
- •Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы Қазақстан Республикасының Заңы.
- •Азаматтық қорғаныс туралы Қазақстан Республикасының Заңы
- •Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтері -
- •Өрт қауіпсіздігі туралы Қазақстан Республикасының заңы
- •I, II, III топтағы мүгедектерден жүкті әйелдерден, 8 жасқа дейінгі балалары бар әйелдерден басқа еңбекке жарамды жастағы ерлер мен әйел адамдар алынады.
- •Табиғи сипаттағы төтенше жағдайларға жататын құбылыстар
- •Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар
- •Кезіндегі төтенше жағдайлардың сипаттамасы
- •Қатты әсер ететін улы заттар (қәуз)
- •Кесте қәуз-бен зақымданған кезде алғашқы
- •Ақ итж жобалау нормаларының талаптары
- •Жер сілкінісі кезіндегі халыќты ќорѓау
- •Кесте Жер сілкінудіњ географиялыќ таралуы
- •Эвакуациялық органдар
- •Эвакуациялық жиналау пункттері (эжп) эвакуацияланатын халықты жинау мен тіркеуге және оларды көлікке отырғызу пункттері мен бастапқы аттану пункттеріне жіберуге арналады.
- •Эвакуациялық шараларды жоспарлау
- •Қарапайым үлгідегі панаханалар (қп)
- •Мазмұны
1- ДӘРІС Төтенше жағдайда халықтың өмір сүруіне,
әрекетшілдігіне тіршілік қауіпсіздігін қаматама-
сыз етудің орны және ролі
Тіршілік қауіпсіздігі - адамның төтенше жағдай кезіндегі өмір сүру ортасымен қауіпсіз қарым-қатынасының, шаруашылық объектілерінің тұрақты жұмыс істеу әдістерін, тбиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды ескерту мен салдарын жою және осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылуы мәселелерін зерттейді.
Студенттердің “Тіршілік қауіпсіздігі” курсының Бағдарламасының білуінің төтенше жағдай мен Азаматтық қорғаныс /АҚ/ сала- сында барлық нысандағы шаруашылық объектілері мен ұйымдардың болашақ мамандарын даярлау ісінде үлкен маңызы бар.
Тіршілік қауіпсіздігі – адамның өмір сүру ортасымен қауіпсіз қарым-қатынасы мен оны қорғауға, төтенше жағдайларда шаруашылық объектілерінің тұрақты жұмыс істеуіне, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын ескерту мен жоюға, сондай-ақ осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылуына бағытталған шаралар кешені.
Азаматтық қорғаныс – бұл басқару органдарының мемлекеттік жүйесі және бейбіт, соғыс уақытында халықты шаруашылық объекті- лерін және ел аумағын осы заманғы зақымдау құралдарының, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай факторларының зақым- дағыш /жойқын/ әсерінен қорғау мақсатында өткізілетін жалпы мем- лекеттік шаралардың жиыны.
Шаруашылық объектілері - өнеркәсіптік, ауылшаруашылығы өндірісі мен қоғам қызметінің басқа салалары мүдделеріне пайдала- нылатын ғимарат, жәй және басқа да құрылыстар.
Ұйым-бағдарламаны немесе мақсатты бірлесіп іске асыратын және белгіленген тәртіптер мен нормалар негізінде іс-әрекет ететін адамдар ұжымы.
Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру мен жүргізу мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі, оның қорғаныс шараларының құрамдас бөлігі. ТЖ-ны ұйымдастыру мен жүргізу тәртібі “Азаматтық қорғаныс туралы” ҚР Заңында белгіленген.
ҚР АҚ-ға жалпы басшылықты ҚР Премьер-Министрі – Азаматтық қорғаныстың бастығы жүргізеді.
ҚР Азаматтық қорғанысына тікелей басшылық ТЖ жөнінідегі ҚР Агенттігіне жүктеген.
ТЖ жөнінідегі ҚР Агенттігі ҚР Үкіметінің құрамына кірмейтін, салааралық үйлеструді, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ-ны ескерту мен жою, ҚР Азаматтық қорғанысы, өрт қауіпсіздігі, өнеркәсіп жұмысының қауіпсіз жүргізілуі және тау-кендік бақылау саласында орталық атқарушы орган болып табылады.
Агенттіктің орталық аппараты департаменттер мен құрылымдық бөлімшелерден тұрады.
Департаменттер тізбесін ҚР Үкіметі бекітеді. Департаментті директор басқарады.
Қазіргі уақытта Агенттік құрамына мына департаменттер кіреді:
Төтенше жағдайларды ескерту департаменттері;
Жедел іс-әрекет департаменті;
Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер департаменті;
Мемлекеттік өрттен қорғау департаменті;
ТЖ техникалық және тау-кендік бақылау жөніндегі депар-
тамент.
