Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-21.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
61.03 Кб
Скачать

Түрік қағанатының саяси құрылысы мен әлеуметтік-этникалық құрылымы және экономикасы.

5 ғ. Қаз-н, Орта Азия, Шығыс Европа аумағында түркі тілдес халықтар өмір сүрді. 546 ж. Алтайдағы бір соғыста 50 мың теле тайпасы жеңіліс тапты. Қалдығы түріктерге қосылып кетті. «Түрік» атауы алғаш рет Қытайдың 542ж-ғы шежіресінде кездеседі. Қытайлар түріктерді ғұндардың ұрпағы деп есептейді. 552ж. Түрік қолбасшысы Бумын аварларға, жуандарға қарсы шығып, жеңеді де, қираған мемлекеттің орнына Түрік қағанатын құрады. Бұл этно саяси бірлестіктің негізін салушы Бумын қаған. Ол 553ж. дүние салды. Оның ізбасары Мұқан қаған кезінде түрік қағанаты Орта Азияда саяси үстемдікке жетті. 6ғ-да Қазақстан жері түрік қ-ң иелігінде болды. Түріктер Манчжуриядағы қидандарды, Енисейдегі қырғыздарды, Солт. Қытай мемл-н де жаулап алды. Түріктер Орта Азияға жылжыды. Каспий теңізінен Солт. Үндістанға және Шығ. Түркістанға дейінгі жерді алып жатқан эфталиттердің қарсылығына тап болды. 561-563жж Түріктер Иранмен эфталиттерге қарсы одақтасты. 564ж Иранның шахы Хұсырау Ануширван олардың әскери маңызды аймағы Тоқарыстанды тартып алды. Эфталиттердің негізгі күшін 587ж Бұхардың түбінде Түріктер талқандады. Орта Азияны жаулап алғаннан кейін Түріктер Жерорта теңізінің елдеріне баратын Ұлы Жібек жолын қол астында ұстады. Түріктер мен қол астындағы соғдылықтар Византиямен сауда байланысын жасауға ұмтылды. Бұған Иран кедергі болды. 568ж соғдылық көпес Моннах Түрік қағанатының елшілігін Константинопольға бастап барып, Византия имп-мен сауда келісімі жасалды және Иранға қарсы әскери келісімге қол қойылды. Парсылар бұл одақтың жасалуына қолдарынан келгенше кедергі жасап бақты. Иран түріктерге жылына 40мың алтын мөлшерінде алым-салық төлеп тұруға және сауда қатынасына бөгет жасамауға уәде берді. Содан кейін барып, түрік әскері Амударияның арғы жағына әкетілді. Естеми қаған мен оның ұлы Түріксанфа билеген кезде ішкі соғыстар мен әлеум. қарама-қайшылық қағанатты әлсіретті. 603ж Түрік қағанатынан Бат.Түрік қағанаты бөлініп шығып, Шығ.Түркістан жазирасынан Амударияға Еділ бойы мен Солт. Кавказ далаларына дейінгі аймақты иеленді.

Түріктердің материалдық және рухани мәдениеті

Турік Тайпаларының Материалдық Мәдениеті– ортағасырлық отырықшы және көшпелі түркі тілдес тайпалар мәдениетінің жиынтық атауы. Орт. Азия аум-нда түрік қағандарының саяси үстемдігі орнағаннан кейін барлық жергілікті тайпалардың аттары жазбаша деректемелерден жойылып, олардың орнына, әдетте жеңіп шыққандардың әулеттік есімі енгізілді. Түркі тілдес тайпалардың саяси, экон. және этн.-мәдени жағынан Батыс Түрік қағандығы құрамына бірігуі біртектес, бірақ бытыраңқы этностардың топтасу үрдісінің басы болды. Түркілер Қазақстан жеріне жерлеу ескерткіштерінің жаңа түрлерін, атап айтқанда, тастан жасалған антропоморфты балбалдардың тізбекті мүсіндерін ала келді. Жерлеу ғұрпы өзгерді, мысалы, мәйіттің басын батысқа қаратып жерлейтін ғасырлар бойы орнығып келген дәстүрлі бағыт жойылып, мәйіт басын солт-ке бағдарлап жерлеу басым бола бастады. Молалардың көпшілігінде адамның сүйектері жорыққа мінген аттарының сүйектерімен, қару-жарақтарымен бірге қойылды. Темір үзеңгілер, жебелердің темір ұштары және қанжарлардың, қылыштардың жаңа түрлері пайда болды. Мүсінді металл қаптырмалар жиынтығымен сәнделген жауынгерлік белдіктер кеңінен тарады.

6 – 9 ғ-лардағы ескерткіштер қо-рымдар, жекелеген қабірлер, кездейсоқ табылған заттар және тастан жасалған тұлғалар түрінде кездеседі. Түркі заманының Шығыс Қазақстан мен Алтайдағы, Жетісу обалары құрылымы және олжалары жағынан өте жақын. Жерлеудің сыртқы белгілері – тастан немесе топырақтан үйілген аласа үйінділер, олардың астына әдетте тік немесе төрт бұрыш түрінде қаланған қабірлер. Мәйіт жерден сопақша қазылған шұңқырға жерленген, мәйітпен бірге киім-кешектері, сәндік заттары, қаруы қойылған. Аттың өлігін қуысқа, шұңқырдың түбінен жоғары таман, аяқтарын бүгіп бүйірінен салған. Кейде аттың орнына қабірге оның басы және кесек еттерін немесе тұяқтарымен бірге терісін көмген. 6 – 10 ғ-лардағы қабірлердің көбі Шығыс Қазақстандағы Ертіс аңғарында зерттелді. Бұлар – Трофимовка-1 және 2, Зевакин, Покровск, Качира және Боброво-1 және 3-қорымдары, Бұқтырма СЭС-і су қоймасының аймағындағы зираттар. Қабірлерден қару-жарақ, ер-тұрман, тұрмыс заттары, әшекейлер, сондай-ақ жылқы қаңқаларының жекелеген бөлшектері (бас, аяқ сүйектері) табылды. Қой сүйектері және қыш ыдыстардың сынықтары ас беру ғұрпының болғанын білдіреді. Түркі тілдес тайпалар 6 – 7 ғ-ларда тұрақты мекен-жай салып, отырықшылық өмір сүргенін байқатады. Әсіресе, Қазақстанның оңт. және оңт.-шығыс аудандарында отырықшылық басым болған. Археолог К.Байпақов зерттеу жұмыстардан алынған көзелерге (құ-мыра) ғыл. талдау жасай отырып, олардың тұрмыстық қажетін өтеген мерзімін бірнеше кезеңдерге бөледі.

