағдайларда пәтуаласқан баға бойынша базалық актив сатып алу немесе сату құқығын сататын туынды қаржы құралы.

  127. Туынды қаржы құралы- болашақта осы шарт бойынша есеп айырысуды жүргізуді көздейтін, құны шарттың базалық активінің мөлшеріне тәуелді.

  128. Заттар-азаматтық құққықтар мен міндеттер туындататын қоршаған ортаның материалдық объектілері.

  129. Жұмыс-жұмыс процесінің өзінен бөлінетін материалдық нәтиже береді

  130. Қызмет-қызмет көрсету жөніндегі іс-қимылдан басқа пайдалы нәтижесі болмайды.

  131. Жылжымайтын мүлік-орнынна олардың мақсатына сай емес шығынсыз ауыстыру мүмкін болмайтын мүлік

  132. Жылжитын мүлік-жылжыған кезде өзінің негізгі функциясын жоғалтпайтын зататр.

  133. Айналымға қабілетті мүлік- иеліктен еркін шығарылатын немесе әмбебап құқық мирасқорлық тәртібімен бір адамнан екінші адамға ауыса алатын

  134. Айналымнан алынып тасталған мүлік-мүліктердің азаматтық-құқықтық әдістермен иеліктен шығарруға жол берілмейтін

  135. Айналымы шектеулі мүлік-айналымның белгілі бір мүшеелріне ғана тиесілі бола алатын,екіншіден сатып алуға және иеліктен шығаруға құзіретті мемлекеттік органдардың рұқсатымен ғана жол берілетін заттар немесе заң құжатында ұйғарылуына қарай бөлуге жатпайтын мүлік

  136. Иесіз зат-иесі бас тартқан не иесі қараусыз қалдырып кеткен зат

  137. Бөлінетін заттар-бөлу нәтижесінде бөліктері өз мақсаттарын жоғалтпайтын зататр

  138. Бөлінбейтін заттар-өзінің шаруашылық мақсатын өзгертпей бөлуге болмайтын

  139. Материалдық емес игіліктер: ар-намыс, іскерлік бедел, абырой

  140. Күрделі зат-бірігу мен белгілейтін мақсаты бойынша пайдалануға мүмкіндік беретін бүтін бір затты құрайтын болса

  141. Керек-жарақ-бұл қашанда басты затқа қызмет етуге арналған жеке зат немесе заттар

  142. Бағалы қағаз-мүліктік құққытарды куәландыратын белгілі бір жазбалар мен басқа да белгілердің жиынтығы

  143. Бағалы қағаз нысаны: құжатты және құжатсыз, эмиссиялық және эмиссиялық емес, атаулы, ұсынбалы және ордерлі

  144. Құжатты бағалы қағаз-құжаттық нысанда шығарылғын қағаз

  145. Құжатсыз бағалы қағаз-құжатсыз нысанда шығарылған бағалы қағаз

  146. Эмиссиялық бағалы қағаз-бір шығарылым шегінде осы шығарылым үшін бірдей жағдай негізінде орналастырылатын және айналымда болатын, біртекті белгілері мен реквизиттері бар бағалы қағаз

  147. Эмиссиялық емес-

  148. Атаулы-куәландырылған құққытардың онда аталған тұлғаға тиесілігін растайтын бағалы қағаз

  149. Ұсынбалы- куәландырылған құқытардың бағалы қағазды ұсынушыға тиесілігін растайтын

  150. Ордерлік- куәландырылған құқытардың ол аталған тұлғаға, ал оларға осы құқықтар бағалы қағаз бойынша құқықтарды беру арқылы тәртіппен қарастырылса

  151. Мәміле-азаматтар мен заңды тұлғалардың заңды салдардың пайда борлуына бағытталған құқықтық әрекеттері

  152. Мәміле нысандары: ауызжа және жазбаша

  153. Мәміле біржақты болып саналады, егер: оны жасау үшін бір тараптың ерік білдіруі қажет және жеткілікті болса

  154. Екі жақты мәміле дегеніміз- оны жасау үшін екі тараптың келісімімен ерік білдіруі қажет болатын мәміле

