Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
8 так.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
225.79 Кб
Скачать

2 Лекция жоспары

1. Материалдық емес активтер туралы түсінік

2. Материалдық емес активтердің есебі

Сабақтың мақсаты - бұл тақырыпты қарастырғанда материалдық емес активтерге назар аудару керек, сонымен бірге жалпы бұл қаржы түріне сипаттама алдынғы тақырыптарда қарастырылғаны туралы ескерту керек.

Шешу сөздері – материалдық емес активтер, амортизация, құнсыздану.

1. Материалдық емес активтер туралы түсінік

Материалдық емес активтер түсінігіне физикалық үлгісі жоқ, ұзақ мерзімді қолдану үшін немесе сатуға, әкімшілік мақсатқа және басқа субъектіге жалға беруге арналған объектісіне жататын құндық бағасы бар бірақ табыс әкелетін қабілеті бар ақшалай емес объектілер жатады.

2 ҰҚЕСтің 17-бөлімі «Гудвилді қоспағанда, материалдық емес активтер» және ХҚЕС (ІАS) 38 «Материалдық емес активтер» сәйкес материалдық емес активтер тиісті болуына байланысты төрт топқа бөлуге болады:

1) өндіріспен байланысты материалдық емес активтер. Оларға жататындар: «ноу-хау»; өнеркәсіптік (өндірістік) меншік обьектілеріне құқықтар; өндірістік ақпаратты қолдануға құқықтар; интегралды микросхемалар технологиялары; өнеркәсіптік үлгілер, селекциондық жетістіктер; ұйымдастыру шығындары; ЭЕМ бағдарламалық қамтамасыз ету және мәліметтер базасы; табиғи ресурстарды қолдануға құқықтар;

2) сауда (коммерция) қызметімен байланысты материалдық емес активтер. Бұл топқа келесілер кіреді: тауарлық белгілер және қызмет белгілері; сауда маркалары; тауардың шығу жерінің атауы; ұйымдастыру шығындары; ЭЕМ бағдарламалық қамтамасыз ету және мәліметтер базасы және басқалары;

3) қолданыс ережелерімен байланысты материалдық емес активтер. Бұл топтағылар: ойлап табуларға құқықтар; патенттер; лицензиялар; франшиза; өнеркәсіптік үлгілер және басқалары;

4) материалдық емес активтердің басқа түрлері. Мұнда кіретіндер: гудвилл (фирма беделінің бағасы); интеллектуалдық меншік және басқалары.

Материалдық емес активтерді келесі түрлерге жіктеуге болады:

- лицензиялық келісімдер (келісім шарты) – ол үкімет органдары кәсіпорынға қоғамдық меншікті пайдалану үшін берген айрықша құқық (қоғамдық жерді электрлік беріліс желістерін салуға және т.б.);

- бағдарламалық қамтамасыз ету – ол не сатып алынады не субъект өзі жасайды (ішкі мақсаттарға не тыс пайдалану үшін);

- патенттер – заңды түрде тіркеліп танылған ерекше (айрықша) құқық беретін белгілі бір нақты өнімді шығаруға не ерекше процесс не технологияны пайдалануға айрықша құқық беретін құжат;

- ұйымдастыру шығындары (қалдырылған шығыстар) – ол нәтижесі тек келешекте ғана алынатын не болашақ кезеңдерде үлестірілетін (мекеменің мекен-жайын өзгерту бойынша, ұзақ мерзімді алдын-ала ақысын төлеу – бірнеше жылға дейін алдын-ала аванс ретінде төленетін сақтандыру төлемдері);

- гудвилл – сату сәтінде сатып алушыда субъектінің қолайлы, жайлы сипаттамалары үшін пайда болатын құндылық. Ол сатып алушының бухгалтерлік есебінде көрсетіліп, субъектінің сатып алу тұтастай құнының және таза активтердің бөлек-бөлек нарықтық құны сомасының айырмасы ретінде анықталады. Есепке алу мақсатымен гудвиллді фирманың сатып алған нақты бағасы мен теңестірілген таза активтердің әділ нарық құны арасындағы баға айырмасы ретінде қарауға болады;

  • басқалар (авторлық құқық – шығармалар, зерттеулер және т.б. авторларына заңмен берілетін қорғау түрі – ол (өнімдерге, көрсетілетін қызметтерге ) берілген атаулар, белгілер;

  • франшиздер – мемлекеттік меншікті пайдалану не үй-тұрмыстық қызметтерді көрсету құқығын иемдену үшін үкімет органдарымен беріледі.

Материалдық емес активтердің есебі № 38 «Материалдық емес активтер» ХҚЕС-на сәйкес бағалау негізгі құралдар секілді есепке қабылданады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]