
- •5В100200 - «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» бағыты студенттеріне арналған әдістемелік нұсқаулар мен өзіндік тапсырмалар топтамасы
- •1 Алматы энергетика және байланыс университеті
- •2 Мамандығым – ақпараттық қауіпсіздік жүйелері
- •3 Ақпараттық қауіпсіздік
- •4 Ақпаратты сақтау және жад түрлері
- •5 Ақпаратты қорғау және бақылау
- •6 Ақпараттық қауіпсіздік саясаты
- •7 Ақпараттық қауіпсіздігін қамтаммасыз ету жұмыстары
- •8 Қауіпсіздік саясатының негізгі элементтері
- •9 Ақпарат қауіпсіздігінің ұйымдастыру шаралары
- •10 Ақпараттық қамтамасыз ету жүйесі
- •11 Ақпараттық желілер
- •13 Деректерді жеткізу арналары және олардың сипаттамалары
- •14 Ақпарат және информатика
- •15 Қазақстанды ақпараттаныру
- •Әдебиеттер тізімі
15 Қазақстанды ақпараттаныру
Мәтінді түсініп оқып, орыс тіліне аударыңыз
Информатика – ақпарат алу, жіберу, өңдеу, сақтау, ұсыну үрдістерін зерттеумен қоғам өмірінің барлық саласында ақпараттық техника мен технология жасау, өндіру және тиімді пайдалану мәселелерін шешумен шұғылданатын ғылыми-техникалық іс-әрекет саласы, ғылыми-техникалық прогрестің басты бағыттарының бірі.
Информатика ұғымы ХХ ғасырдың 60-жылдарының басында француз тілінде ( Information – ақпарат және automaticoque – автоматика) қоғамда ақпаратты автоматты түрде өңдеуді белгілеу үшін пайда болды. Ақпараттарды жинақтаудан бастап, нәтиже алуға дейінгі процестерді адамның қатысуынсыз, алдын ала жасалған бағдарлама көмегімен өңдейтін процесті ақпараттарды автоматты түрде өңдеу деп атайды.
Информатика:
- ақпарат жинау, сақтау, жіберу,өңдеу және беру әдістері мен құралдарын зерттеумен байланысты – техникалық;
- ақпараттың мәнін сипаттау тәсілін анықтайтын, оның сипаттау тілдерін зерттейтін – семантикалық;
- ақпаратты кодтау әдістерін сипаттайтын – семантикалық;
- ғылыми-ақпараттық іс-әрекеттің кейбір түрлерін, оның ішінде индекстеуді, автоматтандыру мәселелерін шешуді зерттейді.
Информатиканың қалыптасуы мен дамуында ғылыми-техникалық даму басты бағыттарының бірі болып табылады. Информатика сегіз негізгі әрекеттер бағыттарын қамтитын ғылыми-техникалық пәндер кешені: кибернетика, жасанды интеллект, қоғамдағы информатика, теориялық информатика, ақпараттық жүйелер, бағдарламалау, есептеуіш техника, табиғаттағы информатика.
Сөздік:
ақпарат алу – получить информацию
кешен- комплекс
сипаттау – описание
түбегейлі – окончательный (обоснованный)
үрдіс – процесс
іс-әрекет – действие
Мәтін бойынша тапсырма: Сұрақтарға жауап беріңіз, өз ойыңызбен толықтырыңыз
1) Информатика ұғымы қай ғасырда пайда болған?
2) Информатика нені зерттейді?
3) Информатика ғылымының негізгі бағыттары қандай?
4) Информатика қандай пәндер кешені болып табылады?
5) Ақпарат қоғам өмірінің қандай салаларын қамтиды? Атап шығыңыз.
1-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз
1. Ақпарат ... (өмірдің, өмірге, өмірмен) барлық салаларын қамтиды. Информатика ұғымы ХХ ... (ғасырдың, ғасырмен, ғасырды) басында пайда болды. Компьютерде жұмыс істегенде ... (көзді, көзге, көзден) жаттығуды үнемі жасап отыру керек. Жұмыс істегенде компьютер ... (экранының, экранымен, экранынан) 60-70 см алыс отыру керек.
