
- •5В100200 - «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» бағыты студенттеріне арналған әдістемелік нұсқаулар мен өзіндік тапсырмалар топтамасы
- •1 Алматы энергетика және байланыс университеті
- •2 Мамандығым – ақпараттық қауіпсіздік жүйелері
- •3 Ақпараттық қауіпсіздік
- •4 Ақпаратты сақтау және жад түрлері
- •5 Ақпаратты қорғау және бақылау
- •6 Ақпараттық қауіпсіздік саясаты
- •7 Ақпараттық қауіпсіздігін қамтаммасыз ету жұмыстары
- •8 Қауіпсіздік саясатының негізгі элементтері
- •9 Ақпарат қауіпсіздігінің ұйымдастыру шаралары
- •10 Ақпараттық қамтамасыз ету жүйесі
- •11 Ақпараттық желілер
- •13 Деректерді жеткізу арналары және олардың сипаттамалары
- •14 Ақпарат және информатика
- •15 Қазақстанды ақпараттаныру
- •Әдебиеттер тізімі
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
Орыс және қазақ тілдері кафедрасы
ҚАЗАҚ ТІЛІ-1
5В100200 - «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» бағыты студенттеріне арналған әдістемелік нұсқаулар мен өзіндік тапсырмалар топтамасы
Алматы 2012
Құрастырушы: Әлмұхаметова Г.С., Ахметова Э.Т. ҚАЗАҚ ТІЛІ-1 “Қазақ тілі-1 пәні. 5В100200 - «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» бағыты студенттеріне арналған әдістемелік нұсқаулар мен өздік тапсырмалар топтамасы Алматы. - АЭжБУ, 2012.- 35 б.
Бұл әдістемелік нұсқаудың мақсаты АҚЖ бағытытындағы студенттердің практикалық сабақтарды орындауға арналған тапсырмалар мен мәтіндер жинағы. Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері бағыты жаңадан ашылғандықтан әдістемелік нұсқау арнайы қарастырылған бағдарламаға сүйеніп, осы салада жарық көрген материалдарды іріктеу арқылы құрастырылды.
Бұл әдістемелік нұсқада негізгі қалыптасқан құрылымдарды ұсына отырып, студенттер ақпараттық қауіпсіздік жүйе саласында кездесетін ғылыми техникалық әдебиетті түсіне алып, ауызша және жазбаша кәсіби-іскери бағытта қолдана алады.
Ұсынылған семестрлік жұмыс тапсырмаларын орындау нәтижесінде студенттер пайдалы мағлұматтар алып, оларды өмірде орынды пайдалана алады деп үміттенеміз.
«Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2012 жылғы жоспары бойынша басылады.
© “Алматы энергетика және байланыс университетінің ” КЕАҚ, 2012 ж. 2012 ж. жиынтық жоспары, реті 62
1 Алматы энергетика және байланыс университеті
Алматы энергетика институты 1975 жылы политехникалық институттың (қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті) құрамынан бөлініп шықты. Сол кездегі 15 одақтас республика (қазіргі ТМД елдері) ішінде бұл энергетика саласындағы үшінші (Москва, Иваново) жоғары оқу орны еді.
1997 жылдың 3 мамырында институт Алматы энергетика және байланыс институты (АЭжБИ) болып қайта құрылды. 2010 жылдың 1 шілдесінен бастап
Алматы энергетика және байланыс университеті PhD магистрлері мен докторларын дайындау құқығы бар университет – Алматы энергетика және байланыс университеті мәртебесін алды. АЭжБУ - Орта Азиядағы энергетика және телекоммуникация бойынша мамандандырылған жалғыз жоғары оқу орны.
Бүгінгі АЭжБУ дегеніміз:
Университеттің алты факультеті:
1) Электр энергетика факультеті.
2) Жылу энергетика факультеті.
3) Радиотехника және байланыс факультеті.
4) Институтқа дейінгі даярлық факультеті.
5) Сырттай оқу және мамандарды қайта даярлау факультеті.
6) Ақпараттық технологиялар факультеті.
- 5000-нан астам студент, магистранттар мен аспиранттар;
- 340 оқытушы, оның 40 пайызы ғылым докторлары мен кандидаттары;
- 22 кафедра, оның ішінде Саутгемптон университетімен (Ұлыбритания) бірігіп құрылған Би Джи Ғылыми табиғатпайдалану методологиясы кафедрасы;
- 8 ғылыми-зерттеу зертханасы;
- оқу корпустары;
- компьютер сыныптарымен және оқу залдарымен жарақтандырылған 3 студенттер жатақханасы,
- кітапхана, оқу залдары;
- «Энтельчик» студент жастар орталығы;
- ғылыми зертханалар корпусы;
- бірегей ғылыми және оқу жабдықтары;
- интернет желісіне қосылған заманауи дербес компьютерлер, оқу теледидары.
Күндізгі бөлімнің студенттеріне энергетика және байланыс кәсіпорындары үшін екінші жоғары экономикалық білім алу мүмкіндігі жасалған.
Біздің студенттер бос уақыттарын көркемөнерпаздар үйірмелеріне, спорт секцияларына, интеллектуалдық ойындарға қатысып, көңілді өткізеді.
Сөздік:
мәтін – текст
мамандандырылған – специализированный
бойынша – по
заманауи – современный
сала – область, сфера
ғылыми-зерттеу – научно-исследовательский
сырттай оқу – заочное обучение
кәсіпорын – предприятие
бірегей – уникальное
жабдық - оборудование
1.1 Сингармонизм заңын еске түсіріп, мына сөздерге көптік жалғауын жалғаңыз: жабдық, мүмкіндік, студент, дәптер, қалам, жатақхана, орындық, тақта, оқу құралы, оқулық, кәсіпорын, сызғыш, терезе, факультет.
ә) Бұларды қатыстырып сөйлем құраңыз, оларды орыс тіліне аударыңыз.
1.2 Қазақ тіліне аударыңыз.
Я учусь в энергетическом университете. Университет готовит специалистов технического профиля. Я в будущем буду программистом, специалистом по вычеслительной технике. Наши выпускники работают во всех отраслях народного хозяйства, наше знания необходимы и в повседневной жизни.
1.3 Мәтінді мазмұндаңыз.