Агенттіктің аумақтық органдарының басшыларын, олардың орынбасарларын /аумақ бойынша бас мемлекеттік инспекторлар/ тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің әкімдерімен келісе отыра Агенттік төрағасы тағайындайды.
Агенттікте төраға, оның орынбасарлары, департамент дирек- торлары, Агенттік пен оның ведомствовалық бағыныстағы кәсіп- орындар мен ұйымдардың басшылары құрамындағы алқа құрылады. Ғылыми кеңес құрылады.
Агенттік құрамына орталық аппараттан басқа аумақтық органдар кіреді:
облыстық басқармалар (инспекцияларды қоса алғанда);
қалалық басқармалар (Астана, Алматы, Карағанды қалалары);
аудандық бөлімшелер, сондай-ақ Агенттік ведомстволық бағыныстағы ұйымдар;
біліктілікті көтеретін Республикалық курстар;
Республикалық ақпараттық-техникалық орталық;
химиялық-радиациялық лабораториялар;
Республикалық жедел-құтқару отрядтары;
АҚ әскери бөлімдері;
мемлекеттік өрттен қорғау қызметі;
*Қазселден қорғау * Республикалық кәсіпорны.
Төтенше жағдайлар жөніндегі ҚР Агенттігінің:
Агенттік құдіретінің саласы реттейтін заңнаманың сақталуына бақылау жасауға;
Үкімет құрамына кірмейтін министірліктерге, орталық атқару- шы органдарға, жергілікті атқарушы органдарға табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ салдарын ескерту мен жою жөнінде нұсқаулар беруге;
өз құзыретінің шегінде Азаматтық қорғанысты даярлау және жүргізу мәселесі бойынша шешім қабылдауға;
ҚР Үкіметіне ТЖ аймағындағы авария, апат, зілзала, салдарын жою, қоғамдық тәртіпті сақтау мен объектілерді қорғауды қамтамасыз ету үшін құқық қорғау органдарының қарулы күштердің әскери бөлімдері мен құрамаларын, басқа әскерлер мен құрамалардың күштері мен құралдарын тарту-туралы ұсыныс енгізуге;
өз құзыретінің шегінде аттестация жүргізуге, лицензиялау мен сертификаттауды жүргізуге, сондай-ақ тиісті жұмыс түрлерін жүргізу үшін рұқсат беруге;
объектілердің жұмысын доғаруға немесе тоқтатуға, адамдардың өміріне қауіп төнгенде немесе төтенше жағдай туындаған кезде көшіру шараларын жүргізуге;
егер объектілік кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құрамалардың даярлығы мен жәй-күйі белгіленген норматив- терге сай келмеген жағдайда ұйымдардың қызметін толық не- месе ішінара тоқтатуға;
бүкіл республика аумағында бірыңғай радио жиіліктері белде- уін ұстауға;
ТЖ-ны есерту және жою жөніндегі мәселелері бойынша журналдар, режимдік анықтамалар, бюллетендер мен өзге де басылымдар шығаруға құқығы бар.
2- ДӘРІС Қазақстан Республикасында төтенше жағдай туралы заңдардың мағынасы
*Табиғи және техногендік сипаттағы жағдай туралы Қазақстан Республикасының заңы
Негізгі ұғымдар.
Төтенше жағдай – адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай.
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар – дүлей зілзала (жер сілкі- нісі, сел, көшкін, су тасқыны және басқалар), табиғи өрт, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестері арқылы зақымдануын туғы-
затын төтенше жағдайлар;
Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар - өнеркәсіп, көлік ава- риялары және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), күшті әсер ететін улы, радиоактивті және биологиялық жағынан қауіпті заттарды тара- татын (тарату қаупі бар) авария, үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр-энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыс- тарындағы авария туғызатын төтенше жағдайлар;
Авария – технологиялық процестің бұзылуы, механизмдердің,
жабдықтар мен ғимараттардың зақымдануы;
Зілзала – төтенше жағдайдың пайда болуына әкеліп соққан жой- қын құбылыс;
Дүлей зілзала – төтенше жағдайдың пайда болуына әкеліп соққан зілзала;
Апат – аймақтық және ірі ауқымды төтенше жағдайдың пайда бо- луына әкеліп соққан жойқын құбылыс;
Төтенше жағдайлардың алдын алу – алдын ала жүргізілетін және төтенше жағдайлардың пайда болу қатерін мүмкін болғанынша азай- туға, адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтауға, залал мен матери- алдық шығын мөлшерін кемітуге бағытталған шаралар кешені.
Төтенше жағдайларды жою – төтенше жағдайлар пайда болған кезде жүргізілетін және адамдардың өмірін сақтап, денсаулығын қор- ғауға, залал мен материалдық шығындар көлемін азайтуға, сондай-ақ төтенше жағдайлар аймағының одан әрі таралмауына бағытталған құтқару, авариялық-қалпына келтіру жұмыстары мен басқа да кезек күттірмейтін жұмыстар.
Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы Қазақстан Республикасының Заңы.
Осы Заң халықтың денсаулығын иондаушы сәулелендірудің зиянды әсерінен қорғау мақсатында оның радиациялық қауіпсіздігін қамтама-
сыз ету саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.
1 Радиациялық қауіпсіздік –белгіленген нормаларға сәйкес қызмет-
шілерге , халыққа және қоршаған ортаға радиациялық әсерді шек-
тейтін шаралар кешенімен қамтамасыз етілген радиациялық жағ-
дайдың жай-күйі;
2 Иондаушы сәулелендіру – ортамен өзара әрекет кезінде түрлі бел-
гілердегі иондар түзетін, зарядталған, зарядталмаған бөлшектер мен
фотондардан тұратын сәулелендіру;
3 Табиғи радиациялық аяғарыш сәулесі және жерде, суда, ауада, био-
сфераның басқа элементтерінде, тамақ өнімдері мен адам органи-
змінде өздігінен бөлінген табиғи радионуклеидтердің сәулесі шыға-
ратын сәулелендіру мөлшері;
4 Техногендік өзгертілген радиациялық орта – адам қызметінің
нәтижесінде өзгерген табиғи радиациялық орта;
5 Әсерлі мөлшер – адам организмі мен оның жекелеген органдары-
ның радиациялық сезімталдығын ескере отырып, олардың сәуле
алуының кейіндегі зардаптарының пайда болуы қатерінің
шамасы ретінде пайдаланылатын иондаушы сәулелендірудің
сіңірілген энергиясының шамасы;
6 Бақыланатын аймақ – радиациялық бақылау, адамдарды жіберу
және олардың тұруы жөнінде арнаулы ережелер қолданылатын
аумақ;
7 Қызметшілер - тікелей иондаушы сәулелендіру көздерімен тұрақ-
ты немесе уақытша жұмыс істейтін жеке тұлғалар;
8 Радиациялық авария – атом энергиясын қолдану объектісін
қауіпсіз пайдалану шегінің бұзылып, бұл орайда адамдардың белгі-
ленген нормалардан тыс сәуле алуына немесе қоршаған ортаның
радиоактивті ластануына әкеп соғуы мүмкін немесе әкеп соққан
радиоактивті өнімдердің және /немесе иондаушы сәулелендірудің
қалыпты пайдалану жобасында көзделген шектен асып кетуі;
9 Радиациялық қорғаныш – радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз
етуге бағытталған радиациялық-гигиеналық, жобалау- конструк-
торлық, техникалық және ұйымдық шаралар жиынтығы;
10 Радиациялық мониторинг – иондаушы сәулелендіру көздерін
пайдаланатын объектілерді де, қоршаған ортада да радиациялық
жағдайдың жай-күйін жүйелі түрде байқап отыру;
11 Араласу деңгейі – жол берілмейтін мөлшердің шамасы, оған
жеткен кезде, созылмалы немесе авариялық сәуле алу жағдайы
туындаған реттерде қорғау немесе авариядан кейінгі шаралар
қолданылады.
Азаматтық қорғаныс туралы Қазақстан Республикасының Заңы
Негізгі ұғымдар:
Осы Заңда мынадай ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:
Азаматтық қорғаныс- басқару органдарының мемлекеттік жүйесі
мен бейбіт және соғыс уақытында ел халқын, шаруашылық жүргізу объектілері мен аумағын осы заманғы зақымдау құралдарының зақымдау (қирату) факторларының әсерінен, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау мақсатында жүргізілетін жалпы мемлекеттік шаралардың жиынтығы;
- Азаматтық қорғанысты басқару органдары – бейбіт және соғыс
уақытында Азаматтық қорғаныс шараларына басшылық жасайтын және олардың орындалуын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдары, барлық меншік нысанындағы ұйымдар;
Эвакуациялық органдар – халықты, материалдық қазыналарды
қауіпсіз аймаққа эвакуациялау, оларды орналастыруды, өндірістік қызметті және тыныс-тіршілікті ұйымдастыру үшін орталық және жергілікті атқарушы органдар, барлық меншік нысанындағы ұйымдар құратын эвакуациялық және эвакуациялық-қабылдау комиссиялары;
Азаматтық қорғаныс күштері - Азаматтық қорғаныстың әскер
бөлімдері, аумақтық, объектілік құрамалар, Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметтерінің құрамалары, жедел-құтқару отрядтары;
Азаматтық қорғаныс бөлімдері – Қазақстан Республикасының
Үкіметі құратын Азаматтық қорғаныстың әскер бөлімдері;
Азаматтық қорғаныс құрамалары - облыстарда, қалаларда,
аудандарда, орталық және жергілікті атқарушы органдарда, ұйымдар да құрылатын аумақтық және объектілік құрамалар, Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметтерінің құрамалары;