- •Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы Қазақстан Республикасының Заңы.
- •Азаматтық қорғаныс туралы Қазақстан Республикасының Заңы
- •Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтері -
- •Өрт қауіпсіздігі туралы Қазақстан Республикасының заңы
- •I, II, III топтағы мүгедектерден жүкті әйелдерден, 8 жасқа дейінгі балалары бар әйелдерден басқа еңбекке жарамды жастағы ерлер мен әйел адамдар алынады.
- •Табиғи сипаттағы төтенше жағдайларға жататын құбылыстар
- •Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар
- •Кезіндегі төтенше жағдайлардың сипаттамасы
- •Қатты әсер ететін улы заттар (қәуз)
- •Кесте қәуз-бен зақымданған кезде алғашқы
- •Ақ итж жобалау нормаларының талаптары
- •Жер сілкінісі кезіндегі халыќты ќорѓау
- •Кесте Жер сілкінудіњ географиялыќ таралуы
- •Эвакуациялық органдар
- •Эвакуациялық жиналау пункттері (эжп) эвакуацияланатын халықты жинау мен тіркеуге және оларды көлікке отырғызу пункттері мен бастапқы аттану пункттеріне жіберуге арналады.
- •Эвакуациялық шараларды жоспарлау
- •Қарапайым үлгідегі панаханалар (қп)
- •Мазмұны
Эвакуациялық шараларды жоспарлау
Халықты бытыраңқы орналастыру мен эвакуациялауды жоспарлау азаматтық қорғаныс қызметтерінің, барлық деңгейдегі эвакуациялық және эвакуациялық қабылдау комиссиялары бастықтарының, төтенше жағдайлар жөніндегі басқармалар (бөлімдер) бастықтарының аса маңызды міндеті болып табылады.
Эвакуациялық шараларды жоспарлау жоғары деңгейдегі бастықтарынан төменге қарай жүргізіледі: Республика – Облыс – Қала, аудан – қәсіпорын.
Облыста эвакуациялық шараларды жоспарлау әрбір қала мен облыстың әкімшілік орталығының қалалық ауданы үшін жүзеге асырылады. Көлікті, жолдарды, елді мекендер мен аумақтарды пайдалану мәселелері тиісті қызметтермен келісіледі.
Эвакуациялық шараларды орындаудың көлемі мен мерзімін, халықты бытыраңқы орналастыруды, бөлінетін көлікті және эвакуациялауды жүргізуге қажетті басқа да деректерді көрсете отырып, эвакуациялық жоспардан алынған үзінділер төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімдеріне жеткізіледі. Азаматтық қорғаныс жоспарларында эвакуациялық шараларды әзірлейді, оларды ұйымдарға жеткізеді және олардың бытыраңқы орналастыру мен эвакуациялау жоспарларын жасауды бақылауға алады.
Аудандар мен қалаларда, меншіктің барлық түріндегі ауыл шаруашылық кәсіпорындарында бытранқы орналастырылатын және эвакуацияланатын халықты қабылдау, орналастыру мен жабдықтау жөніндегі шаралар жоспарланады.
Аудандар мен қала ұйымдарының Азаматтық қорғаныс жоспарлары бытыраңқы орналастыру және эвакуациялау мәселері бойынша аудандардың, меншіктің барлық түріндегі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының Азаматтық қорғаныс жоспарларымен келісіледі.
