
- •Лекция 2.
- •Лекция 3.
- •Детекторлы радиоқабылдағыш.
- •Тікелей күшейту радиоқабылдағышы.
- •Лекция 4.
- •Лекция 5. Радиоқабылдағыш құрылығылардың негізгі электр параметрлері
- •Жұмыс жиілігінің диапазоны
- •Сезімталдық
- •Лекция 6. Таңдаушылық
- •Лекция 7. Баптаудың жиілікті дәлдігі және оның тұрақтылығы
- •Динамикалық диапазон
- •Лекция 8
- •Лекция 9 Радиожиілікті трактінің тағайындалуы, құрамы және электрлік параметрлері (пресселектор)
- •Радиоқабылдағыш құрылғының кіріс тізбектері
- •Лекция 10 Сапалы көрсеткіштер
- •Лекция11
- •Лекция 15 Магнитті антенналы кіріс тізбектері
- •Лекция 16 радиожиілікті күшейткіштер
- •Лекция 17
- •Лекция 18
- •Сигналдың бұрмалануы
- •Жұмыс тұрақтылығы
- •Лекция 19
- •Жиілік түрлендіргіштер
- •Жиілік түрлендіргіштің жұмыс істеу принципі
- •Жиілік түрлендіргіштердің негізгі параметрлері
- •Қабылдаудың жанама каналдары
- •Жиілік түрлендіргіштердегі бөгеттермен күресу шаралары
- •Аралық жиілікті таңдау
- •Түрлендіргіштердегі ысқырықтар
- •Жиіліктің көп ретті түрленуі
- •Гетеродиндер
- •Гетеродин жиілігінің тұрақтылығы және оның радиоқабылдағыш параметрлеріне әсері
- •Қарапайым гетеродин схемалары
- •Дербес гетеродинді жиілік түрлендіргіш
- •Преселектор мен гетеродин контурларын байланыстыру
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Алматы Мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжі
«Радиоқабылдағыш құрылғылар» пәнінен
ЛЕКЦИЯЛАР ЖИЫНТЫҒЫ
Құрастырушы: арнайы пән оқытушысы
Барманбетова А.Н.
Алматы 2010
ЛЕКЦИЯ 1
Радиоқабылдағыш құрылғылардың тағайындалуы және жіктелуі
Р
адиоқабылдағыш
құрылғы ақпарат тарату жүйесінің
радиотолқын энергиясын пайдаланатын
бөлігі. Олтаратылушы ақпаратты берілген
дәлдігімен шығаруға арналған.
Радиоқабылдағыш құрылғы 3 негізгібөліктерден
тұрады:
Қабылдаушы антенна
Радиоқабылдағыштың өзі
Шығарушы құрылғы
Антенна электр магнит өрісінің энергиясын жоғары жиіліктің электр энергиясына түрлендіреді. Антенна барлық сигналдарды қабылдайды: пайдалы және бөгеті бар сигналдар. Бөгеттер олар басқа жат сигналдар, олар басқа таратушы құрылғыдан келеді, найзағайлы сигналдар, ғарыштық шағылулар, өндірістік бөгеттер.
Радиоқабылдағыштың өзі пайдалы сигналды бөгеттерден бөледі, оны күшейтеді, шығарушы құрылығыға қажетті түрде түрлендіреді.
Шығарушы құрылғы электр сигналды ақпаратқа түрлендіреді. Бір радиоқабылдағышта бірнеше шығарушы құрылғылар болуы мүмкін, егер радиоқабылдағыш құрылғы көпарналы сигналды қабылдауға арналған болса. Кей жағдайда бір ақпаратты бірнеше антеннадан, бірнеше радиоқабылдағыштан және бір шығарушы құрылғыдан тұратын радиоқабылдағыш құрылғы қабылдай алады.
Радиоқабылдағыш құрылғының 4 негізгі қызметі:
Бөгеттерден сигналды бөлу;
Радиосигналды күшейту;
Радиосигналды электр сигналға түрлендіру;
Электр сигналды ақпаратқа түрлендіру.
