
- •Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы Қазақстан Республикасының Заңы.
- •Азаматтық қорғаныс туралы Қазақстан Республикасының Заңы
- •Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтері -
- •Өрт қауіпсіздігі туралы Қазақстан Республикасының заңы
- •I, II, III топтағы мүгедектерден жүкті әйелдерден, 8 жасқа дейінгі балалары бар әйелдерден басқа еңбекке жарамды жастағы ерлер мен әйел адамдар алынады.
- •Табиғи сипаттағы төтенше жағдайларға жататын құбылыстар
- •Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар
- •Кезіндегі төтенше жағдайлардың сипаттамасы
- •Қатты әсер ететін улы заттар (қәуз)
- •Кесте қәуз-бен зақымданған кезде алғашқы
- •Ақ итж жобалау нормаларының талаптары
- •Жер сілкінісі кезіндегі халыќты ќорѓау
- •Кесте Жер сілкінудіњ географиялыќ таралуы
- •Эвакуациялық органдар
- •Эвакуациялық жиналау пункттері (эжп) эвакуацияланатын халықты жинау мен тіркеуге және оларды көлікке отырғызу пункттері мен бастапқы аттану пункттеріне жіберуге арналады.
- •Эвакуациялық шараларды жоспарлау
- •Қарапайым үлгідегі панаханалар (қп)
- •Мазмұны
I, II, III топтағы мүгедектерден жүкті әйелдерден, 8 жасқа дейінгі балалары бар әйелдерден басқа еңбекке жарамды жастағы ерлер мен әйел адамдар алынады.
АҚ құрамалары бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдай қауіпі туындаған кезде құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізеді.
Азаматтық қорғаныс күштеріне АҚ әскер бөлімдері, АҚ аумақтық құрамалары, АҚ объектілік құрамалары, АҚ пен ТЖ қызметкерлері құрамалары, жедел құтқару отрядтары кіреді;
АҚ-ның аумақтық құрамалары облыс, қала, аудан әкімдерінің шешімдерімен, ал объектілік құрылымдар ұйымдардың АҚ басшыла-рының бұйрықтарымен құрылады.
АҚ-ның объектілік құрылымдары ұйым мүддесі үшін құрылады. АҚ объектілік құрамаларын барлаушы буын, құтқару командасы, инженерлік команда, санитарлық дружина (нүктелер) қорғаныс ғимараттарын заласыздандыру жөніндегі топ, өрт сөндіру командасы (бөлімі), байланыс командасы; қоғамдық тәртіпті қорғау командасы (топ), жануарлар мен өсімдіктерді қорғау командасы және т.б. кіреді.
Азаматтық қорғаныс құрамаларының құрамы мен саны алдағы авариялық-құтқару жұмыстарының болжамдық есептері мен көлемі-нің негізінде бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайларда халықты аумақтар мен ұйымдарды сенімді қорғауды қамтамасыз ететін жеткілікті, қажеттілікті басшылыққа ала отырып айқындалады.
Қазақстан Республикасының жер сілкінісі болып тұратын аймақтары үшін Азаматтық қорғаныс құрамалары халықтың 10 ада-мына кемінде бір құтқарушы, су тасқындары, өрт пен басқа да ықти-мал қауіп-қатерлерге ұшырайтын өнеркәсіп аймақтары мен аумақта-тары үшін халықтың 15-20 адамына бір құтқарушыдан келетіндей есеппен әзірленеді.
Азаматтық қорғаныс құрамалары құрылатын ұйымдардың басшылары олардың кәсіби даярлығына, осы заманғы техникамен, жабдықпен, басқа да материалдық құралдармен жарақаттандыры-луына және тұрақты әзірлікте болуына дербес жауапты болады.
АҚ құрамалары арналу бойынша негізгі және қамтамасыз ету құрамаларына бөлінеді. Негізгі құрамаларына барлау, құтқару, медициналық, инженерлік, өрттен қорғау, авариялық-техникалық, РХҚ жатады. Қамтамасыз ету құрамаларына байланыс, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау, өсімдіктер мен жануарларды сақтау және тағы басқалардан тұрады.
Негізгі құтқару құрамаларының дайын болуы 4 сағаттан аспауы керек, экстрендік отрядтар – 2 сағаттан аспауы керек, барлық басқа құрамалар – 6 сағаттан аспауы керек.
БЕЙБІТ ЖӘНЕ СОҒЫС УАҚЫТЫНДАҒЫ
ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР
Төтенше жағдайлар – адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай.
Төтенше жағдайлар үш негізгі белгілер бойынша жіктелінеді:
а) пайда болу саласы бойынша; б) ведомстволық қатыстығы бойынша;
в) аймақтық таралуы бойынша.
I Пайда болу саласы бойынша төтенше жағдайлар:
табиғи;
техногенді;
жанжалды болып бөлінеді.