Мыналар жоспарлау үшін негізгі бастапқы мәліметтер болып табылады:
қалалар мен қауіпсіз аймақта тұратын, жұмылдыру қағазы бар және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне шақыруға жататын халықтың саны;
категорияланған қалаларда өзінің қызметін төтенше жағдай мен соғыс уақыты, қызметшілер және олардың отбасыларының жалпы саны, сондай-ақ неғұрлым жұмыс істеуші ауысым саны мен ауысымдардың жұмыс уақыты көрсетілген ұйымдар тізбесі;
өзінің қызметін төтенше жағдай мен соғыс уақыты жағдайында қауіпсіз аймаққа ауыстыратын ұйымдардың жұмысшыларының, қызметшілерінің және олардың отбасы мүшелерінің тізбесі;
студенттер, оқушылар, балалар санын, сондай-ақ оқытушылар құрамы мен қызмет көрсетуші персонал саны көрсетілген жоғары және орта арнаулы оқу орындарының, кәсіптік-техникалық училищелердің, жалпы білім беретін мектептердің, мектеп-интернаттардың, бала бақшалардың және ведомстволық балалар мекемелерінің саны;
категорияланған қалалар айналысындағы төтенше жағдайлар мен күшті қарулар болуы мүмкін аймақтар, осы аймақтарда тұратын халық саны;
бытыраңқы орналастырылатын және эвакуацияланатын халықты орналастыруға тиым салынған аудандар мен пункттер;
бытыраңқы орналастырылатын және эвакуацияланатын халықты орналастыру жөніндегі аудандар мен қалалардың мүмкіндіктері;
халықты орналастыратын аудандарда қорғаныс құрылыстарының (паналар, радиацияға қарсы бассауғалар, тау-кен орны, жерқабаттар мен жеркепелер), сондай-ақ сумен қамтамасыз ету көздерің болуы;
эвакуациялық тасымалдауға тартылатын көліктің мүмкіндігі;
жол торабы, оның жай-күні мен босату қабілеті;
халықты жаяу тәртіппен эвакуациялау үшін маршруттардың болуы және іс жүзінде пайдалану мүмкіндігі;
бытыраңқы орналастыру мен эвакуациялау туралы халыққа хабарлауға, сондай-ақ эвакуациялық шараларды басқаруға арналған байланыс құралдары мен жүйелер;
халықты бытыраңқы орналастыру мен эвакуациялауды жүргізуге әсер ететін жергілікті жағдайлар мен маусымдық климаттық ерекшіліктер;
көрші облыстардың келетін халық саны және олардың келу мерзімі.
Эвакуациялық шараларды жоспарлау үшін қажетті бастапқы мәліметтерді төтенше жағдай жөніндегі басқармалар мен бөлімдер, азаматтық қорғаныс қызметтері мен эвакуациялық комиссиялар, статистикалық, шаруашалық, көлік және басқа ұйымдар арқылы алады. Алынған мәліметтер жинақталып қорытылады және тиісті қызметтермен келісіледі.
Халықты бытыраңқы орналастыру және эвакуациялауды жоспарлау кезінде ұйымдардың өндірістік қызметі ескеріледі.
Категорияланған қалалар мен қауіпсіз аймақта төтенше жағдай мен соғыс уақытында өз қызметін тоқтатпауға тиіс ұйымдардың тізбесін орталық және жергілікті атқару органдары белгілейді.
Осы тізбенің үзінділері облыстар мен қалалардың төтенше жағдай жөніндегі басқармаларына жіберіледі.
Бытыраңқы орналастыру мен эвакуациялау тәртібін және кезегін анықтау үшін қажетті шаралар күні бұрын жүзеге асырылады.
Төмендегі негізгі топтар бойынша халықты есепке алу жүргізіледі:
бірінші топ – соғыс кезінде қалада өз жұмысын тоқтатпайтын, сондай-ақ оның тіршілікке қабілетін қамтамасыз ететін ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілері, олардың отбасы мүшелері (бытыраңқы орналастыру);
екінші топ – соғыс кезінде өз қызметін қауіпсіз аймаққа көшіруші ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілері, олардың отбасы мүшелері, министрліктер мен агенттіктердің орталық аппараттарының қызметкерлері, соғыс уақытында өз қызметін тоқтатын ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілері, олардың отбасы мүшелері. (эвакуация)
үшінші топ – жоғарғы оқу орындарының студенттері, орта арнаулы оқу орындарының, кәсіптік техникалық училищердің оқушылары, профессорлар мен оқытушылар және қызмет көрсетуші персонал, мектеп – интернаттардың оқушылары, балалар үйлері мен арнаулы балалар мекемелерінде тәрбиеленушілер, мүгедектер мен қарттар үйіндегі зейнеткерлер, қызмет көрсетуші персонал, жалғыз басты тұратын зейнеткерлер, жұмыссыздар. (жарым – жартылай эвакуация)
Эвакуациялық шараларды өткізу
Эвакуациялық шараларды өткізудің схемасы
І этап – Эвакуацияны жарым-жартылай өткізу |
ІІ этап – Эвакуациялауға дайындайтын шараларды өткізу |
9. Дәріс
ХАЛЫҚТЫ
бейбіт және соғыс уақытында инженерлік қорғау
Халықты авария, апат, зілзала салдарынан, сондай-ақ осы заманғы зақымдау құралдарының зақымдағыш факторларынан қорғаудың ең негізгі тәсілдерінің бірі бұл оларды ұжымдық қорғау құралдары болып табылатын қорғаныс ғимараттарына жасыру. Қорғаныс ғимараттары-ол инженерлік құрылыс. Қорғаныс ғимараттар қорғау қасиеті, мақсаты, орналасу, салыну мерзімі, қорғайтын деңгейі бойынша бөлінеді.
