
- •8. Қытай жазба деректері.
- •11. Түрік қағанаты (552-603ж)
- •12.Батыс Түрік қағанаты (603-704)
- •26) Қазақстан тарихының моңғол дәуіріне қатысты деректері мен тарихнамасы.
- •27. Монғол жаулауы қарсаңындағы Жетісудың, Орта Азияның және Дешті Қыпшақтың саяси жағдайы
- •28) Шыңғыс ханның Орта Азия мен Қазақстанды жаулаудағы әскери тактикасы.
- •29) Шыңғыс-ханның Қазақстан мен Орта Азияға жаулауы.
- •32.)Қазақстан 13-15 ғ Алтын Орда құрамындағы Қазақстан
- •33) Ақ Орда
- •37. 15 Ғ ортасында Қазақ хандығының құрылуы.
- •40.Қасым хан (1511-1518/ 1521ж) тұсындағы қазақ хандығы.
- •42) Хаkназар ханның тұсындағы Қазақ хандығы. (1538-1580 ж ж.).
- •65) Ресей империясының құрамына кіру кезеңдері (XVIII ғ. Бірінші ширегі - XIX ғ. Ортасы).
- •88) Хх ғ. Басындағы Қазақстанның әлеуметтік – экономикалық дамуы.
- •91.ХХғ. Басындағы қазақ баспа сөзі.
- •93) 1916 Ж.Ұлт азаттық көтерілістің себептері,барысы,нәтижесі және маңызы.
- •100) ”Соғыс коммунизм ”саясатының Қазақстанда іске асырылу ерекшеліктері.
- •102) 1921-1922 Жж.Жер-су реформасы және оның нәтижелері.
- •149) Астана – Қазақстан Республикасының астанасы
- •165) Қр Президенті н.Ә.Назарбаевтың 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа қр» жолдауы
- •172) Қазіргі Қазақстанның көші-қон саясаты
- •173) Қазақстан Республикасы Президенті н.Ә. Назарбаевтың 2011 жылғы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» Қазақстан халқына Жолдауының мәні мен мазмұны
- •174) Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастарға көшуінің негізгі кезеңдері. Проблемалары, қайшылықтары, жетістіктері мен нәтижелері.
- •175) Қр Президентінің Қазақстанның индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы
- •176) Қазақстан Республикасындағы білім, ғылым, мәдениет және денсаулық сақтау ісінің дамуы
- •177) Қазақстан Республикасының білім жүйесіндегі реформалар
- •178) Қазақстан – әлемдік қауымдастықта
- •179) Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымына (бұұ) және басқа да халықаралық ұйымдарға кіруі
- •189. Қр Бірінші Президенті ұлт лидері н.Ә.Назарбаевтың саяси портреті.
37. 15 Ғ ортасында Қазақ хандығының құрылуы.
Дешті Қыпшақтың, Жетісу мен Түркістанның қазақ рулары мен тайпаларының этникалық және саяси топтасуы осы кездерде барған сайын күшейе түсті. Осы себептер Қазақ хандығының құрылуына септігін тигізді. Хандықтың негізін салушылар Керей мен Жәншбек болды. Олар Ақ орда билеушісі Ұрыс ханның ұрпақтары. Керей мен Жәнбек Әбілқайырдың қол астында болды.Әбілқайырға шейін Дешті Қыпшақта Керей мен Жәнбектің ата -бабалары билік жүргізген. Аталары ешқашан хан болмаған Әбілқайыр билікке келуі. Бұған Керей мен Жәнбек наразы болды. Бірақ наразылығын ашық білдірмеген. Олар Шығыс Дешті Қыпшақта Ақ орда ьхандары әулетінің билігін қалпына келтіру үшін Шайбани әулетіне қарсы күресе отырып, халық бұқарасының наразылығын пайдалана білді. Керей мен Жәнбек өз әулетінің саяси билікке деген құқығын қорғай отырып, қазақ рулары мен ақсүйектерін жинап дербес