Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
РПУ конспект КАЗ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
415.13 Кб
Скачать

Лекция 7. Баптаудың жиілікті дәлдігі және оның тұрақтылығы

Жиілікті дәлдік корреспонденттің сигналды іздемей орнатылған уақытта байланысқа түсу қабілетін анықтайды, сонымен қатар қабылдағыштың баптаусыз байланысқа түсуін анықтайды. Жиілікті дәлдік – бұл қабылдағыштың баптау жиілігі мен қабылданушы сигналдың жиілігінің арасындағы айырмашылық. Жиілікті дәлдікті сипаттау үшін салыстырмалы расстройка шамасын қолданады, ол қабылдағыштың бапталу және сигнал жиілігінің айырмашылығының сигнал жиілігіне қатынасы:

РҚҚ-ның бапталу тұрақсыздығы жұмыс кезінде белгілі уақыт аралығында бапталу жиілігінің өзгеруімен анықталады. Мысалы 10тұрақсыздық кезінде тәулік бойына кететін жиілікfо/10құрайды. Мысалы 30МГцжиілік кезінде тәулігіне 0,3Гц жүріс кетеді.

Динамикалық диапазон

Қалыпты жағдайда сигналдар мен бөгеттер амплитудаларының өзгеруі 80дБ-ге дейін жетеді. РҚҚ кірісінде сигнал шамасының өзгеретін шектеулері динамикалық диапазон деп аталады.

Кіріс сигналының шамасын ұлғайту ТРЧ-нің (радиожиілік тракті) қайта қосылуына, таңдаушылықтың төмендеуіне әкеліп соқтырады, себебі ТРЧ сызықты емес режимде жұмыс істейді және сигналды күшейту кезінде бұл жағдайда аралас құрмаластар пайда болады. Олай болмас үшін динамикалық диапазонды РҚҚ-ның динамикалық сипаттамасында реттеу керек. Динамикалық диапазонды бағалау үшін динамикалық жұмыс диапазоны түсінігі енгізілген:

мұндағы Еап – РҚҚ-ның шектеулі сезімталдығы

Eamaxдоп – РҚҚ кірісіндегі сигналдың максималды ЭҚҚ

Динамикалық жұмыс диапазоны Dpүлкен немесе Dcтең болу керек. Ол үшін радиоқабылдағыш құрылғыда АРУ және РРУ (күшейтуді автоматты реттеу және қолмен реттеу) қолданылады, ол РҚҚ шығыс қуатының шектеулерін азайтуға мүмкіндік береді.

Шығыс қуаты

Бұл РҚҚ-ның шығысынан шығарушы құрылғының кірісіне берілетін қуат. Шығыс қуаты Ршығ номиналды болу керек. Шығыс қуаты номиналды және қалыпты болады.

Номиналды шығыс қуаты – бұл пайда болған сызықты емес бұрмалаулар берілген шамасынан аспайтын ең үлкен шығыс қуаты. Номиналды шығыс қуат қабылданушы сигналдың 100% модуляциясына сәйкес келеді. Қалыпты шығыс қуат номиналдының 10%-не, сигнал модуляциясының 30%-не сәйкес келеді және РҚҚ сипаттамаларын өлшегенде соңғы құрылғыға беріледі.

Лекция 8

РҚҚ-ның құрылымдық-эксплуатациялық сипаттамалары

Оларға келесі сипаттамалар жатады:

  • Параметрлер мен көрсеткіштердің тұрақтылығы

  • Эргономикалық (ұтымдылық)

  • Сенімділік

  • Жөндеуге жарамдылық

  • Энергетикалық үнемділік

  • Габариттік көрсеткіштер

  • Құны

  • Ұтымдылық

Тұрақтылық – радиоқабылдағыштың пайдалану кезінде негізгі параметрлерін (химиялық және радиоактивті әсерлесу кезінде қоректену кернеуі, температурасы, ылғалдылығы, атмосфералық қысымы) сақтау қабілеті. Бапталу жиілігіның орнатылуы дәлдігіне және күшейту коэффициентінің тұрақтылығына үлкен мағына беріледі.

Жиілікті орнатудың дәлдігі fу қателігімен сипатталады, онымен РҚҚ Uс кіріс сигналы болмаған кезде де баптала алады. Жиілікті орнату сандық немесе кәдімгі шкаламен өндіріледі: ашық, жабық, оптикалық, үздіксіз немесе дискретті.

Рауалы қате (допустимая ошибка) гетеродиннің тұрақсыздығымен анықталады, ол стабилизация әдісіне байланысты тәулігіне 10-1-ден 10-8-ге дейін жетеді.

  • 10-2–СВ, ДВ диапазондары үшін параметрлік стабилизация қолданылады

  • 10-4-нен 10-6-не дейін – КВ, УКВ диапазондары үшін кварцты стабилизация қолданылады

  • 10-7-нен 10-8-не дейін – магистралды байланыс, жиілік синтезаторлары қолданылады.

Күшейту коэффициентінің тұрақтылығы үшін қойылатын талаптар қатаң емес. Жобалау кезінде күшейту коэффициентін әдеттегіден 1,5÷2 есе көп алады, содан кейін артығын АРУ және РРУ көмегімен жояды. Кус тұрақтылығы ООС (теріс кері байланыс), калибровка, қоректену стабилизация көмегімен алынады.

Эргономикалық – адам-оператормен динамикалық өзара қатынасты қамтамасыз ететін қасиеттер жиынтығы. РҚҚ жұмысына әсер ететін келесі көрсеткіштермен сипатталады:

  • Көрермендік қабылдау (жарықтандыру шкаласы, түс жарығы)

  • Тактілі қабылдау (басқару мүшелеріне қойылатын күшейту)

  • Басқарудың қозғалмалы келісімі (тікелей, дистанционды, басқару мүшелерінің мөлшері, оларды орнату дәлдігі)

  • Құрылғымен пайдалану шарты (жұмыс температуралар диапазоны, ылғалдылық, жұмыс орнының ыңғайлылығы).

Сенімділік – құрылғының механикалық және электрлік төзімділігі. Магистралды РҚҚ үшін температураны -10°С-тан +50°-қа дейін өзгергенде 1000 сағатқа дейін жетеді.

Жөндеуге жарамдылық–тексеру мен ауыстыру үшін бөлек блоктар мен элементтерді алмастыру ыңғайлығымен бағаланады.

Энергетикалық үнемділік – тұтынушы қуатпен анықталады. РҚҚ-ның элементтік базасына тәуелді.

Қоректену – батареялы немесе аккумуляторлы, айнымалы ток желісінен немесе әмбебап болуы мүмкін.

Габариттік көрсеткіштер – радиоқабылдағыштың тағайындалуына және оның классына байланысты. II және III классты магистралды радиоқабылдағыштар элементтік базаға байланысты, көлемі 15дм3-тан 90дм3-қа дейін 15кг-нан 370кг-ға дейін салмақта болады.

Барлық көрсеткіштердің оңтайлылығын қамтамасыз ету мүмкін емес, сондықтан РҚҚ-ны жобалау кезінде оның тағайындалуына байланысты кейбір көрсеткіштерін оңтайлайды. Бұл процесс локальды оптимизация деп аталады.