
- •Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы Қазақстан Республикасының Заңы.
- •Азаматтық қорғаныс туралы Қазақстан Республикасының Заңы
- •Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтері -
- •Өрт қауіпсіздігі туралы Қазақстан Республикасының заңы
- •I, II, III топтағы мүгедектерден жүкті әйелдерден, 8 жасқа дейінгі балалары бар әйелдерден басқа еңбекке жарамды жастағы ерлер мен әйел адамдар алынады.
- •Табиғи сипаттағы төтенше жағдайларға жататын құбылыстар
- •Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар
- •Кезіндегі төтенше жағдайлардың сипаттамасы
- •Қатты әсер ететін улы заттар (қәуз)
- •Кесте қәуз-бен зақымданған кезде алғашқы
- •Ақ итж жобалау нормаларының талаптары
- •Жер сілкінісі кезіндегі халыќты ќорѓау
- •Кесте Жер сілкінудіњ географиялыќ таралуы
- •Эвакуациялық органдар
- •Эвакуациялық жиналау пункттері (эжп) эвакуацияланатын халықты жинау мен тіркеуге және оларды көлікке отырғызу пункттері мен бастапқы аттану пункттеріне жіберуге арналады.
- •Эвакуациялық шараларды жоспарлау
- •Қарапайым үлгідегі панаханалар (қп)
- •Мазмұны
Қарапайым үлгідегі панаханалар (қп)
Панахана мен РҚО жетпеген, сондай-ақ уақыт ең қаражат болмаған жағдайда еңбекке жарамды бүкіл халық қарапайым панахана-қуыстарды (ашық және жабық) салады.
Қарапайым панахана жағдайда панахана мен РҚО сияқты халықты қорғаныс ғимараттар мен қамтамасыздандыруда аралық кезең болып табылады.
Олар халықты ядролық жарылыстан соққы толқынынан, жарық сәулесінен және өткіш радиациядан қорғайды, шығын ашық жермен салыстырғанда 1,5 есеге азаяды. Сәуле тию ықтималды 2,3 есеге азаяды.
Егер қуысты жапса, онда жарық сәулесімен толық қорғануға болады, соққы толқыннан қорғану 2,5-3 есеге, өткіш радиациядан қорғану 200-300 есеге артады. Қуыстарды жабу, сонымен қатар, киімге радиоактивті заттардың жұғуынан, сондай-ақ қираған ғимараттардың сынықтарынан зақымданудан қорғайды.
Қуыс ашық немесе жабдық болуы мүмкін. Ашық қуыс радиоактивті сәуле мөлшерін2-3 есеге, жабық-40… 50 есеге азайтады. Бастапқыда қуыс ашық болып салынады. Әдетте оның тереңдігі 180-200см, жоғарыдағы ені 110-120см және төмендегі ені - 80см болады.
Қуыстың ұзындығы жасырынатындардың санымен анықталады және бір адамға 50…60 есеппен жасалады. Қуыстардың қалыпты сыйымдылығы 10-15 адам, ал үлкен қуыстардың сыйымдылығы 50 адам.
Ашық қуыстарды салу жау шабуылы қауіпі туындаған сәттен бастап қысқа мерзімді аяқталуға тиіс. Бұдан кейін қуыстар жабылады. Бұдан кейін қуыстан қорғаныс қабілеті өсіп РҚО деңгейіне жеткізілуі тиіс.
Бейбіт және соғыс уақытында
қорғаныс ғимараттарын күтіп ұстау және пайдалану тәртібі
Бейбіт уақытта қорғаныс ғимараттарын пайдалану кезінде жалпы, сондай-ақ оны жекелеген бөліктерінің - кіреберістер мен авариялық т шығаберістердің және қорғалған-қымталған есіктердің, баулықтардың және жарылыстардан қорғайтын қондырғылардың бүкіл қорғаныс ғимаратының, инженерлік-техникалық қондырғылардың қорғаныс қабілетінің сақталуы, қымталуы мен суды өткізбеушілігі және оны кез келген уақытта соғыс уақытындағы режимде пайдалануға көшіру мүмкіндігі қамтамасыздандырылуға тиіс. Қорғаныс ғимараттарының қондырғыларын бөлшектеуге, бөлмелерді өзгертуге, қорғағыш құрғыларға саңылау мен ойық істеуге және қорғаныс қабілеті мен қымталудың өзгеде бұзылуына тиым салынады.