мемлекет құруға алғышарт жасады. Әбілқайыр хан 1456-1457 жылдары Сығанақ түбінде ойраттардан жеңілуі, халықтың наразылығын одан сайын күшейте түсті. Әбілқайыр соғыста маған көмек көрсетпеді деп Жошы әулетінен шыққан сұлтандарға қысым жасай бастады. Осы кезде Керей мен Жәнбек қол астындағы халқымен бірге Моғолстанға көшіп кетті. Не үшін Моғолстанға көшті деген сұрақ туындайды. Өйткені Моғолстан да Әбілқайырдың жауы еді. Сол үшін Керей мен Жәнбек «МЕНІҢ ЖАУЫМНЫҢ ЖАУЫ – МАҒАН ЖАУ ЕМЕС » деген принсипті ұстанып сол жаққа көшті. Сол кездегі Моғолстан ханы Есен- Бұға хан оларды шын ықыласымен қабылдап, Моғолстанның батыс шебін құрайтын Шу және Қозыбасы Жерлерін берді. Мұхаммед Хайдар Дулати "Тарих-и-Рашиди" атты еңбегінде былай деп көрсетеді: "Сол заманда Әбілхайыр хан қыпшақ даласына түгелдей билігін жүргізіп тұрған еді. Ол Жошы ұрпағы сұлтандарға көп жайсыздық туғызып, Жәнібек хан мен Керей хан одан қашып, Моғолстанға кетіп қалған. Есенбұға хан оларды құрметпен қарсы алып, Шу өзені өңіріндегі "Қозыбасыны" тапсырған еді. Ол аймақ Моғолстанның батыс шеті. Олар бұл аймақта бейбіт өмір кешті. Әбілхайыр қайтыс болған соң, Өзбек ұлысы өзара тартысып, араларында көп келіспеушілік туды. Біразы Керей хан мен Жәнібек ханның маңына жиналған еді. Саны екі жүз мыңға жетеді. Олар өзбек-қазақ деп аталатын".
Екі сұлтанның арманы М.Х.Дулатидің жазуына қарағанда хижраның 870 жылы біздің жыл санауымызбен 1465-1466 жылдары Қазақ хандығын құрды. 1468 жылы Әбілқайырдың қайтыс болуына байланысты сол хандықтың біраз бөлігі Қазақ хандығына келіп қосылды. Осы уақытта халық саны 200 мыңға жетті.Билікке алғаш Керей хан отырады (1458-1473 жж.). Одан кейін қазақ ханы болып Жәнібек сайланды (1473-1480 жж.). Бұлардың тұсында Жетісу халқы, 1462 жылы Моғолстан ханы Есенбұға өлгеннен кейін ондағы тартыстың күшеюіне байланысты, өзара ынтымақтықты нығайтуға үлес қосты. Әбілхайыр хандығынан көшіп келушілер Жәнібек пен Керейдің қазақ хандығын күшейте түсті. Едәуір әскери күш жинапан және Жетісуда берік қорғанысы бар Жәнібек пен Керей, Жошы әулетінен шыққан сұлтандардың Шығыс Дешті Қыпшақты билеу жолындағы күресіне қосылды. Бұл күрес 1468 ж. Әбілхайыр өлгеннен кейін қайтадан өршіді. Қазақ хандарының басты жаулары Әбілхайырдың мұрагерлері- оның ұлы Шайх -хайдар мен немерелері Мұхамед Шайбани мен Махмұд сұлтан болды. Қазақ хандығы алғашқы қарым- қатынасты моғол хандығымен жасасты. Моғолстан ханы Есен- Бұға 1462 жылы қайтыс болған соң Жетісуда Қазақ билеушілеріне қарсы тұра алатын нақты күш болған жоқ. Осы себептер мен Моғолстан жерінің батыс бөлігінің біразы қазақ хандығының құрамына енді.. Қазақ хандығының құрылуына септігі тигізген ол Ақ орда тайпалары десек артық айтпағанымыз. ӨЗ әулетінің билігін қалпына келтіруге тырысқан Керей мен Жәнбек бытырап жүрген тайпаларды біріктірп, Қазақ хандығын құрды. Осы уақыттан бастап яғни 15 ғасырдың 2 – жартысынан бастап тарих бетінде жаңа хандық «ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ» пайда болады.