  155. Заңды тұлғаның бір белгісі: оқшау мүлкінің болуы

  156. Каузалды мәміле- мәміленің жарамды болуы толықтай оның негізіне байланысты

  157. Абстракциялық- жарамды болуы оның негізіне байланысты болмайтын мәміле

  158. Ақылы мәміле- бір тараптың міндетіне екінші тарап міндетінің сәйкес келуі

  159. Ақысыз мәміле- бір тараптың міндетіне екінші тарапта қарсы міндеттің болмауы

  160. Шынайы мәміле-мәміле жасау үшін тараптардың келісімін және оның нысанасы болып табылатын мүлікті беруді қажет ететін шарт

  161. Консенсуалды мәміле- мәміле жасау үшін тараптардың келісімін қажет ететін және шарттың жасалу сәті мен орындалу сәтінің бір мезгілде жүзеге аспайтынын қамтитын

  162. Биржалық мәміле-биржалық сауда-саттық барысында биржа тіркеген биржа қатысушыларының тауарларға қатысты жасасқан шарты

  163. Брокер-биржалық мәмілелерді клиент атынан және есебінен не клиент атынан, бірақ өз есебінен немесе өз атынан бірақ клиент есебінен жасайтын тұлға.

  164. Жарамсыз мәміле-тараптардың қалайтын құқықтық нәтижесін туындатпайтын, ал кейбір жағдайларда тараптар үшін жағымсыз салдар туғызатын мәміле.

Жарамсыз мәміле түрлері:

  1. Даулы мәміле-сот жарамсыз деп таныған сәттен бастап жарамсыз болатын мәміле

  2. Мардымсыз мәміле-жасалған сәтінен бастап жарамсыз деп танылатын мәміле

  3. Жалған мәміле-заңдық салдар туғызу ниетін көздемей тек қана көз алдау үшін жасалған

  4. Қулықпен жасалған мәміле-мәміле екінші бір мәмілені бүркемелеу мақсатында жасалатын мәміле

  5. Кіріптарлық мәміле- ауыр мән-жайлардың салдарынан жасауға мәжбүр болған

  6. Кәсіпорын азаматтық құқық объектісі ретінде-заңды тұлға мүліктік кешені ретінде

  7. Реститутция-мәміле жасағанға дейінгі тараптардың жағдайын қалпына келтіру

  8. Мәмілені жарамсыз деп тану негізі-заңнама

  9. Мәміле кейінге қалдырылатын шартпен жасалады деп есептеледі, егер тараптар: құқықтар мен міндеттердің туындауын басталу-басталмауы белгісіз мән-жайға байланысты етіп қойса

  10. Мәміле жою шартымен жасалған деп есептеледі, егер тараптар:құқықтар мен міндеттердің тоқтатылуын оның болатынын немесе болмайтыны белгісіз жағдайға тәуелді етіп қойса

  11. Мәміле-құқықтық әрекет

  12. Мәміленің жай жазбаша түрін сақтамау-оның жарамсыз болып қалуына әкеліп соқтырмайды, бірақ дау туған жағдайда тараптардың мәміленің жасалғанын, мазмұнын немесе орындалуын куәгерлік айғақтармен растау құқығынан айырады

  13. Егер мемлекеттік тіркеуді керек ететін мәміле тиісті нысанда жасалса, бірақ тараптардың бірі оны тіркеуден жалтарса: екінші тараптың талап етуімен сот мәмілені тіркеу туралы шешім шығаруға құқылы

  14. Мәміле жарамсыз деп танылғанда қылмыстық ниет болмаса: тараптардың әрқайсысы екінші тарапқа мәміле бойынша алынғанның бәрін қайтарып беруге міндетті

  15. Кіріптар мәмілелерді жарамсыз деп тануға байланысты дауларға белгіленген талап қою мерзімі: 1 жыл

  16. Жымысқы ниетпен жасалған мәмілені жарамсыз деп тануға байланысты дауларға белгіленген талап қою мерзімі: 1 жыл

  17. Мәмілелрді тіркеуден бас тарту- жазбаша түрде рәсімделугі тиіс және заң талаптарының бұзылуына сілтеме жасалғанда ғана мүмкін болады

  18. Толық серіктестік-шаруашылық серіктестік нысаны

  19. Жазбаша нысанды жасалуы тиіс мәмілелер: кәсіпкерлік мақсатта, мәміленің жасалу және орындалу сәттері бір мезгілде болмаса, мәміле бағасы жүз айлық есептік көрсеткештен асатын болса

