- •Андронов мәдениетінің Қазақстандағы ошақтары: кезеңдері, сипаты, ерекшеліктері
- •Батыс Түрік қағанаты: саяси тарихы (603-704 жж.).
- •Ғұндардың әскери ұйымы және соғыс өнері.
- •Ғұндардың материалдық және рухани мәдениеті.
- •Ғүндардың саяси тарихы
- •Кейінгі қола дәуірінің мәдениеті (Беғазы-Дәндібай). Отырықшы мал шаруашылығынан көшпелі мал шаруашылығына өту
- •Көне түркі жазуы және жазба ескерткіштері (Күлтегін, Тоныкөк, Білге қаған т.Б.).
- •Қазақстан тарихы ғылым және пән ретінде(пәннің мақсаты, деректемесі).
- •Қазақстандағы палеолит кезеңінің зерттелуі. Тас дәуіріндегі еңбек құралдарының және шаруашылықтың эволюциясы.
- •Сақтар туралы жазбаша деректемелер.
- •Сақтардың әлеуметтік құрылымы, шаруашылығы, тұрмысы
- •Сақтардың рухани және материалдық мәдениеті
- •Сақтардың саяси тарихы. Евразия тарихындағы сақтар
- •Түрік қағанатының саяси құрылысы мен әлеуметтік-этникалық құрылымы және экономикасы.
- •Түріктердің материалдық және рухани мәдениеті
- •Үйсіндер және қаңлылар тайпалық одақтары.
- •Ұлы Түрік қағанаты
Ғұндардың әскери ұйымы және соғыс өнері.
Алға жетелейтін арманың болсын. Биікке ұмытылмайтын, асқақ армансыз жауынгерді қанша қабілеті болса да басшылыққа қоймағын. Ішкі ерік күшің берік болсын. Басшылықтың қай сатысында болсын, ел серкесі қиындықтың алдында тізе бүгуге, сенімін жоғалтуға болмайды. Алысты болжап, ауыр жүкті тастамай көтеріп алып шығуға қабілетті болсын. Оған деннің саулығы, білектің қара күшінен бұрын ішкі жан дүниенің қуаттылығы маңызды. Басшы біреуге ұнау емес, мойындалуы тиіс және өзгенің жайын жақсы түсінетін, терең сезінетін болуы керек. Жат жұрттың мәдениетін, сенім нанымын, салт дәстүрін сезініп, түсінетін, бағалайтын адамгершіліктің болғаны абзал.
Әр басшы шешімшіл (решительный) болғаны бек жақсы. Қашан қозғалуды, қашан бөгелуді, ахуалдың барлық қырларын сезе отырып тез әрі дұрыс шешімді дер кезінде қабылдай білу. Күмәнданып, өзіне сенбей істі кейінге қалдыру артынан ергендерді адастырады және жауға жем етеді. Келешекті болжай білудің орны ерекше. Қолбасшы байқағыш әрі түйсікшіл сезімталдығымен әрекеттің жемісі мен салдарын алдын ала болжай білуі шарт.
Уақыттың құнын білу басшы үшін ат басындай алтынмен тең. Шешім кешікпей, озбай дәл мерзімінде қабылдануы керек. Бәсекелесу қабілет мығым болсын. Басшының ішкі арман мүддесі жеңуге ғана бағытталады. Үнемі жеңіске жету мүмкін болмаса да сын сағатта жеңуді талап еткін. Басшының өзіне деген сенімі зор болғай. Көшбасшы парызын, міндетін орындағанда өзіне сенімі аз болса кейінгілерге оның әлсіздігі дереу байқалады. Басшы өзінің де, қол астындағы жандардың іс әрекетін кім болса да түсіндіре алатын болуы тиіс. Әрдайым қолыңмен жасағаныңды мойныңмен көтергін. Сөзің мен ісің досқа да, дұшпанға да сенім ұялатсын. Сенімсіз басшыда ықпал болмайды. Мақсатқа жететін күш пен тұрлаулы табандылық болсын. Сақты сындыруға, алданып арбалуға бой ұрмағын.
Ғұндардың материалдық және рухани мәдениеті.
Ғұндар негізінен киіз үйлерде тұрды. Жүннен жасалған текемет,кілемдерді төсеніш етті. Ағаштан төсек және үй қажетіне керек заттаррды жасаған. Ғұндар өздері қолмен жасаған заттарын қадірлеп ұстайтын болған. Киіз үйдің төрінде қамшы, ағаштан жасаған қынабы бар семсер, садақ жебелерін салған оқшантай т.б ілулі тұрған. Ат әбзелдерін өрнектері бар темірлермен әшекейлеген. Ал алтын, күміс сияқты бағалы заттардан көбінесе әшекей бұйымдарын жасаған. Байлары қола және күміс қаптырмалармен әшекейленген кемер белдік буынған. Ғұн әйелдері құлағына жарты ай тәрізді әдемі әр түрлі тастарме әшекейленген сырға, саусақтарына алтын жүзік, шашына алтын, күмістен жасалған шаш түйреуіштер таққан.Ғұндар мал терісінен суықта киетін сыртқы киімдер, аяқ киімдер , бас киімдер тігіп киген. Сонымен қатар , қолданатын ыдыстарына ағашты, теріні, қышты пайдаланған. Сүт , қымыз, айран, қаймақ тағы басқа сұйық құятын ыдыстарды, негізінен қыштанғ ағаштан жасаған. Ал үйдің ішінде орнатылған ошақ тастан жасалып, оның үстіне қазан асылған. Ғұндар ошақты өте қадірлеген.Ғұндардың қол өнер кәсібі күшті дамыған (металдан,арда сүйек пен мүйізден, тас пен саздан, ағаштан, керамикадан жасалды). Сауда дамығандығын жібек маталар, айналар, нефриттен істелген бұйымдар көрсетеді.