38) XV-XVIII ғ. бірінші ширегіндегі Қазақ хандығы туралы жазба деректер.
"ТарихиРашиди" атты еңбекте қазақ хандығының қалыптасуы туралы, мұнан кейінгі Жетісумен Шығыс Дешті— Қыпшақта болған оқиғалар, Моғолстанның құлауы,феодалдықсоғыстар, қазақтар, қырғыздар және өзбектердің сыртқы жауға қарсы күресте өзара одақтасуы туралы көптеген мәліметтер бар. Сонымен бірге бұл еңбектеХV-ХVI ғасырлардағы Оңтүстік жөне Шығыс Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы, ортағасырлық Қазақстандағы Жетісудың тарихи жағрапиясы, қалалық және егіншілік мәдениеті туралы құнды мәліметтер бар. 1533 жылы хандық таққа қайта отырған Абу-ар-Рашид, өз тайпаларынан қауіп тоне ме деген оймен, оларды қуғындай бастады. Мұхаммед Хайдар Дулатидің немере ағасы Сайд Мүхаммед мырза Дулатты өлтірді. Мүхаммед Хайдар Дулати Үндістанға қашып кетті. Онда ол Ұлы Моғолдар сарайында әскерлерді басқарды. Ол сол кездегі саяси оқиғалармен оған қатысқан қайраткерлерді, сондай-ақ Моғолстан мемлекетінің, Қазақ хандығының өткен тарихын жақсы білген. Оның тікелей өзі куә болған жайларыда көп еді.Соданда болар ол ортағасырдағы қазақтарға,әсіресе дулат тайпасының тарихына қатысты өте құнды материалдар береді. Қазақ хандығының құрылуы мен қалыптасуы, одан кейінгі кезеңдері, олардың қырғыздармен, өзбектермен қарымқатынасы жайында кеңінен сөз болады
«ТАРИХИРАШИДИ» – «РашидтіңТарихы» – 1499 – 1551 жж. Өмір сүрген тарихшы, мемлекет қайраткері. Мұхаммед Хайдар Мырза Дулатидің еңбегі. «ТарихиРашиди» 1541 – 46 жж. аралығында Кашмир өлкесінде жазылған. Еңбекте 14 ғ. ортасынан 16 ғ. 40-шы жылдарына дейінгі Моғолстанның, Шығыс Түркістанның тарихы баяндалады. Сондай-ақ, «ТарихиРашидиде» 14 – 16 ғ. Қазақстан, Орта Азия, Ауғанстан,СолтүстҮндістан, Тибет тарихына қатысты құнды көптеген мәліметтер бар. Сондай-ақ, Орта АзиядаТемір әулетінің құлап, Шайбанилық әулеттің орнығуы, Сұлтан Сайд ханның Қашқарға баруы мен онда билікке келуі, моғол хандарының көрші аймақтарға жорықтары,моғолхандарының Қазақхандығымен, Шайбанилар әулетімен қарым-қатынастарыжәнет.б. көптеген мәселелер қарастырылады.«ТарихиРашиди»еңбегінің ортағасырлық Қазақстан тарихы үшін маңызы өте жоғары. Алғаш рет бұл еңбекте 15 ғ. Ортасында Қазақ хандығының Шу өзені бойымен Қозыбасы тауы аралығында құрылғандығы, 15 ғ. ортасынан 15 ғ. 30-шы ж. Аяғына дейінші Қазақхандығының қысқаша саяси тарихы баяндалады. Орыс тілінде «Тарихи Рашидидің» деректерін бірінші рет ХІХ ғ. ортасында В.В. Вельяминов-Зернов өз еңбегінде қолданады. «Тарихи Рашидидің» орыс тіліндегі толық ғыл. аудармасы 1996 ж.Ташкентте, 1999 ж. Алматыда жарыққ ашықты.
