Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
8 так.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
225.79 Кб
Скачать

2. Амортизациялық аударымдар мен оларды есептеудің әдістері

НҚ («Негізгі құралдар» 16 ХҚЕС және №2 ҰҚЕС 16 бөлімі «Негізгі құралдар»)

және МЕА (ХҚЕС (ІАS) 38 «Материалдық емес активтер») байланысты амортизация әртүрлі әдістерді қолдана отырып есептелінеді.

Амортизацияны есептеу әдістері

- ол құралдардың тозған құнын оның қызмет мерзімі кезінде өндіріс шығындарына бір келкі үлестіріп бөлуді қарастырады

Құнды бірқалыпты (түзу сызықты) есептен шығару

Құнды орындалған жұмыс көлеміне пропорционалды түрде есептен шығару (Өндірістік әдіс)

- әрбір өнім бірлігі өзін өндірген активтін бірдей мөлшерді амортизациясын болдырады деп қарастырады

Қалдықты азайту әдісі (екі еселі регрессия әдісі)

- түзу сызықты тәсілде қолданылатын амортизация мөлшері екі еселенеді және әрқашанда қалдық құнға қолданылады

Сурет 1. НҚ және МЕА амортизациясын есептеу әдістері

Амортизацияны есептеу әдісі кәсіпорынның есептік саясатында анықталады. Негізгі құралдардың әрбір түріне амортизацияны есептеудің әр түрін қолдануға рұқсат етіледі, бірақта негізгі құралдардың бір түріне бір әдістен басқасын қолдануға болмайды.

Енді әр амортизация құнын есептеу әдістеріне тоқтап кетейік.

Мысалы, Біз өндірісте қолдануға станок сатып алғанбыз, оның сатып алу құы 1 000 000 теңге болған. Кәсіпорынның шешімі бойынша пайдалы қолдану мерзімі 5 жыл, тарату немесе жою құны 100 000 теңге болған. Осы станоктың амортизациясын әр әдістерді қолданып қолайлысың анықтайық.

Шешуі:

1. Құнды бір қалыпты /тұзу сызықты/ есептен шығару әдісі объектінің тозған құнын оның қызмет мерзімі кезінде өндіріс шығындарына бірқалыпты үлестіріп бөлуді қарастырады.

1. Амортизацияға жататын құнын анықтау керек

Амортизацияға жататын құнын = Өзіндік құны - Тарату құны = 1 000 000 теңге -100 000 теңге = 900 000 теңге

2. Пайдалы қолдану мерзімі 5жыл

3. Бір жылға амортизация құны = Амортизацияға жататын құнын / Пайдалы қолдану мерзіміне = 900 000 тг / 5 жыл = 180 000 тг.

4. Ай сайынғы амортизация құны = Бір жылға амортизация құны / 12 ай = 180 000тг /12ай = 15 000 тг. немесе Ай сайынғы амортизация құны = Амортизацияға жататын құнын / Пайдалы қолдану мерзіміне (аймен ) = 900 000 тг / 60 ай = 15 000 тг

1 кестеде 5 жылға жинақталған амортизация сомасы 900 000тг. болды, сонда соңғы баланстық құны 100 000 – есептік жою құнына сәйкес келді. Былайша айтқанда амортизация сомасы 5 жылға бір қалыпты үйлестірілді.

Кесте 1. Құнды бірқалыпты /түзу сызықты/есептен шығару әдісі

Қолдану жылдары

Өзіндік құны

Бір жылдық амортизация нормасы

Жыл сайынғы амортизация сомасы

Жинақталған амортизация сомасы

Баланстық құны (2 жол – 5 жол)

1

2

3

4

5

6

1 жыл

1 000 000

20 %

180 000

180 000

820 000

2 жыл

1 000 000

20 %

180 000

360 000

640 000

3 жыл

1 000 000

20 %

180 000

540 000

460 000

4 жыл

1 000 000

20 %

180 000

720 000

280 000

5 жыл

1 000 000

20 %

180 000

900 000

100 000

2. Құнды орындалған жұмыс көлеміне пропорционалды түрде есептен шығару (Өндірістік әдіс). Бұл әдісте әрбір өнім бірлігі өзін өндірген активтің бірдей мөлшерде амортизациясын болдырады деп, қарастырылады. Активтердің тозуы олардың қолдан жиілілігіне тікелей байланысты жерлерде осы әдіс қолданылады.

Мысалы: Станок пайдалы қолдану мерзімінде 10 000 000 өнім бірлігін өндіреді.

1 жыл 3 000 000 өнім бірлігін өндіреді

2 жыл 3 000 000 өнім бірлігін өндіреді

3 жыл 2 000 000 өнім бірлігін өндіреді

4 жыл 1 000 000 өнім бірлігін өндіреді

5 жыл 1 000 000 өнім бірлігін өндіреді

Шешуі:

1. Амортизацияға жататын құнын анықтау керек

Амортизацияға жататын құнын = Өзіндік құны - Тарату құны = 1 000 000 теңге -100 000 теңге = 900 000 теңге

2. Пайдалы қолдану мерзімі 5жыл және 10 000 000 өнім бірлігін өндіреді

3. Бір өнім бірлігін өндіргендегі амортизация құнын табу керек

Бір өнім бірлігін өндіргендегі амортизация құнын = Амортизацияға жататын құнын / Пайдалы қолдану мерзімінде өндіретін өнім бірлігі саны = 900 000 тг / 10 000 000 өнім бірлігін = 0,09 тг.

