
- •1. Негізгі құралдар жайлы түсінік, олардың топтастырылуы
- •2. Негізгі құралдардың бағалануы
- •3. Негізгі құралдардың түсуі мен босатылуын құжаттау
- •4. Негізгі құралдардың қозғалыс опреацияларын есепке алу
- •2 Лекция жоспары
- •1. Материалдық емес активтер туралы түсінік
- •2. Материалдық емес активтердің есебі
- •1. Материалдық емес активтер туралы түсінік
- •2. Материалдық емес активтердің есебі
- •2. Амортизациялық аударымдар мен оларды есептеудің әдістері
- •3. Амортизациялық аударымдарды есепке алу
2. Материалдық емес активтердің есебі
Материалдық емес активтер қозғалысының есебі келесі шоттарада жүргізіледі:
2710 – Гудвилл
2720 - Гудвилдің құнсыздануы
2730 - Өзге материалдық емес активтер
2740 - Өзге материалдық емес активтер амортизациясы және олардың құнсыздануы
Материалдық емес активтер бұл шоттарда бастапқы құн бойынша есептелінеді. Келіп түскен материалдық емес активтер «Материалдық емес активтер қабылдап алу – беру актілері» бойынша құжатталады. (МЕА -1 үлгісі).
Материалдық емес активтердің түсуі бойынша шоттар байланысы
Операция мазмұны |
Шоттар корреспонденциясы |
|
дебет |
кредит |
|
1. Материалдық емес активтердің алынуы: - алынған есептік сома есебінен; - еншілес, тәуелді, бірлескен- бақылау заңды тұлғалардан; - жеке және заңды тұлғалардан |
2730 2730 2730 |
1250 3320,3330 3310,3390 |
2. Материалдық емес активтердің құрылтайшылардан жарғылық капиталға салым ретінде түсуі |
2730 |
5110,5030 |
3. Ақысыз немесе өтеусіз келіп түскен материалдық емес активтер -Заңды тұлғалардан -Мемелекеттен субсидия ретіде түскен |
2730 2730 |
6220 6230 |
4. Алынған гудвиллдің көрінісі |
2710 |
3310,4110 |
5. Материалдық емес активтердің құрылуы: - материалдық емес активтердің құрылуындағы қатысушылардың, жұмысшылардың еңбек ақысы - еңбек ақыдан аударымдар - материалдық емес активтердің құрылуы кезіндегі пайдаланылған қасиеттер - материалдық емес активтердің құрылуы үшін арналған несиеге сыйақы, ұзақ мерзімге құрылған кезде - материалдық емес активтердің құрылуы кезіндегі материалдар - енгізу актісінің негізі бойынша жұмыстың аяқталуы |
2930
2930 2930
2930
2930
2730 |
3350
3250, 3210 3310 және басқалар 3380
1310,1350
2930 |
Материалдық емес активтердің талдау есебі инвентарлық кәртішкесінде жүргізіледі. Кәсіпорынға келіп түскен материалдық емес активтердің барлық түрлеріне кәртішке жүргізіледі. Кәртішке құжат негізінде 1 данада толтырылады, кәсіпорындағы материалдық емес активтердің қабылданғанын куәландыратын қабылдау – актісі, техникалық және басқа құжаттар. Материалдық емес активтердің басқа кәсіпорынға берілгенін растайтын қабылдап алу – беру актісі негізінде белгіленеді.
Материалдық емес активтер есептен шыққанда немесе істен шықса және, егер оларды қолданудан ешқандай экономикалық пайда алынбаған жағдайларда бухгалтерлік баланстан шығарылады. Материалдық емес активтер есептен шығуы олардың
сатылуымен,
моральдық тозуымен немесе іске жарамай қалумен,
басқа ұйымдарға қайтарымсыз берумен және кәсіпорынның жарғылық капиталына салым ретінде салумен байланысты болуы мүмкін. Материалдық емес активтер есептен шығарылуы «Материалдық емес активтерді қабылдап алу-беру Актісі» бойынша МЕА-1 үлгісімен толтырылып, рәсімделеді.
