- •Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы Қазақстан Республикасының Заңы.
- •Азаматтық қорғаныс туралы Қазақстан Республикасының Заңы
- •Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтері -
- •Өрт қауіпсіздігі туралы Қазақстан Республикасының заңы
- •I, II, III топтағы мүгедектерден жүкті әйелдерден, 8 жасқа дейінгі балалары бар әйелдерден басқа еңбекке жарамды жастағы ерлер мен әйел адамдар алынады.
- •Табиғи сипаттағы төтенше жағдайларға жататын құбылыстар
- •Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар
- •Кезіндегі төтенше жағдайлардың сипаттамасы
- •Қатты әсер ететін улы заттар (қәуз)
- •Кесте қәуз-бен зақымданған кезде алғашқы
- •Ақ итж жобалау нормаларының талаптары
- •Жер сілкінісі кезіндегі халыќты ќорѓау
- •Кесте Жер сілкінудіњ географиялыќ таралуы
- •Эвакуациялық органдар
- •Эвакуациялық жиналау пункттері (эжп) эвакуацияланатын халықты жинау мен тіркеуге және оларды көлікке отырғызу пункттері мен бастапқы аттану пункттеріне жіберуге арналады.
- •Эвакуациялық шараларды жоспарлау
- •Қарапайым үлгідегі панаханалар (қп)
- •Мазмұны
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайларға жататын құбылыстар
Геофизикалық қауіпті құбылыстар: жер сілкіну, жанар таудың
атылуы;
Геологиялық қауіпті құбылыстар: сел, қар көшкіні, сырғыма,
опырылма;
Метеорологиялық және агрометеорологиялық қауіпті құбы-
лыстар: дауыл, боран, құйын, қатты аяз және т.б.;
Гидрологиялық қауіпті құбылыстар: су тасқыны, көктемгі тасқын
грунтты сулар деңгейінің көтерілуі және т.б.;
Табиғи өрттер: ормадағы, даладағы шымтезектік өрт;
Адамдардың жұқпалы ауруға шалдығуы (эпидемиялар);
Ауылшаруашылық малдардың жуқпалы ауруға шалдығуы
(эпизоотиялар);
8 Ауылшаруашылық өсімдіктердің ауруға және зиянкестерге
шалдығуы (эпифитотиялар) жатады.
Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар
Өндірістік.
Тасымалдау авариялар: темір жолдағы поездардың, теңіздегі,
өзендегі кемелердің, авиациядағы апаттары, автомобилдің,
магистралдық құбырлардың авариялары.
Өрттер (жарылыстар).
Өте қатты әсер ететін улы заттардың шығуының авариясы.
Радиациялық заттар шығуының авариясы.
Биологиялық қауіпті заттар шығуының авариясы.
Ғимараттардың кенеттен опырылуы.
Электр-энергетикалық жүйелердегі авариялар.
Коммуналдық тіршілікті қамсыздандыру желілердегі авариялар.
Тазартқыш құрылыстардағы авариялар.
Гидродинамикалық авариялар: бөгеттің бұзылған жері.
Жанжалды сипаттағы төтенше жағдайларға: қарулы шабуыл;
кейбір аймақтардағы толқулар; соғыс уақытындағы әскери әрекеттерде қазіргі зақымдау тәсілдерді қолдану жатады.
II Ведомстволы қатыстағы бойынша төтенше жағдайлар
Құрылыстағы төтенше жағдайлар.
Өндірістегі төтенше жағдайлар.
Тасымалдаудағы төтенше жағдайлар.
Ауылшаруашылықтағы төтенше жағдайлар.
Орман шаруашылығындағы төтенше жағдайлар.
Тасымалдау коммуникациясындағы (газ құбырлары, мұнай құбырлары, су құбырлары) төтенше жағдайлар.
Адамдардың тұратын үй-жайлары, аумақтардағы авариялар.
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар аумақтық таралуы бойынша: объектілік (зардаптарының таралуы кондырғы мен, цехпен, объектімен шектелген); жергілікті (зардаптарының таралуы елді мекенмен, ауданмен, облыспен шектелген); аймақтық (зардаптарының таралуы бірнеше облыспен шектелген); кең ауқымы (зардаптардың таралуы Қазақстан Республикасы мен шектес мемеле-кеттерді қамтиды).
Төтенше жағдайды жоюға Азаматтық қорғаныстың барлық күш-тері, Қару күштері, орталық орындаушы органдар қатыстырылады.
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың
алдын алу жөніндегі шаралар
Қазақстан Республикасының “Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы” заңында төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі шараларға мыналар жатады: ғылыми зерттеулер, жағдайды қадағалау, бақылау; төтенше жағдайлардың пайда болуына әкеп соғуы мүмкін аварияны, зілзала мен апатты болжау және олардың қаупі туралы хабарлау; білімді насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету; төтенше жағдайлар саласындағы қорғану шаралар.
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар пайда болған кезде қатер төнуін, шығындар мен залалды мүмкін болғанынша барынша азайту үшін мынадай қорғану шаралары жүзеге асырылулуға тиіс: сейсмикалық жағынан берік құрылыстар салу және үйлер мен ғимараттардың сейсмикалық беріктігін күшейту; гидротехника-лық және инженерлік-геологиялық қорғану шаралары; көлік қауіп-сіздігін қамтамасыз ету және көлікте төтенше жағдайларды болғызбау үшін коммуникациялар жүйелерін жетілдіру; қауіпті өндірістік объектілердегі қорғану шаралары; өрттерге (жарылыстарға) індеттер мен малдың жұқпалы ауруларына (эпизоотия), ауылшаруашылық өсімдіктері мен ормандардың кеселдермен және зиянкестермен зақымдануына жол бермеу шаралары; арнайы уәкілдік берілген ор-гандардың міндетті күші бар нұсқамаларында көзделген басқа да шаралар.
5-ДӘРІС Қазіргі зақымдағыш құралдарын қолдану