4. 1 жылға амортизация құны = 1 жылда өндіретін өнім бірлігі * Бір өнім бірлігін өндіргендегі амортизация құнын = 3 000 000 өнім бірлігі * 0,09 тг = 270 000 тг.

2 жылға амортизация құны = 2 жылда өндіретін өнім бірлігі * Бір өнім бірлігін өндіргендегі амортизация құнын = 3 000 000 өнім бірлігі * 0,09 тг = 270 000 тг.

3 жылға амортизация құны = 3 жылда өндіретін өнім бірлігі * Бір өнім бірлігін өндіргендегі амортизация құнын = 2 000 000 өнім бірлігі * 0,09 тг = 180 000 тг.

4 жылға амортизация құны = 4 жылда өндіретін өнім бірлігі * Бір өнім бірлігін өндіргендегі амортизация құнын = 1 000 000 өнім бірлігі * 0,09 тг = 90 000 тг.

5 жылға амортизация құны = 5 жылда өндіретін өнім бірлігі * Бір өнім бірлігін өндіргендегі амортизация құнын = 1 000 000 өнім бірлігі * 0,09 тг = 90 000 тг.

Кесте 2. Құнды орындалған жұмыс көлеміне пропорционалды түрде есептен шығару (Өндірістік әдіс)

Қолдану жылдары

Өзіндік құны

Бір өнім бірлігін өндіргендегі амортизация нормасы

Нақты өндіретін өнім бірлігі саны

Есептелген амортизация сомасы

Жинақталған амортизация сомасы

Баланстық құны

(2 жол – 6 жол)

1

2

3

4

5

6

7

1 жыл

1 000 000

0,09 тг

3 000 000

270 000

270 000

730 000

2 жыл

1 000 000

0,09 тг

3 000 000

270 000

540 000

460 000

3 жыл

1 000 000

0,09 тг

2 000 000

180 000

720 000

280 000

4 жыл

1 000 000

0,09 тг

1 000 000

90 000

810 000

190 000

5 жыл

1 000 000

0,09 тг

1 000 000

90 000

900 000

100 000

Негізгі құралдардың кейбір түрлері жұмыста пайдаланудың Өзіндік кезінде мейінше тиімді жұмыс атқарады. Бірақ технологияны жетілдіру жағдайларында жабдықтар моральдық тұрғыда тез ескіреді. Соңдықтан кәсіпорындар өндіріске ғылыми-техникалық жетістіктерді еңгізуді жеделдету үшін қаржылық жағдай жасау және негізгі құралдарды жаңартуға қызығушылықты арттыру мақсатында амортизацияны жеделдетіп есептеу қалдықты азайту әдісін қолдана алады

3. Қалдықты азайту әдісі (екі еселі регрессия әдісі) қолданатын амортизация мөлшері екі еселенеді және әрқашанда қалдық құнға қолданылады. Бұл кезде амортизация сомасы жылдан жылға азая береді, алғашқы жылдары ол едәуір жоғары болады.

Шешуі:

1. Амортизацияға жататын құнын анықтау керек

Амортизацияға жататын құнын = Өзіндік құны - Тарату құны = 1 000 000 теңге -100 000 теңге = 900 000 теңге

2. Пайдалы қолдану мерзімі 5жыл

3. Бір жылға амортизация пайызбен = 100% / Пайдалы қолдану мерзіміне * 2= 100 % / 5 жыл * 2= 40 %.

4. 1 жылға амортизация құны = Өзіндік құны * Бір жылға амортизация пайызбен = 1 000 000 * 40 % = 400 000 тг.

2 жылға амортизация құны = 2 жылға баланстық құны (Өзіндік құны - Жинақталған амортизация сомасы) * Бір жылға амортизация пайызбен = 600 000 * 40 % = 240 000 тг.

3 жылға амортизация құны = 3 жылға баланстық құны (Өзіндік құны - Жинақталған амортизация сомасы) * Бір жылға амортизация пайызбен = 360 000 * 40 % = 144 000 тг.

4 жылға амортизация құны = 4 жылға баланстық құны (Өзіндік құны - Жинақталған амортизация сомасы) * Бір жылға амортизация пайызбен = 216 000 * 40 % = 86 400 тг.

5 жылға амортизация құны = 5 жылға баланстық құны (Өзіндік құны - Жинақталған амортизация сомасы) - Тарату құны = 129 600 тг – 100 000 тг = 29 600 тг немесе

Соңғы жылға амортизация құны = Амортизацияға жататын құнын - Жинақталған амортизация сомасы = 900 000 тг – 870 400 тг = = 29 600 тг

Кесте 3. Жеделдетілген есептен шығару әдісі

Кеми беретін қалдық әдісі /регрессиялық әдіс/

Қолдану жылдары

Өзіндік құны

Бір жылдық амортизация нормасы

Жыл сайынғы амортизация сомасы

Жинақталған амортизация сомасы

Баланстық құны

1 жыл

1 000 000

40 %

400 000

400 000

600 000

2 жыл

1 000 000

40 %

240 000

640 000

360 000

3 жыл

1 000 000

40 %

144 000

784 000

216 000

4 жыл

1 000 000

40 %

86 400

870 400

129 600

5 жыл

1 000 000

40 %

29 600

900 000

100 000

Енді осы әдістерді салыстыра отырып келесі шешімге келуге болады: құнды бірқалыпты есептен шығару, өндірістік әдістері қолайлы, одан кейін қалдықты азайту әдісі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]