Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тексты каз яз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
72.91 Кб
Скачать

5 Ақпаратты қорғау және бақылау

 

Ақпараттық жүйенің тиімділігі ондағы өңделінетін ақпараттың қауіпсіздігімен (қорғалғандығымен) байланысты. Себебі кез келген мемлекеттік органның, кәсіпорынның, мекеменің, жеке адамның қызметінде жасыратын құпия мәліметтері немесе деректері болады. Олардың жария болуы мемлекет қауіпсіздігіне, кәсіпорындар мен мекемелердің қаржы-экономикалық жағдайына,  жеке адамдардың жұмысына кері әсерін  тигізетіні сөзсіз. Әрбір мемлекеттің ақпаратты қорғау туралы заңдары қабылданған. Мысалы, Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңының жаңа редакциясы 2007 жылдың қаңтар айының 11- жұлдызында қабылданған. Ақпараттың қауіпсіздігі дегеніміз оған амалдар орындалғанда немесе оны қабылдағанда, өңдегенде, сақтағанда, беріліс кезінде  және пайдаланғанда әртүрлі қауіп-қатерден қорғалғандығы.

Есептеу техникасында  қауіпсіздік туралы сөз болғанда алдымен келесі мәселелер қарастырылады:

-         компьютер мен оның құрылғыларының жұмысының сенімділігі;

-         құнды ақпараттың бұзылмай сақталынуы;

-         ақпаратқа рұқсатсыз өзгерістер енгізілмеуі;

-         электрондық  байланыс кезінде құпияның сақталынуы.

Қауіп-қатердің пайда болу себептері адамдардың әрекеттеріне, автоматтандырылған жүйелерде қолданылатын аппараттық және программалық құралдарға, сонымен қатар сыртқы факторларға байланысты болуы мүмкін. Аталынған себептерден туатын қауіп-қатерді екі сыныпқа бөлуге болады:

-         қасақана емес;

-         қасақана.

 Қасақана емес қатер көбінесе табиғи апаттан және зіл-заладан, техникалық құралдардың жұмысындағы ақаулық пен  олардың істен шығып қалуынан, алгоритмдер мен программалардың кешендерінде жіберілген қателерден, сонымен бірге  пайдаланушылар мен қызмет етуші адамдардың қатесінен болуы мүмкін. Табиғи апат пен аварияға өрт, су тасқыны, жер сілкінісі және т.б. жатады. Осылардың себептерінің нәтижесінде  ақпарат сақтаушы құрылғылардың бұзылуына немесе жойылуына келтіріледі. Техникалық құралдардың жұмысындағы ақаулықтар немесе кейде олардың  мүлдем жұмыс істемей қалуы ЭЕМ-нің аппараттық құралдарының бұзылуы мен жаңылуынан, электр тогының немесе кәбелдің үзілуінен және т.б. себептерден болуы мүмкін. Осындай себептер программалар мен деректердің жойылуына, құрылғылардың жұмыс істеу алгоритмдерінің бұзылуына, сонымен бірге ақпараттың құпия  болмауына (конфиденциалдығының бұзылғандығына) келтіреді. Алгоритмдер мен программаларда жіберілген қателер де осыған келтіруі мүмкін. Ал қауіпсіздікке ең көп нұқсан келтіретін себептер – пайдаланушылар мен қызмет етуші адамдардың жіберетін қателері.

Қасақана емес қатерлердің алдын алу үшін қазіргі кездегі аппараттық және программалық  құралдар мен автоматтандырылған жүйелерді тиімді пайдалану, ақпараттың көшірмелерін жасау сияқты іс-шаралар қолданылады.

 

5.1 Мәтінді мұқият оқып шығыңыз.

 

5.2 Мәтіндегі түсініксіз сөздер мен сөз тіркестерінен сөздік жасаңыз.

 

5.3 Сөздіктің көмегімен мәтінді аударыңыз.

 

5. 4 Сөз тіркестерінің қосымшаларын анықтаңыз, аударыңыз.

 

Ақпараттық жүйенің тиімділігі, ақпараттың қауіпсіздігі, құпия мәліметтер, ақпаратты қорғау туралы заңдары, қауіпсіздігін сақтауға қажетті, есептеу техникасында, құрылғылар жұмысының сенімділігі, автоматтандырылған жүйелерде қолданылатын құрал, автоматтандырылған жүйелерді тиімді пайдалану, ақпараттың көшірмелерін жасау.

 

5.5  Есімшенің –атын, -етін, -йтын жұрнағы арқылы жасалған сөздерді теріп жазып, олармен сөз тіркестерін құраңыз.

 

5.6  Сұрақтарға жауап беріңіз:

1) Ақпараттық жүйенің тиімділігі неде?

2) Ақпартты қорғау дегенді қалай түсінесіз?

3) Ақпарат қауіпсіздігінің пайда болу себептері қандай?

4) Қателердің алдын алу шаралары туралы не білесіз?

5.7 Берілген сұрақтар негізінде мәтін сөйлемдеріне өзіңіз сұрақ қойыңыз, соған сүйеніп мәтінді мазмұндаңыз.

 

5.8   Сөздікті пайдаланып, қазақ тіліне аударыңыз.

 

Информационная система – это программная система, предназначенная для сбора, хранения, поиска, обработки и других действий над  текстовой, фактографической и другой информацией. Информационная система  работает с пользователем в диалоговом режиме.

Основными причинами  появления и широкого применения на практике информационных систем являются:

1) развитие  методов  управления предприятиями;

2)  рост возможностей и производительности компьютерной техники;

3) развитие технической и программной.

 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]