  20. Кімнің талабы бойынша мәміле жарамсыз деп танылу мүмкін? Мүдделі тұлғалардың, мемлекеттік органның не прокурордың талабы бойынша

  21. Форфардтық мәмілелер деген- іс жүзінде бар тауарға қатысты тапсырылуы сәтін кейінге қалдырып өзара құқықтар мен міндеттерді беру жөніндегі мәмілелер

  22. Фьючерстік мәміле-биржалық стандарттық шарттарға сай құқықтар мен міндеттерді тараптар бір-біріне береді

  23. Опциондық мәміле- іс жүзіндегі тауарға қатысты өзара құқықтар мен міндеттерді беру бойынша мәмілелер

  24. Орындауға тиіс тұлға көрсетілмей жасалған тиіс тұлға қалай аталады-сену индоссаменті

  25. Мәміленің бір бөлігінің жарамсыздығы мәмілені: егер оның жарамсыз бөлігін енгізбей-ақ мәмілені жасауға болар еді деп ойлау мүмкін болса, ол мәміленің басқа бөліктерінің жарамсыз деп тануға негіз болмады.

  26. Мәміле жасауға уәкілдік берілмеген тұлғаның басқа тұлға атынан немесе өкілеттілігін асыра пайдаланып жасалған мәмілесі: өкілдік беруші осы мәмілені кейіннен мақұлдаған ретте ғана ол үшін азаматтық құқықтар мен міндеттерді туғызады, өзгертеді және тоқтатады.

  27. Кәсіпкерлік шарт жасасқан кезде олардың атынан үнемі және дербес өкілдік етуші тұлға (коммерциялық өкіл) қандай құжат негізінде әрекет жасайды? Өкілдің өкілеттілігі көрсетілетін жазбаша шарт негізінде

  28. Коммерциялық өкіл бір мезгілде өзінің қатысуымен жасалатын түрлі тараптарының мүдделерін білдіре алады ма? Білдіре алады

  29. Азаматтық құқықтарды қорғау: сот. Төрелік сот не аралық сот

  30. А.Қ. реттейтін- әдет-ғұрып, іскерлік нормалар

  31. А.Қ. қайнар көздері-халықаралық шарт, кодекс, нормативтік акт, әдет-ғұрып

  32. Азаматтық құқықты жүзеге асыру-азаматтар мен заңды тұлғалар өздеріне берілген азаматтық құқықтарды, соның ішінде өздерін қорғау құқығын өз қалауынша пайдаланады

  33. Эмансипация-кәмелетке толмаған адамды толығымен әрекет қабілетті деп жариялау

  34. Заңды тұлға құрмай кәсіпкерлікпен айналысуды тіркейді-салық органы

  35. Өкілдік- бір тұлға, оған берілген өкілеттіктерге сай екінші бір тұлғаға атынан, есебінен және соның мүддесінде мәмілелерді және өзге де заңи маңызы бар әрекеттерді жасау жөніндегі күрделі азаматтық құқықтық қатынас

  36. Заңды өкілдік- заңның тікелей көрсетуі бойынша

  37. Шартты өкілдік-мәміле негізінде туындайтын құқықтық қатынас

  38. Коммерциялық өкілдік-коммерциялық өкіл дербес және тұрақты негізде бір мезгілде шарт жасаушы бірнеше тараптың мүддесін білдіре алады.

  39. Сенімхат-бір тұлғаның (сенім білдірушінің) екінші тұлғаға (сенім білдірген) берген жазбаша уәкілдігі

  40. Қандай сенімхатты нотариат куәландыруға тиіс? Егер заң құжаттарында өзгеше белгіленбесе мүлікке билік етуге және нотариаттың куәландыруын талап ететін мәмілелер жасауға берілетін сенімхатты

  41. Басқа тұлғаның атынан бір тұлғаның сенімхатқа, заңдарға, сот шешіміне немесе әкімшілік құжатқа негізделген өкілеттігі күшімен мәміле жасау не деп аталады? өкілдік

