
- •5В100200 - «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» бағыты студенттеріне арналған әдістемелік нұсқаулар мен өзіндік тапсырмалар топтамасы
- •1 Алматы энергетика және байланыс университеті
- •2 Мамандығым – ақпараттық қауіпсіздік жүйелері
- •3 Ақпараттық қауіпсіздік
- •4 Ақпаратты сақтау және жад түрлері
- •5 Ақпаратты қорғау және бақылау
- •6 Ақпараттық қауіпсіздік саясаты
- •7 Ақпараттық қауіпсіздігін қамтаммасыз ету жұмыстары
- •8 Қауіпсіздік саясатының негізгі элементтері
- •9 Ақпарат қауіпсіздігінің ұйымдастыру шаралары
- •10 Ақпараттық қамтамасыз ету жүйесі
- •11 Ақпараттық желілер
- •13 Деректерді жеткізу арналары және олардың сипаттамалары
- •14 Ақпарат және информатика
- •15 Қазақстанды ақпараттаныру
- •Әдебиеттер тізімі
10 Ақпараттық қамтамасыз ету жүйесі
Ақпаратты қамтамасыз ету бағыныңқы жүйесі басқару шешімдерін қабылдау үшін уақытында қалыптастырудан және нақты ақпаратты беруден тұрады. 1) Ақпараттық қамтамасыз ету дегеніміз- құжаттамалар жүйесінің ұйымда циркуляцияланатын ақпараттық ағымдардың сызбасы жиынтығы және мәліметтер қорын тұрғызу әдістемесі. Құжаттамалардың унифисирленген жүйесі мемлекеттік, республикалық, салалық және аймақтық деңгейде құрылады. Ақпараттық қамтамасыз етудің негізгі міндеті-қоғамдық өндірістің әртүрлі саласындағы басқарылатын объектіні сипаттайтын динамикалық ақпаратты тұрғызып, ұдайы жаңартып отыру. Осындай мақсатта құжаттаудың унифисирленген жүйелеріне қойылатын талаптар орнатылған стандарттар әзіленеді. Ақпараттық ағымдар сызбасы ақпараттың қозғаушы маршрутын және алғашқы ақпараттың пайда болуымен нәтижелік ақпаратта қолданылатын орнын бейнелейді.
2) Техникалық қамтамасыз ету- ақпараттық жүйенің жұмыс жасауы үшін арналған техникалық жабдықтар кешені. Техникалық құралдар кешенін: кез келген модельдегі компьютерлер , ақпаратты жинау, өңдеу, беру, шығару құрылғылары, мәліметтерді беру құрылғылары және байланыс желілері, ақпараттың автоматты түрде алыну құрылғылары, эксплотацияық материалдар және тағы басқалар құрайды.
3) Математикалық қамтамасыз ету- ақпараттық жүйенің мақсаттарымен міндеттерін жүзеге асыруға арналған математикалық әдістер, модельдер, алгоритмдер және бағдарламалар жиынтығы, сонымен қатар техникалық құралдар кешенін қалыпты функциялауға жағдай жасайды. Математикалық қамтамасыз ету құралдарына:
- басқару үрдістерін модельдеу құралдары;
- басқарудың типтік есептері;
- математикалық бағдарламалау, математикалық статистика,массалық қызмет көрсету теориялары және тағы басқалар жатады.
4) Бағдарламалық қамтамасыз ету- есептеу техникасын қолдау арқылы ақпарат жүйесіндегі мақсаттар мен есептерді жүзеге асыруды қолдайтын бағдарламалар жиыны. Жалпы жүйелік бағдарламалық қамтамасыз етуге- ақпаратты өндеудің типтік есептерін шешу үшін арналған және қолданушыға бағытталған бағдарламалар кешені жатады. Олар ақпаратты өңдеудің үрдістерін басқару және бақылау, компьютердің функционалдық мүмкіндіктерін кеңейтуге арналған.
Сөздік
қамтамасыз ету- обеспечить
ағым- поток
мәліметтер қоры- база данных
кешен- комплекс
жиынтық- совокупность
өңдеу- обработка
үрдіс- процесс
құжат - документ
10.1 Сөз тіркестерін аударыңыздар:
Для принятия управляющих решений, дать точную информацию, метод установления базы данных, устоновленные требования, маршрут движения информации, комплекс технических установок, сбор и обработка информации, осуществление целей и задач в информационной системе.
10.2 Құрамалас сөйлемдерді аударыңыз
Ақпарат – материя, энергия секілді ежелгі әрі іргелі ұғымдардың бірі дегенмен келісуге әбден болады. Сондықтан оған дәлме-дәл анықтама берудің өзі мүмкін емес. Дегенмен басты сипаттарын анықтауға болады:
а) Ақпарат – оны қабылдаудан бұрын мүлде беймәлім болған жаңа мағлұмат.
ә) Ақпарат өзі материалдық зат емес. Дегенмен әрбір арнайы белгілер, сигналдар секілді материалдық тасымалдаушылар арқылы көрініс табады.
б) Белгілер жеке дара және көптеген жиынтықтары арқылы да ақпаратты сақтай алады.
в) Қандай бір белгі және сигнал – тек оның мәнін ұғатын, түсінуге қабілеті жететін қабылдаушыға ғана ақпарат жеткізе алады.
10.3 Мәтіннен тұйық етістіктерді теріп жазып, біреуін септеңіз.
10.4 Мәтінге бірнеше сұрақ қойып, мазмұндаңыз.