Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
РПУ конспект КАЗ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
415.13 Кб
Скачать
  1. Тікелей күшейту радиоқабылдағышы.

Бұл қабылдағышта жоғары және төмен жиілікті сигналдарды күшейту күшейткіштер көмегімен іске асырылады. Радиоқабылдағыш антеннадан, кіріс құрылғыдан, жоғары жиілікті күшейткіштен, детектордан, төмен жиілікті күшейткіштен және шығарушы құрылғыдан тұрады. Жоғары жиілікті күшейткіш антеннамен қабылданушы сигналдарды күшейтуге және сигнал жиілігінен айрықшаланатын бөгет жиілігін әлсіздетугеарналған. Бұл резонансты контур арқылы іске асырылады, резонансты контур лампаның анодына жүктеме ретінде қосылады. Радиоқабылдағыштың таңдаулылығы жоғарылайды. Төмен жиілікті сигнал детектордан кейін төмен жиілікті күшейткішпен күшейеді. Сигналдың күшеюі антеннадан детекторға дейін бір жиілікте іске асырылса, онда радиоқабылдағышты тікелей күшейту р адиоқабылдағыш деп атайды.

Тікелей күшейту қабылдағыштың қасиеттерін регенераторларды және жоғары регенераторларды, яғни оң кері байланыс арқасында резонансты контурда шығындар компенсацияланатын каскадтарды пайдаланумен жақсарады. Бірақ регенератор өзіндік қозуға жақын режимде жұмыс жасады, жұмыста тұрақсыз болады және сигналдың жоғары сапасын қамтамасыз етпейді. Жоғары регенеративті каскад контурдың эквивалентті сөнуі модуляция жиілігіне жақын жиілікпен ауысады. Ол жоғары сезімталдықпен, жақсы жұмыс тұрақтылығымен және сигналдың шығуының жақсы сапасымен ерекшеленеді. Сол себепті тікелей күшейту радиоқабылдағышы ұзақ уақыт бойы радиоқабылдағыштардың негізгі түрі болды. Бірақ тікелей күшейту радиоқабылдағышы жоғары сезімталдықты қамтамасыз етпейді.

Лекция 4.

С упергетеродинді радиоқабылдағыш

Қабылдаудың супергетеродинді әдісін қолданатын радиоқабылдағыш тікелей радиоқабылдағыштан жиілік түрлендіргіштің барымен ерекшеленеді. Супергетеродинді радиоқабылдағыш келесі элементтерден тұрады: антенна, радиожиілікті күшейткіш (УРЧ), жиілік түрлендіргіш (ПЧ), аралық жиілік түрлендіргіш (УПЧ), детектор, төмен жиілікті күшейткіш (УНЧ) және соңғы құрылғы.

Жиілік түрлендіргіш араластырғыш пен гетеродиннен тұрады. Гетеродин – аз қуатты генератор, ол fг жиілігін өндіреді. Араластырғыш кірісіне fс сигнал жиілінің кернеуі және fг гетеродин шығысының кернеуі беріледі. Екі жиіліктің әсерлесу нәтижесінде араластырғыш шығысында fс- fг сигналы шығады. Бұл айырмашылықтың шамасы сигнал жиілігінен төмен немесе жоғары бола алады, бірақ міндетті түрде модуляция сигналынан жоғары болады, сондықтан оны аралық сигнал деп атайды.

fг>fc кезінде fпр.с=fг-fс

fг<fc кезінде fпр.с=fc-fг

Аралық жиілікке араластырғыштың шығыс тізбегіне қосылған резонансты жүйе бейімделген, соның арқасында сәйкес өткізу жолағында аралық жиілікте сигнал кернеуін бөлуге болады. Яғни, түрлендіргіштің қызметі – радиосигнал жиілігін басқа аралық жиілікке модуляция заңын сақтаумен түрлендіру. Радиоқабылдағыштың жұмысы кезінде жиілік диапазонында радиожиілік трактының таңдамалы тізбектері ғана өзгереді және гетеродиннің жиілігі олардың айырмашылығы аралық жиілікке тең болатындай өзгереді. Радиоқабылдағышты қабылданушы сигналға баптау ең алдымен гетеродиннің бапталуымен анықталады. Жоғары жиілікті күшейткіш контурлары және кіріс контурлары баптауға келмеуі мүмкін, бірақ олардың өткізу жолағы жұмыс жиілігінің диапазонына тең болады.