1 Қорғау қасиеті бойынша: панахана, радиациядан қорғау орындары, қарапайым жасыру орындары.
2 Мақсаты бойынша: халықты жасырып сақтау үшін, басқару және байланыс тораптарын орналастыру үшін.
3 Орналастыру бойынша: үй-астында, ғимараттан бөлек орнату.
4 Салыну мерзімі бойынша: алдын ала бейбіт уақытта салынған, қауіп төнген кезде жылдам тұрғызылған.
5 Панаханалар қорғайтын деңгейі 4 сыныпқа бөлінеді.
1-шы сынып А-І, DDPф=500 кПа, К3=5000, ерекше тапсырыс бойынша салынады (Үкіметті басқару нүктелері).
2-шы сынып А-ІІ, DDPф=300 кПа, К3=3000, аса маңызды және АҚ бойынша 1 топтағы қалаларда салынады.
3-шы сынып А-ІІІ, DDPф=200 кПа, К3=2000, АҚ бойынша 1 мен ІІ топтағы қалаларда салынады.
4-шы сынып А-ІV, DDPф=100 кПа, К3=1000, категорияланған қалалардың шетінде орналасқан аса маңызды объектілерде салынады. Мұнда А-(І, ІІ, ІІІ, ІV) - панахана сыныбын білдіреді, DDPф - соңғы толқынының майданындағы артық қысымды тежейді - кПа. К3-ионданушы сәулелену радиация дозасын әлсірету коэффициенті (дозаны қанша рет әлсіретеді).
Панахана толқын соққысынан, жарық сәулесінен, өткіш радиациядан және радиоактивті зақымданудан - ядролық жарылыстың зақымдағыш факторларынан, сондай-ақ улағыш заттардан (УЗ), бактериялық құралдар мен қатты әсер ететін улы заттардан (КӘУЗ) ықпалынан сенімді қорғауды қамтамасыз етеді.
Панахалар су баспайтын учаскелерде тереңдетілген топыраққа берік материалдардан салынады. Жамылғының төменгі жағы, әдеттегідей, жердің жоспарлық белгісінен биік орнатылмайды. Панахана еденнің деңгейі жер асты суының деңгейінен барынша биік болуға, 0,5м кем болмауға тиіс.
Панахананың сыйымдылығы отыруға (бірінші яруста) және жатуға арналған (екінші және үшінші ярус) орындардың жиынымен анықталады. Шағын - 300 адамға дейін, орта - 300… 600 адам, үлкен - 600 ден астам адам.
Панаханада негізгі және қосалқы бөлмелер жасау көзделеді. Негізгі бөлмелерге жатады: жасырынуға арналған бөлме, басқару нүктесіне арналған бөлме, санитарлық нүкте (медпункт). Қосалқы бөлмелерге жатады: желдеткіш бөлме, санитарлық тораптар, қорғалған дизель электрстанция, азық-түлік сақтайтын бөлме, қорғалған кіреберістер мен шығаберістер, тамбур-шлюз, тамбур.