Қорғаныс ғимараттарының жәй-күйі бейбіт уақытта қорғаныс ғимараттарын пайдаланып кәсіпорын (мекеме) басшысы белгіленген тәртіппен жүргізілетін жыл сайынғы және арнайы (кезектен тыс) қадалауларда тексеріледі.
Қорғаныс ғимараттарының кіреберісіне кедергі жасауға болмайды. Қорғалған-қымталған есіктер бейбіт уақытта ғимарат пайдаланған кезде ашық болуы және оңай жабылатын ілгешектерде тұруға тиіс. Есік ойықтарын жабу үшін кәдімгі есіктер қойылуы тиіс.
Қорғаныс ғимаратының бөлмелері құрғақ болуы қажет, инженерлік-техникалық қондырғылары пайдалану үшін ақаусыз күйде күтілуі тиіс.
Бейбіт уақытта пайдаланылмайтын ДЭС тоқтатылады. Оларды тоқтату қорғаныс ғимаратын панахана режиміне көшіру кезінде жүргізіледі.
Панахана (РҚО) режимі бойынша пайдалануға қорғаныс ғимараттарын әзірлікке келтіру үшін орындалатын іс-әрекеттер.
1 Қорғаныс ғимараттарының алдын тазарту, жазба-көрсеткіштерді және "Кіру" жарық дабылын қою
2 Қорғаныс ғимараттарын панахана режимінде пайдалану кезінде пайдаланылмайтын мүлік пен материалдан босату, бөлмелерді нарлармен және орындықтармен жабдықтау.
3 Тоқтатып қойылған инженерлік-техникалық қондырғыларды жүргізу
4 Кәдімгі есіктерді, қорғалған-қымталған есіктерден пандустарды және жеңіл экрандарды алу, қорғалған-қымталған есіктердің, олардың ілгешектерінің ақаусыздығын тексеру.
5 Технологиялық ойықтарды, барлық қорғау-қымтау қондырғыларын жабу (жүк люктері мен лифт шахталары, монтаждық ойықтар және т.б.)
6 Бейбіт уақытта пайдаланылған желдеткіш жүйесінің ауа ұстағыш және сорғыш саңылауларын жабу және қымтау.
7 Авариялық шығаберістер жәй күйін тексеру және қажет болса оларды тазарту.
8 Желдеткіш, жылыту, сумен жабдықтау, канализация, энергиямен жабдықтау және ажыратқыш қондырғылары жүйесінің түзулігін (ақаусыздығын) тексеру.
9 Қорғаныс ғимараттарының қымталуын тексеру.
10 Бейбіт уақытында пайдаланылмайтын санитарлық тораптарын ашу.
11 Сыртқы су құбырына қорғаныс ғимаратының су құбырын жүйесін қосу, авариялық су қорын толтыру және ауыз суына арналған ыдысты қою.
12 Ғимараттың жарық жүйесін панахана режиміне қосу.
13 Дауыс шығарыштар мен телефондарды орнату және қосу қажет жағдайда панахананың жабдықпен, аспаппен, прибормен жеке қорғаныс құралмен жабдықталуын тексеру.
14 Ғимаратты желдету, азық-түлік пен дәрі-дәрмек қорын жасау.
Қорғаныс ғимараттарының режимінде пайдалану қызмет көрсету буынын басшылығымен жүргізіледі.
"Баршаңыздың назарыңызға" ескерту дабылы және іс-әрекет тәртібі туралы белгіленген ақпарат бойынша қызмет көрсету буының жеке құрамы панаханаға келіп, міндеттерін орындайтын. Қорғаныс ғимараты толып, панахананың қорғалған-қымталған есіктерінің жабылғанынан кейін таза желдеткіш жүйесі бойынша оны сумен толтырады.
УЗ қолданылғандығы туралы берілген ақпарат бойынша сумен жабдықталған жүйесі бірден сүзгіш-желдеткіш режимге қосылады.
Ядролық жарылыстан кейін сүзгіш-желдеткіш жүйесі бір сағатқа ажыратылады, толық оқшаулау режимі белгіленеді, ахуал анықталады және қалыптасқан ахуалға сәйкес режимге көшу жүргізіледі.
Сүзгіш-желдеткіш режиміне таза желдеткіш қосылардың алдында ауада УЗ бар-жоғы тексеріледі. Келген ауада УЗ іздері байқалған жағдайда сүзгіш-желдеткіш сақталады.