Бөгеттерден сигналды бөлу радиоқабылдағыштың таңдаулылығы немесе селективтілігі деп аталады.Таңдаушылық қабылданушы сигналдар мен бөгеттердің қасиеттерінің айырмашылығына қарай іске асырылады. Бұл айырмашылықтар қабылдау бағытында, жұмыс істеу уақытында, қабылданушы сигналдың жиілігі, амплитудасы немесе фазасы бойынша және басқа да сипаттамалар болуы мүмкін.
Таңдаушылықтың негізгі түрі – жиіліктік, ол сигнал мен бөгеттің жиілік бойынша айырмашылығын тұтынады. Жиілікті таңдаушылық дегеніміз радиоқабылдағыш құрылғының радиосигнал спектрін оның кірісінде әсер ететін барлық электр магниттік тербелістер спектрлерінен бөліп алу қабілеті. Ол негізінде қабылдағышта іске асырылады. Ол үшін өткізу жолағындағы тарату коэффициенті жоғары фильтрлер қолданылады. Радиоқабылдағыш құрылғы сол фильтр бапталған жиіліктің сигналын қабылдайды.
Антеннаға келетін сигнал амплитудасы бойынша өте аз және онымен түрлендіру жүргізу техникалық тұрғыда қиын, сол себепті ол сигналды күшейту қажет.
Радиосигналды электр сигналға түрлендіру модульдеушіге сәйкес, оны детектрлеу деп атаймыз. Ол детектор деп аталатын құрылығының көмегімен іске асырылады. Детектрлеу үшін детектор кірісіне белгілі бір мөлшерде бөгеті жоқ сигнал беру қажет. Ол ушін күшейткіштер қызмет атқарады.
Күшейткіштер детектордан кейін қосылады, себебі олар сигнал қуатын шығару құрылғысының қалыпты жұмысына дейін күшейтеді.
Барлық жиілік диапазондар ГОСТ бойынша келесідей болады:
Жиіліктер f (Гц) |
Толқын ұзындығы (λ) |
Толқын диапазонының метрлік атауы |
Жиілік диапазонының атауы |
Толқын поддиапазон |
Қысқаша атаулары |
|
RU |
Халықарал |
|||||
3-30кГц |
100-10км |
Мириаметр. |
Өте төмен |
СДВ |
ОНЧ |
VLF |
30-300кГц |
10-1км |
Километрлік |
Төмен жиілік. |
ДВ |
НЧ |
LF |
0,3-3мГц |
1км-100м |
Гектометрлік. |
Орта жиілікті |
СВ |
СЧ |
MF |
3-30мГц |
100м-10м |
Декаметрлік |
Жоғары жиіл. |
КВ |
ВЧ |
HF |
30-300мГц |
10м-1м |
метр (телевиз) |
Аса жоғары ж. |
УКВ |
ОВЧ |
VHF |
0,3-3ГГц |
1м-10дм |
Дециметрлік |
Ультражоғары |
УКВ |
УВЧ |
UHF |
3-30ГГц |
10-1см |
Сантиметрлік |
Аса жоғары |
УКВ |
СВЧ |
SHF |
30-300ГГц |
10-1мм |
Милиметрлік |
Аса жоғары |
УКВ |
КВЧ |
EHF |
Лекция 2.
Радиоқабылдағыштардың жіктелуі:
Тағайындалуы бойынша:
Кәсіби – байланыстық, радиоастраномдық, радиолокациялық, радионавигациялық
Радиотаратушы – телевизиялық, радиолық.
Жұмыс жиілігінің диапазоны бойынша:
Ұзынтолқынды
Ортатолқынды
Қысқатолқынды
Ультрақысқатолқынды қабылдағыштар
Қабылданушы сигналдың модуляциясы бойынша:
Амплитудалы модуляциялы қабылдағыштар (АМ)
Жиілікті модуляциялы қабылдағыштар (ЧМ)
Фаза модуляциялы қабылдағыштар (ФМ)
Қабылданушы ақпараттың түрі бойынша:
Радиотелефонды;
Радиотелеграфты;
Фототелеграфты;
Телевизиялық.
