Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
8 так.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
225.79 Кб
Скачать

4. Негізгі құралдардың қозғалыс опреацияларын есепке алу

Негізгі құралдар қозғалысының есебі шоттардың Үлгі жоспарының 2400-ші "Негізгі құралдар" бөлімшесінде жүргізіледі. Бұл бөлімше мына шоттарды қамтиды:

2410 «Негізгі құралдар»

2420 «Негізгі құралдардың амортизациясы»

2430 «Негізгі құралдардың құнсыздануынан болатын залалдар»

Негізгі құралдар деп танылатын түсуші материалдық активтер өзіндік құны бойынша бағаланады. Негізгі құралдарды заңды және жеке тұлғалардан ақы төлеп алу кезінде олардың Өзіндік құны 2410 шоттардың /негізгі құрал түріне байланысты/ дебеті бойынша және 1010, 1030 шоттардың /есеп айырысу түріне және төлену кезіне байланысты/ немесе 3310,3390 шоттардың /шоттарды ақцептілеу кезінде/ кредиті бойынша көрсетілуі керек.

Құрылтайшылардан /меншік иесінен/ жарғылық капиталға салымдар ретінде алынған негізгі құралдар 2410 шоттардың дебеті және 5110 "Төленбеген капитал" шотының кредиті бойынша көрсетіледі. Негізгі құралдарды мемлекеттен ақысыз-қайтарусыз алу кезінде 2410шоттар дебеттеліп, 6230 "Мемлекеттік субсидиялардан алынатын кірістер" шоты кредиттеледі, ал заңды және жеке тұлғалардан ақысыз алыңған негізгі құралдар 2410 шоттардың дебеті және 6280 «Өзге кірістер» шотының кредиті бойынша көрсетіледі.

Ұзақ мерзімді жал жағдайында тускен негізгі құралдардың құны сәйкес шоттардың 2410 дебеті бойынша және 3360 «Жалдау бойынша қысқа мерзімді берешек» бойынша кіріске алынады.

"Ғимараттар мен құрылыс жайлар" және женіл көлік құралдары алынғанда, жабдықтаушыға төленген ҚҚС-ғы орының толтыруға /в зачет/ қабылданбайды. Басқа объектілер бойынша ҚҚС орынның толтыруға қабылданады және жабдықтаушының шотың акцептегенде 1420 " ҚҚС" шотына апарылады.

Негізгі құралдар нақты тускен соң ҚҚС орынын толтыруға қабылданады бюджетке берешек соманы азайтуға, былайша айқанда 1420 шотын кредитінең шығарылып 3130 "ҚҚС" шотының дебеті жазылады.

Есептен шығарылған объектілерге «Негізгі құралдардың жою» актісі толтырылады.

Өткізу құны мен баланстық құн, сонымен қатар өткізуге байланысты шығындар арасындағы айырма негізгі құралдарды өткізу немесе басқа да шығуынан кіріс не зиян болып табылады.

Негізгі құралдардың шығуы кезінде сәйкес шоттардың 2410 кредитінен 7410 «Активтердің істен шығуы бойынша шығыстар» шотының дебетіне есептен шығарылады. Негізгі құралдарды сатудан кіріс 6210 «Активтердің шығуынан алынатын кірістер» шотының кредиті және 1210 «Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» шотының немесе 1280 «Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешек» шотының дебеті бойынша көрсетіледі. Ал сатып алушылар төлеген кезде 1010, 1030 шоттар дебеттелінеді.

Кесте 1. Негізгі құралдары кірісінің шоттар корреспонденциясы

Шаруа операциясының мазмұны

Сома

мын/тг

Дебет

Кредит

1.

Негізгі құралдар заңды және жеке тұлғалардан:

а/ ақы төлеп алу кезінде

50

2410

1010, 1030

б/ шоттарды акцептілеу кезінде

75

2410

3310, 3390

2.

Құрылтайшылардан жарғылық капиталға салымдар ретінде салынған негізгі құралдар

30

2410

5110

3.

Негізгі құралдар мемлекеттен ақысыз-қайтарусыз алу кезінде

20

2410

6230

4.

Заңды, жеке тұлғалардан ақысыз алынған негізгі құралдар

25

2410

6220

5.

Ұзақ мерзімді жал жағдайында түскен негізгі құралдар

80

2410

3360

Бұндай бухгалтерлік жазулар "Ғимараттар мен құрылыс жайлары" және женіл көлік құралдары алынғанда көрсетіледі. Басқа объектілер бойынша «Қосылған құн салығы» шоты дебеттеледі.