Панахананың ішкі бөлімдері (дизель электростанцияларын, тамбур-шлюздерді және кеңейту камераларын қоспағанда) бір жасырынушы үшін 1,5м2 кем болмауға тиіс. Бір жасырынушы үшін негізгі бөлме едені алаңының нормасы екі ярусты нар кезінде 0,5м2 және үш ярусты нар кезінде 0,4м2 болуға тиіс. Бөлменің биіктігі бейбіт уақытта оны пайдалану талаптарына сәйкес болуы қажет, алайда жабынның маңдайынан еденің төменгі жеріне дейінгі белгіде 2,15м … 3,5м болуға тиіс (шект жол берілетін биіктік кемінде 1,85м).
Жатуға арналған орын нар екі ярусты болып орналасқанда панаханада жалпы орының 20-ін, ал үш ярусты орналасқан кезде 30-ін құрауға тиіс.
Панахана желдеткіші, әдеттегідей, екі режим бойынша қамтамасыз етіледі: таза желдеткіш (І режим) және сүзгілік желдетккіш (ІІ режим). Таза желдеткіш режимі кезінде панаханаға берілетін сыртқы ауа радиоактивті шаңнан, ал сүзгілік желдеткіш режимі кезінде УЗ мен БҚ-дан тазартылады.
Жылу орталығынан панахананы жылыту қарастырылады (ғимараттың жылыту жүйесі).
Панаханадағы ауыз су қоры әрбір адам үшін тәулігіне 3л есеппен жасалады.
Қорғалған кіреберістер мен шығаберістер. Олардың саны панахананың сыйымдылығына байланысты, алайда екеуден кем болмауы тиіс. Сыйымдылығы 300 адамға бір кіреберіс ұстауға рұқсат етіледі, алайда екіншісі тоннель түрінде авариялық (көшіру) шығаберісі ретінде қызмет етуі қажет. Сыртқы қабырғасына қорғаныш қымталған есік, ішкі қабырғасына қымталған есік орнатылады.
Жылдам тұрғызылатын панаханалар дер кезінде салынған панаханалдың жеткілікті саны жоқ жағдайда соғыс барысында немесе шабуыл қауіпті кезінде қалалар мен өндіріс объектілерінде салынады. Олар қысқа мерзімді (15 тәуліктен 1 айға дейін) темір бетон жиналмалы құрылғысынан сыйымдылығы (жататын орынды ескергенде) - 50… 200 адам.
Радиациядан қорғайтын орын (РҚО) ауылды жерлердегі және ядролық соққы беру ықтималдылығы өте төмен шағын қалалардағы, сондай-ақ ірі қалалардан ауылды жерлерге көшіріп-қоныстандырылған халықты радиоактивті зақымданудан қорғау үшін пайдаланылады. РҚО-ын сыйымдылығы 10-15 адам, кейбір жағдайда 100-500 адам. Екі тәулік бойында жасырынған адамдар үздіксіз болады. Кіреберістер саны панахананың сыйымдылығына байланысты, алайда екеуден кем болмауға тиіс. Сыйымдылығы 50 адамға дейінгі бір кіреберіс ұстауға рұқсат етіледі.
Панаханада негізгі және қосалқы бөлмелер жасау көзделеді. Негізгі бөлмелерге басқару және санитарлық нүктелері бар бөлмелер жатады.
Бір жасырынушы үшін негізгі бөлме едені алаңының нормасы екіярусты нар кезінде 0,5м2 және үшярусты нар кезінде 0,4м2 болуға тиіс.
РҚО-да табиғи желдеткіш немесе механикалық желдеткіш қарастырылады. Табиғи желдеткіш ауа ұстағыш және сорғыш шахталар арқылы жұмыс істейді, келетін ауаны беруге арналған санылау бөлменің төменгі жағына, ал сорғыш санылау жоғары жағына орналасады. Механикалық жұмыс істейтін желдеткіш жүйесінің ауа ұстағыш қондырғысы жерден кемінде 2м биіктікте орнатылып, радиоактивтік шаңнан қорғайтын қалпақшамен жабдықталады.
Панаханалардағы ауыз су қоры әрбір адам үшін тәулігіне 3л есеппен жасалады. РҚО-ны ауыз су қорымен жабдықтау ортақ су құбырынан жүргізіледі.
РҚО құрылысы өте қысқа мерзімде, 12 сағатқа жетпей аяқталуы тиіс.