2-жаттығу. Сөз тіркестеріндегі зат есімдердің жалғауларын анықтаңыз
Бағдарламалық жабдықтардың, ақпараттық жүйелерге, зерттеумен айналысу, өмірдің барлық саласында, оқушыға хабарла.
3- жаттығу. Үлгі бойынша сөйлемді біртіндеп кеңейтіңіз
Үлгі:
1) Ақпарат алу.
2) Жаңа ақпарат алу.
3) Интернеттен жаңа ақпарат алу.
4) Интернеттен жаңа ауқымды ақпарат алу.
5) Интернеттен жаңа ауқымды ақпаратты жиі алу.
Бағдарламаны құру, ақпаратты өңдеу, ақпаратты тарату, ақпарат алмасу.
Әдебиеттер тізімі
1. Жанұзақов Т. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі: 50 мыңға жуық сөз бен сөз тіркесі / ҚР мәдениет және ақпарат мин-гі.Тіл комитеті; - Алматы, Дайк-Пресс, 2008.- 986 б.
2. Оразалин К.Ж., Жантасов М.М. Орысша-қазақша қазіргі уақыттағы экономикалық түсіндірме сөздігі=Русско-казахский толковый словарь по современной экономике: 2100 жалпыға әйгілі сөздер. - Алматы: Lem, 2001.-343 б.
3. Құдайбергенов Р. Техникалық терминдер сөздігі: қазақша-орысша-немісше-ағылшынша. 4-бөлімнен ҚР мәдениет,ақпарат мин-гі. Тіл комитеті.
-Алматы: Таймас баспа үйі, 2009. - 616 б.
4. Құралбаев З. Қ. «Ақпараттық жүйелердің негіздері». Дәрістер жинағы. – Алматы: АЭжБИ, 2009. - 76 б.
5. Камардинов О. Информатика. –Алматы: Қарасай, 2008. – 360 б.
6. Балапанов Е.Қ., Бөрібаев Б., Дәулетқұлов А.Б. Жаңа информациялық технологиялар: информатикадан 30 сабақ. –Алматы: ЖТИ. 2003. -400 б.
7. Кайнденова К.Қ., Кузутбаева З.Қ., Ниғметжанова М.Қ. Кәсіптік қазақ тілі. «Есептеуіш техника» мамандығына арналған оқу құралы. - Өскемен, 2009.
8. Бектаев Қ. Үлкен қазақша-орысша, орысша-қазақша сөздік.-Алматы: Алтын қазына, 1999.
9. Валединский В.Д. Информатика. Словарь компьютерных терминов.-Москва:Аквариум, 1997.
|
Мазмұны
|
|
1 |
Алматы энергетика және байланыс университеті |
3 |
2 |
Мамандығым – ақпараттық жүйелер |
4 |
3 |
Ақпарат туралы алғашқы түсініктер |
6 |
4 |
Ақпаратты сақтау және жад түрлері |
8 |
5 |
Ақпаратты қорғау және бақылау |
10 |
6 |
Ақпараттық қауіпсіздік саясаты |
11 |
7 |
Ақпараттық қауіпсіздігін қамтаммасыз ету жұмыстары |
13 |
8 |
Қауіпсіздік саясатының негізгі элементтері |
20 |
9 |
Ақпарат қауіпсіздігінің ұйымдастыру шаралары |
21 |
10 |
Ақпараттық қамтамасыз ету жүйесі |
22 |
11 |
Ақпараттық желілер |
24 |
12 |
Объектілерді қайтадан пайдаланудың қауіпсіздігі |
25 |
13 |
Деректерді жеткізу арналары және олардың сипаттамалары |
27 |
14 |
Ақпарат және информатика |
27 |
15 |
Қазақстанды ақпараттандыру |
28 |
16 |
Әдебиеттер тізімі |
30 |