Кесте 2. Негізгі құралдар қозғалысының шоттар корреспонденциясы

Шаруа операциясының мазмұны

Сома

мын/тг

Дебет

Кредит

1

Машинаның өзіндік құны есептен шығарылады

100

7410

2410

2

Сатып алушыға ЗИЛ-130 автомашинасы үшін шот көрсетіледі:

а/ өткізу

300

1210

6210

б/ ҚҚС 12%

36

1210

3130

3

Жыл соңында нәтиже аңықталады:

- машинаны өткізуден кіріс

300

6210

5610

- өткізу бойынша шығындар

100

5610

7410

Өздеріңізге белгілі 7410, 6210 шоттарының айналымдарының сомасы 5610 «Қорытынды пайда, қорытынды залал» шотына есептен шығарылады.

Жабдықтаушыға төленген ҚҚС бастапқы құнға кіреді, тура осылай ғимараттар есепке алынады, олардың ҚҚС өзіндік баға құрамына енгізіледі және орнын толтыруға қабылданбайды.

Негізгі құралдар субъект балансынан келесі жағдайлар нәтижесінде есептен шығарылады:

- жою;

- сату;

- айырбастау;

- ақысыз-қайтарусыз беру т.б.

Негізгі құралдармен шығу операциялары шоттарының корреспонденциясы

Операциялар мазмұны

Дебет

Кредит

1.

Негізгі құралдарды өткізу:

- баланстық (қалдық) құнына;

- бұрын есептелген тозу құнына;

-ҚҚС-сыз сатып алушыға көрсетілген (берілген) шот сомасына (шоттағы құны);

- көрсетілген (берілген) салық шотының ҚҚС сомасына;

- негізгі құралдар обьектілері үшін төлемдердің түсуі;

7410

2420

1210

1210

1030,1010

2410

2410

6210

3130

1210

2

Негізгі құралдар обьектілерінің іштей орнын алмастыру (бір құрылымдық бөлімшеден екіншісіне берілді)

2410

2410

3.

Негізгі құралдарды екінші бір кәсіпорынға өтеусіз беру:

- баланстық (қалдық) құнына;

- бұрын есептелген амортизация сомасына

7410

2420

2410

2410

4.

Жарғылық капиталға салым ретінде негізгі құралдарды беру:

- негізгі құралдардың қалдық құнына;

- амортизациясомасына

7410

2420

2410

2410

5.

Табиғат апаты салдарынан негізгі құралдардың кетуі (шығып қалуы):

- бұрын есептелген тозу сомасына;

1) негізгі құралдардың сақтандырылмаған обьек-тілері:

- табиғат апатынан келген өтемақы төленбейтін залалдар (қалдық құнына)

2) Негізгі құралдардың сақтандырылған обьектілері:

- сақтандыру органдары (қалдық құнына) өтейтін, табиғат апаттарынан және өзге төтенше жағдайлардан келген залалдарға

2420

7410

7470

2410

2410

2410

16.

Негізгі құралдарды қайта бағалау:

1) Негізгі құралдар құнының ұлғайюы:

- негізгі құралдарды толық бағалау сомасына;

- амортизация толық есептеу сомасына

2) Қайта бағалау нәтижесінде құнның кемуі:

А) бұрын қайта бағалауға тартылмаған обьектілер:

- арзандату;

- амортизациятүзету жасау;

Б) бұрын қайта бағалауға тартылған негізгі құралдар обьектілері:

- бұрын жүргізілген қайта бағалаулар сомасы шегінде кеміту сомасына (құнды ұлғайту):

- бастапқы құны (тозуды алып тастау);

- арзандаған тозу сомасына

В) бұрын жүргізілген қайта бағалау сомасынан тыс кему сомасына:

Баланстық құны

- амортизациясомасына

2410

5320

7410

2420

5320

2420

7410

2420

5320

2420

2410

2410

2410

2410

2410

2410

7

Негізгі құралдар бойынша амортизация есептеу

7210

2420

8

Жөндеу жұмыстарын мердігерлік әдіспен жүргізу арқылы негізгі құралдарды жөндеу:

ҚҚС-сыз жөндеу жұмыста-рының шарттағы құнына (мердігердің шоты негізінде);

- салық шотында көрсетілген ҚҚС сомасына;

- орындалған жұмыстар үшін шот бойынша төлем жасау

7470

1420

3310

3310

3310

1030

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]