
- •1)Елес: жалпы сипаттама
- •3) Мұғалімнің сабақ өткізу шеберлігі
- •4. Мектеп жасына дейінгі балалардың психикалық даму ерекшеліктеріне салыстырмалы талдау жасаңыз
- •5. Аңдарда қиял бар деуге бола ма? Психологиялық түсіндірме беріңіз.
- •1. Қиял және оның өзге психикалық процестермен байланысы
- •2 Темперамент типтері
- •3. Жеткіншек психикасының дамуының өзіңдік сипатын анықтаңыз
- •4. Эмоция мен сезім ұғымдарына сипаттама беріңіз
- •5. Д.Б.Элькониннің жас ерекшеліктеріне қатысты кестесін сызба негізінде көрсетіңіз
- •1. Қиял түрлері
- •2 Жас ерекшелік психологиясының тарихы
- •3. Бастауыш сынып оқушыларының анатомиялық-физиологиялық даму ерекшеліктеріне талдау жасаңыз
- •4. Ес процестеріне талдау жасаңыз
- •5. Мінез-құлық сапасы биологиялық емес, қоғамдық заңдылықтармен анықталатынын дәлелдеңіз.
3) Мұғалімнің сабақ өткізу шеберлігі
Мұғалім шеберлігі – бұл өте жоғары білімді сапалар жиынтығы, әрі ұдайы жетіліп отыратын тәрбиелеу мен оқыту өнері. Жеке тұлға мәдениеті, білім мен өрісті дүниетаным, педагогикалық техника мен озат тәжірибе, осы педагогикалық шеберліктің негізі деп ойлаймыз. Қазіргі заман мұғалімнің тұлғалық белгісі – ой өрісінің кеңдігі мен оның ауқымды дүниетанымы. Заман ағымымен теңдей қадам басамын деген әрбір адам өте көп ақпараттан хабардар болуы қажет. Қазіргі заман оқу әдістерін жеке меңгеру де осы шеберліктің бір қыры. Енді бір қыры – шәкіртпен қарым – қатынастың, шәкірттің іс-әрекетін қуаттау немесе тежеу болып табылады. Ұстаз өмір бойы бала тәрбиесіне ықпал етумен яғни дәлелдеп сендіру, шәкірттің қызығушылығын дамыту, талап ете білу. Осы ықпал түрлерін іске асыруда ұстаз нағыз шебер болуы керек
4. Мектеп жасына дейінгі балалардың психикалық даму ерекшеліктеріне салыстырмалы талдау жасаңыз
Мектепке дейінгі шақтың елеулі ерекшелігі болып баланың құрдастарымен жасайтын арнайы өзара қарым-қатынасының пайда болуы, «балалар қоғамының» құрылуы болып табылады. Мектеп жасына дейінгі баланың басқа адамдарға қатысты өзіндік ішкі позициясы өз «менін» және өз қылықтарының маңызын аңғарудың арта түсуімен, үлкендердің ішкі дүниесіне олардың іс-әрекеттері мен өзара қарым-қатынасына ерекше қызығүымен сипатталады. Мектеп жасына дейінгі бала дамуының әлеуметтік ситуация ерекшеліктері оған тән іс-әрекет түрлерінен, алдымен сюжеттік-рольдік ойындардан көрініп отырады. Үлкендер өмірімен араласу талабымен оған деген білім мен іскерліктердін болмауының ұштасып келуі баланың сол өмірді өзінің шамасы келетін ойын формасында игеруіне алып келеді. Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуы үшін айрықша қолайлы жағдайлар мектепке дейінгі қоғамдық тәрбие жүйесі арқылы жасалынады.
5. Аңдарда қиял бар деуге бола ма? Психологиялық түсіндірме беріңіз.
150
1. Қиял және оның өзге психикалық процестермен байланысы
Қиял —тек адамға ғана тән, соған меншікті психикалық процесс. Жануарлар дүниесінде мұндай функция болмайды. Өйткені, қиял — адамның еңбек әрекетімен дамитын психикалық қызмет. Ол басқа да психикалық процестердің түрлері сияқты шындықты бейнелеп, болмыстағы оқиғалармен бірлікте пайда болып отырады. Қиял арқылы пайда болып отыратын жаңа бейнелер адамның білім қорына, нақты образдарға, тұрақты елестерге негізделеді. Адамның әрқилы психикалық әрекеттерінде бір ғана процестің дараланып жеке кездесуі мүмкін емес. Ондай процестер бір бағытпен, арнамен өзара ұштасып, араласып жатады. Солардың ішінен адам әрекетінде бір-екеуі жетекшілік қызмет атқарады. Сонымен, қиял дегеніміз — бізді қоршаған сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың образдарын жаңғыртып, оларды өңдеп бейнелеуден тұратын, тек адамға ғана тән психикалық процесс.
2 Темперамент типтері
Ежелгі дәуірлерден бастап зерттеушілер адамдардың дене құрылымы және физиологиялық қызметінің ерекшеліктерімен сай келетін көп түрлі әрекет – қылықтарды тастап, ретке келтіруге ат салысты. Осыған орай темпераменттің көп түрлі типологиясы қалыптасты. Бұлардың ішінде назар саларлықтай тип – адамның дене құрылымына байланысты дараланып, тума темперамент қасиеттеріне негізделген – конституциялық типология (Э. Кречмер). Бұл теорияның мәні: әр адам өз дене құрылымына орай өзіндік психикалық ерекшелікке ие. Осыдан, дене мүшелерінің сырттай өлшемдеріне байланысты төрт конституционалды психикалық тип белгіленген: 1Лептосоматик- бойшаң, нәзік денелі, тар иықты, қол-аяғы ұзын, сидыйған. 2 Пикник- мығым, сезімшең, кіші не орта бойлы, қарны қампиған, домалақ бас. 3Атлетик- бұлшық еттері күшті дамыған, денесі мығым, берік, ұзынша не орта бойлы, кең иықты, жамбас сүйектері тартылған. 4 Диспластик-дене бітімі қисынсыз. Бұл адамдар әрқилы мүшелік зақымдарға ұшырағандар. Жоғарыда баяндалған конституциялық типология теориясының негізін қалаған- Э. Кречмер. Бұл теория Батыс Европада кең қолдауын тапты. Ал осы теорияны арықарай жалғастырған У. Шелден болды. Сонымен, әр адамның темпераменті әртүрлі, соған байланысты адамдар да әртүрлі.