  42. Сенімхаттың ең жоғарғы мерзімі-3 жыл

  43. Сенімхаттың нысаны: жазбаша және нотариалды

  44. Сенім ауыстыру жөнінде берілген сенімхаттың қолданылу мерзімі: негізге алынып берілген алғашқы сенімхаттың қолдану мерзімінен аспауы керек

  45. Егер сенімхатта қолдану мерзімі көрсетілмесе-ол 1 жылға берілген болып танылады

  46. Біржлғы сенімхат- бір рет нақты құқық және міндетті жүзеге асыруға мүмкіндік беретін

  47. Арнайы сенімхат-сенім білдірушінің белгілі бір материалдық игілікке байланысты құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін

  48. Сенімхаттың әрекет ету мерзімі көрсетілмесе- 1жылға жарамды

  49. Сенімхаттың берілген уақыты көрсетілмесе-жарамсыз

  50. Бас сенімхат-сенім білдірушінің белгілі бір материалдық игілікке немесе өзге де құқықтық әрекетке байланысты кез келген құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жазбаша уәкілдігі

  51. Сенімхаттың тоқтатылуы: мерзімі аяқталса; сенімхатты берген тұлға сенімхаттың күшін жойса; сенімхат берілген тұлға одан бас тартса; сенім білдіруші қайтыс болса, әрекетке қабілетсіз, шектеулі әрекет қабілеті бар, хабар ошарсыз кетті; заңды тұлға тоқтатылсы.

  52. Мерзім-туындауы немесе өтуі азаматтық құққытар мен міндеттердің пайда болуына, өзгеруіне, не тоқтатылуына әкеп соқтыратын уақыт мезеті не кезеңі.

  53. А.Қ. жүзеге асыру мерзімі- уәкілетті тұлға субъективтік құқытарын жүзеге асыруға бағытталған қандай да бір әрекеттерді жасау мүмкіндігі болатын уақыттың бір бөлігі

  54. Субъективтік құққытардың қолдану мерзімі- уәкілетті тұлға белгілі бір субъективтік құқытарын жүзеге асыруға шынайы мүмкіндігі болатын уақыт кезеңі

  55. Тыйым салатын мерзім-уәкілетті тұлға өзіне тиіслі құққыты жүзеге асырмаған немесе тиісті түрде жүзеге асырмаған жағдайда оны мерзімінен бұрын тоқтату қауіпі болатын қатаң шектеулі уақыты бар мерзім

  56. Шағымдану мерзімі- уәкілетті тұлға бұзылған өз құқығығ қорғау үшін сотта шағымданғанға дейін тікелей міндетті тұлғаға талап қою уақыт бөлігі

  57. Кепілдік мерзім- сатушының немесе дайындаушының көрсеткен мерзімі ішінде тауардың үздіксіз қызмет атқаруын және осы мерзімі ішінде анықталған кемшіліктерін ақысыз жоюды қарастыратын уақыт кезеңі

  58. Жарамдылық мерзімі- нормативтік актілермен бекітілген мерзім ішінде азық-түлік, дәрі-дәрмек, парфюмерлік косметикалық тауарлар пайдалануға жарамды болатын уақыт кезеңі

  59. А.Қ. пайда болу мерзімі-субъективтік азаматтық құқытың пайда болуы байланыстырылатын мерзім

  60. Міндеттемені орындалуы мерзімі-егер міндеттемеде ол орындалатын күн немесе ол орындауға тиісті уақыт кезеңі көзделсе немесе анықтауға мүмкіндік берсе, міндеттеме сол күні немесе тиісінше сол кезеңі ішінде кез келген уақытта орындалуға тиіс

  61. Міндеттемедегі тұлғалардың өзгеруі-талап қою мерзімін әкеп соқтырмайды

  62. Талап қою мерзімінің өтуін тоқтата тұру:

  1. Егер талап қоюға төтенше және бұл жағдада болмай қоймайтын оқиға кедергі жасаса

  2. Міндеттемелердің бұл түрін орындау ҚР-сы Президентінің жариялауымен кейінге қалдырылуына байланысты

  3. Егер талапкер немесе жауапкер соғыс жағдайына көшірілген әскери бөлімшелер құрамында болса

  4. Егер әрекет қабілеттілігі жоқ адамның заңды өкілі болмаса

  5. Тиісті қатынасты реттейтін заңдардың қолданылуын тоқтатуға байланысты тоқтатыла тұрады

  1. Талап қою мерзімі өтіп кеткен жағдайда: сот бұзылған құқықты қорғау туралы талапты, талап қою мерзімі өтіп кетуіне қарамастан, өз қарауына алады.