Материалдық емес активтерді сату кезінде бухгалтерлік есеп шоттарында келесідегідей жазулар жүргізіледі.
- сатылған материалдық емес активтердің объектілерінің баланстық құнына:
Дебет шоты бойынша 7410 «Активтердің шығуы бойынша шығыстар»
Кредит шоты бойынша 2730 «Өзге материалдық емес активтер»
- материалдық емес активтердің объектілерінің істен шыққанға дейінгі жинақталған амортизациялық сомасына:
Дебет шоты бойынша 2740 «Өзге материалдық емес активтердің амортизациясы»
Кредит шоты бойынша 2730 «Өзге материалдық емес активтер»
- сатылған материалдық емес активтердің объектісінің қосылған құн салығынсыз келісілген бағасымен, сәйкесінше көрсетілген төлем құжаттары (төлем талап – тапсырма және т.б.) бойынша:
Дебет шоты бойынша 1210 «Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі»
Кредит шоты бойынша 6210 «Активтердің шығуынан алынатын кірістер»
- шот – фактурада көрсетілген сатылған материалдық емес активтердің объектілерінің қосылған құн салығы көрсетілген сомасына:
Дебет шоты бойынша 1210 «Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі»
Кредит шоты бойынша 3130 «Қосылған құн салығы»
Сатылған материалдық емес активтер үшін сатып алушылардан түскен төлем, банк көшірмесіне сәйкес:
Дебет шоты бойынша 1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты»
Кредит шоты бойынша 1210 «Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі»
Материалдық емес активтер қолдану барысында үнемі моральды тозып отырады және олардың баланстық құны ұйым үшін экономикалаық пайдадан асып кетеді. Мұндай жағдайда міндетті түрде амортизациялық емес құнын шығынға жатқызу және зиянды тану. Материалдық емес активтердің объектілерінің моральдік тозуының салдарынан шығынға жатқызылуы және одан кейінгі қолданылуының жарамсыздығы келесіде бухгалтерлік жазулармен көрсетіледі.
Дебет шоты бойынша 7410 «Активтердің шығуы бойынша шығыстар»
Кредит шоты бойынша 2730 «Өзге материалдық емес активтер»
Материалдық емес активтердің объектілерінің шығынға жатқызылғанға дейінгі жинақталған амортизациялық сомасына:
Дебет шоты бойынша 2740 «Өзге материалдық емес активтердің амортизациясы»
Кредит шоты бойынша 2730 «Өзге материалдық емес активтер»
9-тақырып. Негізгі құралдармен материалдық емес активтер есебі
3 Лекция жоспары
1. Негізгі құралдардың және МЕА физикалық және және моральдық тозуы
2. Амортизациялық аударымдар мен оларды есептеудің әдістері
3. Амортизациялық аударымдарды есепке алу
Сабақтың мақсаты – Негізгі құралдардың және МЕА амортизациясын әдістерге сәйкесті есептеу тәртіптерімен танысу және есепке алу жолдарымен таныстыру.
Шешу сөздері – амортизация, физикалық тозу және моралдық тозу
1. Негізгі құралдардың және МЕА физикалық және және моральдық тозуы
НҚ және МЕА шаруашылық қызметі процесіндегі ұзақ уақыт кезеңінде бірте-бірте тозады. Тозу – бұл физикалық және моралдық сипаттарын жоғалту процесі.
Физикалық тозу негізгі құралдарды пайдалану нәтижесі және сыртқы факторлардың әсер етуі болып саналады.
Моралдық тозу соның нәтижесінде активтер ғылым мен техника дамуының осы заманғы талаптарына сәйкес келмейтін процесті білдіреді.
Қызмет мерзімі ішінде амортизацияланатын актив құнын жүйелі бөлу түріндегі тозудың құндық көрінуі амортизация болып аталады. Есептелген амортизация сомасы, белгілі бір кезеңде пайдаланылған немесе тұтынылған НҚ және МЕА құнын көрсетеді. Амортизацияланатын құн, НҚ және МЕА түсуі кезінде, пайдалы қызмет мерзімінің соңында құралатын қосалқы бөлшектердің, металл сынықтарының, қалдықтардың болжанатын құны ретінде айқындалатын, өзіндік құн мен тарату құны арасындағы айырманы білдіреді. НҚ және МЕА обьектісінің амортизацияланатын құны пайдалы қызмет мерзімі ішінде жүйелі түрде есептен шығарылып отыруы тиіс. Амортизациялық аударымдар, өнімдердің, тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің өзіндік құнының элементі және шығыс ретінде әрбір есепті кезең үшін танылады.
