- •Андронов мәдениетінің Қазақстандағы ошақтары: кезеңдері, сипаты, ерекшеліктері
- •Батыс Түрік қағанаты: саяси тарихы (603-704 жж.).
- •Ғұндардың әскери ұйымы және соғыс өнері.
- •Ғұндардың материалдық және рухани мәдениеті.
- •Ғүндардың саяси тарихы
- •Кейінгі қола дәуірінің мәдениеті (Беғазы-Дәндібай). Отырықшы мал шаруашылығынан көшпелі мал шаруашылығына өту
- •Көне түркі жазуы және жазба ескерткіштері (Күлтегін, Тоныкөк, Білге қаған т.Б.).
- •Қазақстан тарихы ғылым және пән ретінде(пәннің мақсаты, деректемесі).
- •Қазақстандағы палеолит кезеңінің зерттелуі. Тас дәуіріндегі еңбек құралдарының және шаруашылықтың эволюциясы.
- •Сақтар туралы жазбаша деректемелер.
- •Сақтардың әлеуметтік құрылымы, шаруашылығы, тұрмысы
- •Сақтардың рухани және материалдық мәдениеті
- •Сақтардың саяси тарихы. Евразия тарихындағы сақтар
- •Түрік қағанатының саяси құрылысы мен әлеуметтік-этникалық құрылымы және экономикасы.
- •Түріктердің материалдық және рухани мәдениеті
- •Үйсіндер және қаңлылар тайпалық одақтары.
- •Ұлы Түрік қағанаты
Батыс Түрік қағанаты: саяси тарихы (603-704 жж.).
Түрік қағанатының бөлінуіне әкеліп 603 жылы Батыс және Шығыс Түрік қағанаты болып екіге бөлініп тынды.Батыс Түрік қағанатының Оңтүстік- шығысында Іле,Шу өзендерінен бастап, солтүстік батысында Еділ мен Ертіс, оңтүстік батысында Әмударияға дейінгі аралық. Астанасы-Суяб. Алғашқы кезде қағандықты басқарған Тардуш Алтайдағы теле тайпасына шабуыл жасап өзін Шығыс Түрік қағанатының қағаны деп те жариялаған, алайда телелер оған қарсы көтерілген. Батыс Түрік қағанатының саяси күшейген кезі Шегу (610-618ж.) мен Тон (618-630ж.) қағандарының билік құрған мезгілі болды. Батыстағы елдерді жаулап алуды ойластырып, Орта Азиядағы басқару жүйесін қайта құрып, салық жинауға жергілікті адамдарды бекітіп, оларға «селиф» деген атақ берген- Тон қаған.Тон қаған Византияның Иранға қарсы күресін қолдап көмек беру үшін 627ж әскер аттандырған. Қағанат ішінде 630ж билік үшін талас-тартыс басталды. 634ж нушеби тайпасының қолдауымен Елтеріс қаған билікті қолына алады. Жоғарғы билеуші және әскербасы-Қаған. Билік мұрагерлікпен беріліп отырды.Қағанаттағы ябғу,шад, елтебер сияқты атақтар қаған руынан шыққан ақсүйектерге беріліп отырған.
Қағанаттың өзегін Қаратаудан Жоңғарияға дейінгі ежелгі үйсін жерінде өмір сүретін «10 тайпа» құрады. Шу өзенін 5 тайпа – Дулу, ал бат-қа қарай 5 тайпа – Нушиби жайлады. Астанасы – Суяб(қазіргі Тоқмақ маңы). Жазғы орталығы – Мыңбұлақ. Қағанаттағы бірінші адам қаған – жоғарғы билеуші, әскербасы, жердің иесі болып есептелді. Қағанаттағы жоғарғы шен – жабғу, шад және елтебер атағы тек қаған руына жататын адамдарға ғана берілді. Сот қызметін бұйрықтар мен тархандар атқарды. Қағанаттың негізгі халқын еркін малшылар(қара бодан) құрады. Жеғұй қаған(610-618) және оның кіші інісі Тон-жабғұ қаған(618-630) билігі тұсында қағанат құдыреттілігі ең жоғарғы дәрежесіне көтерілді. 16жылға созылған(640-657) тайпааралық соғыс қағанатты әлсіретті. Осыны күткен Таң имп-ң әскері Жетісуды басы алды. Түріктер Таң имп-на карсы үздіксіз күрес жүргізіп, ол ақыры 8ғ-ң басында түркештердің жеңісімен аяқталды.
Ғұн тайпаларының көшуі және бағыттары. Европадағы ғұндар.