  2. Почтаға тапсырылған жазбаша мәлімдемелер мен хабарламалар мерзімінде жасалған болып саналады, егер- жұмыс күнінің соңына дейін жасалса

  3. Талап қою мерзімін

  4. Сот талап қою мерзімін қандай жағдайда қолдана алады- тек дауға қатысты тарапатар жасаған мәлімдеме бойынша

  5. Сот талап қою мерзімін қандай уақытта қанадй уақытта қолдана алады-шешім шығарғанға дейін

  6. Басты талап бойынша талап қою мерзімінің бітуіне байланысты қосымша талаптар бойынша талап қою мерзімі аяқталады ма? Қосымша талаптар (айыптарды өндіріп алу, кепілдік берушінің жауапкершілігі және т.б.) бойынша да талап қою мерзімі бітеді

  7. Төменде көрсетілген талаптардың қайсысына талап қою мерзімінің өтуі ұзіледі? Белгіленген тәртіппен талап қойған жағдайда

  8. Төменде көрсетілген талаптардың қайсысына талап қою қолданылмайды? Заң құжаттарында көзделгеннен басқа реттерде материалдық емес игіліктермен мүліктік емес өзіндік құққытарды қорғау туралы талаптарға

  9. Үзілістен кейін талап қою мерзімінің өтіп кетуі- қайтадан басталады

  10. Талап қоюдың жалпы мерзімі-3 жыл

  11. Талап қою мерзімін тараптардың келісуімен өзгертуге болады ма? Болмайды

  12. Егер мерзімнің соңғы күні жұмыс істемейтін күнге тура келсе: содан кейінгі ең таяу жұмыс күні мерзімінің аяқталған күні болып танылады

  13. Бұзылған құқықты қорғау туралы талап соттың қаралуына қабылдана ма? Талап қою мерзімін өтіп кетуіне қарамастан, қабылданады

  14. Талап қою ұғымы-тұлға құқығының немесе заңмен қорғалатын мүдденің бұзылуынан туындайтын талаптың қанағаттандырылуы мүмкін болатын уақыт кезеңі

  15. Талап қою мерзімін есептеу тәртібі- заңмен көзделеді және оларды тараптардың келісуімен өзгертуге болмайды

  16. Жалпы ережеге сәйкес мүлікті күтіп ұстау ауыртпашылығы кімге жүктеледі?-меншік иесіне

  17. Жалпы ереже бойынша иеліктен айырылған заттардың кездейсоқ жойылуы немесе кездейсоқ бүліну қауіпі сатып алушыға қай кезде өтеді- меншік құқығы пайда болған сәттен бастап

  18. Жалпы ереже бойынша өзіне тиесілі емес материалдарды өңдеу арқылы дайындаған жаңа қозғалатын затқа меншік құқығы тиесілі тұлға-материалдың меншік иесі

  19. Жылжымайтын мүлікке меншік құқығының пайда болу сәті-мемлекеттік тіркеу сәті

  20. Иелену мерзімі деген- меншік құқығына иелену көнелігіне сәйкес ие болу

  21. Иелену көнелігіне сәйкес жылжыйтын мүлікке меншік құқығы қанша мерзімнен соң пайда болады- 5 жылдан соң

  22. Жылжымайтын мүлікке меншік құқығы иелену көнелігіне сәйкес қашан пайда болады- 7 жыл (15 жыл)

  23. Жалпы ереже бойынша жаңа заттқа қатысыты меншік құқығы кімге тиесілі-егерде заңда не шартта өзгеше белгіленбесе затты дайындаған не жасаған тұлғаға

  24. Реквизитциялау деген –азаматтар мен заңды тұлғалардың меншік құқығының күшпен тоқтата тұруы

  25. Тәркілеу- азаматтар мен меншік құқығының күшпен тоқтата тұруы

  26. Ұлттықтандыру- азаматтар мен заңды тұлғалардың меншік құқығының тоқтата тұруы