НҚ және МЕА амортизациясын (тозуын) есептеудің басты мақсаты олардың құнын өтеу көзін жасау болып табылады. Осындай көз амортизацияны шығыстарға, шығындарға қосу есебінен жасалады.
Амортизациялық аударымдардың сомаларын көтеру немесе төмен түсіру шығыстарды бұрмалауға әкеледі, осыдан келіп кірістерді, жиынтық жылдық кірістің көлемін бұрмалау орын алады, бұл өз кезегінде салық салудағы дәлсіздіктерге әкеледі.
НҚ және МЕА бойынша амортизациялық аударымдар, обьектіні бухгалтерлік есепке қабылдаған айдан кейінгі айдың 1-ші жұлдызынан бастап есептеліп, осы обьектінің құны толық өтелгенге дейін немесе осы обьекті кеткенге (шығып қалғанға дейін) дейін есептеледі. Амортизациялық аударымдар, осы обьектінің құны толық өтелген немесе оны бухгалтерлік есептен шығарған айдан кейінгі айдың 1-ші жұлдызынан есептеу тоқтатылады.
№16 Халықаралық қаржылық есеп стандарты:
- негізгі есеп тәртібі жағдайында амортизацияланатын құн сатып алған күнге есептелетінін және бағалардың өзгеруі жағдайында ұлғаймайтынын;
- баламалы есеп тәртібі жағдайында амортизацияланатын құн, әрбір одан кейінгі қайта бағалау кезінде есептеліп отыратынын, бұл ретте есептеу қалдық құнның шамасына негізделетінін ұсынады.
НҚ және МЕА амортизациялық аударымдарын есептеу үшін пайдалы қызмет мерзімі аса маңызды болып саналады. Аталған көрсеткіштің үш принципті маңызды сипаттамаларын атап өту қажет.
Біріншіден, жерді қоспағанда, негізгі құралдардың барлық обьектілері уақыт өте келе экономикалық пайда әкелу қабілетін жоғалтады, демек, пайдалы қызмет мерзімі шектеулі. МЕА де Гудвиллді қоспағанда бари амортизацияланады.
Екіншіден, осы көрсеткіштің маңызын, обьектіні есепке алу кезінде тікелей өлшеу жолымен анықтау мүмкін емес.
Үшіншіден, обьектінің пайдалы қызмет мерзімін өз қызметінің нақты жағдайлары негізінде ұйым дербес айқындайды, сондықтан да әртүрлі ұйымдардың негізгі құралдарының бірдей обьектілерінің пайдалы қызмет мерзімі әртүрлі болуы мүмкін.
Пайдалы қызмет мерзімі, обьектіні пайдалануға қатысты ұйымның ниеті ескеріле отырып белгіленеді. Атап айтқанда, обьектіні пайдаланудың күтіліп отырған пайдалылығы оның функционалдық пайдалылығының (қуаты мен физикалық өнімділігінің) нормативтік көрсеткіштеріне ғана тәуелді емес, сонымен бірге обьектіні басқару жөніндегі ұйымның саясатына да қатысты болады. Бұл саясат обьектінің пайдаланылуын тоқтатуды және белгілі бір уақыт аралығынан кейін немесе экономикалық пайданың белгілі бір үлесін алғаннан кейін, оны шығарып тастауды көздейді.
НҚ және МЕА обьектісінің пайдалы қызмет мерзімі мерзімді түрде қайта қаралып отыруы тиіс, егер жасалған болжам оның алдындағы бағалаулардан түбегейлі өзгешеленетін болса, ағымдағы және болашақ кезеңдердегі амортизациялық аударымдар сомасына түзетулер жасау қажет болады.