
- •Лекция 2.
- •Лекция 3.
- •Детекторлы радиоқабылдағыш.
- •Тікелей күшейту радиоқабылдағышы.
- •Лекция 4.
- •Лекция 5. Радиоқабылдағыш құрылығылардың негізгі электр параметрлері
- •Жұмыс жиілігінің диапазоны
- •Сезімталдық
- •Лекция 6. Таңдаушылық
- •Лекция 7. Баптаудың жиілікті дәлдігі және оның тұрақтылығы
- •Динамикалық диапазон
- •Лекция 8
- •Лекция 9 Радиожиілікті трактінің тағайындалуы, құрамы және электрлік параметрлері (пресселектор)
- •Радиоқабылдағыш құрылғының кіріс тізбектері
- •Лекция 10 Сапалы көрсеткіштер
- •Лекция11
- •Лекция 15 Магнитті антенналы кіріс тізбектері
- •Лекция 16 радиожиілікті күшейткіштер
- •Лекция 17
- •Лекция 18
- •Сигналдың бұрмалануы
- •Жұмыс тұрақтылығы
- •Лекция 19
- •Жиілік түрлендіргіштер
- •Жиілік түрлендіргіштің жұмыс істеу принципі
- •Жиілік түрлендіргіштердің негізгі параметрлері
- •Қабылдаудың жанама каналдары
- •Жиілік түрлендіргіштердегі бөгеттермен күресу шаралары
- •Аралық жиілікті таңдау
- •Түрлендіргіштердегі ысқырықтар
- •Жиіліктің көп ретті түрленуі
- •Гетеродиндер
- •Гетеродин жиілігінің тұрақтылығы және оның радиоқабылдағыш параметрлеріне әсері
- •Қарапайым гетеродин схемалары
- •Дербес гетеродинді жиілік түрлендіргіш
- •Преселектор мен гетеродин контурларын байланыстыру
Лекция 18
РЖК-ТІҢ САПАЛЫ КӨРСЕТКІШТЕРІ
Кернеу бойынша күшейту коэффициенті – қабылданушы жиіліктің пайдалы сигнал кернеуінің сол сигналдың жүктемесіндегі кернеуіне қатынасы: К=Uвых/Uвх
Қуат бойынша күшейту коэффициенті – қабылданушы жиіліктің пайдалы сигнал қуатының сол сигналдың жүктемесіндегі қуатына қатынасы: Кр=Рвых/Рвх
Жалпы күшейту коэффициенті - Кобщ=К1*К2*К3* . . . *Кn
Шу коэффициенті – сигналдың орташа қуатының шудың орташа қуатына қатынасы: Ш=Рвх ср/Рш ср
Таңдаушылық - и=Ко/Кf, ИЦ таңдаушылығымен бағаланады. Көп каскадты қосылу кезінде и=1*2*3 . . . *n
Сигналдың бұрмалануы
Амплитудалы-жиілікті – резонансты сипаттаманың пішінімен анықталады.
Фаза-жиілікті – фаза-жиілікті сипаттаманың сызықты емес болу нәтижесі.
Сызықты емес – амплитудалық сипаттаманың жұмыс бөлігінің сызықты еместігімен анықталады. Сигнал амплитудасы және тура сызықты амплитудалық сипаттамасы аз болған сайын ол да азаяды.
Динамикалық диапазон – амплитудалық сипаттама бойынша анықталады.
Жұмыс тұрақтылығы
Берілген жиілік диапазонын жабу – диапазонның кез-келген нүктесіндегі негізгі сипаттамалар берілген мәннен нашар болмау керек.
Лекция 19
РЖК-тің принципиалды схемалары.
Радиосигнал күшейткіштерінде күшейткіш аспапты қосудың екі нұсқасын қолданады: биполяр транзистор негізіндегі каскадтарда жалпы эмиттерлі және жалпы базалы; өрістік транзистор негізіндегі каскадтарда жалпы истокты және жалпы затворлы; лампалық каскадтардағы жалпы катоды және жалпы торлы.
Метрлік және одан ұзын толқын диапазондарында жалпы эмиттерлі күшейткіштер (истокпен, катодпен) қуат бойыншв үлкен күшейту алу қабілеті бар. Жалпы базалы күшейткіштер (затвормен, тормен) өзіндік қозуға қарсы тұрақтылықпен ерекшеленеді, сондықтан дециметрлі және сантиметрлі толқын диапазондарында жиі қолданылады. Резонансты күшейткіштердің құру және сараптау принциптері әртүрлі күшейткіш аспаптардың принциптеріне ұқсас.
3.1-суретте өрістік транзистор негізіндегі жалпы ситокты күшейткіштің схемасы көрсетілген. Стоктың тізбегіне Lk, Сk тербелмелі контуры қосылған. Контур Сk конденсаторымен бапталады. Күшейткіште стоктың Rз, Сзфильтрі және индуктивтілік катушкасы арқылы тізбектей қоректенуі қолданылған. Сз 50...100 есе Ск максималды сыйымдылықтан жоғары болатындықтан, резонансты жиілік Lkжәне Сk арқылы анықталады. Бұл жиілікте күшейту коэффициенті максималды. Оның кемуі резонансты жиіліктен ерекшеленетін күшейткіштің селективті қасиеттерін анықтайды.
Затвордағы ауытқу кернеуі исток тоғынан R2 –ге кернеу құлауымен анықталады. С2 сыйымдылығы айнымалы ток бойынша теріс кері байланысты жояды. С1 конденсаторы – бөлгіш. R1ауытқу кернеуін затворға таратуға арналған.
3.2-суретте транзистор истогына контурдың автотрансформаторлы қосылуы көрсетілген. Ол күшейткіштің тұрақтылығын жоғарылату үшін қолданылады. Биполяр транзистор негізіндегі каскадтарда күшейткіш аспаптарға контурдың бөлшектеп қосылуы (трансформаторлы және автотрансформаторлы) тек тұрақтылықты жоғарылату үшін ғана емес, сонымен қатар транзистордың аз кіріс және шығыс кедергілерімен салыстырғанда контурдың шунтталуын азайту үшін де қолданылады. Қоректену кернеуі колекторға R4 фильтрі және L1 катушка орамдары арқылы беріледі. Тұрақты ток бойынша режимді және температуралық тұрақтандыруды R1, R2,R3резисторлардың көмегімен қамтамасыз етеді. С1 сыйымдылығы айнымалы ток бойынша теріс кері байланысты жояды. С3 бөлгіш конденсаторы коллектордың қоректену кернеуінің база тізбегіне түспеуін қадағалайды.
3.3-суреттегі күшейткіште контур трансформатор арқылы берілген каскад транзисторының коллекторымен байланысқан және автотрансформатор арқылы келесінің кірісімен байланысқан.