Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
РПУ конспект КАЗ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
415.13 Кб
Скачать

Қабылдаудың жанама каналдары

Сызықты жұмыс істеу режимінде түрлендіргіш шығысындағы ток күрделі спектрлі және жиіліктері аралас болады: және . Түрлендіргіштің шығыс тізбегінде таңдаушылық жүйе аралық жиілікке бапталған , сондықтан аралық жиіліктің шығыс кернеуін, жиілігі -ға тең, спектрдің кез-келген құраушысы тудыра алады. Одан басқа, жиілік түрлендіргіш шығысындағы кернеу, оның кірісіне жиілігі аралық жиілікке тең, бөгет кернеуі келіп түседі. Бұл жағдайда жиілік түрлендіргіш түрлендірусіз күшейтетеін күшейткіш ретінде жұмыс істейді. Бұл күшейту сөндірулі гетеродин кезінде де іске асырылады. Мұндай күшейту тікелей өту деп аталады.

Fпр Fг-Fпр Fг Fз=Fг+Fс Fс1=2Fг-Fпр2FгFз=Fг+Fс

3-сурет. Сызықты режимдегі жиілік түрлендіргіштің амплитудалы-жиілікті сипаттамасы.

Радиоқабылдағыштың қалыпты жұмысы үшін жиілік түрлендіргіш шығысында, негізгі канал бойынша қабылданатын сигнал кернеуінің есебіне аралық жиілік кернеуі пайда болу қажет. Қабылдағыштың кірісіне жанама каналдар бойынша (айналы және аралық жиілікте) келетін кернеу тербелістері, әлсіздетілу керек, себебі олар бөгет болып саналады.

Айналы канал бойынша бөгет преселектордың таңдаушылық жүйесімен әлсізденеді, оның құрамына кіріс тізбегі және РЖК жатады. Преселектордың жиіліктік сипаттамасы штрихті сызықпен көрсетілген.

Аралық жиіліктегі бөгет антенна немесе кіріс тізбегіне қосылатын, режекторлы фильтрлермен әлсізденеді.

Қабылдаудың көптеген жанама каналдарының ішінен реалды бөгеттер ғана тікелей өту каналын және бірінші айналы каналды тудырады.

Жанама каналдардың пайда болуын азайту үшін түрлендіруші аспаптың жұмысын шектеу керек. Дегенмен бұл кезде жиілік түрлендіргіштің күшейту коэффициенті түрлендіру құламасының нәтижесінде азаяды.

Аралық жиілік күшейткіштің таңдаушылық тізбектері аралық жиілікте бөгеттерді әлсіздетпейді, яғни жанама каналдар бойынша таңдаушылықты іске асырмайды. Бұл каналдар бойынша таңдаушылық преселектормен қамтамасыз етіледі, яғни РЖК-дің кіріс тізбектерімен.

Жиілік түрлендіргіштердегі бөгеттермен күресу шаралары

Қабылдаудың жанама каналдар бойынша бөгеттерін азайту келесі әдістермен іске асырылады:

  1. кіріс тізбектің және РЖК-тің таңдаушылығын жақсарту;

  2. жиілік түрлендіргіштің жұмыс режимін таңдау;

  3. аралық жиілікті таңдау.

Аралық жиілікті таңдау

Аралық жиілікті таңдау бойынша талаптар қарама-қайшы. Бір талапқа сай, аралық жиілікті неғұрлым жоғары алу керек, ал екіншісі – неғұрлым төмен алу керек.

Төмен аралық жиілікті таңдау келесіні қамтамасыз етеді:

  • АЖК бір каскадқа күшейту;

  • Көршілес канал бойынша ең жақсы таңдаушылық;

  • Контур төзімділігін құрылымдық қамтамасыз етуде қажетті өткізу жолағы;

  • Қабылдағыш жұмысының тұрақтылығына күшейткіш аспаптардың әлсіз әсері.

Жоғары аралық жиілікті таңдау келесіні қамтамасыз етеді:

  • Айналы канал бойынша ең жақсы таңдаушылық;

  • Детектордағы модуляция жиілігін және тасушы жиілікті қарапайым және жақсы бөлу;

  • Гетеродин контурының параметрлеріне сигнал контурының параметрлерінің әсер етуіне байланысты жоғары гетеродин тұрақтылығын қамтмасыз ету.

Аралық жиілікті келесі тәртіппен таңдау керек:

1. Қабылданушы жиіліктердің диапазонынан тыс таңдалу керек және оның шекараларынан алысырақ орналасуы қажет. Бұл оның айналы канал бойынша таңдаушылығын арттырады.

2. Радиостанцияға жақын қуатты жиіліктен неғұрлым алысырақ орналасуы қажет.

Аралық жиілік ГОСТ-пен орнықтырылады:

  • Радиотаратылым және трансляциялық қабылдағыштар үшін – 465кГц, 10,7МГц;

  • Телевизиялық қабылдағыштар үшін: бейнелеу каналы – 38МГц; дыбыстық канал үшін – 31,5МГц;

  • Байланыс қабылдағыштары үшін – стандартты аралық жиіліктер 85, 128, 205, 465, 500, 915, 1222кГц, 12,8; 10,7; 25; 37,8; 42,8МГц.