  27. Жалпы ереже бойынша ерлі зайыптылардың ортақ бірлескен меншігі- ерлі зайыптылардың некеде тұрған кезде жинаған мүлкі

  28. Кондоминиум- жылжымайтын мүлікке меншік нысаны

  29. Жалпы ережеге сәйкес ортақ үлестік меншіктегі иелену, пайдалану және билік етуді кім жүзеге асырады-барлық қатысушылар өзара келісіммен

  30. Ортақ үлестік меншік құқығындағы үлесті басқа бір тұлғаға сатқанда қалған қатысушылардың құқықтары қандай- үлесті қалған қатысушылардың сатылатын баға брйынша сатып алуға басымды құқығы бар

  31. Ортақ үлестік меншіктегі үлесін сатқысы келетін сатушы- сатылу шарты жайлы қалған қатысушыларға хабарлауға міндетті

  32. Ортақ үлестік меншіктің қатысушысы өзіне тиесілі үлесін кез келген уақытта басқа бір тұлғаға сата алады -егер өзге қатысушылардың сатып алу басымдық құқығын бұзбай әрі оларды ескертсе

  33. Басымдылықпен сатып алу құқығы бұзылған ортақ меншіктің қатысушысы сатып алушынынң құққытарын өзіне аударуды сот арқылы қандай мерзім ішінде талап ете алады- 1 ай

  34. Қайсысы түрі ортақ бірлескен меншікте болуы мүмкін-ерлі-зайыптылардың меншігі

  35. Жалпы ережеге сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан жекешелендірілген тұрғын үйлер- сол үйде тұрақты тұрып жатқан жалға алушымен отбасы мүшелерінің ортақ бірлескен меншігіне өтеді

  36. Үлестік меншік құүқығындағы үлесті сату кезінде сатып алуға басымды құқығы- үлестік меншіктің қалған қатысушыларының сатылатын үлесті сатып алу құқығы

  37. Ортақ бірлескен меншікте болуы мүмкіе меншік түрі- шаруа(фермер) қожалығының меншігі

  38. Үлестік меншіктегі мүлік қатысушылар арасындағы қалай бөлінеді- олардың арасындағы келісім бойынша

  39. Заңнамаға сай ортақ бірлескен меншікте болуы мүмкін-жекешелендірілген тұрғын үй

  40. Үлестік меншік құқығындағы үлес егер тараптардың келісімінде өзгеше көзделмесе сатып алушыға қай кезден ауысады- шарт жасасқан кезден бастап

  41. Кондоминиум-меншіктің нысаны ол бойынша көп қабатты тұрғын үйлердегі пәтерлер меншікте болады да, ал үйді ортақ пайдаланудағы бөліктегі ортақ үлестік меншіккте болады

  42. Шаруашылық жүргізі құқығы болып қайсысы табылады- мүлікті мемлекетттен меншік иесі ретінде алған және бұл мүліктк иелену пайдалану және оған билік ету құқытары азаматтық кодекспен және өзгеде заң құжаттармен белгіленген шекте жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорынның заттық құқығы

  43. Оралымда басқару құқығы- меншік иесінің қаражат есебінен қаржыландырылатын мекеменің мемлекеттік мекеменің меншік иесіен мүлік алушы және өз қызметінің мақсатына, меншік иесінің тапсырмаларына және мүліктің мақсаттарына сәйкес заң құжаттарымен белгіленген шекте сол мүлікті ие

  44. Сервитут-бір тұлғаның басқа адамның меншік құқығындағы не жер пайдалану құқығындағы жер учаскесінің мақсатына сай шекті түрде пайдалану құқығы

  45. Иелену құқығы- мүлікке нақты ие болу

  46. Пайдалану құқығы болып заңмен қамтамасыз етілген төмендегі мүмкіндік- мүліктен оны пайдалы және табиғи қасиеттерін алу

  47. Билік ету құқығы- мүліктің заңды тағдырын анықтау

  48. Виндекациялық талап-бөтен біреудің заңсыз иеленуіндегі мүлікті талап ету туралы талап

  49. Мүлікті емес қатынастарды қай құққытық сала реттейді- азаматтық

  50. Егер мүлік оны иеліктен айыруға құқығы жоқ тұлғадан тегін алынса, меншік иесі-барлық ретте мүлікті талап етіп алуға құқылы