6 – 7 ғ-лардың 1-жартысына сәйкес келетін көзелер Жетісу жеріндегі қыстақ, кенттердің, қалалардың (Жамбыл, Ақмешіт, Аспара, т.б.) орындарында жүргізілген археол. зерттеу жұмыстарының нәтижесінде белгілі болып, ыдыстардың көпшілігі қолдан жасалғаны анықталды. 6 ғ-дың 2-жартысы мен 9 ғ. материалдары Оңт. Қазақстандағы қала жұрттарынан (Отырар, Сайран, т.б.) табылды. Көзелер құмыра жасайтын ұршықтарда (станок) жасалған. 10 – 12 ғ-ларда Отырар, Сайран, Түркістан, Сауран, Тараз, Талғар, т.б. қалаларда тұрмыстық қажеттілікке байланысты көзелердің түрлері көбейіп, түрлі түсті әйнек тәріздес сырлармен әшекейленген. Сонымен қатар қала жұртшылығының егін ш-мен айналысқандығын көрсететін де материалдар жеткілікті. Олар – қол диірмендер, үккіштер, темір орақ, т.б. құрал-жабдықтар. Мұндай заттар түркі дәуіріндегі обалардан көптеп табылған. Обалардан жиірек кездесетін заттар – темірден жасалған ат әбзелдері, құрал-сайман, қару-жарақтар. Әсіресе, ауыздықтар, олардың әшекейлері, үзеңгілер, темір семсерлер кез келген ер адамдардың қабірлерінен кездесіп отырады.

Түрік жазуы п.б.: 1. Уғ. 2. 1000 жыл ерте(сақтармен ббайланысты, 1мың ж). Оны Батыс Түрік қағанаты мен Византия мем-ң арас. Елшілік хаттардан көруге болады.

Түрік жазуымен қатар елде соғды жазуы да болды. Оны қолданғандар: қаған кеңесшілері, елші, есепші. Атақты көпестері Сайрам, Тараз, Баласағұн қала-да тұрған. Бұл жазу түрік жазуының ығыстырылуына әсер етті.

Соңғы 30-40ж. Ішінде Талас, Іле, Сыр, Ертіс өзендері бойынан ежелгі түрік жазуларының ескерт.таб. жазудан о-ң тек билік иесі ғана емес, орташалар-ң болғ.көреміз.

Оңт.сібір, Алтай-Саян, Қаз. Жерлеріндегі түркі тайпалар түрікше сөйлеп, көне түркі жазуымен жазған.35 әріптен тұрған. Ол өздерінің таңбалары негізінде жасалған.

Жазба мәдениеті

Әдеби тіл және жазба әдебиеттің дамуы

Көне түркі тілінде 200 аса жәдігерлер табылған. Күнделікті тұрмыста ауызекі сөздерді қолданған. Нәт. УІІІ ғ. түріктердің жазба әдебиеті п.б.

әдеби туындылар: мақал-мәтел, жоқтау дегендерге бай. Мыс.: өлімнен ұят күшті. Жоқтау кітапта.

«Қорқыт ата» кітабы 10 жырдың қосындысы. Қызылорда Қармақшыда ескерткіші бар. Кітап мазмұнына қарағанда Қорқыт айтты деген нақыл сөздер жиынтығы көне түрік ауфз әдеб.жинастырылған.

Қорқыт кітабы жастарды тәрбиелі болуға, жер, елін қорғауға, батыр, батыл болуға шақырады. Бірлікті уағыздайды. Сонымен оларда жазба әдебиет пен әдеби тілдің жақсы дамығанын көре аламыз.

Наным-сенімдері мен діні

-Отқа табынған. Отпен аластау секілді ескі наным ел ішінде әлі сақталған.

-табиғатқа табынған. Қаза болған адам-ң туыстары жиналып, киіз үй тігіп, құрбан шалып, оның атын, мәйітін, заттарын бірге өртеген.

Жазда өлсе күзде, қыста болса көктемде топырағын жерлеген. Бұл мезгілге табыну.

Күлтегін жазуынан аспан әлеміне, көкке сиынғандығын көре аламыз.

Ұмай анаға табынған.

Көк бөріге табынған (Оғызнаме)

Балаға жақсы бәйге аттарға тіл –көз тимеу үшін бөрінің тырнақ, көз, тіл сияқты мүшелерін кесіп алып, тағып қоятын. Тісі де қасиетті.

УІІІ ғ. Оңт. Қаз. Мұсылман діні етек ала бастады. Орталықтары: Сайрам, Тараз, Отырар, Йасы. Оны Сатұұ Боғра хан мемл. Дін есебінде пайд.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]