Қайырғали Жалаири (Қадыр Әлі Қосымұлы би, арғытегі Жалайыр) - ХVI-ғасырдың ортасымен ХVII-ғасырдың басында өмір сүріп (1530-1605 жылдары), қазақ халқының тарихында өшпесіз қалдырған. Ресейдің атақты патшасы Борис Годуновтың қол астында жүріп, 1602 жылы "Жылнамалар жинағын" жазып бітірген. Бұл — қазақ тілінде жазылған тұңғыш ғылыми еңбек. "Жинақтың" тілдік құрылымын, жазу мәнерін зерттеп, көрнекті ғалымР.Сыздықова арнайы кітап жазған ("Язык", "Жамиат-тауарих", "Жалаири", Алматы, 1989 жыл).Қадыр Әлі деректеріне ШоқанУәлиханов танбермен қарай талай тарихшылар, зерттеушілер сүйеніп келеді. Қазақ елінің тарихы жөніндегі ғылыми еңбекті де Борис Годуновтың тапсырмасы бойынша жаздым деуі орынды. Себебі бұл еңбек ақ патшаға арналған және алғашқы тарауында соның билік жүргізу жүйесін бейнелейді. Қадыр Әлінің бұл шежіресі ертедегі қазақ тілінде жазылған тұңғыш тарихи еңбек екені аян. Ш.Уәлиханов бұл кітаптың аңыздан гөрі ақиқаты басымырақ деп бағалаған. БайұзақАлбани: "Тарихнамада оның есімі Әбілғазы, Бабыр, Бенаи сияқты ғүлама тарихшылармен қатараталады. Орыс ғалымдары Н.И.Ильминский,И.Н.Березин, В.В.Вельяминов-Зернов оның еңбегін жоғары бағалады", — дейді "Тарихи таным" атты кітабында. (195-бет). Ораз мұхаммед пен Қадыр Әлі бастаған қазақтардың Ресейде болу оқиғасын көрнекті жазушы, көне тарихымыздың білгірі Мүхтар Мағауин "Аласапыран" атты романында кең және көркем баяндаған. Бұл романы үшін оған Мемлекеттік сыйлық берілгені белгілі. Соңғы кездері Қадыр Әлінің еңбегін әл Фараби атындағыҚазақ Мемлекеттік үлттықУниверситетінің профессоры М. Қойгелдиев арнайы зерттеп жүр. Байұзақ Албани былай дейді: "Ол жырақта жүрсе де, қазақ хандарының саяси-өлеуметтік жағдайлары, Қазақстанда рулық-патриархалдық қатынастардың қалыптасуы, хан төңірегіндегі сұлтандар мен қаршылар, бектер мен хафиздерт.б. жайында деректі мәліметтер жазып қалдырды. Автор жылнамада Шығыс елдеріне, оның шаһарларын ашолу жасап, қазақ сахарасын мекендеген жалайыр, арғын, қыпшақ, қаңлы, найман, қоңырат, керейіт, алшынт.б. түркіру-тайпаларына тарихи анықтама берді. Ол Рашид ад-Диннің парсы тіліндегі "Жамиат-тауарих" шежіре кітабына сүйене отырып, Шыңғысхан әулеті және оның өзі жайында аса мол деректер келтіреді, қазақ хандарының өмірбаянына тоқталады. Онда қазақ жері, оның қалалары, ХIII-ХVӀ ғ. Аралығындағы қазақ жеріндегі оқиғалар, қазақ хандарының ішкі-сыртқы жағдайлары, әлеуметтік топтар және қазақ жерін мекендеген ежелгі рулар бірлестігі жайында деректер бар.
39.Қазақ хандығының нығайуы. 1470-1500 ж.ж. Қазақ хандығының Сыр бойы қалалары үшін күресі.
