Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
8 так.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
225.79 Кб
Скачать

3. Амортизациялық аударымдарды есепке алу

Негізгі құралдардың тозуының синтетикалық есебі үшін 2420 "Негізгі құралдардың амортизациясы" пассивті шоттары көзделген.

Материалдық емес активтердің түрлері бойынша жинақталған амортизацияның аударымдар туралы ақпараттарды жинақтауға арналған 2740 «Өзге материалдық емес активтер амортизациясы мен құнсыздануы» шоты материалдық емес активтердің тозу есебіне арналған.

Бұл шотта субъектіге меншік, шаруашылық жүргізу немесе оперативті басқару құқығы бойынша, немесе ұзақ мерзімде жалға алынған негізгі құралдардың жинақталған амортизациясы жөнінде ақпараттар жинастырылады, жалпыланады. 2420 шоттың кредиті бойынша есептелген амортизация сомасы шығындарды есепке алуға арналған шоттар дебеттеледі /олар 7110, 7210, 8410 т.б./. Жинақталған амортизация сомалары негізгі құралдар шыққан кезде ғана есептен шығарылады және 2420 немесе шоттының дебеті бойынша 2410 шоттының кредиті бойынша көрсетіледі.

Жинақталған амортизация сомалары материалдық емес активтердің шыққан кезде ғана есептен шығарылады және 2740 немесе шоттының дебеті бойынша 2720 шоттының кредиті бойынша көрсетіледі.

Бухгалтерлік есептің шоттар жоспарында негізгі құралдардың амортизация және материалдық емес активтердің амортизация есебіне 2420 «Негізгі құралдардың амортизациясы» және 2740 «Өзге материалдық емес активтердің амортизациясы» шоты арналған.

Негізгі бухгалтерлік жазулар:

Операция мазмұны Дебет Кредит

1.негізгі құралдарға есептелген амортизация сомасына:

-өнімді өткізу процесінде 7110 2420, 2740

-әкімшілік мақсаттарға 7210 2420, 2740

-өндіріс процесінде 8410 2420, 2740

2.Есептен шыққан негізгі құралдар бойынша

жинақталған амортизация сомасы 2420 2410

3. Есептен шыққан материалдық емес активтердің бойынша

жинақталған амортизация сомасы 2740 2730

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]