Қабылдағыштардың орналасуы бойынша:
Стационарлы
Борттық
Автомобильдік
Тасымалдаушы.
Қабылдағыштарды басқару және коммутациялау әдісі бойынша:
Қолмен басқару
Автоматты басқару
Дистационды басқару
Қабылдағыштардың қоректенуі бойынша:
Желілік қабылдағыштар
Батареялық қабылдағыштар
Әмбебап қабылдағыштар.
Қабылдағыштардың орындайтын қызметтерінің сапасын оның электр параметрлері арқылы бағалауға болады. Олар: сезімталдық, таңдаушылық, жиілікті дәлдік, жұмыс жиілігінің диапазоны, динамикалық диапазон және шығыс қуаты.
Сезімталдық дегеніміз қабылдағыштың антеннадағы немесе қабылдағыш кірісіндегі ең төмен сигнал кезінде шығарушы құрылғының қалыпты жұмысын қамтамасыз ететін қабілеті. Сезімталдықты радиосигналдың ең төмен ЭҚК-мен немесе оның антеннадағы номиналды қуатымен бағалайды. Бұл шамалар неғұрлым аз болса, соғұрлым сезімталдық жоғары болады. Сезімталдық микровольтпен немесе микроваттпен көрсетіледі.
Таңдаушылық дегеніміз жиілік бойынша пайдалы сигналдан ерекшеленетін бөгеттің әлсіздену дәрежесі. Таңдаушылық радиоқабылдағыштың амплитудалы-жиілікті сипаттамасының (АЧХ)формасына тәуелді, яғни күшейту коэффициентінің кіріс сигналының жиілігіне тәуелділігі. Таңдаушылықтаңдаушылық коэффициентімен бағаланады, ол бөгеттің сигналмен салыстырғанда қанша есе әлсізденетінін көрсетеді.
Жиіліктік дәлдік – бұл шама белгілі уақытта корреспондент сигналының байланысқа түсу мүмкіндігін анықтайды. Жиілікті дәлдік көрсеткіш ретінде қабылдағышты баптау жиілігі мен қабылданушы сигнал жиілігінің арасындағы айырмашылық.
Жұмыс жиілігінің диапазоны – бұл сигналдың шығу сапасына әсер етпейтін радиоқабылдағыштың бір жиіліктен екіншісіне баяу немесе лезде ауыса алатын жұмыс жиілігінің аумағы.
Динамикалық диапазон – бұл кіріс сигналының шамасы өзгеретін шектеу. Динамикалық диапазон қуат немесе кернеу бойынша үлкен сигналдың кіші сигналға қатынасымен анықталады. Оның өлшем бірлігі децибел. Динамикалық диапазон қабылдағыштың амплитудалы жиілікті сипаттамасының сызықты бөлігінде орналасу керек, әйтпесе сигналда бұрмалаулар пайда болып, таңдаушылық төмендейді.
Қабылдағыштың шығыс қуаты дегеніміз шығарушы құрылғыға берілетін қуатты айтамыз. Оның шамасы номиналдыға сәйкес болу керек.
Лекция 3.
Радиоқабылдағыштардың структуралық схемалары
Детекторлы радиоқабылдағыш.
А
нтеннадан,
тербелмелі контурдан және жоғары
жиілікті сигнал детекторынан тұратын
қарапайым радиоқабылдағыш. Сигнал
антеннаға түсіп, тербелмелі контурмен
бөлінеді, яғни таңдаушылық іске асырылып
детектрленеді, жоғары жиілікті сигналдан
төмен жиілікті сигнал бөлінеді. Детекторлы
радиоқабылдағышта күшейткіш жоқ, сол
себептен ол үлкен амплитудалы сигналдармен
жұмыс істейді.