
- •1)Елес: жалпы сипаттама
- •3) Мұғалімнің сабақ өткізу шеберлігі
- •4. Мектеп жасына дейінгі балалардың психикалық даму ерекшеліктеріне салыстырмалы талдау жасаңыз
- •5. Аңдарда қиял бар деуге бола ма? Психологиялық түсіндірме беріңіз.
- •1. Қиял және оның өзге психикалық процестермен байланысы
- •2 Темперамент типтері
- •3. Жеткіншек психикасының дамуының өзіңдік сипатын анықтаңыз
- •4. Эмоция мен сезім ұғымдарына сипаттама беріңіз
- •5. Д.Б.Элькониннің жас ерекшеліктеріне қатысты кестесін сызба негізінде көрсетіңіз
- •1. Қиял түрлері
- •2 Жас ерекшелік психологиясының тарихы
- •3. Бастауыш сынып оқушыларының анатомиялық-физиологиялық даму ерекшеліктеріне талдау жасаңыз
- •4. Ес процестеріне талдау жасаңыз
- •5. Мінез-құлық сапасы биологиялық емес, қоғамдық заңдылықтармен анықталатынын дәлелдеңіз.
1. Қиял түрлері
Қиял актив, пассив болып екіге бөлінеді. Қиялдық бүтіндей пассивтік түрінің шегі - түс көру. Түс көрудің физиологиялығын жан-жақты түсіндіріп берген И. П. Павлов болды. Ұйқы кезінде ми клеткаларының бәрі тежелмейді, кейбір бөлімдері қозу жағдайында болып жүмыс істей береді. Мидың мүндай бөліктерін «күзетші пункт» деп атайды. Осы «күзетші пункттердең біздің бүрын қабылдаған, көрген, естіген, қолға үстап, дәмін татқан заттарымыздың бейнелері мида қайтадан «тіріледі».
Актив қиялдың ерекше бір түрі — арман. Арман дегеніміз өз қалауымызша жаңа образдар жасау. Мүның творчестволық қиялдан ерекшелігі мынада: арман өзіміздің тілеген келешекке бағытталған қиял процесі. Арман творчестволық әрекетпен тікелей байланысты емес, ол творчестволық қиялдың бірінші дайындық сатысы.
2 Жас ерекшелік психологиясының тарихы
Жас ерекшелік психологиясының пәні. Жас ерекшелік психологиясы онтогенездегі психикалық даму заңдылықтарын зерттейді. Онтогенез – индивидтің дүниеге келгеннен өмірінің соңына дейінгі дамуы. Жас ерекшелік психологиясының пәні ретінде адам өмірінің түрлі сатыларындағы тұлға қасиеттері мен психикалық процестерінің дамуының жетекші факторлары, заңдылықтары мен динамикасы болып табылады.
Жас ерекшелік психологиясының негізгі ұғымдары:
Жас – бұл заңды физиологиялық және психикалық өзгерістердің жиынтығымен сипатталатын, индивидтің психикалық дамуының және оның тұлға ретінде дамуының уақытпен шектелген нақты сатысы.
Жаңа құрылым –берілген жаста ең алғаш пайда болатын және оны басқа жас кезеңдерінен ерекшелендіретін тұлға мен психологиялық процестердегі сапалық өзгерістер.
Жетекші іс-әрекет – бұл берілген жас кезеңіндегі психикалық жаңа құрылымдардың пайда болуы мен қалыптасуын анықтайтын іс-әрекет.
Дамудың әлеуметтік жағдайы - әр жас сатысына тән және әр кезеңде психиканың дамуына әсер ететін сыртқы жағдайлар.
Дағдарыс- бұл бір жас кезеңінен екіншісіне өту сатысы, осы сатыда қысқа уақыт аралығында түрлі психикалық қозғалыстар жүреді, даму секіріс түрінде болады, осының салдарынан мінез-құлықтың теріс қырлары мен тәрбиедегі қиындықтар байқалады.
3. Бастауыш сынып оқушыларының анатомиялық-физиологиялық даму ерекшеліктеріне талдау жасаңыз
Белгілі бір шақтық кезеңге тән анатомиялық-физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерді әдетте жас ерекшеліктері деп атайды. Сондықтан педагогика және психология балалардың жас ерекшеліктеріндегі ширақтықты, өзгерімпаздықты айқындайды, тәрбиеленушінің және қоршаған ортамен жасайтын қарым-қатынастар жүйесіне тәуелді болатынын атап көрсетеді. Сол себепті бастауыш сынып оқушыларына сергіту сәтін жүргізуде жас ерекшеліктерді ескеріп отырып орындату қажет.
4. Ес процестеріне талдау жасаңыз
Ес бірнеше дара процестерден тұрады. Олардың негізгілері: есте қалдыру, қайта жаңғырту, ұмыту.
а) Есте қалдыру - жаңадан қабылданған бейнелер мен материалдарды, олардың мәнін есте бұрынғы сақтағандармен байланыстырып отыру.
Б)Қайта жаңғырту еріксіз және арнайы болып жаңғырту -мақсатсыз. Мысалы, музыканттың белгілі ән - күйлерді күнде орындауы. Арнайы қайта жаңғыртуда белгілі мақсат болды. Оған адам өзінің ерік - күшін жұмсайды, арнайы әдіс - тәсілдер. Қолданып, бұрыңғы қабылдағандарын қайта жаңғыртып, жүзеге асырады.
в) Ұмыту. Бұрын қабылдаған материалдарды есте сақтамайынша, тани алмаймыз. Ұмыту дегеніміз - қабылдағанды, есте қалдырғандарды қажет болған кезде еске түсере алмау, танымау немесе еске түсіру мен танудың қателесіп жаңылуы. Ұмыту жүйке қызметінің күйіне байланысты. Жүйке жүйесі әбден шаршағанда не ауруға ұшырағанда, адамда ұмытшақтық күшті болады. Ұмыту қабылдаған материалдардың нашарлығына да байланысты. Жүйке жүйесінің нашарлауына орай ұмытшақтық қартайған адамдарда жиі кездесе береді.