Ғұндар – ежелгі замандағы еліміздің далалық өңіріндегі көшпелі тайпалардың бірі. Қазақстан жеріне Оралық Азиядан б.з.б І ғасырдың соңы мен б.з І ғасырында келген. Осы кезеңде Еуразияның ұлан-байтақ даласында, соның ішінде Қазақстан жерінде де, «Халықтардың ұлы қоныс аударуы» болды. Ғұндардың тарихы Қазақстан жерімен тығыз байланысты. Қазақстан жерінен табылған археологиялық қазбалардан және қытай жазба деректерінен де ғұндар туралы көп мәліметтер алуға болады. Бес ғасырға жуық уақыт(б.з.б. 204жылы-б.з 216жылы) ғұндар кең далаға билік жүргізді. Қытайлық ежелгі деректерде олардың «хунну» деген атты Орхон өзеніне байланысты алғанын жазады. Ал еуропалық жылнамашылар бұл атты сәл өзгертіп «гуни» деп атаған.Ғұндардың мемлекеттік тарихы жөнінде жазба деректер жеткілікті. Олардың саяси-қоғамдық құрылысы жөніндегі деректер, негізінен, қытай Жылнамалар ында мол сақталған.
Ғұндардың әлеуметтік құрылымы, шаруашылығы, тұрмысы.
Б.з.б. Iмың жылдықтың екінші жартысынан бастап Еуразияның этникалық-саяси тарихында Орталық Азияның көшпелі тайпаларының рөлі күшейе түсті. Осы өңірде, Байқалдан Оңтүстікке таман және Ордосқа дейін созылып жатқан далалық және шөлейт аудандарда қарабайыр мал шаруашылығымен шұғылданған, этникалық жағынан әр түрлі тайпалар көшіп жүрді. Солардың басты тобы б.з.б. IV-III ғасырларда Солтүстік Қытайдың шекарасына дейінгі жерді мекендеген тайпалық екі одақ Сюнну және Дунху бірлестіктері еді.Сюннулар (хунну немесе ғұндар деп аталады), әсіресе б.з.б. III ғасырда мейілінше күшейді. Тайпалардың бұл тобының аты қайдан шыққаны белгісіз. Зерттеушілердің көпшілігі оларды түріктердің арғы аталары деп болжайды. Ғұн тайпаларының бір одаққа бірігуіне негізгі себеп қытайлықтардың бұларға қарсы төрт ғасырға созылған кескілескен соғысы деу керек. Ғұн тайпаларының бірігіп топтасуы б.з.б. 209 жылы “ғұн үйінің өрлеуі” кезінде іске асты. Оларды бір одаққа біріктіру әйгілі Мөде (Боғда) батырдың есімімен байланысты. б.з.б. 59 жылы ғұндардың өз арасында соғыс басталды. Шаруашылық-мәдени типінің негізі - көшпелі мал шаруашылығының маңызы ерекшеболды . Ол туралы қытай деректерінде былай деп жазған:«Қытайдың солтүстігінің сырт жағын мекендейтін олар өздерінің малымен бір жайылымнан екінші жайылымға көшіп жүреді. Шонжарларынан бастап бәрі де үй малының етімен тамақтанады, олардың терісін киім қылады. Ғұндардың қойы да көшпелілердің күллі қажетіне жараған . Әсіресе, қ ойдың етін, терісін, жүнін және аң терілерін пайдаланды. Қой терісі мен жүннен киім, аяқ киім жасайды, жүннен киіз басады.Мал өсіру, әсіресе, жылқы өсіру басты рөль атқарды.Жылқы болмаса көшпелі мал шаруашылығының өзі өмір сүре алмас едi. Малдың бәрі дерлік бүкіл жыл бойына жағып бағылды. Сондықтан жазда қуаңшылық немесе қыста көктайғақ болған жылдары малдары жұтқа ұшырайтын болған. Ғұндар отырықшылық пен егіншілікті де білген. Деректемелерде «Солтүстік жерлерде суық ерте түседі, сондықтан тары себуге қолайсыз болса да, ғұндардың жерінде тары себіледі» -деп жазылған.Ғұндар өмірінде аңшылық та үлкен орын алды. Ғұндар негізінен киіз үйлерде тұрды. Жүннен жасалған текемет,кілемдерді төсеніш етті. Ағаштан төсек және үй қажетіне керек заттаррды жасаған. Ғұндар өздері қолмен жасаған заттарын қадірлеп ұстайтын болған. Киіз үйдің төрінде қамшы, ағаштан жасаған қынабы бар семсер, садақ жебелерін салған оқшантай т.б ілулі тұрған. Ат әбзелдерін өрнектері бар темірлермен әшекейлеген. Ал алтын, күміс сияқты бағалы заттардан көбінесе әшекей бұйымдарын жасаған. Байлары қола және күміс қаптырмалармен әшекейленген кемер белдік буынған. Ғұн әйелдері құлағына жарты ай тәрізді әдемі әр түрлі тастарме әшекейленген сырға, саусақтарына алтын жүзік, шашына алтын, күмістен жасалған шаш түйреуіштер таққан
