Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мамандыққа кіріспе.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
79.53 Кб
Скачать

Тақырып-9. Туристік ресурс ретінде табиғат

Өлкетану дегеніміз көлемі жағынан белгілі бір аумақтарды (аудандар, облыстар, өлкелер т.б) жан – жақты оқып білумен, зерттеумен айналысатын жұмыстардың жиынтығы екені белгілі. Өлкетанудың зерттеу нысандарын, жалпы өлкетануды кешенді бір – бірімен байланысты дүние ретінде қараған жөн. Өлкетану бойынша жүргізілетін зерттеулер мен бақылаулар шаруашылықтық, ғылыми, әлеуметтік, тарихи географиялық тағы да басқа арнайы тапсырыстар түрінде болуы мүмкін және сол жер үшін тікелей маңыздылыққа ие болады.

Өлкетану жұмысының салааралық құрамдас бөлігі болып – тарих танылады. Оның мақсаты – тарихи ескерткіштер мен қандай да бір территорияның, қаланың, жергілікті жердің тарихын, мәдениетін сақтау болып табылады.

Өлкетанудың ерекше түрі – тарихи өлкетану. Ол – белгілі бір ауданның, облыстың, өлкенің тарихын, ондағы болған оқиғаларды, тарихи белгілі қоғам қайраткерлерінің өмірін, тарихи – мемуариалдық және тарихи архитектуралық ескерткіштер мен олардың ерекшеліктерін, археологиялық орындарды зерттеумен, оқып – танумен айналысатын өлкетану түрі. Кейбір мамандар сондай – ақ этнографиялық, топонимикалық, кешенді географиялық және физикалық географиялық өлкетану түрлерін бөледі.

Өлкетанудың зерттеу нысандарын салыстырмалы түрде 4 топқа бөліп қарауға болады:

  1. өлкенің табиғатын, табиғи ерекшеліктерін, жеке табиғат компоненттерін.

  2. өлкенің шаруашылығын, онда тұрып жатқан халықтардың кәсіптік ерекшеліктерін анықтау.

  3. өлкенің және онда тұрып жатқан халықтардың тарихы жайлы, тарихи оқиғалар жайлы деректер, экспонаттар жинау, өлке территориясындағы археологиялық орындарды, тарихи ескерткіштерді, олардың ерекшеліктерін оқып – тану және оларды халық тарихымен , тарихи кезеңдермен байланыстыру.

  4. халықтың этнографиялық немесе ұлттық ерекшеліктерін, демографиясын, топонимикасын зерттеу.

Тақырып-10. Қазақстанда туриз және туристік ғылым

Экономика және туризм өзара тығыз байланыста дамиды. Экономикаға туризмның әсер етуі мүмкін, сонымен қатар керісінше туризм дамуына кең көлемде, зор ықпалды экономика жасайды. Осыдан экономикалық факторлардың туризмға әсері, ең бастысы туризм және экономика дамуының тенденциялары арасында өзара тығыз байланыс болуымен негізделеді. Жоғарыда аталып кеткендей, экономикалық факторлар оң және теріс ықпал көрсетеді.

Туризм дамуына оң әсер тигізетін факторлар:

  • нақты табыстың өсуі;

  • табыстың тең бөлінуі;

  • валютаның тұрақтылығы;

  • тиімді конъюктуралық жағдай.

Туризм дамуына теріс әсер тигізетін факторлар:

  • экономикадағы дағдарыс құбылыстары;

  • өндірістің құлдырауы (жұмыссыздықтың өсуі, жалақының қысқаруы, уақытша жұмыс жасау);

  • валютаның тұрақсыз болуы;

  • тиімсіз конъюктуралық жағдай.

Елдің экономикалық дамуымен , оның азаматтарының ұлттық табыс көлемімен және материалдық әл-ауқатымен (дәулетімен) тура тәуелділік бар. Сондықтан да экономикасы дамыған мемлекет, әлемдік нарықта өз азаматтарының туристік сапарларының саны жағынан ілгері болады