Әбілхайыр ханның өлімі, Өзбек ұлысындағы терең дағдарыс Жәнібек пен Керейге Сырдарияның орта ағысы өңіріне, Түркістанға қайта оралып, ендігі уақытта бұл аймақты жаңа мемлекеттің орталығына айналдыру үшін күрес жүргізуіне мүмкіндік береді. 1470 жылдан бастап Сыр өңірінде қазақ жасақтары көріне бастайды.Қазақ хандығының саяси –экономикалық базасын ңығайту үшін Сырдария бойындағы қалаларды қарату төтенше маңызды еді. Осы орайда, қазақ хандығының алдына 3 үлкен тарихи міндет қойылды: 1.Мал жайылымдарын пайдаланудың Дешті – Қыпшақ даласында бұрыннан қалыптасқан дағдылы тәртібін қалпына келтіру (бұл тәртіп Әбілқайыр хандығындағы аласапран арқылы бұзылған) көшпелі шаруалардың көкейтесті мүддесі еді.
2.Шығыс пен Батыс арасындағы сауда керуен жолы үстінен орнаған Сырдария жағасындағы Сығанақ, Созақ, Отырар, Ясы (Түркестан) т.б. қалалары қазақ хандығына карату. Бұлар осы өңірдегі саяси- экономикалық және әскери- стратегиялық берік база болатын. 3.Қазақ тайпаларының басын қосып, қазақтың этникалық территолриясын біріктіру. Бұлардың ішіндегі ең маңызды міндет – Сырдария жағасындағы қалаларды қарату күресі болды.Осы кезден бастап Шығыс Қыпшақ даласының далалы аудандары мен Сыр бойының орта сағасындағы қалалы орталықтарды өзіне қарату үшін әрекет ету 15 ғасырдың 70—80-жылдары, алдымен, Жәнібек пен Керей хандардың, содан соң олардың мұрагері Бұрындық ханның негізгі қызмет арқауына айналады. Бұл жігерлі де мақсатты әрекет15 ғасырдың соңы және 16 ғасырдың алғашқы онжылдықтарындағы қазақ хандарының қызметінде өз жалғасын тапты. Қазақ билеушілерінің Түркістан мен оның төңірегіндегі қалалық орталықтар үшін мұндай табанды күрес жүргізуінің өз себептері бар болатын.Орта Сыр өңірі қалалары ерте кезеңдерден дәстүрлі экономикалық, саяси және рухани орталық міндетін аткарып келді. Ал Ақ Орда мен Әбілхайыр хандығы кезеңінде көшпелі мал шаруашылығы аудандары мен отырықшы егіншілік жазираларын жалғастырып жатқан бұл өңірдің стратегиялық маңызы арта түспесе, кеміген емес-тін. Сондықтан да қазақ хандарының жаңа калыптасып келе жатқан мемлекеттің болашағын тікелей Түркістан мен оның өңіріндегі Отырар, Сығанақ, Сауран, Сайрам, Созақ сияқты қалалармен байланыстыруы толық негізді шешім болатын.Қазақ хандары мен көшпелі өзбектер ханы Мұхаммед Шайбани арасындағы Сыр бойындағы қалалар үшін күрес 15 ғасырдың 80—90-жылдары ымырасыз және тынымсыз соғыс жағдайында өтті. Бұл талас барысына Әмір Темір мұрагерлері мен Моғол хандары да мүдделілік танытып, ауық-ауық араласып отырды. Дегенмен Қазақ хандығын билеген Бұрындық ханның бұл соғысты 15 ғасырдың соңына қарай жеңіспен аяқтау мүмкіндігі болған жоқ.
16 ғасырдың алғашқы онжылдығы Қазақ хандығы үшін Мұхаммед Шайбани ханның тегеурінді шабуылына тойтарыс беру жағдайында өтті. Мәуереннахр билеушісінің 1503—1510 жылдары қазақ жеріне жасаған жорықтары ол қалағандай нәтиже берген жоқ. 1510 жылдың соңында Мұхаммед Шайбани хан Иран шахымен болған шайқаста қаза табады.
1511 жылы хандық тақтан кеткен Бұрындық ханның орнына келген Қасым хан осы сәтті пайдаланып, 1513 жылы Сайрамды өзіне қаратып, Ташкентті алуға әрекет жасады. Сонымен, бұл тарихи кезең Сыр өңірі қалаларының қазақтарға біржола өтуімен аяқталады.