  51. Негаторлық талап-иеліктен айырумен байланысы жоқ меншік құқығын жүзеге асырудағы бөгеттерді жоюды талап ету

  52. Цессия-талап ету құқығын беру

  53. Талаптың ескіруі-тұлға құқығының немесе заңмен қорғалатын мүддесінің бұзылуынан туындайтын талаптың қанағаттандырылуы мүмкін болатын уақыт кезеңі

  54. Борышқорлардың әрқайсысы міндеттемелерді басқа біреумен тең үлесті орындауға міндетті болуына сәйкес көпжақтар қатысатын міндеттемелер-үлестік

  55. Меншік-адамдар арасында тарихи қалыптасқан белгілі бір материалдық игілікке байланысты туындайтын қоғамдық қатынас

  56. Мемлекеттік меншіктің түрлері: республикалық және коммуналдық

  57. Республикалық меншікті құрайтындар: республикалық қазнадан және заң құжаттарына сәйкес мемлекеттік республикалық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүліктер

  58. Коммуналық меншікті құрайтындар- жергілікті қазнадан және қазыналық кәсіпорындарға бекітіліп берілген мүліктер

  59. Меншікті тоқтату:

1.меншік иесі өз мүлкін басқа тұлғаларға берген жағдайда(сату, айырбастау, сыйға тарту)

2.Меншік иесі меншік құқығынан бас атрту (басқа тұлға бұл мүлікке алғанға дейін бас тартқан меншік иесінің құқығы тоқтатылмайды)

3.Мүліктің қирауы не жойылуы және оны қалпына келтіру мүмкін болмаса меншік құқығы тоқтатыла тұрады

  1. Мүлікті кәуландыру- бағалы қағаз арқылы

  2. Көмбе-50%; олжа-30%

  3. Меншік құқығын алудың тәсілдері: бастапқы және туынды

  4. Бастапқы тәсіл- мүлікке меншік құқығы бұрынығы меншік иесінің еркінен тыс алғашқы рет пайда болады

  5. Туынды тәсіл- затқа меншік құқығы бұрынғы меншік иесінің еркі және жаңа меншік иесінің келісімі бойынша туындайды

  6. Меншік нысандары: мемлекеттік және жеке

  7. Стратегиялық объекті-Қазақстан қоғамының орнықты дамуы үшін әлеуметтік-экономикалық маңызы бар, оны иелену және пайдалану, билік ету ҚР ұлттық қауіпсіздігінің жай-күйіне әсер ететін мұлік

  8. Меншік құқығының мерзімі-шексіз

Меншік құқығының тоқтату түрлері:

  1. Ақысыз-меншік иесінің міндеттмелері бойынша мүлкінен ақы өндіріп алу

  2. Міндеттемелік құққы- мүлікті меншікке немесе уақытша пайдалануға беру, жұмыс орындау, қызмет атқару, зиян келтіру немесе негізсіз баюға байланысты туындайтын қатынастарды реттейтіен А.Қ. нормалардың жиынтығы

  3. Міндеттемелік құқы жүйесі:

  1. Жалпы бөлім-міндеттемелер және шарт руралы жалпы ережелерді қамтиды

  2. Ерекше бөлім-міндеттемелердің кейбір түрлерін реттейді: мүлікті иеліктен шығару(сату,айырбастау, сыйға тарту)

  3. Мүлікті пайдалануға беру(жалдау, ссуда)

  4. Жұмыстарды орындау(мердігерлік)

  5. Қызмет көрсету(сақтау, банктік қызмет, тапсырма, комиссия)

  6. Интелектуалдық қызмет нәтижелерін құру және пайдалану(авторлық шарт, лицензиялық)

  7. Зиян келтіру және негізсіз баю жөніндегі міндеттемелер

  8. Міндеттемелердің субъектілері: борышқор(міндетке ие тұлға), несие беруші(құққықа ие тұлға), үшінші тұлғалар

  1. Міндеттемедегі тұлғалардың өзгеруі-

  2. Міндеттемедегі тұлғалар көртігінің түрлері:

-белсенді( несие беруші жағында бірнеше тұлғаның болуы)

-енжар(борышқор жағыныда бірнеше тұлғаның болуы)

-аралас