Аралық жиілікте сигнал күшейтетін күшейткіш аралық жиілік күшейткіші деп аталады. Супергетеродинді радиоқабылдағышта радиосигналды күшейту мен бөлу үш жиілікте жүреді: радиожиілікте, аралық жиілікте және модуляция жиілігінде (төмен жиілікте).

Радиоқабылдағыштардың осыларға сәйкес күшейту жүретін бөліктері радиожиілік, аралық жиілік және төмен жиілік трактілері деп аталады. Аралық жиіліктің тұрақтылығы аралық жиілік күшейткіште қиын таңдамалы жүйелерді пайдалануға мүмкіндік береді.

Қабылдаудың супергетеродинді әдісі бүгінгі күнге дейін негізгі болып келеді, себебі ол өте әлсіз сигналдардың да қабылдануын қамтамасыз етеді. Супергетеродинді радиоқабылдағышта бірнеше жиілік сигналдарын түрлендіруге болады. Супергетеродинді қабылдағыштың жетістіктеріне қоса кемшіліктері де бар. Олардың маңыздысы – қабылдаудың жанама арналары (побочные каналы приема). Тікелей күшейту радиоқабылдағышында бөгеттің негізгі көзі ретінде жиілік бойынша көршілес станциялар. Супергетеродинді қабылдағышта жанама арналар жиілік түрлендіру процесінде пайда болады. Олар келесі түрде пайда болады: радиоқабылдағыш кірісінде әрдайым түрлі жиіліктегі сигналдар әсерлеседі, олардың ішінде аралық жиіліктің шартын қ анағаттандыратын жиілік болады. Егер радиоқабылдағышта fг>fс шарты болса, онда жанама арна жиілігі fзк>fг болады.

fзк арна жиілігі қабылданушы сигналдың жиілігіне екі аралық жиілікке қалып тұрады, яғни fзк- fс=±Δfзк=±Δfпрс-fзк жиілігі гетеродин жиілігінен fг сондай қашықтыққа қалады, қабылданушы сигнал жиілігі де fс. Сондықтан fзк жиілігінде бөгет пайда болатын арна симметриялы немесе айналы (зеркальный) деп аталады.fг<fс жағдайында fс және fзк жиіліктері орындарымен ауысады.

Қабылдаудың екінші жанама арнасы fпрс аралық жиілігіне тең жиілікте пайда болады. Араластырғыштың шығыс тізбегіне қосылған фильтр аралық жиілікке бапталғандықтан, fс=fпрс араластырғышы күшейткіш болып табылады. Бұл бөгетті тікелей өту бөгеті деп атайды.

Тікелей өту бөгетін және айналы арна бойынша бөгетті азайту үшін оларды түрлендіргіш кірісіне жеткізбей әлсіздету керек. Бұл мәселе радиожиілік трактілерінің резонансты контурларымен орындалады, оны пресселектор деп атайды.

Супергетеродинді радиоқабылдағыштың структуралық схемасына келесі элементтер кіреді:

  • Кіріс құрылғы – оның негізгі қызметі жанама арналар бойынша таңдаушылықты қамтамасыз ету, тікелей күшейту қабылдағышындағыдай;

  • Радиожиілік күшейткіші – оның негізгі қызметі – түрлендіргіш кірісінде сигнал/шу қатынасын көтеру және жанама арналардан бөгеттерді әлсіздету;

  • Жиілік түрлендіргіш – супергетеродинді радиоқабылдағыштың арнайы элементі;

  • Аралық жиілік күшейткіші – жиілік бойынша жақын радиосигнал спектрін бөгеттерден бөлуге және оны сигнал детекторының жұмысына қажетті шамаға дейін күшейтугеарналған;

  • Сигнал детекторы – модуляцияланған радиосигнал спектрін модуляция жиілігінің спектріне түрлендіруге арналған;

  • Төмен жиілікті күшейткіш немесе модуляция жиілігінің сигнал күшейткіші – оның қызметі тікелей күшейту радиоқабылдағышындай.